"Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 785 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 150 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
      2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «027 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер;»;
      3-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге: наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейіргерлік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке; онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуге, аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілерінің халыққа медициналық көмек көрсетуіне (2012 жылғы желтоқсандағы шот-тізілімге енгізілмеген ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету жағдайлары үшін және сапа мен көлемге бақылау жүргізілген жағдайлар үшін төлемді қоса алғанда); скринингілік зерттеулер жүргізуге: балалар мен ересектердің нысаналы топтарының арасында «В» және «С» гепатиттерін, жатыр мойнының обырын, колоректалды обырды, қуықасты безінің обырын, өңеш пен асқазан обырын, бауыр обырын; артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруларын және қант диабетін анықтауға; саламатты өмір салтын насихаттауға; тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуге мемлекеттік қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асырады.»;
      11-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға берілетін нысаналы ағымдағы трансфертті аудару нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмнiң, мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі болған кезде белгiленген тәртiппен бекiтiлген төлемдер бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарының негiзiнде жүзеге асырылады.
      Күрделі сипаттағы шығыстарды қоспағанда, ағымдағы нысаналы трансферттер жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға пайдаланылады.»;
      көрсетілген қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 5 тамыздағы
№ 785 қаулысына  
1-қосымша      

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық 
бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы 
нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына 
1-қосымша                    

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды
материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы
ағымдағы трансферттер шеңберінде 2013 жылы сатып алынатын
медициналық техниканың
тізбесі

Р/с

Атауы

1.

32 кесіндіден кем емес компьютерлік томограф

2.

Инсульт орталықтарына арналған 32 кесіндіден кем емес компьютерлік томограф

3.

Инсульт орталықтарына арналған 64 кесіндіден кем емес компьютерлік томограф

4.

Гепатоорталықтарға арналған бауырды фибросканерлеу аппараты

5.

Онкологиялық диспансерлерге арналған 64 кесіндіден кем емес компьютерлік томограф

6.

Онкологиялық диспансерлер үшін брахитерапия көздерін енгізуді бақылауға арналған С-ұстаушысы бар жылжымалы рентгенологиялық аппарат

7.

Онкологиялық диспансерлерге арналған контактілік-сәулелік терапияға арналған брахитерапия аппараты

8.

Онкологияға арналған онкологиялық диспансерлерге және виртуалды симуляция жүйесі және бағдарламалар пакеті бар 16 кесіндіден кем емес компьютерлік томограф

9.

Онкологиялық диспансерлерге арналған (сәулелі терапияға арналған) ультрадыбыстық жүйе

10.

Сапаны бақылауға арналған әмбебап дозиметрі бар дозиметриялық жабдықтар кешені, РҚ (радиациялық қауіпсіздік) бақылауға арналған дозиметриялық жабдық, қорғау дозиметриясы, онкологиялық диспансерлерге арналған ЖДБ (жеке дозиметриялық бақылау)

11.

Онкологиялық диспансерлерге арналған бейнеэндоскопиялық жүйе

12.

Қалалық және аудандық емханаларға арналған түсірілімдерді цифрлеуге арналған құрылғы

13.

Консультациялық-диагностикалық орталықтарға арналған колоноскопы бар эндобейнетіреуіш

14.

Консультациялық-диагностикалық орталықтарға арналған гастроскопы бар эндобейнетіреуіш

15.

Аудандық емханаларға арналған рентгендік стационарлық диагностикалық цифрлық кешен

16.

Аудандық емханалар үшін 2 жұмыс орнына арналған рентгендік диагностикалық цифрлық кешен

17.

Аудандық емханалар үшін УДЗ аппараты

18.

Аудандық емханалар үшін 3 жұмыс орнына арналған рентгендік диагностикалық цифрлық кешен

19.

Аудандық емханаларға арналған рентгендік жылжымалы маммографиялық цифрлық кешен

20.

Аудандық емханаларға арналған цифрлаушысы бар стационарлық цифрлы рентгендік маммографиялық кешен

21.

Жедел медициналық жәрдем қызметтеріне арналған реанимобиль

22.

Тораптық бригадаларға арналған жедел медициналық жәрдем қызметінің автокөлігі

23.

Керек-жарақтары бар навигациялық жүйе

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 5 тамыздағы
№ 785 қаулысына  
2-қосымша      

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық 
бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы 
нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына 
2-қосымша                    

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын
материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы
ағымдағы трансферттер сомаларын 2013 жылы пайдалану
бағыттары

                                                            мың теңге

Р/с

Өңірлердің атауы

МСАК ұйымдарын жарақтандыру

Жедел медициналық жәрдем қызметін жарақтандыру

Магнитті-резонансты, компьютерлік томографтармен жарақтандыру

Аудандық, қалалық және облыстық ауруханаларды жарақтандыру

Онкологиялық бағдарлама шеңберінде консультациялық-диагностикалық орталықтарды жарақтандыру

1

2

3

4

5

6

7

1.

Ақмола облысы

24 485

141 000

240 000

240 000

43 100

2.

Ақтөбе облысы

23 500

141 000

-

240 000

43 100

3.

Алматы облысы

-

637 500

240 000

480 000

86 200

4.

Атырау облысы

67 435

141 000

-

-

27 050

5.

Шығыс Қазақстан облысы

24 485

164 500

-

240 000

132 400

6.

Жамбыл облысы

67 435

595 000

-

-

43 100

7.

Батыс Қазақстан облысы

67 435

164 500

-

240 000-

59 150

8.

Қарағанды облысы

91 920

164 500

-

759 000

91 250

9.

Қостанай облысы

24 485

141 000

-

240 000

75 200

10.

Қызылорда облысы

-

552 500

-

240 000

43 100

11.

Маңғыстау облысы

51 050

576 000

-

240 000

27 050

12.

Павлодар облысы

76 028

141 000

-

240 000

75 200

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

48 970

164 500

240 000

-

43 100

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

31 050

552 500

-

199 000

63 650

15.

Алматы қаласы

-

595 000

-

480 000

116 900

16.

Астана қаласы

-

305 500

-

-

76 650


ЖИЫНЫ:

598 278

5177 000

720 000

3838 000

1046 200

      кестенің жалғасы                                      мың теңге

Р/с

Өңірлердің атауы

Онкологиялық бағдарлама шеңберінде МСАК ұйымдарын жарақтандыру

Онкологиялық ұйымдарды жарақтандыру

Гепатоорталықтарды жарақтандыру

Барлығы



8

9

10

11

1.

Ақмола облысы

46 000

320 000

35 040

1089 625

2.

Ақтөбе облысы

34 500

11 000

35 040

528 140

3.

Алматы облысы

34 500

-

35 040

1513 240

4.

Атырау облысы

11 500

11 000

35 040

293 025

5.

Шығыс Қазақстан облысы

80 500

789 863

35 040

1466 788

6.

Жамбыл облысы

57 500

320 000

35 040

1118 075

7.

Батыс Қазақстан облысы

11 500

498

35 040

578 123

8.

Қарағанды облысы

46 000

487 819

35 040

1675 529

9.

Қостанай облысы

57 500

-

35 040

573 225

10.

Қызылорда облысы

57 500

498

35 040

928 638

11.

Маңғыстау облысы

11 500

-

35 040

940 640

12.

Павлодар облысы

46 000

43 050

35 040

656 318

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

34 500

320 000

35 040

886 110

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

126 500

-

35 040

1007 740

15.

Алматы қаласы

57 500

32 052

35 040

1316 492

16.

Астана қаласы

11 500

189 956

35 040

618 646


ЖИЫНЫ:

724 500

2525 736

560 640

15 190 354