Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 1, 7-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы ережеде:
15-тармақта:
12), 17), 24), 37) тармақшалар алынып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтіндерін қоспағанда, геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
«26-1) геодезия және картография саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;»;
мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) геодезия және картография саласындағы анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;»;
37-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«37-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік жер кадастрында қамтылған жер пайдаланушылар және жер учаскелері жөніндегі мәліметтерді салық қызметі органдарына беру;»;
мынадай мазмұндағы 37-2), 37-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«37-2) геодезиялық және картографиялық қызметтің басталуы туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізу;
37-3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулерді жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі C. Ахметов