Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 тамыздағы № 813 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Ақмола облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 68-10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"68-10 "Есіл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы";
"Жамбыл облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 545-10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"545-10 "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы";
"Қызылорда облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 768-5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"768-5 "Байқоңыр (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы";
"Солтүстік Қазақстан облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 1015-28-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"1015-28 "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы".
2. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
"Ұлттық компаниялар" деген бөлімде:
реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"19. "Байқоңыр (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.";
реттік нөмірі 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"27. "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.";
реттік нөмірі 31-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"31. "Есіл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.";
реттік нөмірі 33-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"33. "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.".
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 597 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасында:
"1. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту пайымы" деген бөлімде:
"Ағымдағы жағдайды талдау" деген кіші бөлімде:
төртінші бөліктің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) "Байқоңыр (Байконур)" ӘКК" ҰК" АҚ (Қызылорда облысы, Қызылорда қ.);".