Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысы.

Жаңартылған

      "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының азаматы паспортының үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар;

      2) Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiнің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар;

      3) шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар;

      4) азаматтығы жоқ адамның куәлігінің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар;

      5) босқын куәлігінің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктері, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттар, азаматтығы жоқ адамдардың куәліктері олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды деп саналсын.

      3. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1235 қаулысының;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1235 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 ақпандағы № 106 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 9, 40-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1260 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 351-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 4 шілдедегі
№ 684 қаулысымен
бекітілген

1. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының үлгісі

      1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.

      2. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты көлемі 88х125 мм доғал бұрышты брошюраны білдіреді және форзацтар мұқабасына желімделген мұқабадан және 18 парақтан (36 бет) (№ 1 сурет) тұрады.

      3. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының мұқабасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Туының түсiндей көгiлдiр түстi.

      Қазақстан Республикасының азаматы паспортының алдыңғы мұқабасының сыртқы бетiнде:

      жоғары бөлігінде – қазақ және ағылшын тiлдерiнде:

      "ҚАЗАҚСТАН

      РЕСПУБЛИКАСЫ

      REPUBLIC OF

      KAZAKHSTAN"

      деген жазу;

      ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында – қазақ және ағылшын тiлдерiнде:

      "ПАСПОРТ

      PASSPORT"

      деген жазу;

      төменгі бөлігінде – Қазақстан Республикасы азаматының паспортында электрондық ақпарат тасығыштың бар екенін көрсететін арнайы белгі;

      бұрыштарында – ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.

      Жазулар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, арнайы белгі және ұлттық ою-өрнек элементтері алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.

      4. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының алдыңғы форзацында:

      ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында – ұлттық ою-өрнек элементтерімен оюланған тармақ;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының сол жағында тігінен – паспорттың нөмірі орналасқан.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 1-бетінде қазақ және ағылшын тiлдерiнде (№ 2-сурет):

      "Паспорт Қазақстан Республикасының

      меншігі болып табылады, ал оның иесі

      Қазақстан Республикасының

      қорғауында болады

      This passport is the property

      оf the Republic of Kazakhstan and its

      owner is under the protection of the

      Republic of Kazakhstan"

      деген жазу орналасқан.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 2-беті Қазақстан Республикасы азаматының паспорты иесінің фотобейнесін, қолы мен деректерін орналастыруға арналған және екі бөліктен тұрады (№ 3-сурет):

      беттің жоғары жағының төрттен үш бөлігі – көзбен көру аймағы, онда қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай деректемелер орналасады:

      "ПАСПОРТ / PASSPORT

      ТҮРІ / TYPE

      МЕМЛЕКЕТ КОДЫ / CODE OF STATE

      ПАСПОРТТЫҢ № / PASSPORT Nо.

      ТЕГІ / SURNAME

      АТЫ / GIVEN NAMES

      АЗАМАТТЫҒЫ / NATIONALITY

      ЖЫНЫСЫ / SEX

      ЖСН / ID Nо.

      ТУҒАН КҮНІ / DATE OF BIRTH

      ТУҒАН ЖЕРІ / PLACE OF BIRTH

      БЕРІЛГЕН КҮНІ / DATE OF ISSUE

      ПАСПОРТ МЕРЗІМІ / DATE OF EXPIRY

      ӨЗ ҚОЛЫ / SIGNATURE OF BEARER

      БЕРГЕН ОРГАН / AUTHORITY";

      беттің төменгі ширегі – машинамен оқылатын аймақ, онда машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын, машинамен оқылатын жазу орналасады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 3-беті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген белгілерді орналастыруға арналған. Егер 3-бет пайдаланылса, онда белгілер Қазақстан Республикасының азаматы паспортының келесі бос бетіне жүргізіледі. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 3-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде (№ 4-сурет):

      "МӘЛIМЕТ / OBSERVATIONS"

      деген жазу орналасқан.

      Қазақстан Республикасы азаматының паспортының 3-бетінде ұлты Қазақстан Республикасы азаматының паспорты иесінің қалауы бойынша қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      8. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 4–36-беттері виза қоюға арналған. Беттерінің жоғары жағында қазақ және ағылшын тілдерінде (№ 5 сурет):

      "ВИЗАЛАР/VISАS"

      деген жазу орналасқан.

      9. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының артқы форзацында қазақ және ағылшын тілдерінде (№ 6-сурет):

      "ОСЫ ПАСПОРТ

      36 БЕТТЕН ТҰРАДЫ

      THIS PASSPORT CONTAINS

      36 PAGES"

      деген жазу орналасқан.

      10. Тоғыз әріптік-цифрлық нышаннан (бір әріптік нышан және сегіз таңбалы цифрлық нөмір) тұратын Қазақстан Республикасының азаматы паспортының нөмірі Қазақстан Республикасының азаматы паспортының барлық беттерінде, алдыңғы және артқы форзацтарында және артқы мұқабасында қайта басылған.

      11. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты беттерінің нөмірлері 4-беттен бастап 35-бетті қоса алғанда төменгі бұрыштарында орналасқан.

      № 1 сурет. Паспорттың мұқабасы



      № 2 сурет.

      Ескерту. 2-сурет жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
     

      № 3 сурет.

      Ескерту. 3-сурет жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
     

      № 4 сурет.

      Ескерту. 4-сурет жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
     

      № 5 сурет. 4-36-беттер

      Ескерту. 5-сурет жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
     

      № 6 сурет. Артқы форзац

      Ескерту. 6-сурет жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
     

2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын қорғауға
қойылатын талаптар

      1. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының мұқабасы тозбайтын материал мен төсемнен дайындалады, олардың арасында Қазақстан Республикасының азаматы паспортының иесі туралы электрондық ақпарат тасығыш ретінде пайдаланылатын антеннасы бар микросхема (байланыссыз интерфейсі бар чип) орналастырылады.

      Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде Қазақстан Республикасының азаматы паспортының иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат, он алты жасқа толған және одан асқан, сондай-ақ "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жағдайларда он екі жастан бастап он алты жасқа дейінгі құжат иесінің қол саусақтарының іздері сақталады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 12.01.2018 № 8 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 2-беті дизайн мен сипаттамалардың жоғары ашықтығын және жоғарғы орындалуын сақтай отырып, көптеген көрнекі әсер беретін мөлдір голографиялық қабатты материалдан тұратын арнайы ламинатталған пленкамен қорғалады.

      3. Қазақстан Республикасы азаматының паспортында жазулардың сақталуын арттыру немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін арнайы әзірленген элементтер қолданылған.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 4 шілдедегі
№ 684 қаулысымен
бекітілген

1. Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің
үлгісі

      1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.

      2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі тозбайтын көп қабатты материалдан дайындалған, көлемі 85,72х54,03 мм доғал бұрышты смарт-картаны білдіреді (№ 7 сурет).

      3. Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің фотобейнесі, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады.

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және қазақ және орыс тiлдерiнде мынадай жазулар орналасады:

      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

      РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

      ЖЕКЕ КУӘЛІК

      УДОСТОВЕРЕНИЕ ЛИЧНОСТИ

      ТЕГІ/ФАМИЛИЯ

      АТЫ/ИМЯ

      ӘКЕСІНІҢ АТЫ/ОТЧЕСТВО

      ТУҒАН КҮНІ/ДАТА РОЖДЕНИЯ

      ЖСН/ИИН".

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Жеке сәйкестендіру нөмірінің штрих-коды және тоғыз цифрлық нышаннан тұратын Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің нөмірі Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің жоғары бөлігінде оны дайындау процесінде басылып жазылады (№ 8 сурет).

      5. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің сыртқы жағында микросхеманың байланыс бөлігі, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің туған жері және ұлты туралы дербес деректері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін берген орган, берілген күні және қолданылу мерзімі туралы мәліметтер орналасады. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінде ұлты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің қалауы бойынша көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің артқы жағы мынадай екі бөліктен тұрады:

      беттің жоғары жағы – көзбен көру аймағы, онда микросхеманың байланыс бөлігі және қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай жазулар орналасады:

      ТУҒАН ЖЕРІ/МЕСТО РОЖДЕНИЯ

      ҰЛТЫ/НАЦИОНАЛЬНОСТЬ

      БЕРГЕН ОРГАН/ОРГАН ВЫДАЧИ

      БЕРІЛГЕН КҮНІ – ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ/ДАТА ВЫДАЧИ – СРОК ДЕЙСТВИЯ;

      төменгі бөлігі – машинамен оқылатын аймақ, онда машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын, машинамен оқылатын жазу орналасқан.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      № 7 сурет. Беткі жағы

      Ескерту. 7-сурет жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
     

      № 8 сурет. Штрих-код

      Ескерту. 8-сурет жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
     

2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін қорғауға
қойылатын талаптар

      1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінде Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің иесі туралы электрондық ақпарат тасығыш ретінде қолданылатын микросхема (байланыс және байланыссыз интерфейстері бар чип) орналасқан.

      Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің иесі туралы графикалық және мәтіндік, оның ішінде оның заңды мекенжайы туралы ақпарат, оның фотобейнесі және қолы, сондай-ақ құжат иесінің қол саусақтарының іздері сақталады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.01.2018 № 8 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Микросхеманың байланыс бөлігі Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің артқы бетінде орналасқан. Антеннасы бар микросхеманың байланыссыз бөлігі Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің ішіне салынған.

      2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінде жазулардың сақталуын арттыру немесе Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін арнайы әзірленген элементтер қолданылған.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 4 шілдедегі
№ 684 қаулысымен
бекітілген

1. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың
үлгісі

      1. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат машинамен оқылатын құжаттарға қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.

      2. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат тозбайтын көпқабатты материалдан дайындалған, көлемі 85,72х54,03 мм доғал бұрышты смарт-картаны білдіреді (№ 9 сурет).

      3. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың беткі жағында фотобейнесі, қолы және шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың иесінің мынадай дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады.

      Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың беткі жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және қазақ және орыс тiлдерiнде мынадай жазулар орналасады:

      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

      РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

      ШЕТЕЛДІКТІҢ ТҰРУЫНА ЫҚТИЯРХАТЫ

      ВИД НА ЖИТЕЛЬСТВО ИНОСТРАНЦА

      ТЕГІ/ФАМИЛИЯ

      АТЫ/ИМЯ

      ӘКЕСІНІҢ АТЫ/ОТЧЕСТВО

      ТУҒАН КҮНІ/ДАТА РОЖДЕНИЯ

      ЖСН/ИИН".

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Жеке сәйкестендіру нөмірінің штрих-коды және тоғыз цифрлық нышаннан тұратын шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың нөмірі шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың сыртқы жағындағы жоғары бөлігінде оны дайындау процесінде басылып жазылады (№ 10-сурет).

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың сыртқы жағында микросхеманың байланыс бөлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың иесінің туған жері және азаматтығы туралы дербес деректері, сондай-ақ шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты берген орган, берілген күні және қолданылу мерзімі туралы мәліметтер орналасады.

      Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың артқы жағы мынадай екі бөліктен тұрады:

      беттің жоғары жағы – көзбен көру аймағы, онда микросхеманың байланыс бөлігі және қазақ және орыс тілдерінде мынадай жазулар орналасады:

      "ТУҒАН ЖЕРІ/МЕСТО РОЖДЕНИЯ

      АЗАМАТТЫҒЫ/ГРАЖДАНСТВО

      БЕРГЕН ОРГАН/ОРГАН ВЫДАЧИ

      БЕРІЛГЕН КҮНІ – ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ/ДАТА ВЫДАЧИ – СРОК ДЕЙСТВИЯ";

      төменгі бөлігі – машинамен оқылатын аймақ, онда машинамен оқылатын құжаттарға қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған, әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын машинамен оқылатын жазу орналасқан.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      № 9 сурет. Беткі жағы

      Ескерту. 9-сурет жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
     

      № 10 сурет. Штрих-код

      Ескерту. 10-сурет жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
     

2. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты
қорғауға қойылатын талаптар

      1. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатында шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың иесі туралы электрондық ақпарат тасығыш ретінде пайдаланылатын микросхема (байланыс және байланыссыз интерфейстер бар чип) орналасқан.

      Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың иесі туралы графикалық және мәтіндік, оның ішінде оның заңды мекенжайы туралы ақпарат, оның фотобейнесі және қолы, құжат иесінің қол саусақтарының іздері сақталады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.01.2018 № 8 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Микросхеманың байланыс бөлігі шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың артқы бетінде орналасқан. Антеннасы бар микросхеманың байланыссыз бөлігі шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың ішіне салынған.

      Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың сыртқы жағында микросхеманың байланыс бөлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың иесінің туған жері және азаматтығы туралы дербес деректері, сондай-ақ шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты берген орган, берілген күні және қолданылу мерзімі туралы мәліметтер орналасады.

      2. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатта жазудың сақталуын арттыру немесе шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін арнайы әзірленген элементтер қолданылған.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 4 шілдедегі
№ 684 қаулысымен
бекітілген

1. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің
үлгісі

      1. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.

      2. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі көлемі 88х125 мм доғал бұрышты брошюраны білдіреді және форзацтар мұқабасына желімделген мұқабадан және 18 парақтан (36 беттен) (№ 11 сурет) тұрады.

      3. Азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң мұқабасы қою көк түстi.

      Азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң алдыңғы мұқабасының сыртқы бетiнде:

      жоғары бөлігінде – қазақ және ағылшын тiлдерiнде:

      "ҚАЗАҚСТАН

      РЕСПУБЛИКАСЫ

      REPUBLIC OF

      KAZAKHSTAN"

      деген жазу;

      ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында – қазақ және ағылшын тiлдерiнде:

      "Азаматтығы жоқ

      адамның куәлiгi

      Stateless person

      certificate"

      деген жазу;

      төменгі бөлігінде – азаматтығы жоқ адамның куәлігінде электрондық ақпарат тасығыштың бар екенін көрсететін арнайы белгі;

      бұрыштарында – ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.

      Жазулар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, арнайы белгі және ұлттық ою-өрнек элементтері алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.

      4. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің алдыңғы форзацында (№ 12 сурет):

      ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында – ұлттық ою-өрнек элементтерімен оюланған тармақ;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының сол жағында тігінен – азаматтығы жоқ адамның куәлігінің нөмірі орналасқан.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 1-бетінде қазақ және ағылшын тiлдерiнде (№ 12-сурет):

      "Азаматтығы жоқ адамның куәлігі

      Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады,

      ал оның иесі Қазақстан Республикасының

      қорғауында болады

      This stateless person certificate is

      the property of the Republic of Kazakhstan

      and its owner is under the protection of the

      Republic of Kazakhstan"

      деген жазу орналасқан.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 2-беті азаматтығы жоқ адамның куәлігі иесінің фотобейнесін, қолы мен деректерін орналастыруға арналған және екі бөліктен тұрады (№ 13-сурет):

      беттің жоғары жағының төрттен үш бөлігі – көзбен көру аймағы, онда қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай деректемелер орналасады:

      "КУӘЛIК/CERTIFICATE

      TҮPI/TYPE

      МЕМЛЕКЕТ КОДЫ/CODE OF STATE

      КУӘЛIКТIҢ №/CERTIFICATE No.

      ТЕГI/SURNAME

      АТЫ/GIVEN NAMES

      АЗАМАТТЫҒЫ/NATIONALITY

      ЖЫНЫСЫ/SEX

      ЖСН/ID No.

      ТУҒАН KҮНI/DATE OF BIRTH

      TУҒAH ЖЕРI/PLACE OF BIRTH

      БЕРIЛГЕН KҮНI/DATE OF ISSUE

      КУӘЛIК MEPЗIMI/DATE OF EXPIRY

      ӨЗ ҚОЛЫ/SIGNATURE OF BEARER

      БЕРГЕН ОРГАН/AUTHORITY";

      беттің төменгі ширегі – машинамен оқылатын аймақ, онда машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған, әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын машинамен оқылатын жазу орналасады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 3-беті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген белгілерді орналастыруға арналған. Егер 3-бет пайдаланылса, онда белгілер азаматтығы жоқ адамның куәлігінің келесі бос бетіне жүргізіледі. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 3-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде (№ 14 сурет):

      "МӘЛIМЕТ / OBSERVATIONS"

      деген жазу орналасқан.

      8. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 4-36-беттері виза қоюға арналған. Беттерінің жоғары жағында қазақ және ағылшын тілдерінде (№ 15 сурет):

      "ВИЗАЛАР/VISАS"

      деген жазу орналасқан.

      9. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің артқы форзацында қазақ және ағылшын тілдерінде (№ 16 сурет):

      "ОСЫ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ

      АДАМНЫҢ КУӘЛІГІ

      36 БЕТТЕН ТҰРАДЫ

      THE STATELLESS PERSON

      CERTIFICATE CONTAINS

      36 PAGES"

      деген жазу орналасқан.

      10. Тоғыз әріптік-цифрлық нышаннан (бір әріптік нышан және сегіз таңбалы цифрлық нөмір) тұратын азаматтығы жоқ адамның куәлігінің нөмірі азаматтығы жоқ адам куәлігінің барлық беттерінде, алдыңғы және артқы форзацтарында және артқы мұқабасында қайта басылған.

      11. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі беттерінің нөмірлері 4-беттен бастап 35-бетті қоса алғанда төменгі бұрыштарында орналасқан.

      № 11 сурет. Мұқабасы



      № 12 сурет. Алдыңғы форзац

      Ескерту. 12-сурет жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
     

      № 13 сурет

      Ескерту. 13-сурет жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
     

      № 14 сурет

      Ескерту. 14-сурет жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
     

      № 15 сурет. 4-36-беттер

      Ескерту. 15-сурет жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
     

      № 16 сурет. Артқы форзац

      косымша 1, косымша 2

      Ескерту. 16-сурет жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1133 қаулысымен (01.12.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
     

2. Азаматтығы жоқ адамның куәлігін қорғауға қойылатын
талаптар

      1. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің мұқабасы тозбайтын материал мен төсемнен дайындалады, олардың арасында азаматтығы жоқ адамның куәлігінің иесі туралы ақпарат тасығыш ретінде пайдаланылатын антеннасы бар микросхема (байланыссыз интерфейсі бар чип) орналастырылады.

      Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде азаматтығы жоқ адамның куәлігінің иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат, сондай-ақ құжат иесінің қол саусақтарының іздері сақталады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.01.2018 № 8 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 2-беті дизайн мен сипаттамалардың жоғары ашықтығын және жоғарғы орындалуын сақтай отырып, көптеген көрнекі әсер беретін мөлдір голографиялық қабатты материалдан тұратын арнайы ламинатталған пленкамен қорғалады.

      3. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінде жазулардың сақталуын арттыру немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін арнайы әзірленген элементтер қолданылған.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 4 шілдедегі
№ 684 қаулысымен
бекітілген

1. Босқын куәлігінің
үлгісі

      1. Босқын куәлігі машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.

      2. Босқын куәлігі көлемі 88х125 мм брошюраны білдіреді және форзацтар мұқабасына желімделген мұқабадан және 6 парақтан (12 беттен) (№ 17 сурет) тұрады.

      3. Босқын куәлігінің мұқабасы тозбайтын материалдан жасалады.

      4. Босқын куәлігінің мұқабасы көк түсті.

      Босқын куәлігінің алдыңғы мұқабасының беткі жағында:

      жоғары бөлігінде – қазақ және орыс тілдерінде:

      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

      РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН"

      деген жазу;

      орта бөлігінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

      төменгі бөлігінде – қазақ және орыс тілдерінде:

      "БОСҚЫН КУӘЛІГІ

      УДОСТОВЕРЕНИЕ БЕЖЕНЦА"

      деген жазу орналасқан.

      Жазулар және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.

      5. Босқын куәлігінің 1-беті иесінің фотобейнесін, қолы мен деректерін орналастыруға арналған, онда қазақ және орыс тілдерінде мынадай деректемелер орналасады (№ 18 сурет):

      "Босқын куәлігі

      Удостоверение беженца

      Тегі

      Фамилия _______________________________________________________

      Аты / Имя _____________________________________________________

      Әкесінің аты

      Отчество ______________________________________________________

      Туған күні, айы, жылы және туған жері/Дата и место рождения

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Азаматтығы / Гражданство

      _______________________________________________________________

      Босқын деп танылғаны және Қазақстан Республикасының қорғауында

      болатыны куәландырылады / Удостоверяется, что признан(а) беженцем и

      находится под защитой Республики Казахстан.

      Комиссияның "___" _____________ 20__ ж. № ______________ шешімі

      Решение комиссии от "___" ______ 20__ г. № ____________________

      Куәлік __________________ бастап ________________ дейін жарамды

      Удостоверение действительно: с _____________ по _______________

      Куәлікті кім берген

      Кем выдано удостоверение ______________________________________

      Куәліктің берілген күні

      Дата выдачи удостоверения _____________________________________

Босқынның қолы

Подпись беженца _____________________________________________________


      ІІД КҚП Басқармасының бастығы

      Начальник УМП ДВД

      _______________________________________________________________

      (облыс, қала атауы/наименование области, города)

      ________________________________________________ қолы / подпись

      М.О. / М.П.".

      Босқын куәлігінің 1-бетінің жоғары бөлігінде "Босқын куәлігі

      Удостоверение беженца" деген жазудың сол жағында қазақ және орыс

      тілдерінде:

      "Сурет орны/место для фото" деген жазуы бар рама орналасқан.

      Рамаға босқын куәлігі иесінің көлемі 30х40 мм фото суреті

      жапсырылады.

      Босқын куәлігінің 1-бетінің төменгі бөлігінде екі әріптік және

      сегіз цифрлық нышаннан тұратын босқын куәлігінің нөмірі орналасқан.

      6. Босқын куәлігінің 2-6-беттерінің жоғары және төменгі

      бөліктерінде қазақ және орыс тілдерінде мынадай жазулар орналасқан

      (№ 19 сурет):

      Куәлік ұзартылды: _______________ нен(нан) ______________ дейін

      Удостоверение продлено: с _________________ по ________________

      Комиссияның "___" ____________ 20__ ж. № _______________ шешімі

      Решение комиссии от "___" _________ 20__ г. № _________________

      ІІД КҚП Басқармасының бастығы

      Начальник УМП ДВД

      _______________________________________________________________

      (облыс, қала атауы/наименование области, города)

      ________________________________________________ қолы / подпись

      М.О. / М.П.".

      7. Босқын куәлігінің 7-8-беттерінде қазақ және орыс тілдерінде

      мынадай жазулар, сондай-ақ он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері

      көрсетілетін кесте орналасқан (№ № 20, 21 суреттер):

      "Он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері:

      Члены семьи, не достигшие восемнадцати лет:

Тегі

фамилия

Аты

имя

Әкесінің аты

отчество

Туыстық қатынасы

степень родства

Туған күні, айы, жылы және туған жері

Дата и место рождения



























      ІІД КҚП Басқармасының бастығы

      Начальник УМП ДВД

      _______________________________________________________________

      (облыс, қала атауы/наименование области, города)

      ________________________________________________ қолы / подпись

      М.О. / М.П.".

      8. Босқын куәлігінің 9-11-беттері ерекше белгілерді, оның iшiнде дактилоскопиялық тіркеуден өткені туралы белгілерді енгізуге арналған. Беттердің жоғары жағында қазақ және орыс тілдерінде (№ 21 сурет):

      "Ерекше белгілер

      Особые отметки"

      деген жазу орналасқан.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.01.2018 № 8 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      9. Босқын куәлігі беттерінің нөмірлері жоғары бұрыштарында

      орналасқан.

      № 17 сурет. Мұқабасы



      № 18 сурет. Алдыңғы форзац



      № 19 сурет. 2-7-беттер



      № 20 сурет



      № 21 сурет. 8-11-беттер





2. Босқын куәлігін қорғауға қойылатын талаптар

      1. Босқын куәлігінің мұқабасы тозбайтын материал мен төсемнен дайындалады.

      2. Босқын куәлігінде жазулардың сақталуын арттыру немесе босқын куәлігін және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін арнайы әзірленген элементтер қолданылған.

      3. Босқын куәлігінің беттері "KAZ ою-өрнегі" элементі түріндегі контрасты жоғары су белгісімен қорғалған, кәдімгі жарықта қошқыл-қызыл түс болып көрінетін флуоресцентті талшықтардан тұратын сапасы жоғары сұрыпты қағаздан дайындалған.