Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаға, "Бизнестің жол картасы 2020", "Жұмыспен қамту 2020", 2011 - 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ", 2011 - 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларына бөлінетін бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау жөнінде республикалық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 1409 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға, «Бизнестің жол картасы 2020»«Жұмыспен қамту 2020», 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», 2011 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларына бөлінетін бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау жөнінде республикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Комиссия құрамы;
      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 7 қарашадағы
№ 1409 қаулысымен
бекітілген   

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық
дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға,
«Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020», 2011 –
2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», 2011 – 2020 жылдарға
арналған Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларына бөлінетін бюджет
қаражатының пайдаланылуын бақылау жөніндегі республикалық
комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.02.2014 № 75 қаулысымен.

Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға

Шолпанқұлов
Берік Шолпанқұлұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары

Шайназарова
Шолпан Болатқызы

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті төрағасының орынбасары, хатшы

Кравченко
Андрей Николаевич

-

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

-

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы

Рау
Альберт Павлович

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі

Өскенбаев
Қайырбек Айтбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму бірінші вице-министрі

Лукин
Андрей Иванович

-

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары (қаржы полициясы) (келісім бойынша)

Омаров
Сапархан Кесікбайұлы

-

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

Әбілқасымова
Мәдина Ерасылқызы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Нысанбаев
Ерлан Нұралыұлы

-

Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі

Кұрманғалиева
Аида Дәденқызы

-

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 7 қарашадағы
№ 1409 қаулысымен
бекітілген   

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық
дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған
бағдарламаға, «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен
қамту 2020», 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ»,
2011 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту
бағдарламаларына бөлінетін бюджет қаражатының
пайдаланылуын бақылау жөніндегі республикалық комиссия
туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға, «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020», 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», 2011 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларына бөлінетін бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның мiндеттерi мен функциясы

      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары:
      1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бөлінген және Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға, «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020», 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», 2011 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларын (бұдан әрі – бағдарламалар) iске асыруға бағытталған қаржы қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
      2) бағдарламаларды iске асыруға бағытталған қаржы қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүргiзу бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының бiрлескен бақылау iс-шараларын жоспарлау және оның қызметiн үйлестiру;
      3) бағдарламаларды iске асыруға бағытталған қаржы қаражатын пайдалану тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдары бар бақылау iс-шараларының нәтижелерiн қарау;
      4) жүргiзiлген бақылау iс-шараларының нәтижелерi бойынша бағдарламаларды iске асырудың ағымдағы жай-күйiн бағалау бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

      4. Комиссия белгiленген тәртiппен және өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша:
      1) отырыстарда бағдарламаларды iске асыруға бағытталған қаржы қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының өкiлдерiн тыңдауға;
      2) Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажеттi ақпаратты сұратуға;
      3) бағдарламалардың iске асырылуын бағалау үшiн мүдделi мемлекеттiк органдардан мамандар, консультанттар тартуға;
      4) жоспардан тыс бақылау iс-шараларын бастама жасау жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      5) заңнамада белгiленген тәртiппен бағдарламалары iске асыру кезiнде заңнаманы бұзғаны үшiн тиiстi мемлекеттік органдардың, мемлекет қатысатын ұйымдардың лауазымды тұлғаларын және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерін тәртiптiк және өзге де жауапкершiлiкке тарту туралы ұсынымдарды енгiзуге құқығы бар.

4. Комиссия қызметiн ұйымдастыру

      5. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарында төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды және шешiмдердi iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет және Комиссия шығаратын шешiмдер үшiн дербес жауапкершiлiкте болады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функциясын орынбасары атқарады.
      6. Комиссияның жұмыс органының функциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне жүктеледi.
      7. Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
      8. Комиссия отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындауды және мәжiлiстен кейiн хаттаманы ресiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
      9. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келiсiлгеннен кейiн кемiнде үш жұмыс күнi iшiнде Комиссияның әрбiр мүшесiнiң назарына жеткiзiледi.
      10. Комиссия отырыстары қажет болған жағдайда, бiрақ бiр тоқсанда кемiнде бiр рет өткiзiледi және егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда, заңды деп есептеледi.
      11. Комиссия шешiмдерi Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Комиссия мүшелерi айрықша пiкiр бiлдiруге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда, жазбаша түрде жазылуға және хаттамаға тiркелуге тиiс.
      12. Комиссия шешiмi ұсынымдық сипатта болады.
      13. Комиссия отырыстарының өту нәтижелерi бойынша отырысқа қатысқан оның барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын хаттама жасалады.

5. Комиссияның қызметiн тоқтату

      14. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi Комиссияның қызметiн тоқтатуға негiз болып табылады.