"Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазанд

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 523 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 550 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2023 № 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1126-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын мемлекеттік органдарға қажетті есептілік нысандарында:

      1, 2, 3, 4 және 5-нысандар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 21 мамырдағы
№ 523 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 қазандағы
№ 1384 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны
Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру
кезеңділігі

Р/с №

Есептіліктің атауы

Орналастыру кезеңділігі

Есептілікке қолжетімділігі бар мемлекеттік орган

1

2

3

4

1.

Қарыз алу құрылымы және оны өтеу кестесі (кепілдіктер құрылымы) (6-нысан)

тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күніне дейін

ПӘ, ПМК, ЭБЖМ, Қаржымині

2.

Қаржы тұрақтылығының көрсеткіштері (7-нысан)

жылына бір рет, 1 шілдеге дейін, 2013 жылдан бастап тоқсан сайын, есепті кезеңнен бастап күнтізбелік 80 күн өткеннен кейін

ПӘ, ПМК, ЭБЖМ, Қаржымині

3.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақшалай қаражатын игеру жөніндегі есеп (8-нысан)

тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін

ПӘ, ПМК, ЭБЖМ, Қаржымині, БП, ЭСЖКА

4.

Ұлттық компаниялар мәртебесі бар еншілес ұйымдардың әлеуметтік көрсеткіштері жөніндегі есеп (9-нысан)

жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі үшінші айдың 15-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша)

ПӘ, ПМК, ЭБЖМ, Қаржымині

5.

________ жағдай бойынша инвестициялардың игерілуі және инвестициялық жобалар бойынша қуаты туралы ақпарат (10-нысан)

тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай

ПӘ, ПМК, ИЖТМ, ЭБЖМ, Қаржымині, ККМ, БАА

6.

Байланыс саласы бойынша талдамалық ақпарат (11-нысан)

ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін және 11-нысанда көрсетілген мерзімдерде

ПӘ, ПМК, БАА

7.

20 ___ ж. "___" _______ жағдай бойынша Қордың бюджеттік инвестицияларының игерілуі жөніндегі есеп (12-нысан)

жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін

ПӘ, ПМК, ЭБЖМ, Қаржымині

8.

20 ___ ж. "___" _______ жағдай бойынша Қордың бюджеттік кредиттерінің игерілуі жөніндегі есеп (13-нысан)

жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін

ПӘ, ПМК, ЭБЖМ, Қаржымині

9.

Қор тобының IT-мамандары бойынша ақпарат (14-нысан)

жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша)

ПӘ, ПМК, БАА

10.

Қордың ұйымдық құрылымы (қызметкерлердің штат санын көрсете отырып)

жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша)

ПӘ, ПМК, ЭБЖМ, Қаржымині

11.

Қордың Директорлар кеңесі бекіткен Қордың даму жоспары және оның орындалуы жөніндегі есеп

даму жоспары бекітілгеннен және Қордың Директорлар кеңесі есепті қарағаннан кейін бір апта ішінде

ПӘ, ПМК, ЭБЖМ, Қаржымині


      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

      ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

      ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

      МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі

      ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

      БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

      ЭСЖКА – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)

      БАА – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі

      Қор – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы.