Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысы

Қолданыстағы

      «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының азаматы паспортының үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар;
      2) Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiнің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар;
      3) шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар;
      4) азаматтығы жоқ адамның куәлігінің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар;
      5) босқын куәлігінің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктері, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттар, азаматтығы жоқ адамдардың куәліктері олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды деп саналсын.
      3. Мыналардың:
      1) «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1235 қаулысының;
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1235 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 ақпандағы № 106 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 9, 40-құжат);
      3) «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1260 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 351-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 4 шілдедегі
№ 684 қаулысымен   
бекітілген     

1. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының үлгісі

      1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.
      2. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты көлемі 88х125 мм доғал бұрышты брошюраны білдіреді және форзацтар мұқабасына желімделген мұқабадан және 18 парақтан (36 бет) (№ 1 сурет) тұрады.
      3. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының мұқабасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Туының түсiндей көгiлдiр түстi.
      Қазақстан Республикасының азаматы паспортының алдыңғы мұқабасының сыртқы бетiнде:
      жоғары бөлігінде – қазақ және ағылшын тiлдерiнде:

«ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIC OF
KAZAKHSTAN»

деген жазу;
      ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында – қазақ және ағылшын тiлдерiнде:

«ПАСПОРТ
PASSPORT»

деген жазу;
      төменгі бөлігінде – Қазақстан Республикасы азаматының паспортында электрондық ақпарат тасығыштың бар екенін көрсететін арнайы белгі;
      бұрыштарында – ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.
      Жазулар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, арнайы белгі және ұлттық ою-өрнек элементтері алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.
      4. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының алдыңғы форзацында:
      ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында – ұлттық ою-өрнек элементтерімен оюланған тармақ;
      ою-өрнектен төмен – паспорттың нөмірі орналасқан.
      5. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 1-бетінде қазақ және ағылшын тiлдерiнде (№ 2 сурет):

«Паспорт Қазақстан Республикасының
меншігі болып табылады, ал оның иесі
Қазақстан Республикасының
қорғауында болады

This passport is the property
оf the Republic of Kazakhstan and its
owner is under the protection of the
Republic of Kazakhstan»

деген жазу орналасқан.
      6. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 2-беті Қазақстан Республикасы азаматының паспорты иесінің фотобейнесін, қолы мен дербес деректерін орналастыруға арналған және екі бөліктен тұрады (№ 3 сурет):
      беттің жоғары жағының төрттен үш бөлігі – көзбен көру аймағы, онда қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай деректемелер орналасады:
      «ПАСПОРТ / PASSPORT
      ТҮРІ / TYPE
      МЕМЛЕКЕТ КОДЫ / CODE OF STATE
      ПАСПОРТТЫҢ № / PASSPORT Nо.
      ТЕГІ / SURNAME
      АТЫ / GIVEN NAMES
      АЗАМАТТЫҒЫ / NATIONALITY
      ЖЫНЫСЫ / SEX
      ЖСН / ID Nо.
      ТУҒАН КҮНІ / DATE OF BIRTH
      ТУҒАН ЖЕРІ / PLACE OF BIRTH
      БЕРІЛГЕН КҮНІ / DATE OF ISSUE
      ПАСПОРТ МЕРЗІМІ / DATE OF EXPIRY
      ӨЗ ҚОЛЫ / SIGNATURE OF BEARER
      БЕРГЕН МЕКЕМЕ / AUTHORITY»;
      беттің төменгі ширегі – машинамен оқылатын аймақ, онда машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын, машинамен оқылатын жазу орналасады.
      7. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 3-беті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген белгілерді орналастыруға арналған. Егер 3-бет пайдаланылса, онда белгілер Қазақстан Республикасының азаматы паспортының келесі бос бетіне жүргізіледі. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 3-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде (№ 4 сурет):

«МӘЛIМЕТ / OBSERVATIONS»
қазақ және орыс тілдерінде:
«ҰЛТЫ/НАЦИОНАЛЬНОСТЬ»

деген жазулар орналасқан.
      Қазақстан Республикасы азаматының паспортында ұлты Қазақстан Республикасы азаматының паспорты иесінің қалауы бойынша көрсетіледі.
      8. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 4–36-беттері виза қоюға арналған. Беттерінің жоғары жағында қазақ және ағылшын тілдерінде (№ 5 сурет):

«ВИЗАЛАР/VISАS»

деген жазу орналасқан.
      9. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының артқы форзацында қазақ және ағылшын тілдерінде (№ 6-сурет):

«ОСЫ ПАСПОРТ
36 БЕТТЕН ТҰРАДЫ

THIS PASSPORT CONTAINS
36 PAGES»

деген жазу орналасқан.
      10. Тоғыз әріптік-цифрлық нышаннан (бір әріптік нышан және сегіз таңбалы цифрлық нөмір) тұратын Қазақстан Республикасының азаматы паспортының нөмірі Қазақстан Республикасының азаматы паспортының барлық беттерінде, алдыңғы және артқы форзацтарында және артқы мұқабасында қайта басылған.
      11. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты беттерінің нөмірлері 4-беттен бастап 35-бетті қоса алғанда төменгі бұрыштарында орналасқан.

№ 1 сурет. Паспорттың мұқабасы

№ 2 сурет. Алдыңғы форзац

№ 3 сурет.

№ 4 сурет.

№ 5 сурет. 4-36-беттер

№ 6 сурет. Артқы форзац

2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын қорғауға
қойылатын талаптар

      1. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының мұқабасы тозбайтын материал мен төсемнен дайындалады, олардың арасында Қазақстан Республикасының азаматы паспортының иесі туралы электрондық ақпарат тасығыш ретінде пайдаланылатын антеннасы бар микросхема (байланыссыз интерфейсі бар чип) орналастырылады.
      Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде Қазақстан Республикасының азаматы паспортының иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат сақталады.
      2. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 2-беті дизайн мен сипаттамалардың жоғары ашықтығын және жоғарғы орындалуын сақтай отырып, көптеген көрнекі әсер беретін мөлдір голографиялық қабатты материалдан тұратын арнайы ламинатталған пленкамен қорғалады.
      3. Қазақстан Республикасы азаматының паспортында жазулардың сақталуын арттыру немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін арнайы әзірленген элементтер қолданылған.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 4 шілдедегі
№ 684 қаулысымен   
бекітілген     

1. Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің
үлгісі

      1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.
      2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі тозбайтын көп қабатты материалдан дайындалған, көлемі 85,72х54,03 мм доғал бұрышты смарт-картаны білдіреді (№ 7 сурет).
      3. Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің фотобейнесі, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады.
      Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және қазақ және орыс тілдерінде мынадай жазулар орналасқан:
      «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
      РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
      ЖЕКЕ КУӘЛІК
      УДОСТОВЕРЕНИЕ ЛИЧНОСТИ
      ТЕГІ / ФАМИЛИЯ
      АТЫ / ИМЯ
      ӘКЕСІНІҢ АТЫ / ОТЧЕСТВО
      ТУҒАН КҮНІ / ДАТА РОЖДЕНИЯ
      ЖСН / ИИН
      ҚОЛЫ / ПОДПИСЬ».
      4. Жеке сәйкестендіру нөмірінің штрих-коды және тоғыз цифрлық нышаннан тұратын Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің нөмірі Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің жоғары бөлігінде оны дайындау процесінде басылып жазылады (№ 8 сурет).
      5. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің сыртқы жағында микросхеманың байланыс бөлігі, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің туған жері және ұлты туралы дербес деректері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін берген орган, берілген күні және қолданылу мерзімі туралы мәліметтер орналасады. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінде ұлты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің қалауы бойынша көрсетіледі.
      Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің сыртқы жағы екі бөліктен тұрады:
      жоғары бөлігі – көзбен көру аймағы, онда микросхеманың байланыс бөлігі мен қазақ және орыс тілдерінде мынадай жазулар орналасқан:
      «ТУҒАН ЖЕРІ / МЕСТО РОЖДЕНИЯ
      ҰЛТЫ / НАЦИОНАЛЬНОСТЬ
      БЕРГЕН ОРГАН / ОРГАН ВЫДАЧИ
      БЕРІЛГЕН КҮНІ – ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ / ДАТА ВЫДАЧИ – СРОК ДЕЙСТВИЯ»;
      төменгі бөлігі – машинамен оқылатын аймақ, онда машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын, машинамен оқылатын жазу орналасқан.

№ 7 сурет. Беткі жағы

№ 8 сурет. Штрих-код

2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін қорғауға
қойылатын талаптар

      1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінде Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің иесі туралы электрондық ақпарат тасығыш ретінде қолданылатын микросхема (байланыс және байланыссыз интерфейстері бар чип) орналасқан.
      Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің иесі туралы графикалық және мәтіндік, оның ішінде оның заңды мекенжайы туралы ақпарат, оның фотобейнесі және қолы сақталады.
      Микросхеманың байланыс бөлігі Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің артқы бетінде орналасқан. Антеннасы бар микросхеманың байланыссыз бөлігі Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің ішіне салынған.
      2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінде жазулардың сақталуын арттыру немесе Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін арнайы әзірленген элементтер қолданылған.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 4 шілдедегі
№ 684 қаулысымен   
бекітілген     

1. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың
үлгісі

      1. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат машинамен оқылатын құжаттарға қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.
      2. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат тозбайтын көпқабатты материалдан дайындалған, көлемі 85,72х54,03 мм доғал бұрышты смарт-картаны білдіреді (№ 9 сурет).
      3. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың беткі жағында фотобейнесі, қолы және шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың иесінің мынадай дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады (№ 10 сурет).
      Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың беткі жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және қазақ және орыс тілдерінде мынадай жазулар орналасқан:
      «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
      РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
      ШЕТЕЛДІКТІҢ ТҰРУЫНА ЫҚТИЯРХАТЫ
      ВИД НА ЖИТЕЛЬСТВО ИНОСТРАНЦА
      ТЕГІ / ФАМИЛИЯ
      АТЫ / ИМЯ
      ӘКЕСІНІҢ АТЫ / ОТЧЕСТВО
      ТУҒАН КҮНІ / ДАТА РОЖДЕНИЯ
      ЖСН / ИИН
      ҚОЛЫ / ПОДПИСЬ».
      4. Жеке сәйкестендіру нөмірінің штрих-коды және тоғыз цифрлық нышаннан тұратын шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың нөмірі шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың сыртқы жағындағы жоғары бөлігінде оны дайындау процесінде басылып жазылады (№ 11 сурет).
      5. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың сыртқы жағында микросхеманың байланыс бөлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың иесінің туған жері және азаматтығы туралы дербес деректері, сондай-ақ шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты берген орган, берілген күні және қолданылу мерзімі туралы мәліметтер орналасады.
      Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың сыртқы жағы екі бөліктен тұрады:
      жоғары бөлігі – көзбен көру аймағы, онда микросхеманың байланыс бөлігі мен қазақ және орыс тілдерінде мынадай жазулар орналасқан:
      «ТУҒАН ЖЕРІ / МЕСТО РОЖДЕНИЯ
      АЗАМАТТЫҒЫ / ГРАЖДАНСТВО
      БЕРГЕН ОРГАН / ОРГАН ВЫДАЧИ
      БЕРІЛГЕН КҮНІ – ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ / ДАТА ВЫДАЧИ – СРОК ДЕЙСТВИЯ»;
      төменгі бөлігі – машинамен оқылатын аймақ, онда машинамен оқылатын құжаттарға қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған, әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын машинамен оқылатын жазу орналасқан.

№ 9 сурет. Беткі жағы

№ 10 сурет. Штрих-код

2. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты
қорғауға қойылатын талаптар

      1. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатында шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың иесі туралы электрондық ақпарат тасығыш ретінде пайдаланылатын микросхема (байланыс және байланыссыз интерфейстер бар чип) орналасқан.
      Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың иесі туралы графикалық және мәтіндік, оның ішінде оның заңды мекенжайы туралы ақпарат, оның фотобейнесі және қолы сақталады.
      Микросхеманың байланыс бөлігі шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың артқы бетінде орналасқан. Антеннасы бар микросхеманың байланыссыз бөлігі шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың ішіне салынған.
      Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың сыртқы жағында микросхеманың байланыс бөлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың иесінің туған жері және азаматтығы туралы дербес деректері, сондай-ақ шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты берген орган, берілген күні және қолданылу мерзімі туралы мәліметтер орналасады.
      2. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатта жазудың сақталуын арттыру немесе шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін арнайы әзірленген элементтер қолданылған.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 4 шілдедегі
№ 684 қаулысымен   
бекітілген     

1. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің
үлгісі

      1. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.
      2. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі көлемі 88х125 мм доғал бұрышты брошюраны білдіреді және форзацтар мұқабасына желімделген мұқабадан және 18 парақтан (36 беттен) (№ 11 сурет) тұрады.
      3. Азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң мұқабасы қою көк түстi.
      Азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң алдыңғы мұқабасының сыртқы бетiнде:
      жоғары бөлігінде – қазақ және ағылшын тiлдерiнде:

«ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIC OF
KAZAKHSTAN»

деген жазу;
      ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында – қазақ және ағылшын тiлдерiнде:

«Азаматтығы жоқ
адамның куәлiгi
Stateless person
certificate»

деген жазу;
      төменгі бөлігінде – азаматтығы жоқ адамның куәлігінде электрондық ақпарат тасығыштың бар екенін көрсететін арнайы белгі;
      бұрыштарында – ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.
      Жазулар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, арнайы белгі және ұлттық ою-өрнек элементтері алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.
      4. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің алдыңғы форзацында (№ 12 сурет):
      ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында – ұлттық ою-өрнек элементтерімен оюланған тармақ;
      ою-өрнектен төмен – азаматтығы жоқ адамның куәлігінің нөмірі орналасқан.
      5. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 1-бетінде қазақ және ағылшын тiлдерiнде (№ 12 сурет):

«Азаматтығы жоқ адамның куәлiгi
Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады

This stateless person certificate is
the property of the Republic of Kazakhstan»

деген жазу орналасқан.
      6. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 2-беті азаматтығы жоқ адамның куәлігі иесінің фотобейнесін, қолы мен дербес деректерін орналастыруға арналған және екі бөліктен тұрады (№ 13 сурет):
      беттің жоғары жағының төрттен үш бөлігі – көзбен көру аймағы, онда қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай деректемелер орналасады:
      «КУӘЛIК/СЕRTIFIСАTЕ
      ТҮРI / ТҮРЕ
      МЕМЛЕКЕТ КОДЫ / СОDЕ OF STATE
      КУӘЛIКТIҢ № / СЕRTIFIСАTЕ Nо.
      ТЕГI / SURNАМЕ
      АТЫ / СIVЕN NAMES
      ҰЛТЫ / NATIONALITY
      ЖЫНЫСЫ / SЕХ
      ЖСН / ID Nо.
      ТУҒАН КҮНІ / DАTЕ OF BIRTH
      ТУҒАН ЖЕРI / РLАСЕ OF BIRTH
      БЕРIЛГЕН КҮНІ / DАTЕ OF ISSUE
      КУӘЛIК МЕРЗIМI / DАTЕ OF EXPIRY
      ӨЗ ҚОЛЫ / SIGNATURE OF BEARER
      БЕРГЕН МЕКЕМЕ / АUTHОRITҮ»;
      беттің төменгі ширегі – машинамен оқылатын аймақ, онда машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған, әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын машинамен оқылатын жазу орналасады.
      7. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 3-беті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген белгілерді орналастыруға арналған. Егер 3-бет пайдаланылса, онда белгілер азаматтығы жоқ адамның куәлігінің келесі бос бетіне жүргізіледі. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 3-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде (№ 14 сурет):

«МӘЛIМЕТ / OBSERVATIONS»

деген жазу орналасқан.
      8. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 4-36-беттері виза қоюға арналған. Беттерінің жоғары жағында қазақ және ағылшын тілдерінде (№ 15 сурет):

«ВИЗАЛАР/VISАS»

деген жазу орналасқан.
      9. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің артқы форзацында қазақ және ағылшын тілдерінде (№ 16 сурет):

«ОСЫ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ
АДАМНЫҢ КУӘЛІГІ
36 БЕТТЕН ТҰРАДЫ

THE STATELLESS PERSON
CERTIFICATE CONTAINS
36 PAGES»

деген жазу орналасқан.
      10. Тоғыз әріптік-цифрлық нышаннан (бір әріптік нышан және сегіз таңбалы цифрлық нөмір) тұратын азаматтығы жоқ адамның куәлігінің нөмірі азаматтығы жоқ адам куәлігінің барлық беттерінде, алдыңғы және артқы форзацтарында және артқы мұқабасында қайта басылған.
      11. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі беттерінің нөмірлері 4-беттен бастап 35-бетті қоса алғанда төменгі бұрыштарында орналасқан.

№ 11 сурет. Мұқабасы

№ 12 сурет. Алдыңғы форзац

№ 13 сурет

№ 14 сурет

№ 15 сурет. 4-36-беттер

№ 16 сурет. Артқы форзац

2. Азаматтығы жоқ адамның куәлігін қорғауға қойылатын
талаптар

      1. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің мұқабасы тозбайтын материал мен төсемнен дайындалады, олардың арасында азаматтығы жоқ адамның куәлігінің иесі туралы ақпарат тасығыш ретінде пайдаланылатын антеннасы бар микросхема (байланыссыз интерфейсі бар чип) орналастырылады.
      Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде азаматтығы жоқ адамның куәлігінің иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат сақталады.
      2. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 2-беті дизайн мен сипаттамалардың жоғары ашықтығын және жоғарғы орындалуын сақтай отырып, көптеген көрнекі әсер беретін мөлдір голографиялық қабатты материалдан тұратын арнайы ламинатталған пленкамен қорғалады.
      3. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінде жазулардың сақталуын арттыру немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін арнайы әзірленген элементтер қолданылған.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 4 шілдедегі
№ 684 қаулысымен   
бекітілген     

1. Босқын куәлігінің
үлгісі

      1. Босқын куәлігі машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.
      2. Босқын куәлігі көлемі 88х125 мм брошюраны білдіреді және форзацтар мұқабасына желімделген мұқабадан және 6 парақтан (12 беттен) (№ 17 сурет) тұрады.
      3. Босқын куәлігінің мұқабасы тозбайтын материалдан жасалады.
      4. Босқын куәлігінің мұқабасы көк түсті.
      Босқын куәлігінің алдыңғы мұқабасының беткі жағында:
      жоғары бөлігінде – қазақ және орыс тілдерінде:

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН»

деген жазу;
      орта бөлігінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
      төменгі бөлігінде – қазақ және орыс тілдерінде:

«БОСҚЫН КУӘЛІГІ
УДОСТОВЕРЕНИЕ БЕЖЕНЦА»

деген жазу орналасқан.
      Жазулар және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.
      5. Босқын куәлігінің 1-беті иесінің фотобейнесін, қолы мен деректерін орналастыруға арналған, онда қазақ және орыс тілдерінде мынадай деректемелер орналасады (№ 18 сурет):

«Босқын куәлігі
Удостоверение беженца

      Тегі
      Фамилия _______________________________________________________
      Аты / Имя _____________________________________________________
      Әкесінің аты
      Отчество ______________________________________________________
      Туған күні, айы, жылы және туған жері/Дата и место рождения
      _______________________________________________________________
      _______________________________________________________________
      Азаматтығы / Гражданство
      _______________________________________________________________
      Босқын деп танылғаны және Қазақстан Республикасының қорғауында
болатыны куәландырылады / Удостоверяется, что признан(а) беженцем и
находится под защитой Республики Казахстан.
      Комиссияның «___» _____________ 20__ ж. № ______________ шешімі
      Решение комиссии от «___» ______ 20__ г. № ____________________
      Куәлік __________________ бастап ________________ дейін жарамды
      Удостоверение действительно: с _____________ по _______________
      Куәлікті кім берген
      Кем выдано удостоверение ______________________________________
      Куәліктің берілген күні
      Дата выдачи удостоверения _____________________________________

Босқынның қолы
Подпись беженца _____________________________________________________

      ІІД КҚП Басқармасының бастығы
      Начальник УМП ДВД
      _______________________________________________________________
             (облыс, қала атауы/наименование области, города)
      ________________________________________________ қолы / подпись
      М.О. / М.П.».
      Босқын куәлігінің 1-бетінің жоғары бөлігінде «Босқын куәлігі
Удостоверение беженца» деген жазудың сол жағында қазақ және орыс
тілдерінде:
      «Сурет орны/место для фото» деген жазуы бар рама орналасқан.
      Рамаға босқын куәлігі иесінің көлемі 30х40 мм фото суреті
жапсырылады.
      Босқын куәлігінің 1-бетінің төменгі бөлігінде екі әріптік және
сегіз цифрлық нышаннан тұратын босқын куәлігінің нөмірі орналасқан.
      6. Босқын куәлігінің 2-6-беттерінің жоғары және төменгі
бөліктерінде қазақ және орыс тілдерінде мынадай жазулар орналасқан
(№ 19 сурет):
      Куәлік ұзартылды: _______________ нен(нан) ______________ дейін
      Удостоверение продлено: с _________________ по ________________
      Комиссияның «___» ____________ 20__ ж. № _______________ шешімі
      Решение комиссии от «___» _________ 20__ г. № _________________
      ІІД КҚП Басқармасының бастығы
      Начальник УМП ДВД
      _______________________________________________________________
             (облыс, қала атауы/наименование области, города)
      ________________________________________________ қолы / подпись
      М.О. / М.П.».
      7. Босқын куәлігінің 7-8-беттерінде қазақ және орыс тілдерінде
мынадай жазулар, сондай-ақ он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері
көрсетілетін кесте орналасқан (№ № 2021 суреттер):

«Он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері:
Члены семьи, не достигшие восемнадцати лет:

Тегі
фамилия

Аты
имя

Әкесінің аты
отчество

Туыстық қатынасы
степень родства

Туған күні, айы, жылы және туған жері
Дата и место рождения


























      ІІД КҚП Басқармасының бастығы
      Начальник УМП ДВД
      _______________________________________________________________
             (облыс, қала атауы/наименование области, города)
      ________________________________________________ қолы / подпись
      М.О. / М.П.».
      8. Босқын куәлігінің 9-11-беттері ерекше белгілер енгізуге
арналған. Беттерінің жоғары жағында қазақ және орыс тілдерінде
(№ 21 сурет):

«Ерекше белгілер
Особые отметки»

деген жазу орналасқан.
      9. Босқын куәлігі беттерінің нөмірлері жоғары бұрыштарында
орналасқан.

№ 17 сурет. Мұқабасы

№ 18 сурет. Алдыңғы форзац

№ 19 сурет. 2-7-беттер

№ 20 сурет

№ 21 сурет. 8-11-беттер

2. Босқын куәлігін қорғауға қойылатын талаптар

      1. Босқын куәлігінің мұқабасы тозбайтын материал мен төсемнен дайындалады.
      2. Босқын куәлігінде жазулардың сақталуын арттыру немесе босқын куәлігін және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін арнайы әзірленген элементтер қолданылған.
      3. Босқын куәлігінің беттері «KAZ ою-өрнегі» элементі түріндегі контрасты жоғары су белгісімен қорғалған, кәдімгі жарықта қошқыл-қызыл түс болып көрінетін флуоресцентті талшықтардан тұратын сапасы жоғары сұрыпты қағаздан дайындалған.