ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қаулының күшін жою көзделген – ҚР Үкіметінің 29.11.2019 № 896 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жауынгерлік қол атыс қаруының және оған оқ-дәрінің, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі № 1032 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жауынгерлік қол атыс қаруының және оған оқ-дәрінiң, сондай-ақ суық қарудың айналымы еpeжесінде:
11, 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Жауынгерлiк қаруды сату және оны қызметтiк немесе азаматтық қару санатына ауыстыру туралы ұсыныстарды жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлер шешiмдер қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияның қарауына ұсынады.
12. Жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және шетелдік заңды тұлғаларға жауынгерлік қаруды сату Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Жауынгерлік қарудың экспорты мен импорты Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысымен бекітілген Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесіне және Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 244 қаулысымен бекітілген Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |