Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаға, "Бизнестің жол картасы 2020", "Жұмыспен қамту 2020", 2011 - 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ", 2011 - 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларына бөлінетін бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау жөнінде республикалық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 1409 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға, «Бизнестің жол картасы 2020»«Жұмыспен қамту 2020», 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», 2011 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларына бөлінетін бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау жөнінде республикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Комиссия құрамы;
      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 7 қарашадағы
№ 1409 қаулысымен
бекітілген   

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық
дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға,
«Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020»,
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», 2011 – 2020 жылдарға
арналған Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларына бөлінетін
бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау
жөніндегі республикалық комиссияның
құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329  қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті төрағасының орынбасары, хатшы
      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы
      Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Өңірлік даму бірінші вице-министрі
      Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары (қаржы полициясы) (келісім бойынша)
      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 7 қарашадағы
№ 1409 қаулысымен
бекітілген   

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық
дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған
бағдарламаға, «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен
қамту 2020», 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ»,
2011 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту
бағдарламаларына бөлінетін бюджет қаражатының
пайдаланылуын бақылау жөніндегі республикалық комиссия
туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға, «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020», 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», 2011 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларына бөлінетін бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның мiндеттерi мен функциясы

      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары:
      1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бөлінген және Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға, «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020», 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», 2011 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларын (бұдан әрі – бағдарламалар) iске асыруға бағытталған қаржы қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
      2) бағдарламаларды iске асыруға бағытталған қаржы қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүргiзу бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының бiрлескен бақылау iс-шараларын жоспарлау және оның қызметiн үйлестiру;
      3) бағдарламаларды iске асыруға бағытталған қаржы қаражатын пайдалану тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдары бар бақылау iс-шараларының нәтижелерiн қарау;
      4) жүргiзiлген бақылау iс-шараларының нәтижелерi бойынша бағдарламаларды iске асырудың ағымдағы жай-күйiн бағалау бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

      4. Комиссия белгiленген тәртiппен және өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша:
      1) отырыстарда бағдарламаларды iске асыруға бағытталған қаржы қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының өкiлдерiн тыңдауға;
      2) Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажеттi ақпаратты сұратуға;
      3) бағдарламалардың iске асырылуын бағалау үшiн мүдделi мемлекеттiк органдардан мамандар, консультанттар тартуға;
      4) жоспардан тыс бақылау iс-шараларын бастама жасау жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      5) заңнамада белгiленген тәртiппен бағдарламалары iске асыру кезiнде заңнаманы бұзғаны үшiн тиiстi мемлекеттік органдардың, мемлекет қатысатын ұйымдардың лауазымды тұлғаларын және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерін тәртiптiк және өзге де жауапкершiлiкке тарту туралы ұсынымдарды енгiзуге құқығы бар.

4. Комиссия қызметiн ұйымдастыру

      5. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарында төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды және шешiмдердi iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет және Комиссия шығаратын шешiмдер үшiн дербес жауапкершiлiкте болады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функциясын орынбасары атқарады.
      6. Комиссияның жұмыс органының функциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне жүктеледi.
      7. Жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      8. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      10. Комиссия отырыстары қажет болған жағдайда, бiрақ бiр тоқсанда кемiнде бiр рет өткiзiледi және егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда, заңды деп есептеледi.
      11. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда ол жазбаша түрде баяндалуға және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      12. Комиссия шешiмi ұсынымдық сипатта болады.
      13. Дауыс беру парақтарымен қоса Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

5. Комиссияның қызметiн тоқтату

      14. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi Комиссияның қызметiн тоқтатуға негiз болып табылады.