"Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1494 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 1004 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 552 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.07.2015 № 552 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1494 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 133-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жер қойнауын геологиялық зерттеуді, кен орындарын кешенді пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу мақсатында мемлекеттік кадастрды жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізеді.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов