Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 150 қаулысы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі.

      «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын және «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен нысаналы ағымдағы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) нысаналы ағымдағы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
      2) есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне нысаналы ағымдағы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  С.Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2013 жылғы 18 ақпандағы
№ 150 қаулысымен 
бекітілген     

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін анықтайды:
      010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер»;
      027 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер;
      038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер».
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 785 қаулысымен.
      3. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер:
      1) саламатты өмір салтын насихаттауға;
      2) АИТВ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргізуге;
      3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 785 қаулысымен;
      4) скринингілік зерттеулер жүргізуге:
      ересек адамдар арасында артериялық гипертензияның, жүректің ишемиялық ауруларының, қант диабетінің бар-жоғын тексеріп-қарауға;
      балалар мен ересектердің нысаналы топтары арасында «В» және «С» гепатиттерін анықтауға;
      әйелдер арасында жатыр мойны обырын анықтауға;
      ересек тұрғындар арасында колоректалдық обырды анықтауға;
      Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарының, Астана мен Алматы қалаларындағы ерлер арасында қуықасты безі обырын анықтауға;
      Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарының, Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары арасында өңеш және асқазан обырын анықтауға;
      Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарының, Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары арасында бауыр обырын анықтауға;
      5) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) тарифіне қосымша компонента (МСАК тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік) төлеуге;
      6) МСАК ұйымдарында әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар институтын енгізуге;
      7) МСАК ұйымдарын мейіргерлермен толықтыруға;
      8) жылжымалы медициналық кешендердің жұмыс істеуіне;
      9) наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейіргерлік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге;
      10) онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ұйыммен жасалған шарт бойынша қаржылық лизинг жағдайында сатып алынған медициналық техника үшін лизингілік төлемдерді өтеуге;
      11) аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмек көрсетуіне (жоғары мамандандырылған медициналық көмекті қоспағанда), оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ұйыммен жасалған шарт бойынша қаржылық лизинг жағдайында сатып алынған медициналық техника үшін лизингілік төлемдерді өтеуге;
      12) тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуге;
      13) амбулаториялық-емханалық ұйымдарда онкологиялық, маммологиялық кабинеттер, онкологиялық диспансерлерде (бөлімшелерде) амбулаториялық химиотерапия кабинеттерін, консультациялық-диагностикалық емханаларда (орталықтарда), көп бейінді ауруханалардың бөлімшелерінде проктологиялық кабинет ашуға;
      14) онкологиялық диспансерлерде әлеуметтік қызметкерлер мен психологтарды енгізуге;
      15) вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды; туберкулезге қарсы препараттарды; гематологиялық науқастарға арналған химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын науқастарға қан ұйыту факторларын; жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды; «В» және «С» вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды және ересектерді емдеуге арналған дәрілік құралдарды; АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге және байланыста болғаннан кейінгі профилактикасына арналған ретровирусқа қарсы препараттарды, миастениямен ауыратын науқастарды; реналдық анемиясы бар бүйрек функциясының созылмалы жетіспеушілігімен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды; муковисцидозбен; мукополисахаридозбен; Гошеауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды; ұмытшақ склерозы бар науқастарға арналған препараттарды, амбулаториялық деңгейде онкологиялық науқастарға дәрілік заттарды (таргенттік препараттар); аурулар (жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, аритмия, пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, асқазан мен 12-ұлтабардың ойық жарасы) түрлері бойынша халықтың жекелеген санаттарына дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды 0,5-тен 1,0-ге дейінгі мөлшерде өтеу коэффициентіне жеткізуге пайдаланылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 785 қаулысымен.

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге республикалық бюджеттен берілетін нысаналы
ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі

      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге: наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейіргерлік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке; онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуге, аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілерінің халыққа медициналық көмек көрсетуіне (2012 жылғы желтоқсандағы шот-тізілімге енгізілмеген ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету жағдайлары үшін және сапа мен көлемге бақылау жүргізілген жағдайлар үшін төлемді қоса алғанда); скринингілік зерттеулер жүргізуге: балалар мен ересектердің нысаналы топтарының арасында «В» және «С» гепатиттерін, жатыр мойнының обырын, колоректалды обырды, қуықасты безінің обырын, өңеш пен асқазан обырын, бауыр обырын; артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруларын және қант диабетін анықтауға; саламатты өмір салтын насихаттауға; тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуге мемлекеттік қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 785 қаулысымен.
      5. Артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруларына, қант диабеті бойынша скринингілік зерттеуді қоспағанда, скринингілік зерттеулер кезінде көрсетілетін медициналық қызметтер шығыс материалдарына шығындарды (тест-жүйелер, реагенттер, медициналық мақсаттағы бұйымдар және басқа да шығыс материалдары) және оларды өткізу кезінде қатысатын қызметкерлердің жалақысын қамтиды.
      Бұл ретте скринингілік зерттеулер жүргізуге шығыс материалдарын сатып алуды облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары қамтамасыз етеді.
      6. МСАК тарифіне қосымша компонент қаражаты есебінен көрсетілетін медициналық көмек пен көтермелеудің салалық жүйесінің көлеміне, сапасына байланысты медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібін және МСАК тарифіне қосымша компонентті төлеуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) айқындайды.
      7. МСАК тарифіне қосымша компонентінің қалыптастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығымен бекіткен Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістеме шеңберінде айқындалады.
      8. ТМККК шеңберінде онкологиялық науқастарға және аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілерімен халыққа медициналық көмек көрсеткені үшін ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жасалады.
      9. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету мен кеңейту бойынша шараларды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі нысаналы ағымдағы трансферттердің тиімді қолданылуын үйлестіреді және мониторингін жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті онкологиялық диспансермен онкологиялық науқастарға және аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілерімен халыққа медициналық көмек көрсеткенге, (МСАК тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік) МСАК тарифіне қосымша компоненті төлеуге нысаналы ағымдағы трансфертті енгізу және орындау бойынша бақылауды, үйлестіруді және мониторингті жүзеге асырады.
      10. 1-бөлімнің 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген скринингілік зерттеулерді жүргізу бойынша медициналық қызмет көрсетуге арналған реагенттерді, тест-жүйелерді, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен басқа да шығыс материалдарын сатып алуға біріздендірілген талаптарды уәкілетті орган бекітеді.
      11. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету және кеңейту жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде:
      1) саламатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізуді;
      2) АИТВ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргізуді;
      3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 785 қаулысымен;
      4) 1-бөлімнің 3-тармағының 4-тармақшасында көрсетілген скринингілік зерттеулерді жүргізуді;
      5) МСАК ұйымдары қызметінің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізгені үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) айқындаған тәртіппен МСАК тарифіне қосымша компонента (МСАК тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік) төлеуді;
      6) МСАК ұйымдарында әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар институтын енгізуді;
      7) МСАК ұйымдарын мейіргерлермен толықтыруды;
      8) жылжымалы медициналық кешендердің жұмыс істеуін;
      9) наркологиялық диспансерлерде, оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейіргерлік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуді;
      10) онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуді және уәкілетті орган айқындаған тәртіппен еркін таңдау құқығын іске асыруды есепке ала отырып төлеуді;
      11) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызмет көрсетуін, тікелей және түпкілікті көрсеткіштерге жеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің арасында өзара есеп айырысуды және қызметкерлерді ынталандыруды ескере отырып төлеуді жүргізуді;
      12) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қаржы лизингі жағдайында сатып алынған медициналық техника үшін лизингілік төлемдерге ақы төлеуді;
      13) тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуді;
      14) амбулаториялық-емханалық ұйымдарда онкологиялық, маммологиялық кабинеттер ашу кабинет ашу, онкологиялық диспансерлерде (бөлімшелерде) амбулаториялық химиотерапия кабинетін ашу, консультациялық-диагностикалық емханаларда (орталықтарда), көп бейінді аурухана бөлімшелерінде проктологиялық кабинет ашуды;
      15) онкологиялық диспансерлерде әлеуметтік қызметкерлер мен психологтарды енгізуді қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 785 қаулысымен.

3. Дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға республикалық бюджеттен берілетін
нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі

      12. Қазақстан.Республикасының Үкіметі айқындайтын дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор вакциналар мен басқа да медициналық Иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды; туберкулезге қарсы препараттарды; амбулаториялық деңгейде онкологиялық науқастар, онкогематологиялық науқастар үшін дәрілік заттарды (таргеттік препараттар); гемофилиямен ауыратын ересек науқастарға қан ұйыту факторларын; жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды; «В» және «С» вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды, ересектерді емдеуге арналған препараттарды; АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге және байланыстан болғаннан кейінгі профилактикасына арналған ретровирусқа қарсы препараттарды, миастениямен ауыратын науқастарды; реналдық анемиясы бар бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды; муковисцидозбен; мукополисахаридозбен; Гоше ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды; ұмытшақ склерозы бар науқастарға препараттарды сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылады.
      13. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етілетін науқастардың электрондық тіркелімін қалыптастыруды;
      2) республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттердің есебінен сатып алынатын дәрілік заттардың пайдалануына мониторинг жүргізуді;
      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген дәрілік заттардың тізбесіне сәйкес жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, аритмия, пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы аурулар түрлері бойынша азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін ағымдағы нысаналы трансферттердің есебінен республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатқа тең көлемде жергілікті бюджеттен қаражаттың бөлінуін қамтамасыз етеді;
      4) халыққа жұқпалы ауруларға қарсы вакцинацияны жүргізу.

4. Жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі

      14. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған автокөлік сатып алуға пайдаланылады.
      15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника стандарттарының шеңберінде жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарға арналған медициналық техниканың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, сондай-ақ мамандандырылған автокөліктің тізбесін келіседі.
      16. Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген заңды тұлға жүзеге асырады.
      17. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға енгізілмеген медициналық техниканы сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады.
      18. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің медициналық ұйымдарының арасында медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған автокөлікті бөлуді нысаналы ағымдағы трансферттердің сомаларын пайдалану бағыттарына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады.

5. Жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі

      19. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға берілетін нысаналы ағымдағы трансфертті аудару нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмнiң, мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі болған кезде белгiленген тәртiппен бекiтiлген төлемдер бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарының негiзiнде жүзеге асырылады.
      Күрделі сипаттағы шығыстарды қоспағанда, ағымдағы нысаналы трансферттер жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға пайдаланылады.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 785 қаулысымен.

6. Нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша үнемдеу қаражатын
пайдалану, есептілік

       20. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде нысаналы ағымдағы трансферттерді аударуды жүргізеді.
      21. Нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану кезінде үнемдеу пайда болған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен үнемдеу сомасын Нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісіммен айқындалған нәтижелер көрсеткіштерін жақсарту үшін пайдалануға құқылы.
      22. Қандай да бір облыс, Астана және Алматы қалалары бөлген қаражатты толық игермеген, оның ішінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу нәтижелері бойынша игермеген жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен өңірлер арасында нысаналы трансферттердің сомаларын қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.
      23. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жартыжылдықтың және бір жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
      24. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне есептілікті ұсынады.

Облыстық бюджеттердің, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерінің   
2013 жылға арналған республикалық 
бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін
нысаналы ағымдағы трансферттерді 
пайдалану қағидаларына     
1-қосымша              

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды
материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы
ағымдағы трансферттер шеңберінде 2013 жылы сатып алынатын
медициналық техниканың
тізбесі

      Ескерту. 1-қоысша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 785 қаулысымен.

Р/с

Атауы

1.

32 кесіндіден кем емес компьютерлік томограф

2.

Инсульт орталықтарына арналған 32 кесіндіден кем емес компьютерлік томограф

3.

Инсульт орталықтарына арналған 64 кесіндіден кем емес компьютерлік томограф

4.

Гепатоорталықтарға арналған бауырды фибросканерлеу аппараты

5.

Онкологиялық диспансерлерге арналған 64 кесіндіден кем емес компьютерлік томограф

6.

Онкологиялық диспансерлер үшін брахитерапия көздерін енгізуді бақылауға арналған С-ұстаушысы бар жылжымалы рентгенологиялық аппарат

7.

Онкологиялық диспансерлерге арналған контактілік-сәулелік терапияға арналған брахитерапия аппараты

8.

Онкологияға арналған онкологиялық диспансерлерге және виртуалды симуляция жүйесі және бағдарламалар пакеті бар 16 кесіндіден кем емес компьютерлік томограф

9.

Онкологиялық диспансерлерге арналған (сәулелі терапияға арналған) ультрадыбыстық жүйе

10.

Сапаны бақылауға арналған әмбебап дозиметрі бар дозиметриялық жабдықтар кешені, РҚ (радиациялық қауіпсіздік) бақылауға арналған дозиметриялық жабдық, қорғау дозиметриясы, онкологиялық диспансерлерге арналған ЖДБ (жеке дозиметриялық бақылау)

11.

Онкологиялық диспансерлерге арналған бейнеэндоскопиялық жүйе

12.

Қалалық және аудандық емханаларға арналған түсірілімдерді цифрлеуге арналған құрылғы

13.

Консультациялық-диагностикалық орталықтарға арналған колоноскопы бар эндобейнетіреуіш

14.

Консультациялық-диагностикалық орталықтарға арналған гастроскопы бар эндобейнетіреуіш

15.

Аудандық емханаларға арналған рентгендік стационарлық диагностикалық цифрлық кешен

16.

Аудандық емханалар үшін 2 жұмыс орнына арналған рентгендік диагностикалық цифрлық кешен

17.

Аудандық емханалар үшін УДЗ аппараты

18.

Аудандық емханалар үшін 3 жұмыс орнына арналған рентгендік диагностикалық цифрлық кешен

19.

Аудандық емханаларға арналған рентгендік жылжымалы маммографиялық цифрлық кешен

20.

Аудандық емханаларға арналған цифрлаушысы бар стационарлық цифрлы рентгендік маммографиялық кешен

21.

Жедел медициналық жәрдем қызметтеріне арналған реанимобиль

22.

Тораптық бригадаларға арналған жедел медициналық жәрдем қызметінің автокөлігі

23.

Керек-жарақтары бар навигациялық жүйе

Облыстық бюджеттердің, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерінің   
2013 жылға арналған республикалық 
бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін
нысаналы ағымдағы трансферттерді 
пайдалану қағидаларына     
2-қосымша              

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын
материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы
ағымдағы трансферттер сомаларын 2013 жылы пайдалану
бағыттары

      Ескерту. 2-қоысша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 785 қаулысымен.

мың теңге

Р/с

Өңірлердің атауы

МСАК ұйымдарын жарақтандыру

Жедел медициналық жәрдем қызметін жарақтандыру

Магнитті-резонансты, компьютерлік томографтармен жарақтандыру

Аудандық, қалалық және облыстық ауруханаларды жарақтандыру

Онкологиялық бағдарлама шеңберінде консультациялық-диагностикалық орталықтарды жарақтандыру

1

2

3

4

5

6

7

1.

Ақмола облысы

24 485

141 000

240 000

240 000

43 100

2.

Ақтөбе облысы

23 500

141 000

-

240 000

43 100

3.

Алматы облысы

-

637 500

240 000

480 000

86 200

4.

Атырау облысы

67 435

141 000

-

-

27 050

5.

Шығыс Қазақстан облысы

24 485

164 500

-

240 000

132 400

6.

Жамбыл облысы

67 435

595 000

-

-

43 100

7.

Батыс Қазақстан облысы

67 435

164 500

-

240 000-

59 150

8.

Қарағанды облысы

91 920

164 500

-

759 000

91 250

9.

Қостанай облысы

24 485

141 000

-

240 000

75 200

10.

Қызылорда облысы

-

552 500

-

240 000

43 100

11.

Маңғыстау облысы

51 050

576 000

-

240 000

27 050

12.

Павлодар облысы

76 028

141 000

-

240 000

75 200

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

48 970

164 500

240 000

-

43 100

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

31 050

552 500

-

199 000

63 650

15.

Алматы қаласы

-

595 000

-

480 000

116 900

16.

Астана қаласы

-

305 500

-

-

76 650


ЖИЫНЫ:

598 278

5177 000

720 000

3838 000

1046 200

      кестенің жалғасы                                      мың теңге

Р/с

Өңірлердің атауы

Онкологиялық бағдарлама шеңберінде МСАК ұйымдарын жарақтандыру

Онкологиялық ұйымдарды жарақтандыру

Гепатоорталықтарды жарақтандыру

Барлығы



8

9

10

11

1.

Ақмола облысы

46 000

320 000

35 040

1089 625

2.

Ақтөбе облысы

34 500

11 000

35 040

528 140

3.

Алматы облысы

34 500

-

35 040

1513 240

4.

Атырау облысы

11 500

11 000

35 040

293 025

5.

Шығыс Қазақстан облысы

80 500

789 863

35 040

1466 788

6.

Жамбыл облысы

57 500

320 000

35 040

1118 075

7.

Батыс Қазақстан облысы

11 500

498

35 040

578 123

8.

Қарағанды облысы

46 000

487 819

35 040

1675 529

9.

Қостанай облысы

57 500

-

35 040

573 225

10.

Қызылорда облысы

57 500

498

35 040

928 638

11.

Маңғыстау облысы

11 500

-

35 040

940 640

12.

Павлодар облысы

46 000

43 050

35 040

656 318

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

34 500

320 000

35 040

886 110

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

126 500

-

35 040

1007 740

15.

Алматы қаласы

57 500

32 052

35 040

1316 492

16.

Астана қаласы

11 500

189 956

35 040

618 646


ЖИЫНЫ:

724 500

2525 736

560 640

15 190 354