Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 Қаулысы

Жаңартылған

      «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары;
      2) мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі;
      3) Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын  мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің нысандары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 қазандағы
№ 1384 қаулысымен   
бекітілген      

Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат
қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) мен Қордың тобына кіретін ұйымдардың (бұдан әрі – ұйымдар) мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Қордың интернет-ресурсына орналастыру тәртібін айқындайды.
      2. Есептілік – есептілік объектісінің қызметі туралы ағымдағы ақпарат негізінде жасалатын, Қорға және/немесе ұйымға беру үшін ақпарат жинау, өңдеу және/немесе қолда бар ақпаратты жүйелеу, оны жаңарту және осындай өзге де әрекеттерді жүзеге асыру талап етілетін Қордың және/немесе ұйымның белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі жұмысының нәтижелері мен шарттары туралы мәліметтердің жиынтығы.
      Өзге ұғымдар мен анықтамалар Қағидаларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдаланылады.
      3. Осы Қағидаларда көзделген есептілік Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген тізбегенысандарға және кезеңділікке сәйкес тиісті ақпаратты Қордың интернет-ресурсына орналастыру және мемлекеттік органдарға қолжетімділік беру арқылы ұсынылады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген тізбеде көзделмеген есептілікті Қор және ұйымдар мемлекеттік органдардың сұраулары бойынша бермейді.
      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде тікелей көзделген жағдайларда Қор және (немесе) ұйымдар ақпаратты көрсетілген  нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен береді.
      Мемлекеттік органдарға ақпарат, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша Қор және (немесе) ұйымдар орындаушылар немесе бірге орындаушылар болып табылатын жағдайда, осы тапсырмаларды орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің бұйрықтарымен Қорға және (немесе) ұйымдарға бекітілген тиісті тармақтарды орындау үшін не оның сұраулары бойынша беріледі.
      Аталған ақпарат Қордың интернет-ресурсына орналастырмай ұсынылады.
      Ұйымдар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) мемлекеттік органдарға сенімгерлікпен басқаруға берілген жағдайда мұндай ұйымдардың қызметіне қатысты есептілікті оларға Қор және ұйымдар сенімгерлікпен басқару шартының талаптарына сәйкес береді.
      4. Қор мемлекеттік органдарға қажетті дұрыс және уақтылы ақпараттың Қордың интернет-ресурсына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен берілуін қамтамасыз етеді.

2. Есептілікті Қордың интернет-ресурсына орналастыру тәртібі

      5. Осы Қағидаларға сәйкес Қордың интернет-ресурсына орналастырылатын есептілік Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген тізбегенысандарға және кезеңділікке сай Қордың және (немесе) ұйымдардың қызметі туралы мемлекеттік органдарға қажетті ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қамтиды.
      6. Осы Қағидаларға сәйкес Қордың интернет-ресурсына орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады және құпия электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады.
      7. Қор «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңында көзделген Қордың интернет-ресурсына орналастырылған қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың құқықтық, ұйымдық және техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын қабылдайды.
      8. Қордың интернет-ресурсына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатқызылған электрондық ақпараттық ресурстарды орналастыруға жол берілмейді.
      9. Есептілік Қордың интернет-ресурсына мемлекеттік тілде және орыс тілінде орналастырылады және:
      1) есептіліктің тиісті саласындағы есептілік субъектісі істерінің шын мәніндегі жай-күйіне сәйкес келетін сенімді ақпаратты;
      2) өзекті ақпаратты қамтиды.
      Ұсынылатын ақпараттың өзектілігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген кезеңділікке сәйкес Қордың интернет-ресурсына есептілікті орналастырумен (жаңартумен) қамтамасыз етіледі.
      10. Қордың интернет-ресурсы есептілікті орналастыру (жаңарту) күні және уақыты туралы мәліметтерді қамтиды. Бұл ретте Қордың интернет-ресурсында бұрын (жаңартылғанға дейін) орналастырылған есептілік сақталады.
      Есептіліктің мұрағаттық деректері 5 (бес) жыл бойы Қордың интернет-ресурсынан алынып тасталмауға тиіс (жіберілген техникалық қателерді қоспағанда).
      11. Есептілік Қордың интернет-ресурсына Excel форматында және басқа да жалпыға қолжетімді форматтарда орналастырылады.
      Көлемі жиырма бес беттен асатын ақпаратты Қордың интернет-ресурсына ZIP форматы және басқалар пайдаланыла отырып, мұрағатталған түрде орналастыруға болады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 қазандағы
№ 1384 қаулысымен   
бекітілген      

Мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 799 қаулысымен.

Р/с №

Есептіліктің атауы

Орналастыру кезеңділігі

Есептілікке қолжетімділігі бар мемлекеттік орган

1

2

3

4

1.

Қарыз алу құрылымы және оны өтеу кестесі (кепілдіктер құрылымы) (6-нысан)

тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күніне дейін

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині

2.

Қаржылық орнықтылық көрсеткіштері (7-нысан)

жылына 1 рет 1 шілдеге дейін, 2013 жылдан бастап тоқсан сайын, есепті кезеңнен бастап 80 күнтізбелік күн өткеннен кейін

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині

3.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақшалай қаражатын игеру жөніндегі есеп (8-нысан)

тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін

ПӘ, ПМК, ҰЭМ,Қаржымині, БП,
МҚСЖҚА

4.

Ұлттық компаниялар мәртебесі бар еншілес ұйымдардың әлеуметтік көрсеткіштері жөніндегі есеп (9-нысан)

жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі үшінші айдың 15-күніне дейін  (1 қаңтардағы жағдай бойынша)

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині

5.

20___ж. «___» _______ жағдай бойынша инвестициялық жобалар бойынша инвестициялардың игерілуі және олардың қуаты туралы ақпарат (10-нысан)

тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай

ПӘ, ПМК, ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині

6.

Байланыс саласы бойынша талдамалық ақпарат (11-нысан)

ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін және 11-нысанда көрсетілген мерзімдерде

ПӘ, ПМК, ИДМ

7.

Қордың бюджеттік инвестицияларының игерілуі жөніндегі 20___ж. «___» _______ есеп (12-нысан)

ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині

8.

Қордың бюджеттік кредиттерінің игерілуі жөніндегі 20___ж. «___» _______ есеп (13-нысан)

ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

ПӘ, ПМК, ҰЭМ,
Қаржымині

9.

Қор тобының IT-мамандары бойынша ақпарат (14-нысан)

жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша)

ПӘ, ПМК, ИДМ

10.

Қордың ұйымдық құрылымы (қызметкерлердің штат санын көрсете отырып)

жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша)

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині

11.

Қордың Директорлар кеңесі бекіткен Қордың даму жоспары және оның орындалуы жөніндегі есеп

даму жоспары бекітілгеннен және Қордың Директорлар кеңесі есепті қарағаннан кейін бір апта ішінде

ПӘ, ПМК,
ҰЭМ, Қаржымині

12.

20___ж. «___» _______ жағдай бойынша Қордың шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігіне кіретін барлық ұйымдар көрсетілген Қор тобының корпоративтік құрылымы (15-нысан)

жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі 30 сәуірге дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша)

ҰЭМ, Қаржымині

13.

20___ж. «___» _______ жағдай бойынша Қор құрылымына кіретін, шоғырлануға жатпайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылмайтын компаниялар туралы ақпарат (16-нысан)

жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі 30 сәуірге дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша)

ҰЭМ, Қаржымині

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
      ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму                        министрлігі
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      МҚСЖҚА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және
               сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
      ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
      ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
      Қор – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
      ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 қазандағы
№ 1384 қаулысымен   
бекітілген      

Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын
мемлекеттік органдарға қажетті есептілік нысандары

1-нысан

      Ескерту. 1-нысан алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 523 қаулысымен.

15-нысан

20___ж. «___» _______ жағдай бойынша Қордың шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігіне кіретін барлық ұйымдар көрсетілген Қор тобының корпоративтік құрылымы

      Ескерту. Қаулы 15-нысанмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 799 қаулысымен.

Р/с №

БСН

ҰҚН

Деңгейлер және ұйым атауы

Негізгі компанияның атауы

Иелену үлесі




1-деңгей



1.



Қор






2-деңгей



1.






2.








n-деңгей



1.






2.





Барлық деңгейлер бойынша ұйымдардың жалпы саны


16-нысан

20___ж. «___» _______ жағдай бойынша Қор құрылымына кіретін, шоғырлануға жатпайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылмайтын компаниялар туралы ақпарат

      Ескерту. Қаулы 16-нысанмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 799 қаулысымен.

Р/с №

Компания атауы

БСН*

ҰҚН **

Негізгі компанияның атауы

Иелену үлесі

1.

1-деңгей





2.

2-деңгей





3.

n-деңгей





Қор құрылымына кіретін, шоғырлануға жатпайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылмайтын компаниялардың жалпы саны


* компанияда БСН болған жағдайда толтырылады
** «ҰҚН» тобына қауымдасқан және бірлескен-бақылаушы компаниялар, қаржылық инвестициялар, басқа ұйымдардағы қауымдасқан және бірлескен-бақылаушы компаниялардың иелену үлестері кіреді, сондай-ақ осы бағанда Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылмайтын компанияларды атап өту қажет

Қор құрылымына кіретін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылмайтын компаниялардың саны туралы туралы жиынтық ақпарат:
Бірінші деңгейдегі компаниялар саны ___
Екінші деңгейдегі компаниялар саны ___
n деңгейдегі компаниялар саны ___
Қор тобы бойынша барлық компаниялар ___