Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қарашадағы № 1202 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 11 қарашадағы
№ 1202 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 562-құжат):
      көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы 64-тармақпен толықтырылсын:
      «64. Алматы – Алтынкөл.».
      2. «Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 564-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтік мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесінде:
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Егер конкурстың нәтижелері бойынша тасымалдаушы айқындалмаған болса, онда уәкілетті орган (атқарушы орган) осы Ережеге сәйкес есептелген субсидиялар сомасына Жолаушыларды ұлттық тасымалдаушымен қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға шарт жасасады.»;
      19-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қатынас бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын және осы пойызда тасымалданған жолаушылар, үлгілер бойынша вагондар саны, жолаушылар айналымы, тіркелген және тікелей қатынайтын вагондарды ескере отырып, вагондардың толуы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық инфрақұрылым операторының құжаты;
      4) тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтік тарту операторы арасындағы есептіден кейінгі айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі;».
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Тасымалдаушылар осы Ереженің 19-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күнінен бастап уәкiлеттi орган (атқарушы орган) күнтізбелік 15 күн ішінде орындалған жұмыстар актiсiне қол қояды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Аумақтық қазынашылық органына осы Ережеге сәйкес субсидияланатын маршруттардың тiзiлiмдерi мен төлеуге арналған шоттарды ұсынады.».
      көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
      «СТН» деген аббревиатуралар «БСН» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын.
      3. «Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 886 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 688-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасында:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Қағидада Жолаушыларды ұлттық тасымалдаушы деп Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдауларды орындайтын заңды тұлға ұғынылады.»;
      10-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) тасымалдаушының Ұлттық инфрақұрылым операторының, локомотивтік тарту операторының және вагондарды жалға алу, жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету, оларды сумен және отынмен жабдықтау, үй-жайларды жалға алу жөніндегі қызметтерді және вокзалдарда 12 айға (конкурсы өткізілген немесе Шарт ұзартылған күннің алдындағы айдың бірі күніне) анықтамалық-ақпараттық қызметтерді ұсынатын басқа да теміржол ұйымдарының алдында берешегінің болмауы;».
      11-тармақтың 3) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейінге қалдырған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдер және/немесе Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннiң алдындағы үш айдан астам мерзімге салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқ немесе бар болуы туралы бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар адамның (аталған құқықты растайтын тиісті құжатты қоса беріп) қолы қойылып, аталған салық органының мөрi басылған тиiстi салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған анықтаманың түпнұсқасы. Егер анықтамада берешек көрсетілсе, аталған берешектің пайда болу мерзімін растайтын анықтаманы берген адамның қолы қойылған құжаттар қоса берілуі қажет;»;
      «6) Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінім берілген жағдайда ағымдағы айдың бірінші күніне берілген тасымалдаушының және бірінші басшының мөрлерімен бекітілген, қолдарымен расталған Ұлттық инфрақұрылым операторының, локомотивтік тарту операторының және вагондарды жалға алу, техникалық қызмет көрсету және жолаушылар вагондарын сумен және отынмен жабдықтау, үй-жайларды жалдау бойынша қызметтер және вокзалдарда анықтамалық-ақпараттық қызметтер көрсететін басқа да темір жол ұйымдарының берешегі бойынша өзара есеп айырылысуларды салыстырып тексеру актісі және берешек болған жағдайда, бірінші басшылар қол қойған берешекті кепілді өтеу кестесін қамтитын екіжақты келісім немесе төлем жасау туралы банк белгі қойған мерзімін ұзартуға арналған өтінімдерді ұсынудың ай – күні белгіленген берешектің өтелуін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқалары;»;
      19 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған Шарт жасасу жолымен бұрын аталған маршрутта қызмет көрсеткен қызметкерлерді (жолсеріктер және пойыз басшылары) міндетті түрде пайдалана отырып, тиісті кезеңге бөлінген субсидиялар сомасынан аспайтын сома шегінде тасымалдауды одан әрі ұйымдастыруды жыл соңына дейін тасымалдаушыны айқындағанға дейін Жолаушыларды ұлттық тасымалдаушыға беруге рұқсат етіледі.
      Шартты бұзған жағдайда, тасымалдаушыға шарттық міндеттемелерді орындау кезеңіне және көлеміне барабар сома төленеді.»;
      «40. Егер қайтадан өткізілген тендердің нәтижелері бойынша жеңімпаз айқындалмаған болса, онда бұрын аталған маршрутта қызмет көрсеткен қызметкерлерді (жолсеріктер және пойыз бастықтары) жұмысқа орналастырып, тиісті жылға бөлінген субсидиялар сомасынан аспайтын сома шегінде Жолаушыларды ұлттық тасымалдаушымен шарт жасасуға рұқсат етіледі.»;
      көрсетілген Қағидаға 2-қосымшада:
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама
_____________________________________________________________________
                   (нөмірі, кім және қашан берген)

      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар
мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      4. Жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі
___________________________________________________________________»;
      көрсетілген Қағидаға 3-қосымшада:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі
___________________________________________________________________»;
      көрсетілген Қағидаға 7-қосымшада:
      2.12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.12. Орындаушы Шарт жасасқан сәттен бастап 60 күн ішінде тапсырыс берушіге Ұлттық инфрақұрылым операторымен, локомотивтік тарту операторымен, жолаушылар вагондарын жалға беру, техникалық қызмет көрсету, сумен және отынмен жабдықтау, вокзал қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсететін темір жол ұйымдарымен жасалған шарттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.»;
      3.2.-тармақтың төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттық инфрақұрылым операторының қатынас бойынша орындалған тасымал көлемін растайтын және тасымалданған жолаушылардың, үлгілері бойынша вагондардың саны, жолаушылар айналымы, тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды ескере отырып, вагондардың толуы туралы, сондай-ақ аталған пойызда жол жүру құжаттарын сатудан түскен табыстың сомасы туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
      есепті айдың бірінші күніне тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтік тарту операторы арасындағы өзара есеп айырысуларды тексеру актісі;».
      7-тармақтағы «СТН» деген аббревиатуралар «БСН» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау туралы шартқа 1 және 2-қосымшаларда:
      «СТН» деген аббревиатуралар «БСН» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      көрсетілген Қағидаға 9-қосымшада:
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама
_____________________________________________________________________
                    (нөмірі, кім және қашан берген)
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      4. Жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі
___________________________________________________________________»;
      көрсетілген Қағидаға 10-қосымшада:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі
___________________________________________________________________».