Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 508 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 225-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 449 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 151-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдерінде:
1-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 22 қазандағы
№ 1126 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 18 маусымдағы
№ 508 қаулысымен
бекітілген
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар
жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар
жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге
рұқсат беру қағидалары
1. Осы Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Жеке және заңды тұлғалар озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) алу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) мына құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға арналған өтінім;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама немесе заңды тұлға құрмай жұмыс істейтін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
Ескертпе:
*«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
3. Рұқсатты осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган береді.
4. Рұқсатты уәкілетті орган тиісті құжаттармен бірге өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
5. Өтінім берушіге рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауап мынадай:
1) осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттар толық ұсынылмаған;
2) рұқсат алуға өтінім және мәліметтер нысаны осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес келмеген жағдайларда жіберіледі.
6. Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат бір күнтізбелік жыл мерзімге беріледі.
Рұқсат иеліктен шығарылмайтын және біреуге берілмейтін болып табылады.
7. Рұқсаттар беруге арналған өтінімдерді қарау үшін ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығы үшін өтінім берушілер жауапты болады.
8. Уәкілетті орган берілген рұқсаттардың есебін жүргізеді.
Озон қабатын бұзатын заттарды
пайдалана отырып жұмыстар
жүргізуге, құрамында озон
қабатын бұзатын заттар бар
жабдықтарды жөндеуге,
монтаждауға, оларға қызмет
көрсетуге рұқсат беру
қағидаларына
1-қосымша
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып
жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын
заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға,
оларға қызмет көрсетуге рұқсат беруге арналған
ӨТІНІМ
_____________________________________________________________________
(өтінім беруші ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
(өтінім беруші ұйымның мекенжайы немесе жеке тұлғаның тұрғылықты
мекенжайы)
байланыс телефондары, факс __________________________________________
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар
жүргізу, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды
жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету туралы мәлімдейді
_____________________________________________________________________
Техникалық қызмет көрсетуге тартылған мамандар саны: ________________
Озон қабатын бұзатын заттармен жұмыс жүргізу бойынша кәсіптік
даярлықтан өткен мамандар саны: _____________________________________
Қызметі
__
|_| Компанияға тән қызметтің түрін көрсетіңіз:
|_| Тоңазытқыш жабдықты шығару
|_| Тоңазытқыш жабдықты жинақтау/орнату
|_| Сату
|_| Тоңазытқыш жабдықты жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету
|_| Басқалар ________________________________________________________
|_| Өтінім берушілер мәліметтердің дұрыстығы үшін толық жауапты
_ болады
|_| Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кәсіпорынның
басшысы ________________ _________________________
(жеке қолы) М.О. (Т.А.Ә.)
Өтінім тіркелген күн
20__ жылғы «___» __________________
Озон қабатын бұзатын заттарды
пайдалана отырып жұмыстар
жүргізуге, құрамында озон
қабатын бұзатын заттар бар
жабдықтарды жөндеуге,
монтаждауға, оларға қызмет
көрсетуге рұқсат беру
қағидаларына
2-қосымша
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар
жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар
жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге
рұқсат алу үшін талаптарға өтініш берушінің сәйкестігі туралы
мәліметтер нысаны
1. Озон қабатын бұзатын заттарды қайта өңдеу және алу жөніндегі
жабдықтың техникалық паспорты:
1) жабдықтың атауы
____________________________________________________________________;
2) жабдықтың моделі (маркасы)
____________________________________________________________________;
3) функциялардың қысқаша сипаттамасы
____________________________________________________________________.
2. Өндірістік-техникалық база:
1) өндірістік үй-жайларды сатып алу/сату, жалға алу шартының
нөмірі
____________________________________________________________________;
2) жасасу күні
____________________________________________________________________;
3) кіммен шарт жасасқан (заңды/жеке тұлғаның атауы)
____________________________________________________________________;
4) орналасқан жері (мекенжайы)
____________________________________________________________________.
3. Жабдықтарды пайдалануды, оларға техникалық қызмет көрсетуді,
озон қабатын бұзатын заттарды есепке алуды және тасымалдауды
қамтамасыз ететін қызмет:
1) құжаттың атауы
____________________________________________________________________;
2) құжаттың берілген күні
____________________________________________________________________.
4. Міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі:
1) сақтандыру полисінің нөмірі және берілген күні
____________________________________________________________________;
2) сақтанушының атауы
____________________________________________________________________;
3) сақтандырушының атауы
____________________________________________________________________;
4) сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі
____________________________________________________________________.
5. Персонал:
1) мамандануы мен біліктілігінің атауы
____________________________________________________________________;
2) диплом/аттестат нөмірі
____________________________________________________________________;
3) дипломның/аттестаттың берілген күні
____________________________________________________________________;
4) диплом/аттестат берген оқу орнының атауы
____________________________________________________________________;
5) мамандығы бойынша жұмыс өтілі
____________________________________________________________________;
6) сертификат/куәлік нөмірі
____________________________________________________________________;
7) сертификаттың/куәліктің берілген күні
____________________________________________________________________;
8) сертификат/куәлік берген ұйымның атауы
____________________________________________________________________.
Озон қабатын бұзатын заттарды
пайдалана отырып жұмыстар
жүргізуге, құрамында озон
қабатын бұзатын заттар бар
жабдықтарды жөндеуге,
монтаждауға, оларға қызмет
көрсетуге рұқсат беру
қағидаларына
3-қосымша
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар
жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар
жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет
көрсетуге арналған
рұқсат
Осы рұқсат __________________________________ мекенжайы бойынша
орналасқан (тұратын)
_______________________________________________________________
(ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
_______________________________________________________________
мына жұмыстарға берілді:
озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар
жүргізу, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды
жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету
Осы рұқсаттың қолданылу мерзімі: _______________________ бастап
_____________________ қоса алғанда
Өтінім беруші:
сатушы фирмалардың және сатып алушылар мен қолданатын
облыстардың атаулары мен мекенжайларын көрсете отырып, озон қабатын
бұзатын заттарды тұтынудың есебін жүргізуге;
жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен озон
қабатын бұзатын заттармен жұмыс істеу жөніндегі есептілікті ұсынуға
міндетті.
Лауазымы, Т.А.Ә., қолы М.О.