Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 552 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 21 шілдедегі
№ 552 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1454 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 114-құжат).
      2. «Жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын алғашқы есепке алу материалдарына негізделген жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептің арнаулы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1459 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 117-құжат).
      3. «Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1494 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 133-құжат).
      4. «Тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге арналған рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1521 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 12, 151-құжат).
      5. «Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарт (шарт) жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 99 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 357-құжат).
      6. «Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1494 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1764 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 7, 153-құжат).
      7. «Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1494 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 1004 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 57, 782-құжат).