Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 тамыздағы № 825 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       С.Ахметов.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 23 тамыздағы
№ 825 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенциядан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 1994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 569-құжат):
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция (бұдан әрі – Конвенция) бойынша Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік орган болып тағайындалсын.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Конвенция бойынша міндеттемелерді орындау үшін:
      1) жануарлардың жер бетіндегі түрлері мен құстар мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
      2) балық және басқа да су жануарлары мәселелері бойынша – «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғылыми ұйымдар болып бекітілсін».
      2. «Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1456 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 679-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргізу ережесінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Балық шаруашылығын жүргізу ережесінің сақталуын бақылауды жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.»;
      7-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бекіткен үлгі нысан бойынша уәкілетті орган мен су айдынын және (немесе) учаскесін пайдаланушының арасында жасалатын балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт.»;
      13-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әуесқойлық (спорттық) балық шаруашылығын ұйымдастыруды жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты бар пайдаланушылар жүзеге асырады.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Балық шаруашылығын ұйымдастыру - балық өсіру-мелиорациялық, қорғау және өсімін молайту іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, абаттандыру, балық шаруашылығын жүргізу жоспарына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергеннен кейін пайдаланушы жүргізетін балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорын ғылыми-зерттеуді ұйымдастыру және оның деректерін нақтылау.».
      3. «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 2 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 1, 3-құжат);
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларында:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) тиісті бюджеттік бағдарламалар шеңберінде әзірленген биологиялық негіздеменің түрінде немесе құрамында мамандандырылған ғылыми ұйымдар жануарлардың белгілі бір түрлеріне арналған шектеулер мен тыйым салулар бойынша берген ұсыныстардың түсуіне қарай шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу, сондай-ақ оларды түзетудің орындылығын қарайды.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Уәкілетті орган жануарлар дүниесінің объектілерін сақтауға, сондай-ақ олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған шектеулер мен тыйым салулар бойынша ұсынымдарды ескереді.»;
      67-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен биологиялық негіздемелерге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізеді.
      7. Шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу, сондай-ақ оларды түзету орынды болған жағдайларда, уәкілетті орган биологиялық негіздемелерге және мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелеріне сәйкес жануарлардың тиісті түрлеріне шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірлейді.».
      4. «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 52-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесінде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
      2) ведомство - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті;
      3) аумақтық бөлімшелер - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері;
      4) конкурсқа қатысушы - конкурсқа қатысуға ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесіне конкурстық өтінімді ұсынған жеке немесе заңды тұлға;»;
      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жергілікті маңызы бар су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша облыстық атқарушы органдар (бұдан әрі - ұйымдастырушы) жүзеге асырады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша конкурс өткізу үшін аумақтық бөлімше құрамына тиісті аумақтық бөлімшелердің (Комиссия төрағасы), облыстық атқарушы органдардың, ғылыми ұйымдардың, балық аулаушылар және балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының (бар болса), су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті органның, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіретін Конкурс өткізу жөніндегі конкурстық комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады.
       Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша конкурс өткізу үшін облыстық атқарушы органдар құрамына облыс әкімінің орынбасарынан төмен емес облыстық атқарушы органның (Комиссия төрағасы), аумақтық бөлімшенің, ғылыми ұйымдардың, балық аулаушылар және балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының (бар болса), су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті органның, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіретін Комиссияны құрады.»;
      17-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өтінім берушінің конкурсқа қатысушыларға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін):
      заңды тұлғалар үшін - құрылтай құжатын, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті (нотариалды куәландырылған көшірмелерін);
      ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      жеке тұлғалар үшін - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін немесе паспортын (нотариалды куәландырылған көшірмелерін), кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыруға құқық беретін құжаттарды;
      әрбір су айдыны және (немесе) учаскесі бойынша өтінім берушінің басшысы жеке бекіткен белгіленген нысандағы балық шаруашылығын дамыту жоспарын (түпнұсқасы);
      балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұрын бекітіп берілген жеке және заңды тұлғалар үшін - өткен жылы балық өсімін молайту іс-шараларына қаржы салғанын растайтын және бөлінген квоталарды игеруі туралы аумақтық бөлімшемен келісілген ақпаратты (түпнұсқасы);
      конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашатын күннің алдындағы екі айдан ерте емес берілген салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы (болуы) туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
      өтінім берушінің басшысы қол қойған мыналарды жүзеге асыру үшін:
      бақылау үшін аулауды - ведомствоға және (немесе) оның аумақтық бөлімшесіне;
      ғылыми-зерттеу үшін аулауды - жеке және заңды тұлғаларға;
әуесқойлық (спорттық) балық аулауды - жеке тұлғаларға сервитут ұсыну туралы жазбаша міндеттемені (түпнұсқасы);
      өтінім берілген су айдыны және (немесе) учаске бекітіп берілген бүкіл кезеңде ғылыми ұйым ұсынған көлемде балықтандыруды орындау туралы өтінім берушінің басшысы қол қойған жазбаша міндеттемені қамтуы тиіс (ащы-тұзды су тоғандарынан басқа).»;
      18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
      уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтінім берушінің жеке меншігіндегі негізгі құралдар, ветеринария саласындағы уәкілетті орган беретін есепке алу нөмірін көрсете отырып, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өңдеу жөніндегі технологиялық жабдықтар мен өзге де материалдық-техникалық құралдардың, сондай-ақ балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін техникалық құралдардың болуы туралы анықтама;
      өтінім берушінің атына тіркелген аулаушы және көліктік флоттың, оның ішінде шағын көлемдісі туралы аумақтық көліктік бақылау органының конкурстық өтінімдері бар конвертті ашатын күнге дейін бір айдан ерте емес берілген анықтамасы;»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарында:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;»;
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Арал, Каспий теңіздері, Зайсан, Балқаш көлдері, Алакөл көлдер жүйесі, Бұқтырма, Шүлбі, Шардара, Қапшағай су қоймалары және Қиғаш, Іле, Сырдария, Жайық өзендерінің балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
      шаруашылық қызметі бағыттарының бірі балық шаруашылығын жүргізу және (немесе) онымен байланысты өндіріс болуы тиіс;
       меншік құқығында балық аулау (өндіру) флотының (ащы-тұзды учаскелерден басқа) және кәсіпшілік аулау құралдарының болуы;
      меншік құқығында балық аулау өнімдерін қайта өңдеу мен сақтауға арналған өндірістік базаның, ағымдық мелиорация жүргізу мен шабақтарды құтқаруға арналған техникалық құралдардың болуы;».
      5. «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 69, 999-құжат):
      2-тармақта:
      5) тармақша алынып тасталсын;
      6) тармақшадағы «6» деген сан «5» деген санмен ауыстырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) пайдаланушы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысымен бекітілген Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесіне және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік  талаптарына (бұдан әрі - Бекіту ережесі) сәйкес балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітіп берілген жеке және (немесе) заңды тұлға;»;
      7) тармақшадағы «7» деген сан «6» деген санмен ауыстырылсын және мынадай редакцияда жазылсын;
      «6) аумақтық бөлімшелер - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері.».

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2013 жылғы 23 тамыздағы
№ 825 қаулысымен 
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасында бекіре балықтары түрлерінің уылдырығы саудасын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі № 493 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 250-құжат).
      2. «Су айдындарына балық жіберу мен оларды жерсіндірудің республикалық схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 57 қаулысы.
      3. «Табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балықтарды және оның уылдырығын сатып алуға төлемақыны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 593 қаулысы.