"Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1391 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 1, 7-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы ережеде:
      15-тармақта:
      12), 17), 24), 37) тармақшалар алынып тасталсын;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтіндерін қоспағанда, геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «26-1) геодезия және картография саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;»;
      мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «30-1) геодезия және картография саласындағы анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;»;
      37-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «37-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік жер кадастрында қамтылған жер пайдаланушылар және жер учаскелері жөніндегі мәліметтерді салық қызметі органдарына беру;»;
      мынадай мазмұндағы 37-2), 37-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «37-2) геодезиялық және картографиялық қызметтің басталуы туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізу;
      37-3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулерді жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           C. Ахметов