Сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ оларға сыйақы мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 597 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 597 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.08.2019 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.12.2022 № 988 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесi бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.08.2019 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі С. Ахметов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 9 қазандағы
№ 1279 қаулысымен
бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.08.2019 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.04.2019 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.12.2022 № 988 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      2. "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      3. "Аstana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      4. "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      5. "Байқоңыр (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      6. "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      7. "Есіл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      8. "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      9. "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      10. "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      11. "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      12. "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      13. "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      14. "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      15. "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      16. "Түркістан" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      17. "Shymkent" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      18. "Семей" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      19. "Қонаев" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      20. "Ұлытау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.