Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1494 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 133-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кен орындарының және пайдалы қазбалар көрініс белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер қойнауын геологиялық зерттеуді, кен орындарын кешенді пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу мақсатында мемлекеттік кадастрды жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізеді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов