Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысы

Қолданыстағы

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектігі анықталған немесе ол жарақат алған жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы № 262 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 12, 131-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 912 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 430-құжат).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            С.Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 868 қаулысымен  
бекiтiлген     

Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары

      Осы Қағидалар «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 51-бабына сәйкес әзiрлендi және әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу тәртібін (бұдан әрі – Қағидалар) айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Әскери қызметшiге, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiге (бұдан әрі – әскери міндетті) немесе оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) төлеу:
      1) әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, әскери жиындарда болған кезде әскери міндетті не әскери қызметтен шығарылғаннан, әскери жиындар аяқталғаннан кейін әскери қызмет міндеттерін орындау, әскери жиындардан өту нәтижесінде мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қаза тапқан (қайтыс болған);
      2) әскери қызметшіге немесе әскери мiндеттiге әскери қызметтен шығарылған, әскери жиындар аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін олар әскери қызмет өткерген кезеңде, әскери жиындарда болған кезде немесе әскери қызмет міндеттерін орындау, әскери жиындардан өту нәтижесінде мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан туындаған мүгедектік белгіленген;
      3) әскери қызметшілер немесе әскери міндеттілер әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде, әскери жиындарда мүгедектiкке әкеп соқтырмаған ауыр мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) немесе жеңіл мертіккен жағдайларда жүргізіледі.
      2. Әскери қызметшіге, әскери мiндеттiге немесе оны алуға құқығы бар адамға өтемақы төлеуді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар:
      1) Қарулы Күштерде әскери қызметте тұрған немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
      2) Ішкі әскерлерде және әскери-тергеу органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
      3) төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган азаматтық қорғанысының басқару органдары мен бөлімдерінде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі;
      4) Республикалық ұланда әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы;
      5) Шекара қызметінде, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
      6) әскери прокуратура органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жүзеге асырады.
      3. Өтемақы алу үшін қажетті құжаттар:
      1) Қарулы Күштерде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – жергілікті әскери басқару органдарына;
      2) Ішкі әскерлерде және әскери-тергеу органдарында әскери қызметте тұратын әскери қызметшілер бойынша – қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;
      Ішкі әскерлерде және әскери-тергеу органдарында әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – жергілікті әскери басқару органдарына;
      3) төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган азаматтық қорғанысының басқару органдары мен бөлімдерінде әскери қызметте тұратын әскери қызметшілер бойынша – қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;
      төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган азаматтық қорғанысының басқару органдары мен бөлімдерінде әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;
      4) Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;
      5) Шекара қызметінде, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;
      6) әскери прокуратура органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге ұсынылады.
      4. Әскери жиындардан өтетін немесе өткен әскери міндеттілер бойынша өтемақы алу үшін қажетті құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызмет орны бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына ұсынылады.
      5. Заңның 51-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда тиiстi құжаттар ресiмделмейдi және өтемақы төленбейдi.

2. Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алу үшiн қажеттi құжаттарды беру тәртібі

      6. Әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде немесе әскери міндетті әскери жиындарда болған кезеңде не әскери қызметтен шығарылғаннан, әскери жиындар аяқталғаннан кейін әскери қызмет міндеттерін орындау, әскери жиындардан өту нәтижесінде мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтiнiшті;
      2) қайтыс болуы туралы куәлiктiң нотариат растаған көшiрмесiн;
      3) заңнамада белгiленген тәртiппен берiлген мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiкті;
      4) өтемақы алуға құқығы бар адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн ұсынады.
      7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейiн қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары:
      1) әскери қызметші немесе әскери міндетті ақшалай үлесте тұрған әскери бөлімнен немесе республикалық мемлекеттік мекемеден осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаза тапқан (қайтыс болған) адамның оқиға сәтіндегі ақшалай үлесінің мөлшерi туралы анықтаманы;
      2) әскери қызметшiнi, әскери міндеттіні бөлiм тiзімдерiнен шығару туралы әскери бөлiм командирiнiң (республикалық мемлекеттік мекеме басшысының) бұйрығынан үзіндіні;
      3) әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты әскери қызметшiнiң немесе әскери мiндеттiнiң қаза табуын (қайтыс болуын) тексеру материалдарын;
      4) әскери қызметтен шығарылғаннан, әскери жиындар аяқталғаннан кейiн қайтыс болған адамдарға қатысты әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысын (қаулысын) сұратады.

3. Әскери қызметшiге немесе әскери мiндеттiге мүгедектік белгіленген жағдайда өтемақы алу үшiн қажеттi құжаттарды беру тәртібі

      8. Әскери қызмет өткеру кезеңінде келісімшарт бойынша әскери қызметшiге мүгедектiк белгіленген жағдайда ол осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгiленген үлгідегі өтiнiшті;
      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық органының мүгедектiгі туралы анықтамасының нотариат растаған көшiрмесiн;
      3) мүгедектiгі әскери қызмет өткеру кезеңiнде мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан туындағанын растайтын әскери-дәрiгерлiк комиссия қорытындысының (қаулысының) нотариат растаған көшiрмесiн ұсынады.
      9. Қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін әскери қызметші ақшалай үлесте тұрған әскери бөлімнен немесе республикалық мемлекеттік мекемеден осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқиға сәтіндегі ақшалай қаражатының мөлшері туралы анықтаманы сұратады.
      10. Келісімшарт бойынша әскери қызметшіге әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан туындаған мүгедектік белгіленген жағдайда әскери қызметтен шығарылғаннан кейін бір жыл өткенге дейін ол осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті;
      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық органының мүгедектiгі туралы анықтамасының нотариат растаған көшiрмесiн;
      3) мүгедектiгі әскери қызмет өткеру кезеңiнде мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан туындағанын растайтын әскери-дәрiгерлiк комиссия қорытындысының (қаулысының) нотариат растаған көшiрмесiн ұсынады.
      11. Қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін:
      1) әскери қызметші ақшалай үлесте тұрған әскери бөлімнен немесе республикалық мемлекеттік мекемеден осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік белгіленген күні шығарылған сәттегі соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражатының мөлшері туралы анықтаманы;
      2) әскери қызметшіні бөлім тізімдерінен шығару туралы әскери бөлім командирінің (республикалық мемлекеттік мекеме басшысының) бұйрығынан үзіндіні сұратады.
      12. Әскери қызмет өткеру кезеңінде мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, стипендия алатын әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) курсанттарына, әскери жиындарда болған кезеңде әскери міндеттілерге мүгедектік белгіленген жағдайда олар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті;
      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық органының мүгедектiгі туралы анықтамасының нотариат растаған көшiрмесiн;
      3) мүгедектiгі әскери қызмет өткеру, әскери жиындардан өту кезеңiнде мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан туындағанын растайтын әскери-дәрiгерлiк комиссия қорытындысының (қаулысының) нотариат растаған көшiрмесi ұсынады.
      13. Қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін:
      1) мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, стипендия алатын әскери оқу орындарының (әскери кафедралардың) курсанттарына – әскери бөлімнен немесе республикалық мемлекеттік мекемеден әскери қызмет өткергені туралы анықтаманы;
      2) әскери міндеттілерге – әскери бөлімнен немесе республикалық мемлекеттік мекемеден әскери жиындардан өткені туралы анықтаманы сұратады.
      14. Мерзімді қызмет әскери қызметшiлеріне, стипендия алатын әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) курсанттарына әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан туындаған мүгедектік белгіленген жағдайда әскери қызметтен шығарылғаннан кейін бір жыл өткенге дейін олар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті;
      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық органының мүгедектiгі туралы анықтамасының нотариат растаған көшiрмесiн;
      3) мүгедектiгі әскери қызмет өткеру кезеңiнде мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан туындағанын растайтын әскери-дәрiгерлiк комиссия қорытындысының (қаулысының) нотариат растаған көшiрмесiн ұсынады.
      15. Қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін:
      1) мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, стипендия алатын әскери оқу орындарының (әскери кафедралардың) курсанттарына – әскери қызметшіні бөлім тізімдерінен шығару туралы әскери бөлім командирінің (республикалық мемлекеттік мекеме басшысының) бұйрығынан үзіндіні;
      2) әскери міндеттілерге – әскери бөлімнен немесе республикалық мемлекеттік мекемеден әскери жиындардан өткені туралы анықтаманы сұратады.

4. Әскери қызметшiлер немесе әскери мiндеттілер мүгедектiкке әкеп соқтырмаған мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда өтемақы алу үшiн құжаттарды беру тәртібі

      16. Әскери қызметшi немесе әскери мiндеттi әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезінде, әскери жиындарда мүгедектiкке әкеп соқтырмаған мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда олар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті;
      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың) ауырлық (ауыр немесе жеңiл) дәрежесі туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның анықтамасын ұсынады.
      17. Қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін:
      1) әскери қызмет мiндеттерiн орындау (әскери жиындардан өту) кезiнде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) салдарын тексеру материалдарын;
      4) келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметші ақшалай үлесте тұрған әскери бөлімнен немесе республикалық мемлекеттік мекемеден оқиға сәтіндегі ақшалай қаражатының мөлшері туралы анықтаманы сұратады.

5. Өтемақы төлеу тәртiбi

      18. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызметі бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 678910111213141516,  17-тармақтарында көрсетiлген құжаттарды қабылдағаннан кейін келіп түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдайды.
      Осы Қағидалардың 678910111213141516,  17-тармақтарында көрсетiлген барлық қажетті құжаттарды алған күнінен бастап eкі ай iшiнде Заңда белгіленген мөлшерде әскери қызметшiлерге, әскери мiндеттiлерге не оны алуға құқығы бар адамдарға өтемақы төлеу жүзеге асырылады.
      19. Әскери қызметші қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген, әскери қызмет кезеңінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда өтемақы есептеу кезінде өтемақы мөлшері оқиға болған сәтте соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражат мөлшерін ескере отырып есептеледі.
      20. Заңда көзделген өтемақы төлеуден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге 5 (бес) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жолданады.
      21. Өтемақы төлеу осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген уәкілетті мемлекеттiк органдардың қаржыландыру жоспарларында көзделген республикалық бюджет есебiнен жүргізіледі.
      22. Өтемақыны аудару тұрғылықты жерi бойынша банк мекемелерiнде ашылған алушылардың ағымдағы, жинақ немесе корреспонденттік шоттарына аумақтық қазынашылық бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады.
      23. Кәмелетке толмаған алушыға өтемақы төлеу тұрғылықты жерi бойынша екiншi деңгейдегi банкте ашылған алушының ағымдағы, жинақ немесе корреспонденттік шоттарына аудару жолымен ол туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарын, сондай-ақ оның заңды өкiлдерiн бiр мезгілде хабардар ете отырып, құжаттар келіп түскен сәттен бастап екi ай iшiнде жүргiзiледi.
      24. Алушыға өтемақы аударылғаннан кейiн осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiржолғы өтемақыны төлеуге өтiнiштердi тiркеу журналында күнiн, өтемақы сомасын және төлем құжатының нөмiрiн көрсете отырып, тиiсті жазба жасалады.
      25. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген уәкілетті органдар өз қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, осы Қағидалардың ережелерін іске асыруға бағытталған нақтылау жөніндегі ведомствалық актілерді қабылдайды.
      26. Өтемақы төлеу бойынша туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші 
немесе әскери жиындарға шақырылған әскери    
міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған
мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери  
қызмет міндеттерін орындауға байланысты     
мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу    
қағидаларына                   
1-қосымша                     

Кімге: ___________________________________________
         (біржолғы өтемақы төлеуді жүзеге      
      асыратын уәкілетті мемлекеттік органның құрылымдық
      бөлімшесінің басшысына)           
__________________________________________________
___________________________________________тұратын
__________________________________________________
       (өтініш берушінің Т.А.Ә.)
тел:______________________________________________

Біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге
ӨТІНІШ

Сізден ___________________________________________________________
                     (оқиғаның сипаты көрсетіледі)
байланысты маған өтемақы төлеуіңізді сұраймын.

Бұдан бұрын ______________________________________________________
                     (оқиғаның сипаты көрсетіледі)
байланысты біржолғы ақшалай өтемақыны алдым ______________________
                                                  (иә, жоқ)
Тиесілі өтемақы төлемін __________________________________________
    (облыс, аудан, қала, алушының тұрғылықты жерінің мекенжайы)
аударуды сұраймын:
Банк мекемесінің № _______________________________________________
__________________________________________________________________
Филиалдың № ______________________________________________________
Дербес шоты немесе ағымдағы шоты _________________________________
___________________________________________________________ атына
                                (Т.А.Ә.)
Алушының СТН № ___________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

1. _______________________________________________________________
2. _______________________________________________________________
3. _______________________________________________________________
4. _______________________________________________________________
5. _______________________________________________________________
6. _______________________________________________________________
______ ж. «__» ___________      Өтініш беруші ______ _____________
(жылы)   (күні)   (айы)                        қолы    (Т.А.Ә.)

Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші 
немесе әскери жиындарға шақырылған әскери    
міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған
мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери  
қызмет міндеттерін орындауға байланысты     
мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу    
қағидаларына                   
2-қосымша                     

«Бұрыштама мөртаңба»

АНЫҚТАМА

___________________________________________________________________
                 (атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
    (ведомствоның атауы және оқиға күнінде атқарған лауазымы)
___________________________________________________________________
______ ж. «__» __________ бастап ________ ж. «__» ___________ дейін             (күні)                             (күні)

нақты қызмет өткеретінін (қызмет өткергенін) растау үшін берілді.

20__жылғы «__» __________________ ақшалай үлесі
                 (оқиға күні)
____________________________________________________________ құрады.
                 (сомасы жазумен)
соның ішінде:
лауазымдық жалақысы _______________________________________________
әскери атағы бойынша жалақысы _____________________________________
___________________________________________________________________
Қызметтен шығару себебі (егер қызметтен шығарылған болса):_________

      Анықтама әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы тағайындау үшін берілді.

      Командир (бастық) ____________ _____________________________
                            (қолы)               (Т.А.Ә.)

      М.О.

      Қаржы қызметінің  ____________ _____________________________
      бастығы (бухгалтер)  (қолы)                   (Т.А.Ә.)

Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші 
немесе әскери жиындарға шақырылған әскери    
міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған
мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери  
қызмет міндеттерін орындауға байланысты     
мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу    
қағидаларына                   
3-қосымша                     

«Бұрыштама мөртаңба»

АНЫҚТАМА

_________________________________________________________________
             (атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________, ол іс жүзінде әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде (әскери жиындарда) әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде _________________________________
_________________________________________________________________
             (жарақат алу мән-жайлары көрсетіледі)
________________________  _______________________________________
  (жылы, күні, айы)       (ауыр немесе жеңіл, жазумен көрсетіледі)
мертіккенін (жараланғанын, жарақаттанғанын, контузия алғанын) растау үшін берілді.

_______________________________  _________________________________
(керек емесі сызылып тасталсын) (әскери қызмет міндеттерін орындау
                                 нәтижесінде)
__________________________________________________________________
мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың) сипаты және оларды оқшаулау көрсетіледі)

Осыған байланысты 20__ж. «__»_______бастап 20__ж. «__» _______дейін
___________________________________________________________________
       (әскери-емдеу мекемесінің атауы көрсетіледі)
___________________________________________________________________
емделуде болды.

      Анықтама әскери қызметшілер немесе әскери міндеттілер мүгедектікке әкеп соқтырмаған мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда біржолғы өтемақы тағайындау үшін берілді.

      М.О. Әскери-дәрігерлік ____________ ________________
      комиссияның төрағасы       қолы         (Т.А.Ә.)

Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші 
немесе әскери жиындарға шақырылған әскери    
міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған
мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери  
қызмет міндеттерін орындауға байланысты     
мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу    
қағидаларына                   
4-қосымша                     

Біржолғы өтемақы төлеуге өтініштерді тіркеу журналы

Р/с №

Әскери атағы

Мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған), ауырған әскери қызметшінің, әскери міндеттінің Т.А.Ә.

Келіп түскен күні кіріс №

Материал қайдан келіп түсті

Залалды (мүгедектік, ауыр немесе жеңіл жарақат) өтеу себебі

Біржолғы өтемақы сомасы

Төлем тапсырмасының № мен күні

1

2

3

4

5

6

7

8