Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары;
      2) мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі;
      3) Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын  мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің нысандары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 қазандағы
№ 1384 қаулысымен   
бекітілген      

Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат
қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) мен Қордың тобына кіретін ұйымдардың (бұдан әрі – ұйымдар) мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Қордың интернет-ресурсына орналастыру тәртібін айқындайды.
      2. Есептілік – есептілік объектісінің қызметі туралы ағымдағы ақпарат негізінде жасалатын, Қорға және/немесе ұйымға беру үшін ақпарат жинау, өңдеу және/немесе қолда бар ақпаратты жүйелеу, оны жаңарту және осындай өзге де әрекеттерді жүзеге асыру талап етілетін Қордың және/немесе ұйымның белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі жұмысының нәтижелері мен шарттары туралы мәліметтердің жиынтығы.
      Өзге ұғымдар мен анықтамалар Қағидаларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдаланылады.
      3. Осы Қағидаларда көзделген есептілік Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген тізбегенысандарға және кезеңділікке сәйкес тиісті ақпаратты Қордың интернет-ресурсына орналастыру және мемлекеттік органдарға қолжетімділік беру арқылы ұсынылады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген тізбеде көзделмеген есептілікті Қор және ұйымдар мемлекеттік органдардың сұраулары бойынша бермейді.
      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде тікелей көзделген жағдайларда Қор және (немесе) ұйымдар ақпаратты көрсетілген  нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен береді.
      Мемлекеттік органдарға ақпарат, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша Қор және (немесе) ұйымдар орындаушылар немесе бірге орындаушылар болып табылатын жағдайда, осы тапсырмаларды орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің бұйрықтарымен Қорға және (немесе) ұйымдарға бекітілген тиісті тармақтарды орындау үшін не оның сұраулары бойынша беріледі.
      Аталған ақпарат Қордың интернет-ресурсына орналастырмай ұсынылады.
      Ұйымдар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) мемлекеттік органдарға сенімгерлікпен басқаруға берілген жағдайда мұндай ұйымдардың қызметіне қатысты есептілікті оларға Қор және ұйымдар сенімгерлікпен басқару шартының талаптарына сәйкес береді.
      4. Қор мемлекеттік органдарға қажетті дұрыс және уақтылы ақпараттың Қордың интернет-ресурсына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен берілуін қамтамасыз етеді.

2. Есептілікті Қордың интернет-ресурсына орналастыру тәртібі

      5. Осы Қағидаларға сәйкес Қордың интернет-ресурсына орналастырылатын есептілік Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген тізбегенысандарға және кезеңділікке сай Қордың және (немесе) ұйымдардың қызметі туралы мемлекеттік органдарға қажетті ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қамтиды.
      6. Осы Қағидаларға сәйкес Қордың интернет-ресурсына орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады және құпия электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады.
      7. Қор «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңында көзделген Қордың интернет-ресурсына орналастырылған қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың құқықтық, ұйымдық және техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын қабылдайды.
      8. Қордың интернет-ресурсына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатқызылған электрондық ақпараттық ресурстарды орналастыруға жол берілмейді.
      9. Есептілік Қордың интернет-ресурсына мемлекеттік тілде және орыс тілінде орналастырылады және:
      1) есептіліктің тиісті саласындағы есептілік субъектісі істерінің шын мәніндегі жай-күйіне сәйкес келетін сенімді ақпаратты;
      2) өзекті ақпаратты қамтиды.
      Ұсынылатын ақпараттың өзектілігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген кезеңділікке сәйкес Қордың интернет-ресурсына есептілікті орналастырумен (жаңартумен) қамтамасыз етіледі.
      10. Қордың интернет-ресурсы есептілікті орналастыру (жаңарту) күні және уақыты туралы мәліметтерді қамтиды. Бұл ретте Қордың интернет-ресурсында бұрын (жаңартылғанға дейін) орналастырылған есептілік сақталады.
      Есептіліктің мұрағаттық деректері 5 (бес) жыл бойы Қордың интернет-ресурсынан алынып тасталмауға тиіс (жіберілген техникалық қателерді қоспағанда).
      11. Есептілік Қордың интернет-ресурсына Excel форматында және басқа да жалпыға қолжетімді форматтарда орналастырылады.
      Көлемі жиырма бес беттен асатын ақпаратты Қордың интернет-ресурсына ZIP форматы және басқалар пайдаланыла отырып, мұрағатталған түрде орналастыруға болады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 қазандағы
№ 1384 қаулысымен   
бекітілген      

Мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі
және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру
кезеңділігі

Р/с №

Есептіліктің атауы

Орналастыру кезеңділігі

Есептілікке қолжетімділігі бар мемлекеттік орган

1

2

3

4

1.

Инвестициялық жобалар жөніндегі паспорттар (1-нысан)

Ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін

ПӘ, ПМК,
ЭДСМ, ИЖТМ, Қаржымині

2.

________жағдай бойынша Индустрияландыру картасы инвестициялық жобасының іске асырылу барысы туралы ақпарат (2-нысан)

Ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін

ПӘ, ПМК,
ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржымині

3.

________жағдай бойынша Индустрияландыру картасының инвестициялық жобалары бойынша инвестициялардың игерілуі және қуаты туралы ақпарат (3-нысан)

Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін

ПӘ, ПМК,
ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржымині

4.

________жағдай бойынша Индустрияландыру картасының іске асырылатын инвестициялық жобалары бойынша ақпарат (4-нысан)

Ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 8-күніне дейін

ПӘ, ПМК,
ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржымині, МГМ

5.

________жағдай бойынша Индустрияландыру картасы инвестициялық жобаларының іске асырылу барысы туралы есеп (5-нысан)

Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін

ПӘ, ПМК,
ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржымині, МГМ

6.

Қарыз алу құрылымы және оны өтеу кестесі (кепілдіктер құрылымы) (6-нысан)

Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күніне дейін

ПӘ, ПМК,
ЭДСМ,
Қаржымині

7

Қаржы тұрақтылығының көрсеткіштері (7-нысан)

Жылына бір рет 1 шілдеге дейін, 2013 жылдан бастап тоқсан сайын, есепті кезеңнен бастап 80 күнтізбелік күн өткеннен кейін

ПӘ, ПМК,
ЭДСМ,
Қаржымині

8.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақшалай қаражатын игеру жөніндегі есеп (8-нысан)

Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін

ПӘ, ПМК,
ЭДСМ,
Қаржымині, БП,
ЭҚСЖҚКА

9.

Ұлттық компаниялар мәртебесі бар еншілес ұйымдардың әлеуметтік көрсеткіштері жөніндегі есеп (9-нысан)

Жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі үшінші айдың 15-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша)

ПӘ, ПМК,
ЭДСМ,
Қаржымині

10.

________ жағдай бойынша инвестициялық жобалар бойынша инвестициялардың игерілуі және олардың қуаты туралы ақпарат (10-нысан)

Тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай

ПӘ, ПМК,
ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржымині, ККМ

11.

Байланыс саласы бойынша талдамалық ақпарат (11-нысан)

Ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін және 11-нысанда көрсетілген мерзімдерде

ПӘ, ПМК,
ККМ

12.

Қордың бюджеттік инвестицияларының игерілуі жөніндегі 20___ж. «___» _______ есеп (12-нысан)

Жартыжылдық және жыл қорытындысы бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін

ПӘ, ПМК,
ЭДСМ,
Қаржымині

13.

Қордың бюджеттік кредиттерінің игерілуі жөніндегі 20___ж. «___» _______ есеп (13-нысан)

Жартыжылдық және жыл қорытындысы бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін

ПӘ, ПМК,
ЭДСМ,
Қаржымині

14.

Қор тобының IT-мамандары бойынша ақпарат (14-нысан)

Жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша)

ПӘ, ПМК,
ККМ

15.

Қордың ұйымдық құрылымы (қызметкерлердің штат санын көрсете отырып)

Жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша)

ПӘ, ПМК,
ЭДСМ, Қаржымині

16.

Қордың Директорлар кеңесі бекіткен Қордың даму жоспары және оның орындалуы жөніндегі есеп

Даму жоспары бекітілгеннен және Қордың Директорлар кеңесі есепті қарағаннан кейін бір апта ішінде

ПӘ, ПМК,
ЭДСМ, Қаржымині

Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ЭҚСЖҚКА – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Қор – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 қазандағы
№ 1384 қаулысымен   
бекітілген      

Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын
мемлекеттік органдарға қажетті есептілік нысандары

Инвестициялық жобалар жөніндегі паспорттар

1. Жалпы ақпарат

Р/с №

Ақпарат

Өлшем бірлігі

Маңызы/сипаттамасы

1

2

3

4

1

Жобаның атауы

х


2

Жобаның сатысы: (іске асырылатын, жоспарланатын, перспективалық)

х


3

Жобаның тапсырыс берушісі (ұйымның аты, байланыс деректері)

х


4

Жауапты мемлекеттік орган (ұлттық холдинг)

х


5

Жоба іске асырылатын жер (облыс, қала, аудан)

х



Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды (ӘАОЖ)

х


6

Экономика саласы

х



Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды (ЭҚЖЖ)

х


7

Бизнес-жоспардың болуы (техникалық-экономикалық құжаттамалар, бұдан әрі - ТЭН)

х


8

Жобалық-сметалық құжаттаманың болуы (бұдан әрі - ЖСҚ)

х


9

Жер учаскесінің бар-жоғы (бөліну) (иә, жоқ)

х


10

Құрылыстың ұзақтығы

айлар


11

Құрылыс салу кезеңі

х


1)

Құрылыс салудың басталуы

ай, жыл


2)

Құрылыстың аяқталуы

ай, жыл


12

Пайдалану кезеңі

жыл


13

Жобаның жалпы құны

миллион (бұдан әрі-млн.теңге)


14

Негізгі өндірілетін тауарлар мен қызметтер (атауы)



15

Жылдық мәндегі жобалық қуаты:

х


1)

заттай түрдегі

өлшем бірлігі


2)

құндық түрдегі

өлшем бірлігі


16

Қаржыландыру шарттары



1)

Қаржыландыру көздері (қаржыландырушы ұйымдарды көрсете отырып қаржыландыру құрылымы)

млн. теңге



өз қаражаты, оның ішінде:

млн. теңге



тікелей шетелдік инвестициялар (жарғылық капиталға қатысу)

млн. теңге



мемлекеттің бақылауындағы ұйымдардың қаражаты (жарғылық капиталға қатысу)

млн. теңге



қарыз қаражаты, оның ішінде:

млн. теңге



даму институттарының кредиттері

млн. теңге



акциялардың бақылау пакеті мемлекетке тиесілі екінші деңгейдегі банктердің кредиттері кредиттері

млн. теңге



сыртқы қарыздар

млн. теңге



өзгелері (екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) кредиттері, облигациялар және т.б.)

млн. теңге



бюджеттік қаражаттар, оның ішінде:

млн. теңге



республикалық бюджет (бюджеттік бағдарламаның коды және атауы)

млн. теңге



жергілікті бюджет (бюджеттік бағдарламаның коды және атауы)

млн. теңге


2)

Өзге шарттар



17

Жұмыспен қамтылғандардың саны:

х


1)

құрылыс салу кезеңінде (жылына орта есеппен)

адам


2)

пайдалану кезеңінде (жылына орта есеппен)

адам


18

Өткізу нарығы

х


1)

ішкі нарық

%


2)

экспортқа

%


19

Жобаның тиімділік көрсеткіштері:

х


1)

NPV - таза келтірілген құны

млн. теңге


2)

IRR - кірістіліктің ішкі нормасы

%


3)

Өзін-өзі ақтау мерзімі

жыл


20

Жобаны дайындау мен іске асырудың ағымдағы жағдайы



21

Жоба бойынша негізгі проблемалар, оның ішінде




осы проблемаларды шешу жолдары



22

Жобаны іске асырудан ел экономикасына мультипликативтік әсері