Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 тамыздағы № 825 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       С.Ахметов.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 23 тамыздағы
№ 825 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенциядан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 1994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 569-құжат):
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция (бұдан әрі – Конвенция) бойынша Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік орган болып тағайындалсын.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Конвенция бойынша міндеттемелерді орындау үшін:
      1) жануарлардың жер бетіндегі түрлері мен құстар мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
      2) балық және басқа да су жануарлары мәселелері бойынша – «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғылыми ұйымдар болып бекітілсін».
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2013 жылғы 23 тамыздағы
№ 825 қаулысымен 
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасында бекіре балықтары түрлерінің уылдырығы саудасын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі № 493 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 250-құжат).
      2. «Су айдындарына балық жіберу мен оларды жерсіндірудің республикалық схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 57 қаулысы.
      3. «Табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балықтарды және оның уылдырығын сатып алуға төлемақыны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 593 қаулысы.