Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 25.04.2016 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік техникалық қызмет болып белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 49 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов