«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 34-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 қазандағы
№ 1358 қаулысымен
бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары
Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 34-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асыру және мемлекеттік мекемелерді, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын пилоттық ұйымдарды және жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін қоспағанда, тиісті лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілерінің шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) әлеуетті қызметтер беруші – тапсырыс берушіге ТМККК көрсету бойынша қызметтерді берушіні таңдау рәсіміне қатысуға өтінім берген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) немесе жеке тұлға;
2) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі не облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) комиссия – осы Қағидаларға сәйкес ТМККК көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау рәсімін орындау үшін тапсырыс беруші құратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
5) қызметтер беруші – ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге шарт жасалған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) немесе жеке тұлға;
6) тапсырыс беруші – осы Қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес республикалық немесе жергілікті бюджет қаражатының есебінен ТМККК көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті (бұдан әрі – МҚАТ АД) және тиісті облыстың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі – ДБ);
7) ТМККК көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау (бұдан әрі – қызметтер берушіні таңдау) – осы Қағидалардың қойылатын талаптарына сәйкес келетін әлеуетті қызметтер берушілерді анықтау, ТМККК орналастыру және қызметтер берушілермен ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасу рәсімі;
8) ТМККК орналастыру - әлеуетті қызметтер берушілердің арасында медициналық қызметтердің көлемдерін айқындау;
9) ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі – шарт) – осы Қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, тапсырыс беруші мен қызметтер берушінің арасында жасалған ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған азаматтық-құқықтық шарт;
10) келісілген көлем – әкімші бөлген бюджет қаражатының шегінде шарт бойынша қызметтер берушінің көрсетуі жоспарланған, қызметтер беруші мен тапсырыс берушінің арасында келісілген медициналық көмектің түрлері мен нысандары бойынша медициналық қызметтердің саны;
11) емделіп шығу жағдайы – стационарлық және стационарды алмастыру жағдайларында пациентке түскен сәтінен бастап шыққанға дейін көрсетілген медициналық қызметтер кешені.
2. Қызметтер берушіні таңдау мынадай қағидаттарды сақтай отырып жүргізіледі:
1) ТМККК қолжетімділігін қамтамасыз ету;
2) пациенттің дәрігер мен денсаулық сақтау ұйымын еркін таңдауын іске асыру;
3) ТМККК-ға бөлінген ақшалай қаражатты ұтымды жұмсау;
4) қызметтер берушіні таңдау үдерісінің ашықтығы мен айқындылығы;
5) әлеуетті қызметтер берушілердің арасындағы адал бәсекелестік;
6) отандық қызметтер берушілерді қолдау;
7) аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымдарына, медициналық қызметтер көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесі бір жылдан астам және қызметтер көрсету орны бойынша заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуін өткен денсаулық сақтау субъектілеріне шарттар жасасуға айрықша құқық беру.
3. Қызметтер берушіні таңдау:
МҚАК АД атынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі республикалық бюджет қаражатының есебінен медициналық көмектің мынадай: білікті, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік түрлері бойынша жүзеге асырады, олар мынадай нысандарда көрсетіледі:
1) республикалық маңызы бар медициналық ұйымдардың:
психикалық, жұқпалы аурулармен және туберкулезбен, алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарға;
оңалту орталықтарында, санаторийлерде медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда, стационарлық көмек пен стационарды алмастыратын көмек;
2) әуе көлігіндегі санитариялық авиация, қалпына келтіру үшін емдеу және медициналық оңалту;
3) республикалық маңызы бар медициналық ұйымдарда амбулаториялық-емханалық көмек;
ДБ атынан республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын ТМККК көрсету бойынша қызметтерді қоспағанда, медициналық көмектің түрі мен нысаны бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тапсырыс беруші әкімші бекіткен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.
Бюджет қаражаты есебінен салынған, ТМККК көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау рәсіміне қатысу үшін алғаш рет өтінім берген жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілеріне ТМККК орналастыруды олар осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкес болған және оларды ТМККК орналастыру рәсіміне рұқсат етілген деп таныған жағдайда комиссия ТМККК көрсету бойынша қызметтерді берушіні таңдау рәсімін өткізусіз жүзеге асырады.
2. Әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптар
4. Қызметтер берушіні таңдау рәсіміне қатысу үшін әлеуетті қызметтер беруші мынадай жалпы және арнайы талаптарға сәйкес келуі тиіс:
жалпы талаптар:
1) құқық қабілеттілігінің болуы;
2) төлем қабілетінің болуы, мерзімі өткен кредиторлық берешегінің болмауы;
3) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауы;
арнайы талаптары:
шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін материалдық және еңбек ресурстарының болуы.
5. Осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкестікті растау үшін қатысуға өтінімге мынадай құжаттар қоса ұсынылады:
1) нотариалдық расталған көшірмелер:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;
тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжат (жеке тұлға үшін);
медициналық қызметтерді көрсетуге әлеуетті қызметтер берушінің құқығын растайтын лицензиялар мен оларға қосымшалар;
2) мыналардың көшірмелері:
жеке куәлігінің немесе паспорттың (жеке тұлға үшін);
жарғының (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариалдық куәландырылған көшірмесі немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме);
аккредиттеу туралы куәлік (болған жағдайда);
3) шарттың талаптарында көзделген төлемақыны алғанға дейін оны қызметтер беруші деп белгілеген күнінен бастап қызметтерді көрсету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша екі айдан және тамақ өнімдері бойынша бір айдан кем емес мерзімге қызметтерді берушінің материалдық ресурстары қорының болуын растайтын әлеуетті қызметтер берушінің кепілдік міндеттемесі мен құжаттар;
қолданысының бүкіл кезеңінде шарт жасасу кезінде әлеуетті қызметтер берушінің денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тиісті медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеге (ережелерге) сәйкестігі туралы әлеуетті қызметтер берушінің кепілдік хаты;
мерзімі өткен кредиторлық берешегінің болмауын растайтын әлеуетті қызметтер берушінің кепілдік хаты;
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардың біліктілігі туралы мәліметтер (аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда бұл мәліметтер ұсынылмайды);
соңғы үш жылда немесе өзге кезеңде (егер ТМККК шеңберінде әлеуетті қызметтер берушінің медициналық көмек көрсету кезеңі үш жылдан кем болса) көрсеткен ТМККК шеңберінде медициналық қызметтердің көлемдері, түрлері және нысандары, бейінді төсектердің саны (стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін ұйымдар үшін), медициналық қызметтер көрсетуге арналған жабдықтардың болуы көрсетілген әлеуетті қызметтер берушінің біліктілігі туралы мәліметтер;
қызметтер берушіні таңдау рәсіміне және комиссия отырыстарына қатысуға, өтінім беруге, қол қоюға әлеуетті қызметтер берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) сенімхат.
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын әлеуетті қызметтер берушінің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті сияқты сол құжаттарды, немесе осы талаптарға сәйкестігі туралы ұқсас мәліметтерді ұсынады.
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау тәртібі
6. Қызметтер берушіні таңдау рәсімі мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырыс берушінің тиісті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтарына таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және әкімшінің интернет-ресурсында (www.mz.gov.kz) жарияланатын хабарландыруларды беруі арқылы қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы әлеуетті қызметтер берушілерге хабарлауы;
2) тапсырыс берушінің комиссияның құрамын қалыптастыруы және бекітуі;
3) тапсырыс берушінің қызметтер берушіні таңдау рәсіміне қатысуға өтінім қабылдауы (бұдан әрі – қатысуға өтінім);
4) қызметтердің әлеуетті қызметтер берушісіне қойылатын талаптарға сәйкес келетін және (немесе) сәйкес келмейтін әлеуетті қызметтер берушілерді анықтау үшін комиссияның қатысуға арналған өтінімдерді қарауы;
5) комиссияның ТМККК орналастыруы;
6) шарт жасасу;
7) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырыс берушінің тиісті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтарына таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және әкімшінің интернет-ресурсында (www.mz.gov.kz) жарияланатын хабарландыруларды беруі арқылы ТМККК орналастыру қорытындылары туралы қызметтер берушілерге хабарлауы.
7. Қызметтер берушіні таңдау рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші комиссия құрады және оның хатшысын белгілейді.
Комиссияның құрамына комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және басқа мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны бес адамнан кем болмауы (тақ саннан тұруы) тиіс, олардың біреуі үкіметтік емес ұйымның өкілі болып табылады.
Комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысы орынбасарының деңгейінен төмен емес лауазымды тұлға белгіленеді.
Комиссияның төрағасы:
1) комиссияның жұмысын жоспарлайды және қызметіне басшылық етеді;
2) комиссияның отырыстарына төрағалық етеді;
3) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
8. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді, ол тапсырыс берушінің құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларының арасынан белгіленеді, комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы болмайды.
9. Комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 қатысқан жағдайда өткізіледі және қатысқан комиссия мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары және комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Төраға болмаған уақытта оның функциясын төрағаның орынбасары орындайды.
Комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.
10. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі ол үшін дауыс берсе қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы немесе ол болмаған кезде төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы комиссияның кез келген мүшесі ерекше пікірін білдіреді, ол жазбаша түрде жазылуы және комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.
11. Әлеуетті қызметтер беруші осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес қызметтер берушіні таңдау рәсіміне қатысу үшін осы Қағидаларда көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызмет көрсететін әлеуетті қызметтер берушінің келісімін білдіру нысаны болып табылатын өтінімді береді.
12. Қызметтер берушіні таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінімді тапсырыс берушіге әлеуетті қызметтерді беруші тапсырыс беруші айқындаған, бірақ тиісті облыстың, Астана және Алматы қалаларының аумақтарына таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және әкімшінің интернет-ресурсында (www.mz.gov.kz) тапсырыс беруші қызметтер берушіні таңдау рәсімін өткізу туралы хабарландыруды жариялағаннан кейінгі үш күннен аспайтын мерзімде береді.
Қатысуға өтінімді әлеуетті қызметтер беруші тапсырыс берушіге тігілген түрде, нөмірленген парақтармен ұсынады. Бұл ретте, өтінімнің соңғы парағы бірінші басшының қолымен куәландырылады және әлеуетті қызметтерді берушінің мөрімен бекітіледі.
13. Қатысуға өтінімдерді комиссияның отырысын өткізбей қарауға рұқсат берілмейді.
14. Тиісінше ресімделмеген және толық ұсынылмаған қатысуға өтінім комиссияның отырысын өткізу кезінде қаралмайды.
15. Қатысуға өтінімдерді ұсынудың тапсырыс беруші белгілеген соңғы мерзімі аяқталған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оларды қарау жөніндегі комиссияның отырысы өткізіледі, онда комиссияның хатшысы комиссия мүшелеріне және басқа қатысушыларға қатысуға өтінімдегі құжаттарды атап шығады.
Қатысуға өтінімдегі ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын анықтау қажет болған жағдайда комиссия тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан жазбаша нысанда қажетті ақпаратты сұратады.
Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыс болмау фактісі анықталған жағдайда комиссияның қатысуға өтінімді қабылдамау құқығы бар.
Әлеуетті қызметтер берушілердің банкроттық рәсіміне қатысы жоқтығы бөлігіндегі олардың жалпы талаптарға сәйкес келуін нақтылау мақсатында комиссия банкроттық рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.
Комиссия отырысының нәтижесі бойынша төраға, ол болмаған жағдайда комиссия төрағасының орынбасары отырыста ТМККК орналастыру рәсіміне жіберілгендер және (немесе) жіберілмегендер туралы хабарлайды.
Әлеуетті қызметтер берушілер және (немесе) олардың өкілдері комиссияның қызметіне араласпай өтінімді қарау кезінде қатыса алады.
16. Комиссия:
1) әлеуетті қызметтер берушілердің қатысуға өтінімдерінің толықтығына және тиісінше ресімделуі мәніне қарайды;
2) осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін әлеуетті қызметтер берушілерді айқындайды және оларды ТМККК орналастыру рәсіміне жіберілді деп таниды.
Осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалған әлеуетті қызметтер берушілер ТМККК орналастыру рәсіміне жіберілмеді деп танылады.
Комиссия мүшелерінің қатысуға арналған өтінімдерді талаптарға сәйкес келтіруге (толықтыруға, ауыстыруға, түзетуге) бағытталған сұратуларына және өзге де әрекеттеріне жол берілмейді;
3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі және (немесе) сәйкес келмейтіні туралы хаттамаға қол қояды.
17. Комиссия қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан бастап үш жұмыс күнінің ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес хаттама түрінде ресімделетін ТМККК орналастыру қорытындысы туралы шешім қабылдайды және оған қол қояды.
18. Комиссия мынадай жағдайларда осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес хаттама түрінде ресімделетін қызметтер берушіні таңдау рәсімін болмады деп тану туралы және оны қайта өткізу туралы шешім қабылдайды:
қатысуға өтінімдер болмағанда;
қатысуға өтінім берген әлеуетті қызметтер берушілердің ешқайсысы осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда.
19. Тапсырыс беруші мынадай жағдайларда:
1) егер ТМККК толық көлемде орналастырылмаған болса, ТМККК-ның қалған көлемін орналастыру осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес хаттама түрінде ресімделеді;
2) егер қызметтер берушінің жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан бас тартуына байланысты ТМККК көрсетуге қаржы қаражаты толығымен немесе ішінара босатылса, себебін көрсете отырып, онымен шарт сомасының және/немесе медициналық көмек көлемінің азаюы немесе тиісінше шартты бұзу туралы жазбаша қосымша келісім жасаса;
3) тарифтер құнының ұлғаюына арналған қосымша ақшалай қаражат бөлу жағдайларын және тапсырыс беруші қосымша көрсетілген қызметтердің көлемдерін көрсетуге қажеттілікті анықтаған жағдайды қоспағанда, ТМККК көрсетуге қосымша ақшалай қаражат бөлінген болса, қызметтер берушіні таңдау рәсімін қосымша жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, қызметтер берушіні таңдау рәсімі осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Шарт жасасу
20. Комиссия тапсырыс беруші ТМККК орналастыру қорытындысын шығарған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде әлеуетті қызметтер берушілерге осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес қол қойылған шарттарды жібереді. Әлеуетті қызметтер берушілер тапсырыс беруші қол қойған шартты алған сәтінен бастап үш жұмыс күнінің ішінде оған қол қояды.
Егер әлеуетті қызметтер беруші осы мерзімнің ішінде шартқа қол қоймаса, ол шартқа қол қоюдан жалтарған деп есептеледі және комиссия одан алынатын қызметтер көлемдерін басқа қызметтер берушілерге орналастырады.
21. Шарттар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
22. Тапсырыс беруші, тізбесі комиссия жұмысының нәтижелері бойынша айқындалған әлеуетті қызметтер берушілермен, тиісті қаржы жылына міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес әкімші бөлген қаражаттар шегінде шарттар жасасады.
Тапсырыс беруші әлеуетті қызметтер берушінің көрсетуі жоспарланатын медициналық көмектің түрлері мен нысандары бойынша оның көлемін келіседі.
23. Шарт жасасқан қызметтер берушілер тапсырыс берушіге әкімші бекіткен тәртіппен және мерзімде шығыстардың құрылымын ұсынады.
24. Шарт жасалған қызметтер берушілердің тізімін тапсырыс беруші астананың, республикалық маңызы бар қаланың, тиісті облыстың аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және әкімшінің интернет-ресурсында (www.mz.gov.kz) жариялайды.
Қызметтер берушілер астананың, республикалық маңызы бар қаланың, тиісті облыстың аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында орналастырылған ТМККК туралы ақпаратты көрсетілетін қызметтердің түрлерін, нысандарын, емдеуде қолданылатын инновациялық технологияларды, кадрлар әлеуетін (санаттар бере отырып, маман сертификаттарының болуы туралы, ғылыми дәрежелерінің, атақтарының болуы туралы) көрсете отырып жариялайды.
5. Бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтер берушілердің шығындарын өтеу тәртібі
25. Қызметтер берушілердің шығындарын өтеуді тапсырыс беруші шарт негізінде жүзеге асырады.
26. Қызметтер берушілердің шығындарын өтеу пациенттің дәрігер мен денсаулық сақтау ұйымын еркін таңдауын іске асыруды, ұсыну нысандары мен тәртібін уәкілетті орган бекіткен атқарылған жұмыстардың (қызметтердің) актілері мен шот-тізілімдердің негізінде медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелерін есепке ала отырып, тарифтер бойынша жүзеге асырылады.
27. Денсаулық сақтау ұйымдарының ТМККК шеңберінде көрсеткен медициналық қызметтер көлемі үшін шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
28. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға (қаржы лизингі шарттарында қызметтер берушілерге лизингтік төлемдерді төлеуге арналған шығыстардан басқа) күрделі шығыстарды қоспағанда, жасалған шарт қаражатының және әкімші бекіткен қаражаттың шегінде ТМККК көрсету жөніндегі қызметіне байланысты шығындардың түрлері өтеледі.
29. Бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын ТМККК шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу тәртібін әкімші айқындайды.
6. Қорытынды ережелер
30. Шартты орындау үдерісінде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша қызметтер
берушіні таңдау және оның
шығындарын өтеу қағидаларына
1-қосымша
Кадрлар біліктілігі туралы мәліметтер
(аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда бұл мәліметтер ұсынылмайды)
_________________________________________________________________
(денсаулық сақтау ұйымның атауы)
Р/с |
Т.А.Ә. |
Атқаратын лауазымы |
Білімі (диплом №, оқу орнының атауы және бітірген жылы) |
Мамандығы бойынша еңбек өтілі |
Біліктілік санаты берілген (берілмеген) маман сертификаты (№ және берілген күні) |
Соңғы 5 жылда біліктілігін арттырғаны туралы құжат (бар болса) |
Ғылыми дәрежесінің, атағының болуы туралы құжат (бар болса) |
Бірінші немесе жоғарғы біліктілік санатын беру туралы сертификат (бар болса) |
Жұмысқа алу туралы бұйрық (№, күні) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Басшы ______________
(қолы, Т.А.Ә.)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша қызметтер
берушіні таңдау және оның
шығындарын өтеу қағидаларына
2-қосымша
____________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің толық атауы, пошта және электрондық мекенжайы) _________ жылға республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – қызмет) көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау рәсімін (бұдан әрі – рәсім) өткізу туралы хабарландырады медициналық көмектің түрлері бойынша: _______________________________
медициналық көмектің нысандары бойынша: _____________________________
Қызметтер көрсетілуі тиіс: ___________________________________.
(қызмет көрсету орны көрсетіледі)
Рәсімге қатысу үшін өтінімдерді әлеуетті қызмет берушілер
_____________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы көрсетіледі)
______________мекенжайы бойынша: № ____ кабинетке ұсынады жолдайды, рәсімге қатысу үшін өтінімдерді қабылдау және тіркеу үшін жауапты ______________________.
(лауазымы, Т.А.Ә.)
Рәсімге қатысу үшін өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі
«____» ___________________ сағат ______________.
Рәсімге қатысу үшін өтінімдер сағат____________________________
«____»___________________ жылы, мына мекенжай бойынша:
_________________________ № ____ кабинетте қаралатын болады.
Рәсімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20__ жылғы «____» ____________ №___ қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларында көрсетілген медициналық қызметтердің әлеуетті қызметтер берушілеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін барлық әлеуетті қызметтер берушілер жіберіледі.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мынадай телефон(дар) арқылы
алуға болады:_______________________________________________________.
(қаланың коды және телефон(дардың) нөмірін(лерін) көрсету)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша қызметтер
берушіні таңдау және оның
шығындарын өтеу қағидаларына
3-қосымша
_____________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы)
__________ жылға республикалық немесе жергілікті бюджет қаражатының есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге мынадай қызметтер берушілермен шарт жасасу туралы хабарландырады:
_____________________________________________________________________
(қызметтер берушілердің тізімін көрсету)
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мынадай телефондар арқылы алуға болады:_______________________________________________________.
(қаланың коды және телефон(дардың) нөмірін(лерін) көрсету)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша қызметтер
берушіні таңдау және оның
шығындарын өтеу қағидаларына
4-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтердің қызметтер берушілерін таңдау рәсіміне қатысуға өтінім
Тапсырыс берушіге______________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы) ____________________________________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің атауы толық көрсетіледі)
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтер берушілерін таңдау рәсіміне қатысуға ниет білдірген заңды (жеке) тұлға (бұдан әрі – әлеуетті қызметтер беруші) туралы мәліметтер:
1) әлеуетті қызметтер берушінің заңды, пошталық мекенжайы мен байланыс телефондары;
2) әлеуетті қызметтер берушінің банктік деректемелері (ЖСН, БЖН, ЖСК), сондай-ақ әлеуетті қызметтер берушіге қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы және мекенжайы;
3) әлеуетті қызметтер берушінің бірінші басшысының Т.А.Ә.
2. Мынадай медициналық көмектің көлеміне (көлемдеріне) өтінім беремін ____________________________________________________________
медициналық көмектің түрі (түрлері) бойынша: _______________________,
медициналық көмектің нысаны (нысандары) бойынша: ___________________.
3. ____________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің толық атауы көрсетіледі)
осы өтініммен әлеуетті қызметтер беруші ретінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтер берушілерін таңдау рәсіміне қатысуға ниет білдіреді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20__ жылғы «____» ____________ №___ қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларында көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызмет көрсетуге келісімін береді.
4. Әлеуетті қызметтер беруші осы өтініммен әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптардың бұзылмағанын растайды.
5. Әлеуетті қызметтер беруші ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растайды.
6. ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге арналған шартты жасасқан сәтке дейін осы өтінім ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге біздің келісімді растау болып табылады.
Қосымша:_______________________________________________________
(парақтардың санын көрсетумен құжаттың атауы) ______________________________________________________/______________
(әлеуетті қызметтер берушінің бірінші басшысының лауазымы, Т.А.Ә. және оның қолы)
М.О.
Толтырылған күні_________________________
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша қызметтер
берушіні таңдау және оның
шығындарын өтеу қағидаларына
5-қосымша
Медициналық қызметтердің әлеуетті қызметтер берушісіне қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттама
_____________________ 20__ жылғы «__» __________
(Орналасқан жері)
1. Мынадай құрамдағы комиссия:
_____________________________________________________________
(төрағаның, оның орынбасарының, комиссия мүшелерінің Т.А.Ә., лауазымы көрсетіледі)
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтер берушілерді таңдау рәсіміне қатысуға мынадай әлеуетті қызметтер берушінің өтінімін қарады:
Әлеуетті қызметтер берушінің атауы |
Заңды |
Өкілдің Т.А.Ә., жеке куәлігінің №, кім берген, берілген күні |
1 |
2 |
3 |
Өтінімді қарау кезінде әлеуетті қызметтер берушінің өкілі:
________________________________________________________________.
(қатысты / қатысқан жоқ)
2. Қатысуға арналған өтінім қаралды және құрамында мынадай құжаттар бар:
_________________________________________________________
(парақтар санын көрсетумен өтінімде бар құжаттарды көрсету)
3. Қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша комиссия ашық дауыс беру жолымен мынадай ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
___________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің атауын көрсету)
қойылатын талаптарға сәйкес келеді (сәйкес келмейді) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін орналастыру рәсіміне жіберілді (жіберілген жоқ).
Бұл шешім үшін дауыс берді:
ИӘ -_____ дауыс;
ЖОҚ -_____ дауыс.
Комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің және хатшының Т.А.Ә., қолдары.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша қызметтер
берушіні таңдау және оның
шығындарын өтеу қағидаларына
6-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін
орналастыру қорытындылары туралы
хаттама (түзетулер)
______________________ 20___ жылғы «___» _________
(Орналасқан жері)
1. Мынадай құрамдағы комиссия: _____________________________________________________________________
(төрағаның, оның орынбасарының, комиссия мүшелерінің Т.А.Ә., лауазымы көрсетіледі)
медициналық көмектің ұсынылған көлемін, нысандарын және түрлерін қарады.
2. Бөлінген сома _________________ (_____________) теңге.
(соманы санмен және жазбаша көрсету)
3. Талаптарға сәйкестігін айқындау нәтижелері бойынша және қызмет берушілердің өткізу қабілетін және (немесе) бекітілген халық санын және (немесе) консультациялық-диагностикалық қызметтердің қажеттілігін есепке ала отырып, ашық дауыс беру жолымен Комиссия мынадай ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мынадай әлеуетті қызметтер берушілерде орналастырылсын:
Р/с № |
Әлеуетті қызметтер берушінің атауы |
Медициналық көмектің нысаны |
Медициналық көмектің түрі |
Бюджеттік бағдарламаның атауы |
Көлемі |
Қаржыландыру сомасы (мың теңге) |
2) тапсырыс беруші ____________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері) «__» ______ ______ жылға дейінгі мерзімде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген әлеуетті қызметтер берушілермен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсету туралы шарт жасасын.
3) тапсырыс беруші ____________________________________________
(тапсырыс берушінің атауын көрсету) «__» ______ ______ жылға дейінгі мерзімде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін орналастыру қорытындылары туралы жарнама мәтінін астана, республикалық маңызы бар қала, тиісті облыс аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында және ____________________________________________
(Әкімшінің веб-сайтын көрсету)
Әкімшінің интернет-ресурсына жариялау үшін жолдасын.
Бұл шешім үшін дауыс берді:
ИӘ -_____ дауыс;
ЖОҚ -_____ дауыс.
Комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің және хатшының Т.А.Ә., қолдары.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша қызметтер
берушіні таңдау және оның
шығындарын өтеу қағидаларына
7-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтерді берушіні таңдау рәсімін өткізілмеді деп тану және оны қайта өткізу туралы хаттама
______________________ 20__ жылғы «___» ________
(Орналасқан жері)
Мынадай құрамдағы комиссия:
_____________________________________________________________________
(төрағаның, оның орынбасарының, комиссия мүшелерінің Т.А.Ә., лауазымы көрсетіледі)
__________________________________________________________ байланысты
(тиісті себебін көрсету: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді берушіні таңдау рәсіміне қатысуға өтінімнің болмауы, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызмет берушіні таңдау рәсіміне қатысуға өтінім берген әлеуетті қызметтерді берушілердің ешқайсысының медициналық қызметтердің әлеуетті қызметтерді берушісіне қойылатын талаптарына сәйкес келмеуі)
ашық дауыс беру жолымен мынадай ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
1) 20___жылғы «___»____________ бөлінген ____________ (__________________________________)теңге сомасына тегін медициналық
(соманы санмен және жазбаша көрсету) көмектің кепілдік
берілген көлемін көрсету бойынша қызметтер беруші таңдау рәсімі өткізілмеді деп танылсын және 20__жылғы «___» _________ мерзімге дейін қайта өткізілсін;
2) тапсырыс беруші ____________________________________________
(тапсырыс берушінің атауын көрсету) ______ жылғы «____» _________ дейінгі мерзімде 20___ жылғы «___» _________ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау рәсімі өткізілмеді деп тану және оны қайта өткізу туралы астананың, республикалық маңызы бар қаланың, тиісті облыстың аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымында және әкімшінің_____________________ интернет-ресурсында
(әкімшінің веб-сайтын көрсету)
жариялау үшін хабарландырудың мәтінін жолдасын.
Бұл шешім үшін дауыс берді:
ИӘ -_____ дауыс;
ЖОҚ -_____ дауыс.
Комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің және хатшының Т.А.Ә., қолдары.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша қызметтер
берушіні таңдау және оның
шығындарын өтеу қағидаларына
8-қосымша
Тегін медициналық көмектің қалған кепілдік берілген көлемін орналастыру үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтер берушілерді таңдау рәсімін өткізу туралы хаттама
______________________ 20__ жылғы «___» ___________
(Орналасқан жері)
Мынадай құрамдағы комиссия:
_____________________________________________________________________
(төрағаның, оның орынбасарының, комиссия мүшелерінің Т.А.Ә., лауазымы көрсетіледі)
20___ жылғы «___» _________ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау рәсімін өткізу кезінде ТМККК-нің толық көлемде орналастырылмауына байланысты ашық дауыс беру жолымен мынадай ШЕШІМ ШЫҒАРАДЫ:
1)_____________________ (_______________) теңге сомасындағы тегін (соманы санмен және жазбаша көрсету) медициналық көмектің қалған кепілдік берілген көлемін орналастыру үшін 20__ жылғы «___»________дейінгі мерзімде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау рәсімін өткізсін;
2) тапсырыс беруші ____________________________________________
(тапсырыс берушінің атауын көрсету)
______ жылғы «____» _________дейінгі мерзімде тегін медициналық көмектің қалған кепілдік берілген көлемін орналастыру үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтерді берушіні таңдау рәсімін өткізу туралы және астананың, республикалық маңызы бар қаланың, тиісті облыстың аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымында және әкімшінің ________________________
(әкімшінің веб-сайтын көрсету)
интернет-ресурсында жариялау үшін хабарландырудың мәтінін жолдасын.
Бұл шешім үшін дауыс берді:
ИӘ -_____ дауыс;
ЖОҚ -_____ дауыс.
Комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің және хатшының Т.А.Ә., қолдары.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша қызметтер
берушіні таңдау және оның
шығындарын өтеу қағидаларына
9-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шарт
_______________________ 20__ жылғы «__»___________
(Орналасқан жері)
Бұдан әрі «тапсырыс беруші» деп аталатын ______________________________________________________________атынан
(тапсырыс берушінің толық атауы)
______________________________________________негізінде әрекет ететін
__________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі «қызметтер беруші» деп аталатын__________
____________________________________________________________атынан
(қызметтер берушінің толық атауы)
____________________________________________) негізінде әрекет ететін
(жарғы, ереже және т.б.)
_____________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269-XIII Азаматтық кодексіне сәйкес төмендегілер туралы осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
1. Тапсырыс беруші тапсырма береді, ал қызметтер беруші тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде _____ жылға _______ (___________) теңге сомаға медициналық қызметтер (бұдан әрі - қызмет) көрсетуге міндеттеме қабылдайды.
2. Осы шарттың 2-бөлімнің 1 және 4-тармақтарына және 4-бөлімнің 2-тармағына сәйкес шарт сомасы түзетілуге жатады.
2. Есеп айырысу тәртібі
1. Тапсырыс беруші қызметтер берушіге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен тарифтер бойынша ақы төлеуді жүзеге асырады, олар осы шарттың қолданылуы кезеңінде қайта қаралуы, қолданылуы және (немесе) таралуы мүмкін.
Тапсырыс беруші мен қызметтер беруші осы шартқа 1-қосымшаға сәйкес түрлері мен нысандары бойынша медициналық көмектің көлемін келіседі. Тапсырыс беруші қызметтердің қосымша көлемдерін көрсету қажеттілігін анықтаған жағдайда осы шарттың сомасын тараптардың келісімі бойынша түзетеді.
Тапсырыс беруші қызметтер берушіге көрсетілген медициналық көмек үшін ақы төлеуді бюджеттік бағдарламалар әкімшісі айқындайтын тәртіппен бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларымен көзделген қаражаттың шегінде жүзеге асырады.
2. Ақы төлеу ай сайын, орындалған жұмыстардың актісіне сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің (бұдан әрі – ҚР ДСМ МФҚБК) аумақтық бөлімшелері жүргізген сапаны және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің (бұдан әрі – ҚР ДСМ МҚАТК) аумақтық бөлімшелері жүргізген көрсетілген медициналық көмектің көлемін бақылау нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.
3. Осы шартқа 2-қосымшаға сәйкес қызметтер берушіні аванс беруге ұсынылған өтінімі негізінде, осы шартқа 3-қосымшаға сәйкес жыл бөлінісінде (ай сайын) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде медициналық көмек көрсетудің көрсетілген көлемдері мен мерзімдеріне сәйкес, шарттың жалпы сомасынан 30 (отыз) пайыздан аспайтын мөлшерде аванс беруге рұқсат етіледі.
Тараптардың жазбаша келісімі бойынша бұрын төленген аванс мерзімінен бұрын ұсталуы мүмкін. Ұсталатын аванстың сомасы орындалған жұмыстардың актісінде көрсетіледі.
4. Ақы төлеу осы шарттың 2-бөлімінің 1-тармағын және медициналық көмек көрсету кезінде оның сапасы мен көлемін бақылау нәтижелерін ескере отырып, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі айқындайтын тәртіппен келісілген көлемдер артқан жағдайда түзетуге (азайтуға/ұлғайтуға) жатады.
Емделіп шығу жағдайлары бойынша, соның ішінде сапасы мен көлемін бақылау нәтижелері бойынша ішінара анықталған төлеуге жатпайтын бюджет қаражатының сомасын ұстап қалу немесе алу осы шартқа 3-қосымшада көрсетілген ай сайынғы төлемдерді түзете отырып, осы шарттың қолданылуы мерзімі кезеңінде қызметтер берушімен жүйелі өзара есеп айырысу кезінде жүргізілуі мүмкін.
Қызметтер беруші сапаны және (немесе) көлемді бақылау үшін медициналық құжаттама ұсынбаған сапа және (немесе) көлемді бақылауға жататын емделіп шығу жағдайларына ақы төленбейді.
5. Сапаны бақылауды жүргізуге байланысты осы шарттың қолданысы кезінде ақы төлеуге ұсынылмаған, сондай-ақ осы шарт қолданылатын жылдың 1 желтоқсанынан бастап шот-тіркелімге енгізілмеген осы шартқа сәйкес осы шарттың қолданылу мерзімінің аяқталу күніне дейін ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету жағдайына ақы төлеу осы шарт қолданылатын жылдан кейінгі жылы жүргізіледі.
3. Тараптардың міндеттері
1. Қызметтер беруші:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетуге;
2) осы шартқа 3-қосымшада көрсетілген жыл бөлінісінде (ай бойынша) ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді көрсету көлеміне және мерзіміне сәйкес қызмет көрсетуге;
3) азаматтарға ТМККК көрсету тізбесі, көлемі және шарттары туралы ақпаратты ұсынуға;
4) тапсырыс берушіге уәкілетті орган бекіткен тәртіпте және мерзімде шот-тізілімді ұсынуға;
5) тапсырыс берушіге осы шарттың орындалуын тексеру жүргізу үшін қажетті барлық медициналық және қаржылық құжаттарды ұсынуға;
6) іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлеміне бақылау жүргізу үшін ҚР ДСМ МФҚБК АД және ҚР ДСМ МҚАК АД қажетті құжаттаманы ұсынуға;
7) қызметті тоқтатқан, таратылған, біріктірілген, қосылған, бөлінген немесе қайта құрылған, атауы, сондай-ақ қызмет түрінің және/немесе қызметтің кіші түрінің атауы өзгерген, төсек қоры өзгерген, оның ішінде оны қысқартқан және/немесе қайта бейіндеген кезде өзгерген кезден бастап үш күннің ішінде тапсырыс берушіге көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, ақпарат беруге;
8) тапсырыс берушіге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен тәртіппен және мерзімде шығыстардың құрылымын ұсынуға;
9) ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді көрсететін персоналдың ынталандырылған еңбегін қамтамасыз етуге;
10) талап етуі бойынша осы шарттың шеңберінде жасалған үшінші тараптың барлық шарттарының көшірмелерін тапсырыс берушіге ұсынуға;
11) қаражатты, оның ішінде аванс беру қаражатын мәлімделген бағыттар мен мерзімдерге сәйкес қатаң түрде жұмсауды жүзеге асыруға;
12) лизинг шарттарында қатаң түрде олардың нысаналы мақсатына сәйкес медициналық техниканы алуға арналған қаражатты жұмсауды жүзеге асыруға;
13) өз мамандарының кем дегенде 20% біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз ете отырып, мамандардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға арналған қаражатты қатаң түрде олардың нысаналы мақсатына сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен іссапар шығындарын ескере отырып жұмсауды жүзеге асыруға;
14) денсаулық сақтау саласында уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және мерзімде бағдарламалық өнімге мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етуге;
15) бағдарламалық өнімге төсек қорын қысқарту және/немесе қайта бейіндеу бойынша барлық өзгерістерді енгізуге;
16) міндеттемелерді орындау мүмкін еместігіне байланысты барлық жағдайлар мен олардың себептері туралы, оның ішінде шарт сомасын түзетуді қажет ететін жағдайлар туралы жазбаша түрде тапсырыс берушіге шұғыл түрде хабарлауға;
17) деректерді емдеуге жатқызу бюросы порталына дұрыс және уақтылы енгізуге міндетті.
2. Тапсырыс беруші:
1) көрсетілген медициналық көмек үшін қызметтер беруші шығындарын өтеуді уақтылы жүргізуге;
2) қызметтер берушіні осы шарттың шеңберінде оның жұмысын регламенттейтін қажетті нормативтік құжаттармен қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасында ТМККК көрсету мәселелері жөнінде халықты хабардар етуге бағытталған қажетті ұйымдастыру іс-шараларын өткізуге міндетті.
4. Тараптардың жауапкершілігі
1. Қызметтер беруші:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халыққа ТМККК көрсету бойынша жіберілген бұзушылық (медициналық қызметтердің тиісті көлемде және сапада көрсетілмеуі, ТМККК жататын қызметтер үшін Қазақстан Республикасы азаматтарынан және оралмандардан ақы алу) үшін;
2) заңнамада белгіленген тәртіпте тапсырыс берушіден алынған қаражаттың орынсыз және уақтылы пайдаланбағаны үшін;
3) осы шарттың 3-бөлімнің 1-тармағын бұзғаны үшін;
4) бағдарламалық өнімге статистикалық картаның мәліметтерін сапасыз енгізгені үшін жауапты болады.
2. Емдеу жағдайының негізсіз қымбаттауына (көрсетілмеген/көрсетілген медициналық қызметтер және дәрі-дәрмектерді ұсынбау) және/немесе емдеу жағдайлары санының заңсыз ұлғаюына (медициналық көмек көрсетілмеген/көрсетілген) әкелген медициналық құжаттаманың мәліметтерін бұрмалау фактісін тапсырыс беруші анықтаған жағдайда, негізсіз ақшалай баюдың әрбір анықталған фактісі үшін төленуге ұсынылған төлем көлеміндегі сома ұсталынып қалады және/немесе алынады.
3. Осы шартқа 3-қосымшада көрсетілген жыл бөлінісінде (ай бойынша) ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді көрсету көлеміне және мерзіміне сәйкес қызмет көрсету бөлігінде осы шарттың 3-бөлімінің 1-тармағының бұзылуы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін түзету коэффициентінің өзгеруіне әкелуі мүмкін.
4. Қызметтер беруші міндеттемелерін толық, ішінара үшінші тарапқа беруі оны шарт бойынша жауапкершіліктен босатпайды.
5. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген медициналық көмек көлемдері үшін шығындарын өтеуге қызметтер берушіге ақша қаражатын уақтылы аударуға жауапты болады.
6. Қызметтер беруші тарапынан шарт талаптарының бұзылуы:
1) тапсырыс берушінің көрсетілген қызмет сомасын мөлшерлес азайтуға;
2) тапсырыс берушінің шартты бұзуына және орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттемелер бойынша соманы қайтаруға;
3) тапсырыс берушінің шартты жоюына немесе шарт сомасының _____ мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге әкелуі мүмкін.
5. Шартты өзгерту немесе бұзу
1. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы Тараптар шартты тоқтатудың болжанатын күніне дейін кемінде 30 (отыз) күн бұрын бірін-бірі хабардар етуге міндетті.
2. Шарт талаптарының бұзылғаны үшін тапсырыс беруші міндеттемелерді орындамағаны туралы қызметтер берушіге жазбаша ескерту хат жолдай отырып, осы шартты бір жақты тәртіппен бұза алады.
6. Форс-мажор
1. Форс-мажор жағдайларына қызметтер беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын, оның қателігіне немесе ұқыпсыздығына қатысы жоқ және тосын сипатқа ие оқиғалар жатады. Мұндай оқиғаларға табиғи және/немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар немесе төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша әрекеттер кіруі, бірақ шектеле қоймауы мүмкін.
2. Форс-мажорлық жағдайларға:
1) қызметтер берушінің қасақана және абайсыз әрекеттері туғызған оқиғалар;
2) осы шарт бойынша өз міндеттемелерін адал атқаратын қызметтер беруші алдын ала болжай алатын және шеше алатын оқиғалар;
3) осы шарттың міндеттерін орындамауына және/немесе тиісінше орындамауына байланысты қызметтер берушіде ақша қаражатының болмауы немесе тапсырыс берушінің төлемақыны жүзеге асырмауы жатпайды.
3. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде қызметтер беруші тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар және олардың себептері туралы дереу бір жұмыс күнінің ішінде жазбаша хабарлама жіберуі тиіс.
Форс-мажордың дәлелі Қазақстан Республикасының уәкілетті органының форс-мажордың туындағанын растайтын ресми құжаттары болады.
4. Уақтылы хабарламау қызметтер берушіні міндеттемелерді орындау бойынша жауапкершіліктен босататын осы шарттың 6-бөлімінің 1-тармағында көрсетілген жағдайларға негіз ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады.
5. Форс-мажор аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қызметтер беруші тапсырыс берушіге форс-мажордың аяқталғаны туралы жазбаша хабарлайды және осы шарт бойынша өз міндеттемелерін жүзеге асыруды қайтадан бастайды.
7. Қорытынды ережелер
1. Қызметтер беруші тапсырыс берушінің жазбаша келісімінсіз осы шарт бойынша өзінің міндеттемелерін үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.
2. Тапсырыс беруші кез келген уақытта қызметтер берушінің қызметіне араласпай, көрсетілетін қызметтердің барысы мен сапасын, оның ішінде қызметтер берушіде пациенттің ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерге қанағаттануын бағалауға сауалнама жүргізу нысанында, оның ішінде қызметтер көрсетілетін жерге барып және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да тәсілдермен тексеру жүргізуге құқылы.
3. Осы шарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалды, бір данасы тапсырыс берушіде, екіншісі қызметтер берушіде болады.
Шарт мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жасалады. Тараптар бір-бірімен алмасатын шартқа қатысты барлық хат алмасу және басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес болуы тиіс.
4. Бір тарап екінші тарапқа жолдайтын әрбір хабарлама шартқа сәйкес кейін түпнұсқасы ұсынылатын хат, телеграмма, телекс немесе факс түрінде жолданады.
5. Осы шарт бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде міндетті тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы ___________ дейін қолданылады.
Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде тіркелген күні:
___________________________________________
Осы ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шарт тапсырыс берушінің ТМККК көрсету бойынша қызметті берушіні таңдау жөніндегі рәсімдерді жүзеге асыруы кезінде тапсырыс беруші мен қызметтер берушінің арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Осы шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына, ТМККК көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау ресімдеріне қатысуға арналған өтінімге және ТМККК орналастырудың қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі шеңберінде
медициналық қызметтерді көрсетуге
арналған үлгі шартқа
1-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық қызметтердің тізімі
Р/с № |
Бюджеттік қаржыландыру бағдарламасының атауы және нөмірі |
Сомасы, теңге |
Келісілген көлем |
Медициналық көмектің түрлері және нысандары |
Тапсырыс беруші Қызметтер беруші
______________________ _______________________
(тапсырыс берушінің атауы) (қызметтер берушінің атауы)
________________________ __________________
(Лауазымы, ТАӘ, қолы) (Лауазымы, ТАӘ, қолы)
М.О. М.О.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі шеңберінде
медициналық қызметтерді көрсетуге
арналған үлгі шартқа
2-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт бойынша аванс беруге өтінім
20__ жылғы «___» ____________ № ___
Тапсырыс
берушіге_____________________________________________________________
(қызметтер берушінің толық атауы көрсетіледі)
1.________________________________ (қызметтер берушінің толық атауы көрсетіледі) (бұдан әрі – қызметтер беруші) осы өтінімде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге шарттың жалпы сомасынан _______ пайыз мөлшерінде 20__ жылғы «___» _________ № ______________________(аванс сомасын көрсету) теңгеде аванс төлеуді сұрайды.
2. Қызметтер беруші осы өтінімде орындалған жұмыстар актісі бойынша төлеуге жататын сомалардан ______ бастап _________ айын қоса алғанда, ай сайын тең үлестермен төленген авансты ұстап қалуға келісім білдіреді және осы өтінімде көрсетілген жоспарланған аванс сомаларын бөлуге сәйкес аванстың жұмсалғанын растайды.
Р/с № |
Шығыстар атауы |
Сомасы, теңге |
1. |
Медициналық қызметкерлердің еңбекақысы |
|
2. |
Тамақ өнімдерін сатып алу |
|
3. |
Дәрілік заттарды сатып алу |
|
4. |
Коммуналдық шығыстар |
|
5. |
Басқа шығыстар |
3. Осы өтінім 20__ жылғы «___» __________ № _____ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың әрекет ету мерзімінің өтуіне дейін әрекет етеді.
________________________________________________ /__________________/
(қызметтер берушінің бірінші басшысының немесе оның орынбасарының лауазымы, Т.А.Ә. және олардың қолдары)
Толтырылған күні ________________
М.О.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі шеңберінде
медициналық қызметтерді көрсетуге
арналған үлгі шартқа
3-қосымша
__________ жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтердің медициналық көмектің түрлері және нысандары бойынша шарт сомасының ай бойынша бөлінісі және келісілген көлемі
Бюджеттік
бағдарлама:__________________________________________________________
(бюджеттік бағдарламаның нөмірі мен атауы)
Қызметтер берушінің атауы: __________________________________
Р/с № |
Атауы |
___жыл |
Қаңтар |
Ақпан |
Наурыз |
Сәуір |
Мамыр |
Маусым |
Шілде |
Тамыз |
Қыркүйек |
Қазан |
Қараша |
Желтоқсан |
1. |
Сомасы (теңге), оның ішінде: |
|||||||||||||
1.1. |
амбулаториялық-емханалық көмек, оның ішінде: |
|||||||||||||
1.1.1. |
медициналық-санитариялық алғашқы көмек |
|||||||||||||
1.1.2. |
консультациялық-диагностикалық көмек |
|||||||||||||
1.2. |
стационарды алмастыратын көмек |
|||||||||||||
1.3. |
стационарлық көмек, оның ішінде: |
|||||||||||||
1.3.1 |
жоғары мамандандырылған медициналық көмек |
|||||||||||||
1.4. |
жедел медициналық көмек |
|||||||||||||
1.5. |
санитариялық авиация |
|||||||||||||
1.6. |
қалпына келтіру емі және медициналық оңалту |
|||||||||||||
1.7. |
паллиативтік көмек және мейірбике күтімі |
|||||||||||||
2. |
Аванс (теңге), оның ішінде: |
|||||||||||||
2.1. |
амбулаториялық-емханалық көмек, оның ішінде: |
|||||||||||||
2.1.1. |
медициналық-санитариялық алғашқы көмек |
|||||||||||||
2.1.2. |
консультациялық-диагностикалық көмек |
|||||||||||||
2.2. |
стационарды алмастыратын көмек |
|||||||||||||
2.3. |
стационарлық көмек, оның ішінде: |
|||||||||||||
2.3.1 |
жоғары мамандандырылған медициналық көмек |
|||||||||||||
2.4. |
жедел медициналық көмек |
|||||||||||||
2.5. |
санитариялық авиация |
|||||||||||||
2.6. |
қалпына келтіру емі және медициналық оңалту |
|||||||||||||
2.7. |
паллиативтік көмек және мейірбике күтімі |
|||||||||||||
3. |
Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары, оның ішінде: |
|||||||||||||
3.1. |
амбулаториялық-емханалық көмек, оның ішінде: |
|||||||||||||
3.1.1. |
медициналық-санитариялық алғашқы көмек |
|||||||||||||
3.1.2. |
консультациялық-диагностикалық көмек |
|||||||||||||
3.2. |
стационарды алмастыратын көмек |
|||||||||||||
3.3. |
стационарлық көмек, оның ішінде: |
|||||||||||||
3.3.1 |
жоғары мамандандырылған медициналық көмек |
|||||||||||||
3.4. |
жедел медициналық көмек |
|||||||||||||
3.5. |
санитариялық авиация |
|||||||||||||
3.6. |
қалпына келтіру емі және медициналық оңалту |
|||||||||||||
3.7. |
паллиативтік көмек және мейірбике күтімі |
|||||||||||||
4. |
Келісілген көлем, оның ішінде |
|||||||||||||
4.1. |
амбулаториялық-емханалық көмек, оның ішінде: |
|||||||||||||
4.1.1. |
медициналық-санитариялық алғашқы көмек |
|||||||||||||
4.1.2. |
консультациялық-диагностикалық көмек |
|||||||||||||
4.2. |
стационарды алмастыратын көмек |
|||||||||||||
4.3. |
стационарлық көмек, оның ішінде: |
|||||||||||||
4.3.1 |
жоғары мамандандырылған медициналық көмек |
|||||||||||||
4.4. |
жедел медициналық көмек |
|||||||||||||
4.5. |
санитариялық авиация |
|||||||||||||
4.6. |
қалпына келтіру емі және медициналық оңалту |
|||||||||||||
4.7. |
паллиативтік көмек және мейірбике күтімі |
Тапсырыс беруші Қызметтер беруші
______________________ _______________________
______________________ _______________________
(Лауазымы, ТАӘ, қолы) (Лауазымы, ТАӘ, қолы)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 қазандағы
№ 1358 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету бойынша медициналық қызметтердi сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1888 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 23-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 342-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1888 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 1357 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 63-құжат).
4 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1888 және «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қазандағы № 1131 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 792-құжат).
5. «Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету бойынша медициналық қызметтердi сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1888 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1703 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 17, 267-құжат).