Балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 461 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 389 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.06.2021 № 389 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 24-9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 8 мамырдағы
№ 461 қаулысымен
бекітілген

Балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық
бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 24-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) комиссия – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосында құрылатын аккредиттеу жөніндегі комиссия;

      2) аккредиттеу – аккредиттеу субъектісінің Заңда белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыруға құзыреттілігін ресми тану рәсімі;

      3) аккредиттеу органы – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы;

      4) аккредиттеу субъектісі – балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы (бұдан әрі – қауымдастық).

      3. Аккредиттеуді аккредиттеу субъектісінің Заңда көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру құқықтылығын растау үшін аккредиттеу органы жүргізеді.

      4. Аккредиттеуден өту үшін:

      1) аккредиттеу органының аумақтық бөлімшелері орналасқан жерлерден кемінде сегіз облыс орталығында тіркелген филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің;

      2) веб-сайттың;

      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында арнайы әдебиеттің, балық шаруашылығы бойынша әдістемелік материалдар мен оқу және көмекші құралдарының;

      4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мамандарды қоса алғанда, жоғары немесе орта білімі бар қызметкерлердің тиісті штатының;

      5) қауымдастық құрамында әуесқой балық аулаушылар мен спорттық балық аулаушылықтың қоғамдық бірлестіктері болуы қажет.

      5. Аккредиттеуді жүргізу кезеңдері:

      1) мерзімді баспасөз басылымдарында аккредиттеуді жүргізу туралы хабарландыру жариялау;

      2) қауымдастықтың аккредиттеу органына осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды беруі;

      3) комиссияның аккредиттеу материалдарын қарауы;

      4) аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;

      5) аккредиттеу туралы куәлік немесе аккредиттеуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап беру.

2. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі

      6. Аккредиттеу органы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде аккредиттеу мерзімі мен оны өткізу шарттары туралы хабарландыру жариялайды.

      7. Аккредиттеуді жүргізу мақсатында құрамы аккредиттеу органының қызметкерлерінен қалыптастырылатын комиссия құрылады.

      Комиссия құрамы аккредиттеу органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде бес адам болуы тиіс.

      Комиссия төрағасы аккредиттеу органының басшысы болып табылады.

      Комиссия хатшысы аккредиттеу органы қызметкерлерінің қатарынан тағайындалады және комиссия мүшесі болып табылмайды, аккредиттеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бүкіл құжаттаманы жүргізеді.

      Аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді комиссия ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылдайды.

      8. Аккредиттеуден өту үшін қауымдастық хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде аккредиттеу органына мынадай құжаттарды береді:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      2) құрылтай құжаттарының және қауымдастықтың заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері, қауымдастықтың филиалдары және (немесе) өкілдіктері болған жағдайда, филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің есептік тіркелгені туралы куәліктерінің көшірмелері;

      3) осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;

      4) қауымдастық мүшелерінің тізімі.

      9. Құжаттарды қарау комиссия отырысында жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша Комиссия:

      1) қауымдастықты аккредиттеуді;

      2) аккредиттеуден бас тартуды ұсынады.

      10. Аккредиттеу органы комиссия ұсынымының негізінде аккредиттеу туралы куәлік беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Аккредиттеу туралы куәлікті немесе себептерін негіздей отырып, аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны қауымдастыққа аккредиттеу органы тиісті шешім қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.

      11. Аккредиттеуден:

      1) ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес келмеген;

      2) ұсынылған құжаттарда дәйексіз немесе толық емес мәліметтер көрсетілген жағдайларда бас тартылуы мүмкін.

      12. Құжаттарды қарау (өтініштер қабылданған сәттен бастап) және аккредиттеу туралы куәлік беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімі он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      13. Аккредиттеу туралы куәлік 4 жыл мерзімге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      14. Аккредиттеу туралы куәлік иеліктен шығарылмайды және басқа тұлғаларға берілмеуге тиіс.

      15. Атауы және орналасқан орны өзгерген жағдайда қауымдастық бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу органына аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресiмдеу туралы өтiнiш бередi.

      Аккредиттеу органы тиісті жазбаша өтініш берілген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдейді.

      16. Аккредиттеу туралы куәлiк жоғалған немесе бүлінген жағдайда аккредиттеу органы жазбаша өтiнiштің негiзiнде осы Қағидалардың 15-тармағында белгіленген мерзім ішінде қауымдастыққа аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасын бередi.

      17. Қауымдастықты аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкін.

      18. Аккредиттеу туралы куәлік өзінің қолданылуын:

      1) қолданылу мерзімі аяқталған;

      2) аккредиттелген қауымдастық қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;

      3) қауымдастық куәліктің қолданылуын өз еркімен тоқтату туралы өтініш берген;

      4) аккредиттеу органы Заңда көзделген қызметтің тиісті дәрежеде жүзеге асырылмауы туралы фактілерді анықтаған жағдайларда тоқтатылады.

      19. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданысы осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда аккредиттеу органы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен аккредиттеуді қайта өткізеді.

      20. Заңның 33-1 бабы 2-тармағына сәйкес аккредиттеуді аккредиттеу органы аккредиттелетін қауымдастықтардың меншікті қаражаты есебінен жүргізеді.

  Балық аулаушылар мен балық
шаруашылығы субъектілері
қоғамдық бірлестіктерінің
республикалық қауымдастықтарын
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша

      Кімге: _______________________________________________

      (аккредиттеу органы басшысының лауазымы, Т.А.Ә.)

      _______________________________________________

      _______________________________________________

      Кімнен: _______________________________________________

      (заңды тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә)

      Деректемелері: _______________________________________________

      _______________________________________________

      (пошталық мекенжайы, байланыс телефоны,

      электрондық мекенжайы)

Өтініш

      _____________________________________________________________________

      (қауымдастықтың атауы)

      _____________________________________________________________________

      аккредиттеуді сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. __________________________________________________________________

      2. __________________________________________________________________

      3. __________________________________________________________________

      4. __________________________________________________________________

      5. __________________________________________________________________

      _______________________ _____________________________________________

      (қолы) (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

      Күні: 20__ жылғы "___" _______________

      МО

  Балық аулаушылар мен балық
шаруашылығы субъектілері
қоғамдық бірлестіктерінің
республикалық қауымдастықтарын
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша

Аккредиттеу туралы
куәлік № ___________

      20__ жылғы "___" __________

      _____________________________________________________________________

      (аккредиттеу органының атауы)

      ________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан

      _____________________________________________________________________

      (балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің

      _____________________________________________________________________

      қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының атауы)

      мынадай қызмет түрлерін:

      ) балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық

      бірлестіктерінің балық шаруашылығын, аквадақылды, жануарлар

      түрлерінің өсiмiн молайтуды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды

      дамыту жөніндегі қызметін үйлестіру;

      2) балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық

      бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда,

      сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіру;

      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану

      мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да

      құжаттарды дайындауға қатысу;

      4) жануарлар дүниесiнің объектілерін мониторингілеуге және

      есепке алуға қатысу;

      5) жануарлар дүниесi объектілерін алып қою квоталарын бөлуге

      қатысу;

      6) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін

      бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысу;

      7) балық шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидияларды бөлуге

      қатысу;

      8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде балық

      ресурстарының және басқа да су жануарларының жаппай ауыруы, олардың

      құру, қырылу қаупі төнген жағдайларда, сондай-ақ жас балықтарды

      құтқаруды ұйымдастыруға көмектесуге қатысу;

      9) шетелдіктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды

      ұйымдастыру шарттарын жасасу;

      10) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының

      заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыру құқығын

      таниды.

      (Комиссияның 20__ жылғы "___" _______________ № __________ хаттамасы)

      Куәлік 20__ жылғы "___" ___________ дейін жарамды.

      Аккредиттеу органының басшысы __________ ___________________

      (қолы) (Т.А.Ә)

      МО