Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 8 тамыздағы
№ 813 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Ақмола облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 68-10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«68-10 «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;
«Жамбыл облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 545-10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«545-10 «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;
«Қызылорда облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 768-5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«768-5 «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;
«Солтүстік Қазақстан облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 1015-28-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«1015-28 «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы».
2. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
«Ұлттық компаниялар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«19. «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.»;
реттік нөмірі 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«27. «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.»;
реттік нөмірі 31-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«31. «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.»;
реттік нөмірі 33-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«33. «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.».
3. «Сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ оларға сыйақы мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1074-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«5. «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.»;
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«9. «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.»;
реттік нөмірлері 13 және 14-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
14. «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.».
4. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасында:
«1. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту пайымы» деген бөлімде:
«Ағымдағы жағдайды талдау» деген кіші бөлімде:
төртінші бөліктің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» ҰК» АҚ (Қызылорда облысы, Қызылорда қ.);».