"Жауынгерлік қол атыс қаруының және оған оқ-дәрінің, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі № 1032 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қарашадағы № 1203 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жауынгерлік қол атыс қаруының және оған оқ-дәрінің, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі № 1032 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жауынгерлік қол атыс қаруының және оған оқ-дәрінiң, сондай-ақ суық қарудың айналымы еpeжесінде:
      1112-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Жауынгерлiк қаруды сату және оны қызметтiк немесе азаматтық қару санатына ауыстыру туралы ұсыныстарды жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлер шешiмдер қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияның қарауына ұсынады.
      12. Жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және шетелдік заңды тұлғаларға жауынгерлік қаруды сату Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Жауынгерлік қарудың экспорты мен импорты Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысымен бекітілген Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесіне және Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 244 қаулысымен бекітілген Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов