Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 11 қарашадағы
№ 1202 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. «Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 564-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтік мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесінде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Егер конкурстың нәтижелері бойынша тасымалдаушы айқындалмаған болса, онда уәкілетті орган (атқарушы орган) осы Ережеге сәйкес есептелген субсидиялар сомасына Жолаушыларды ұлттық тасымалдаушымен қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға шарт жасасады.»;
19-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қатынас бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын және осы пойызда тасымалданған жолаушылар, үлгілер бойынша вагондар саны, жолаушылар айналымы, тіркелген және тікелей қатынайтын вагондарды ескере отырып, вагондардың толуы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық инфрақұрылым операторының құжаты;
4) тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтік тарту операторы арасындағы есептіден кейінгі айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі;».
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Тасымалдаушылар осы Ереженің 19-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күнінен бастап уәкiлеттi орган (атқарушы орган) күнтізбелік 15 күн ішінде орындалған жұмыстар актiсiне қол қояды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Аумақтық қазынашылық органына осы Ережеге сәйкес субсидияланатын маршруттардың тiзiлiмдерi мен төлеуге арналған шоттарды ұсынады.».
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
«СТН» деген аббревиатуралар «БСН» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).