Мемлекеттік мүлікті есепке алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 391 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 24 сәуірдегі
№ 391 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 211-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Бюджеттік бағдарлама» деген 7-бөлімде:
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7.1-кіші бөлімде:
      «016 Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет, осымен байланысты дауларды реттеу» деген бюджеттік бағдарламада:
      тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:
      мына:

      «

мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекеттік қатысы бар заңды тұлғалардың Тізілімінде тіркелген есепке алу объектілерінің көлемі

бірлік

27 000

26 700

27 600

27 400

27 300

27 200


                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

мемлекеттік мүлік тізілімінде  тіркелген есепке алу объектілерінің саны

бірлік

27 000

26 700

27 600

27 400

27 300

27 200


                                                                   ».

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 № 46 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.02.2014 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 784-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасында:
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар құқығын мемлекет сыйға тарту шарты бойынша иеленген мүлікті есепке алуды мемлекеттік мүлік тізіліміне ол туралы мәліметтерді енгізу жолымен жүргізеді.».
      6. «Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 442 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 42, 564-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларында:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Тізілімде мемлекеттік мүлікті бірыңғай орталықтандырылған есепке алуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Бекітілетін есепке алу объектілерін тізілімде есепке алуды:
      1) республикалық мүлік бойынша - мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган;
      2) облыстық коммуналдық мүлік бойынша - облыстық уәкілетті орган;
      3) аудандық коммуналдық мүлік бойынша - аудандық уәкілетті орган ұйымдастырады.
      Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган тиісті саладағы уәкілетті органдардың мәліметтері негізінде республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, сондай-ақ шетелдегі жылжымайтын мүлік объектілерін есепке алуды ұйымдастырады.»;
      9-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5) мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды басқару тиімділігінің мониторинг нәтижелері;
      6) мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау бойынша ақпарат;
      7) мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру үшін ұсынылатын есепке алынатын объектілер туралы мәліметтер;
      8) жасалған мүліктік жалдау (жалға алу) және сенімгерлік басқару шарттары бойынша, атап айтқанда шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл және бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтер;
      9) мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар;
      10) республикалық және коммуналдық мүлікке жататын концессия объектілері жөнінде жасалған концессия шарттары бойынша мәліметтер;
      11) Ресей Федерациясына мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілген «Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан Республикасының мүлкі бойынша мәліметтер.»;
      мынадай мазмұндағы 24-1, 24-2, 24-3, 24-4, 24-5, 24-6, 24-7-тармақтармен толықтырылсын:
      «24-1. Мемлекеттік заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, сондай-ақ ұйымдарды тіркеу, қайта ұйымдастыру (қайта құру, біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару), тарату, қайта тіркеу үшін:
      мемлекеттік заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ ұйымдар бірыңғай операторға заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - тіркеуші орган) белгілеген нысан бойынша толтырылған және уәкілетті адам қол қойған өтініштің бланкісін береді;
      бірыңғай оператор өтінішті алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініште көрсетілген мемлекеттік заңды тұлға немесе ұйым бойынша тізілімдегі ақпаратты тексереді, тізілімге қажетті өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді және өтініштің бланкісіне тиісті белгі қояды;
      мемлекеттік заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ ұйымдар тіркеуші органға бірыңғай оператордың белгісі бар өтінішті береді.
      24-2. Ұйымның жарғылық капиталының мөлшері өзгерген кезде тіркеуші органға осы Қағидалардың 24-1-тармағында көзделген тәртіппен бірыңғай оператор растаған өтініш беріледі.
      24-3. Тіркеуші орган бес жұмыс күні ішінде бірыңғай операторға тізілімге өзгерістер енгізу үшін жүргізілген мемлекеттік заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, сондай-ақ ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы не тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тартылғандығы туралы хабарлайды.
      24-4. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне мемлекетке тиесілі бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу үшін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның, облыстық уәкілетті органның немесе аудандық уәкілетті органның бағалы қағаздармен мәмілесін тіркеуге арналған бұйрығы бірыңғай оператордың белгісімен беріледі.
      Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес айқындалған бірыңғай тіркеуші бес жұмыс күні ішінде тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін мемлекетке тиесілі бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу не тіркеуден бас тарту нәтижелері туралы бірыңғай операторға хабарлайды.
      24-5. Мемлекеттік мүлікті сатып алу-сату, кепілге немесе сенімгерлік басқаруға беру шарттарының бір тарапы болып табылатын мемлекеттік орган мәмілені тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін шартты жасасу туралы бірыңғай операторға хабарлайды және тиісті шартта бірыңғай оператордың белгісі қойылады.
      24-6. Осы Қағидалардың 24-5-тармағында көрсетілген шарт бұзылған жағдайда, шарттың бір тарапы болып табылатын мемлекеттік орган бес жұмыс күні ішінде тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бірыңғай операторға шарттың бұзылғандығы туралы хабарлайды.
      24-7. Орталық атқарушы орган құзыреті шегінде банкроттық рәсімдердің жүргізілуін бақылау (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган мемлекеттік заңды тұлғалар, ұйымдар таратылған жағдайда, тарату туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай операторға тарату рәсімінің басталғаны туралы хабарлайды.».
      7. «Мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысанын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 443 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 42, 565-құжат):
      1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру кезеңділігінде:
      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

3

Мынадай:

1) облыстың,республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстық коммуналдық мүлікке иелік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган;

Электрондық форматта

Ведомстволық ақпараттық жүйеде объектімен операция жүргізілген күннен бастап күн сайын


1) облыстық коммуналдық мүлікке жатқызылған;


2) аудандық коммуналдық мүлікке жатқызылған акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;

2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы аудандық коммуналдық мүлікке иелік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган

                                                                   ».

      8. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қазандағы № 1373 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 120-құжат):
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызмет стандарты;
      2) «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.»;
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызмет стандартында:
      көрсетілген мемлекеттік қызмет стандартына 123456-қосымшалардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша;
      «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша;
      «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша;
      «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымша;
      «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызмет стандартына 5-қосымша;
      «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызмет стандартына 6-қосымша»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      көрсетілген мемлекеттік стандартқа 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген мемлекеттік стандартқа 23-қосымшалардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлікті тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша;
      «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлікті тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша».
      9. «Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Мониторинг нәтижелері мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) электронды есеп түрінде енгізіледі.».

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 24 сәуірдегі
№ 391 қаулысына   
қосымша       

«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік
басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік  
басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлікті
тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен 
мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы    
мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік 
қызмет стандартына                
1-қосымша                     

Нысан

Мәліметтер болған жағдайда Республикалық мүлікті жалға
(сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама

Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған
Бірегей нөмірі:
Сұрау салынған күні мен уақыты:
Анықтаманы алатын күні мен уақыты:

Құрметті www.gosreestr.kz веб-порталының мемлекеттік қызметін тұтынушы!

      Сіз тапсырған іздестіру критерийлері бойынша: шарттың № - және БСН/ЖСН - _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорында мыналар тіркелген:
      - шарт және республикалық мүлік жөніндегі мәліметтер:

Шарт түрі: мүліктік жалға алу (жалдау)/сенімгерлік басқару



Жалға беруші (сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы)


БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс деректері

Баланс ұстаушы:


БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс деректері

Жалдаушы (сенімгерлік басқарушы)


БСН/ЖСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс деректері

Шарттың нөмірі мен күні:



Мемлекеттік мүлік түрі:


көлік немесе ғимараттағы үй-жай немесе ғимарат немесе жабдық немесе басқалар

Жалға алу (сенімгерлік басқару) кезеңі:



Жалға алу (сенімгерлік басқару) нысаны:


мемлекеттік мүліктің орналасқан орны, сипаты мен сипаттамасы

      - шарт бойынша есептеулер, өсімпұл және мемлекеттік бюджетке түсімдер:

Есептеу күні

Есептелді, теңге

Мерзімі өткен күндер саны

Уақтылы төленбегені үшін өсімпұл, теңге (бір күнгі өсімпұл сомасы х мерзімі өткен күндер саны)

Мем. бюджетке түсті, теңге

Төлем күні







Барлығы есептелді:
жалға алу төлемі, тг.:    _________
өсімпұл, тг.:             _________

Мем. бюджетке түсті, тг.: _________
Жиыны төлемге, тг.:       _________

      Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.


      штрих-кодта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысымен мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректер қамтылған.

Нысан

Мәліметтер болмаған жағдайда Республикалық мүлікті жалға
(сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша
анықтама

Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған
Бірегей нөмірі:
Сұрау салынған күні мен уақыты:
Анықтаманы алатын күні мен уақыты:

Құрметті www.gosreestr.kz веб-порталының мемлекеттік қызметін тұтынушы!

      Сіз тапсырған іздестіру критерийлері бойынша: шарттың № - және БСН/ЖСН - _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорында мәліметтер жоқ.
      Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

      штрих-кодта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысымен мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректер қамтылған.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 24 сәуірдегі
№ 391 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік
жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 9, 61-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қазандағы № 1369 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 478-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 580 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 15, 162-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі № 926 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 396-құжат).
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат).