Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.25 № 1358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1888 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «жүзеге асыру» деген сөз «ұйымдастыру және жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1357 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 19 қарашадағы
№ 1888 қаулысымен
бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету
бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен
жүргізу ережесі
Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, медициналық қызметтің тиісті түрлеріне лицензиясы бар медициналық ұйымдарда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) әлеуетті өнім беруші - ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге шарт жасасуға үміткер заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
2) Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі - Әкімші) - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі немесе облыстардың, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармалары;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) комиссия — ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау және осы Ережеге сәйкес ТМККК кейіннен орналастыру үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
5) өнім беруші - ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге шарт жасалған үміткер заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
6) сатып алуды ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті (республикалық бюджет қаражатының есебінен) немесе ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру рәсімін орындайтын (жергілікті бюджет қаражатының есебінен) тиісті облыстардың, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармалары;
7) тапсырыс беруші - осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес республикалық бюджет қаражатының есебінен немесе жергілікті бюджет қаражатының есебінен ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті немесе тиісті облыстардың, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармалары;
8) ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу әлеуетті өнім берушілерді оларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне анықтауға, оларға ақылы негізде ТМККК көрсету шеңберінде медициналық қызметтерге тапсырыс беруді орналастыруға, олар көрсеткен нақты медициналық көмекке ақы төлеуге бағытталған өзара байланысты дәйекті іс-шаралар кешені;
9) ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу рәсімі - әлеуетті өнім берушіні анықтау және ТМККК кейіннен орналастыру мақсатында осы Ережеге сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, ұйымдастыру бөлімінде, тиісті комиссия, ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды жүргізу бөлімінде жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйекті іс-шаралар кешені;
10) ТМККК көрсету шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі - шарт) - осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында ТМККК көрсету шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге жасалған азаматтық-құқықтық шарт.
2. ТМККК шеңберінде медициналық көмектің түрлері мен нысандары бойынша өңірлердің бөлігіндегі тиісті бюджеттің негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітеді және нақтылайды.
3. Тиісті жылға арналған мемлекеттік сатып алудың бекітілген немесе нақтыланған жылдық жоспарының негізінде ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді Әкімші қабылдайды.
4. Республикалық бюджет қаражатының есебінен ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменттері жүзеге асырады.
Жергілікті бюджет қаражатының есебінен ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармалары жүзеге асырады.
5. Республикалық бюджет қаражатының есебінен медициналық көмектің мынадай түрлері бойынша медициналық қызметтерді сатып алу: біліктілік, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған мынадай: инфекциялық, туберкулез және психикалық аурулар кезіндегі медициналық көмекті қоспағанда, психикалық, инфекциялық аурулармен және туберкулезбен, алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарға республикалық маңызды медициналық ұйымдардың медициналық қызмет көрсетуін, науқастарға оңалту орталықтарында медициналық қызметтер көрсетуді, сондай-ақ науқастарға наркологиялық диспансерлерде, оңалту орталықтарында, хоспистерде, жергілікті деңгейдегі санаторийлерде медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда, стационарлық көмек; стационарды алмастыратын медициналық көмек; әуе көлігіндегі санитариялық авиация; қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту нысанында жүзеге асырылады.
Сондай-ақ мамандандырылған және жоғары мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек бойынша республикалық бюджет қаражатының есебінен медициналық қызметтер жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын медициналық қызметтерді қоспағанда, ТМККК бойынша медициналық қызметтерді сатып алу жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.
6. ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу:
1) ТМККК қол жетімділікті қамтамасыз ету;
2) пациенттің дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдауын іске асыру;
3) ТМККК үшін бөлінген ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау;
4) ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу үдерісінің жариялылығы мен айқындығы;
5) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
6) ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру;
7) отандық өнім берушілерді қолдау қағидаттары сақтала отырып жүргізіледі;
8) ТМККК көрсету жөніндегі шарттарды жасасуда артықшылықты құқыққа денсаулық сақтаудың аккредиттелген ұйымдарына ерекше құқық беріледі.
2. Медициналық қызметтердің әлеуетті өнім берушісіне қойылатын талаптар
7. ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші мынадай жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
1) құқық қабілеттілігі болуы;
2) төлем қабілетінің болуы, үш айдан асатын мерзімде салық берешегінің, Қазақстан Республикасының міндетті зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
3) банкроттық рәсіміне не таратуға ұшырамауы;
4) сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін материалдық және еңбек ресурстары болуы.
8. Осы Ереженің 7-тармағының талаптарына сәйкестік расталғанда қатысуға өтінімге мынадай құжаттар қоса ұсынылады:
1) нотариаттық расталған көшірмелері:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;
тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығын растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі (жеке тұлға үшін);
медициналық қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын әлеуетті жабдықтаушылардың лицензиялары және оларға қосымшалары;
2) көшірме:
СТН, БИН, жеке басының куәлігі немесе паспорттың (жеке тұлғалар үшін);
Жарғының нотариаттық куәландырылған көшірмесі (егер Жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмеген жағдайда, акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме немесе құрылтайшылардың, құрылтайшылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырылған көшірмесі);
аккредиттеу туралы куәлік (болған уақытта);
3) егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті еместігі және тіркеу есебінде салық төлеушісі ретінде тіркелмегендігі (егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса және салық есебінде тіркеуде тұрмаса ұсынылады) туралы Қазақстан Республикасының салық органының анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі беріледі;
өтінімдерді ұсынған күннің алдындағы бір айдан кешіктірмей берілген, төлем мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің Қазақстан Республикасы бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқтығы (бары) туралы анықтаманың түпнұсқасы, салық органы басшысының не орынбасарының қолымен және аталған салық органы мөрімен куәландырылады;
әлеуетті өнім берушіде оны ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді ұсынушы деп белгілеген күнінен бастап шарттың талаптарында көзделген төлемақыны алғанға дейін қызметтерді көрсету үшін кепілдік міндеттер мен материалдық ресурстардың бір айлық қоры (дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, тамақ өнімдері) болуын растайтын құжаттар;
осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес кадрлардың біліктілігі туралы мәліметтер (аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда берілген мәліметтер ұсынылмайды);
соңғы үш жылда көрсеткен ТМККК шеңберінде медициналық қызметтердің көлемдері мен түрлері немесе өзге кезеңде (егер ТМККК шеңберінде әлеуетті өнім берушінің медициналық көмек көрсету кезеңі кемінде үш жылды құраса), бейінді төсектердің саны (стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін ұйымдар үшін) диагностика мен емдеудің арнайы әдістерін және күрделі технологияларды талап ететін аурулар болған кезде медициналық қызметтер көрсетуге арналған жабдықтардың бар-жоғы көрсетілген әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер;
сатып алуға қатысуға және әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берішінің бірінші басшысын қоспағанда комиссия отырыстарына қатысуға өтінімдер беруге, қол қоюға әлеуетті өнім берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға сенімхат.
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын әлеуетті өнім беруші оның осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігін растауда Қазақстан Республикасының резиденті сияқты сол құжаттарды, немесе осы талаптарға сәйкестігі туралы ұқсас мәліметтерді ұсынады.
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
9. ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу мынадай реттегі іс-шараларды орындауды көздейді:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес сатып алуды ұйымдастырушы аптасына екі реттен сиретпей шығарылатын, мерзімді баспа басылымдарында жарияланатын және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тиісті аумақтарына және Әкімшінің интернет-ресурсында таратылатын хабарландыруларды беру арқылы қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы әлеуетті өнім берушілерге нысан бойынша хабарлауы;
2) сатып алуды ұйымдастырушының ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу жөніндегі комиссияның құрамын және комиссияның хатшысын белгілеу жасақтауы және бекітуі;
3) ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға қатысуға өтінімді қабылдауы;
4) медициналық қызметтердің әлеуетті өнім берушісіне қойылатын тиісті талаптарға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау үшін қатысуға өтінімдерді комиссияның қарауы;
5) комиссияның ТМККК орналастыруы;
6) шарттар жасасу;
7) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес аптасына екі реттен сиретпей шығарылатын, мерзімді баспа басылымдарында жарияланатын және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тиісті аумақтарына және Әкімшінің интернет-ресурсында таратылатын хабарландыруларды беру арқылы қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы әлеуетті өнім берушілерге нысан бойынша хабарлауы.
10. ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау үшін сатып алуды ұйымдастырушы комиссия құрады және комиссияның хатшысын белгілейді.
Комиссияның құрамына комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері кіреді. Комиссияның жалпы саны тақ саннан тұруы және бес адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия мүшелерінің құрамына қоғамдық ұйымның және тиісінше облыстардың, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері кіреді.
Комиссияның төрағасы болып сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарының деңгейінен төмен емес лауазымды тұлға белгіленуі тиіс.
Комиссия төрағасы:
1) комиссияның жұмысын жоспарлайды және қызметіне басшылық етеді;
2) комиссияның отырыстарына төрағалық етеді;
3) осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
11. Комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 қатысқан жағдайда өткізіледі және комиссияның қатысқан мүшелері, оның төрағасы, орынбасары және комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функциясын төрағаның орынбасары орындайды.
Комиссия қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.
12. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі ол үшін дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы немесе ол болмаған кезде оны алмастыратын тұлға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда осы комиссияның кез келген мүшесі ерекше пікірін білдіруге құқылы, ол жазбаша түрде жазылуы және комиссия отырысының хаттамасына қосылуы тиіс.
13. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін комиссия хатшысы қамтамасыз етеді. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
Комиссияның хатшысы сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты сатып алуды ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларының арасынан белгіленеді.
14. Осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес ТМККК көрсету жөніндегі медициналық қызметтерді сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші осы Ережеде көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызмет көрсетуге әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылатын өтінімді береді.
15. Қатысуға өтінім мөрмен бекітілуі немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы тиіс және әлеуетті өнім беруші медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін, егер ондай бар болса) куәландырылады.
16. Комиссияның отырысы қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күні аяқталған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінімдерді қарайды және әлеуетті өнім берушілерге қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.
17. Қатысуға өтінімдерді комиссия отырысын өткізбей қарауға болмайды.
18. Комиссия:
1) әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысуға өтінімдерінің құрамындағы құжаттар пакетінің толықтығына және тиісінше ресімделуі мәніне қарайды;
2) осы Ережеге 7 және 8-тармақтардың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім берушілерді анықтайды.
Қатысуға өтінімдерде бар мәліметтерді нақтылау мақсатында комиссия жазбаша түрде тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады. Қатысуға өтінімді құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты комиссияның сұраныс жасауына және өзге де әрекеттеріне жол берілмейді;
3) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы хаттамаға қол қояды.
19. Қатысуға өтінімдерді қарау кезінде комиссия хатшысы қатысуға өтінімдегі құжаттар мен материалдардың тізбесі туралы ақпаратты хабарлайды.
Қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері қатысуға өтінімді қарау кезінде қатысуға құқығы бар.
Комиссияның отырысына қатысқан тұлғалар комиссияның қызметіне араласуына құқығы жоқ.
20. Комиссия қатысуға өтінімдерді қарастырады және әлеуетті өнім берушілерге ТМККК орналастыруға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.
21. Қатысуға өтінімді қарау бойынша комиссия отырысының нәтижесі бойынша төраға, ол болмаған жағдайда комиссия төрағасының орынбасары отырысты өткізетін күні комиссия отырысына қатысушы тұлғаларға ТМККК орналастыруға жіберілгендерді хабарлайды.
22. Комиссия өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан бастап үш жұмыс күнінің ішінде ТМККК орналастыру қорытындысы туралы шешім қабылдайды, осы ережеге 6-қосымшаға сәйкес хаттамада түрінде рәсімделеді және қол қояды.
23. Егер өнім беруші жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан толығымен немесе ішінара жалтаратын болса, онымен шарттың сомасының және / немесе медициналық көмектің көлемнің азаюына немесе шартты тиісінше бұзуға жазбаша қосымша келісім жасасады.
Комиссия уәкілетті орган белгіленген тәртіппен ТМККК шеңберінде медициналық көмектің түрлері мен нысандары бойынша өңірлердің бөлігінде мемлекеттік сатып салудың бекітілген жылдық жоспарының шегінде ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу рәсімдерін жүзеге асырмай-ақ, басқа өнім берушілердің арасында медициналық көмектің босаған көлемдерін орналастырады.
4. Шарт жасасу
24. Осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес сатып алуды ұйымдастырушы ТМККК орналастыру комиссиясы қорытынды шығарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілерге қол қойылған сатып алу туралы шартты жібереді. Өнім берушілер тапсырыс берушімен қол қойылған сатып алу туралы шартты алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оған қол қояды.
Егер әлеуетті өнім беруші осы мерзім ішінде шартқа қол қоймаса, ол шартқа қол қоюдан жалтарған деп есептеледі және сатып алуды ұйымдастырушы одан сатып алынатын көлемдерді басқа өнім берушілер арасында бөлуге құқылы.
25. Шарттар бюджеттің атқарылуы бойынша орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімдерінде міндетті тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
26. Сатып алуды ұйымдастырушы төсек қорының мүмкіндігіне және өтінім берілген медициналық қызметтердің көлемдеріне сәйкес ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтердің көлемін олардың арасында бөлетін Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша тізбесі анықталған өнім берушілермен шарттар жасасады.
Өнім берушілермен шарттар тиісті қаржы жылына міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес Әкімшіге бөлінген қаражат шегінде жасалады.
27. Шарт жасалған өнім берушілердің тізімі олар көрсететін медициналық қызметтердің тізбелері көрсетіле отырып, аптасына үш реттен сиретпей шығарылатын және тиісті облыстың аумағында таратылатын мерзімдік баспа басылымдарында, сондай-ақ Тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жарияланады.
Өнім беруші аптасына екі реттен жиі емес шығарылатын және астананың, республикалық маңызы бар қалалардың аумағында, тиісті облыстардың аумақтарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурста таралатын көрсетілетін қызметтердің түрлерін, нысандарын, емдеуде инновациялық технологияларды қолдану, кадр әлеуеті (санаттар бере отырып, маман сертификаттарының болуы туралы, ғылыми дәрежелерінің, атақтарының болуы туралы) көрсете отырып, оларда орналастырылған ТМККК туралы ақпаратты жариялайды.
5. Қорытынды ережелер
28. Көрсетілген қызметке ақы төлеу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ТМККК шеңберінде медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылауды есепке ала отырып, жүзеге асырылады.
29. Шартты орындау үдерісінде туындайтын барлық келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсету
бойынша медициналық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру мен
жүргізу ережесіне
1-қосымша
Кадрлар біліктілігі туралы мәлімет
(аккредиттеу туралы куәлік бар болған жағдайда бұл мәліметтер ұсынылмайды)
_________________________________________________________________
(медициналық ұйымның атауы)
Р/с |
Т.А.Ә. |
Атқаратын лауазымы |
Білімі (диплом №, оқу орнының атауы және бітіру жылы) |
Мамандығы бойынша еңбек өтілі |
Біліктілік санатын алумен (санатсыз) маман сертификаты |
Соңғы 5 жылда біліктілігін арттырғаны туралы құжат |
Ғылыми дәрежесі, атағы туралы құжат (бар болса) |
Бірінші немесе жоғарғы біліктілік санаты туралы сертификат (бар болса) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Басшы ______________
(қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
Кадр бөлімінің бастығы (кадр маманы) ______________
(қолы, Т.А.Ә.)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсету
бойынша медициналық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру мен
жүргізу ережесіне
2-қосымша
нысан
______________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, пошта және электрондық мекенжайы)
_________ жылға республикалық бюджет есебінен қаржыланатын сатып алу туралы хабарлайды (бұдан әрі - қызмет):
медициналық көмектің түрі (-лері) бойынша: _________________________
медициналық көмектің нысаны (-дары) бойынша: _______________________
Қызметтер көрсетілуі тиіс: _________________________________.
(қызмет көрсету орны көрсетіледі)
Сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді әлеуетті өнім беруші
___________________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)
мекен-жайы: ______________ кабинет № ____, сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау және тіркеу үшін жауапты ______________________.
(лауазымы, Т.А.Ә.)
Сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі
«____» ___________________ сағат ______________.
Сатып алуға қатысу үшін өтінімдер сағат___________________
«____» ___________________ жылы, мына мекен-жайда:
__________________________ кабинет № ___ қаралатын болады.
Сатып алуға «____» ____________ 20__ жыл №___ Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесінде көрсетілген медициналық қызметтерді әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптарға сәйкес келетін барлық әлеуетті өнім беруші қабылданады.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мынадай телефон арқылы алуға болады: ___________________________________________.
(қаланың коды және телефон нөмірін көрсету)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсету
бойынша медициналық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру мен
жүргізу ережесіне
3-қосымша
нысан
____________________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
__________ жылға республикалық бюджет қаражатының есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша медициналық қызметтерді көрсетуге мынадай медициналық ұйымдармен шарт жасасады:
____________________________________________________________________
(медициналық ұйымдардың тізімін көрсету)
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мынадай телефон арқылы алуға болады: ___________________________________________.
(қаланың коды және телефон нөмірін көрсету)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсету
бойынша медициналық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру мен
жүргізу ережесіне
4-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға
қатысуға өтінім
Сатып алуды ұйымдастырушыға
______________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы көрсетіледі)
1. Сатып алуға қатысуға ниет білдірген заңды тұлға (бұдан әрі - әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:
1) әлеуетті өнім берушінің заңды, пошталық мекен-жайы мен байланыс телефондары;
2) әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), БИК, ЖСК), сондай-ақ әлеуетті өнім беруші қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы және мекен-жайы;
3) әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысының Т.А.Ә.
2. Мынадай медициналық көмектің көлеміне өтінім беремін _______
медициналық көмектің түрі (-лері) бойынша: _________________________,
медициналық көмектің нысаны (-дары) бойынша: _______________________.
3. ____________________________ (әлеуетті өнім берушінің толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және осы Ережелермен көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызмет көрсетуге келісімін береді.
4. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен Ережеде көзделген әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптардың бұзушылықтары жоқ екенін растайды.
5. Әлеуетті өнім беруші ұсынылған мәліметтердің нақтылығын растайды.
6. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан сәтке дейін сатып алуға қатысуға осы өтінім ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге келісім болып табылады.
Қосымша:
_____________________________________________
(парақтардың санын көрсетумен құжаттың атауы)
______________________________________/______________
(заңды тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысының немесе оның орынбасарының лауазымы, Т.А.Ә. және оның қолы)
Толтырылған күні_________________________
М.О.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсету
бойынша медициналық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру мен
жүргізу ережесіне
5-қосымша
Медициналық қызметтердің әлеуетті өнім берушіге
қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы хаттама
_______________________ «__»___________ 20__ жыл
(Орналасқан жері)
1. Мынадай құрамдағы комиссия:
___________________________________________________________________
(төрағаның, оның орынбасарының, комиссия мүшелерінің Т.А.Ә., лауазымы көрсетіледі)
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға қатысу үшін келесі әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарады:
Әлеуетті өнім берушінің атауы |
Заңды мекенжайы |
Өкілдің Т.А.Ә. жеке куәлігінің №, кім берген, берілген күні |
1 |
2 |
3 |
Өтінімді қарау кезінде әлеуетті өнім берушінің өкілі:
__________________________.
(қатысты/қатыспады)
2. Қатысуға арналған өтінім қаралды және құрамында мынадай
құжаттар бар: ________________________________________________
(парақтар санын көрсетумен өтінімдер бар құжаттарды көрсету)
3. Ашық дауыс беру жолымен қатысу өтінімдерін қарау қорытындылары бойынша комиссия мынадай ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
__________________________________________.
(медициналық ұйымның атауын көрсету)
қойылатын талаптарға сай келеді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін орналастыруға жіберілген.
Бұл шешім үшін дауыс берді:
ИӘ - _________ дауыс;
ЖОҚ- _________ дауыс.
Төрағаның, оның орынбасарының, мүшелерінің және комиссия хатшысының Т.А.Ә., қолдары.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсету
бойынша медициналық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру мен
жүргізу ережесіне
6-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін
орналастыру қорытындылары туралы
хаттама (түзетулер)
_______________________ «__»___________ 20__ жыл
(Орналасқан жері)
1. Мынадай құрамдағы комиссия:
___________________________________________________________________
(төрағаның, оның орынбасарының, комиссия мүшелерінің Т.А.Ә., лауазымы көрсетіледі)
медициналық көмектің ұсынылған көлемін, нысандарын және түрлерін қарады.
2. Бөлінген сома _________________ (_____________) теңге.
3. Ашық дауыс беру жолымен медициналық ұйымдардың өткізу қабілеттілігін есепке ала отырып және талаптарға сәйкестігін анықтау қорытындылары бойынша комиссия мынадай ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
1) тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі төмендегі ұйымдарға орналастырылсын:
Р/с |
Өнім берушінің атауы |
Медициналық көмектің нысаны |
Медициналық көмектің түрі |
Бюджеттік бағдарламаның атауы |
Көлемі |
Қаржыландыру сомасы |
2) тапсырыс беруші __________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері)
«__» ______ ______ жыл жылға дейінгі мерзімде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген өнім берушілермен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсету туралы шартқа отырсын;
3) сатып алуды ұйымдастырушы ________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері)
«__» ______ ______ жылға дейінгі мерзімде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін орналастыру қорытындылары туралы аптасына кемінде екі рет және астана, республикалық маңызы бар, қала аумағында, тиісті облыста шығатын мерзімдік басылымда және
_____________________________ Әкімшінің интернет ресурсына жариялау (Әкімшінің веб-сайтын көрсету)
үшін жарнама мәтінін жолдасын.
Бұл шешім үшін дауыс берді:
ИӘ - ________ дауыс;
ЖОҚ - ________ дауыс.
Төрағаның, оның орынбасарының, мүшелерінің және комиссия хатшысының Т.А.Ә., қолдары.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсету
бойынша медициналық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру мен
жүргізу ережесіне
7-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде
медициналық қызметтерді көрсетуге арналған
үлгі шарт
_______________________ «__»___________ 20__ ж.
(Орналасқан жері)
Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, ______________________________________________,
(Тапсырыс берушінің толық атауы)
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
______________________________________________________________ атынан
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын ______________
____________________________________________________________________,
(меншік нысанына қарамастан, әлеуетті жабдықтаушының толық атауы)
____________________________________________ негізінде әрекет ететін (Жарғылық, Ереженің және т.б.)
_____________________________________________________________ атынан
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан, төмендегілер туралы осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттық нысанасы
1.1. Осы Шарттың 1-қосымшасына сәйкес медициналық көмектің түрлері мен нысандары бойынша Тапсырыс беруші тапсырма береді, ал Өнім беруші тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтер (бұдан әрі - қызметтер) көрсетуге міндеттеме қабылдайды.
1.2. Шарттың сомасы __________ жылға __________ теңгені құрайды.
1.3. Осы Шарттың 2.5. және 4.2-тармақтарына сәйкес Шарт сомасы түзетуге жатады.
2. Есеп айырысу тәртібі
2.1. Тапсырыс беруші Өнім берушіге іс жүзінде көрсетілген медициналық көмекке бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражат шегінде ақы төлейді.
2.2. Тапсырыс беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша өнім берушіге ақы төлеуді жүзеге асырады.
3.2. Ақы төлеу ай сайын, орындалған жұмыстар актісіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің (бұдан әрі - ҚР ДСМ МФҚБК) аумақтық бөлімшелері және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің (бұдан әрі - ҚР ДСМ МҚАТК) аумақтық бөлімшелері жүргізген көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.
2.4. Осы Шарттың 2-қосымшасына сәйкес Өнім беруші ұсынылған өтінімі негізінде, осы Шарттың 3 және/немесе 4-қосымшаға (-ларына) сәйкес, жыл бөлінісінде (ай сайын) тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде медициналық көмекті көрсетудің жоспарланатын көлемдері мен мерзімдерін көрсетіп, Шарттың жалпы сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде аванс беруге рұқсат етіледі.
2.5. Шарт төлемі іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің көрсетілген көлемін және медициналық көмекті өткізу кезінде сапасы мен көлемін бақылау қорытындыларын есепке алумен түзетуге жатады (төмендету/жоғарлату).
2.6. Сапаны бақылауды жүргізуге байланысты Осы Шарттың қолданысы кезінде ақы төлеуге ұсынылмаған, сондай-ақ Осы Шарт қолданылатын жылдың 1 желтоқсанынан бастап шот-тіркелімге енгізілмеген осы Шартқа сәйкес осы Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталу күніне дейін ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету жағдайына ақы төлеу осы Шарттың қолданылу жылынан кейінгі жылы жүргізіледі.
3. Тараптардың міндеттері
3.1. Өнім беруші:
Қазақстан Республикасы азаматтарына және оралмандарға ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетуге;
Осы Шарттың 3-қосымшасында көрсетілген жыл кескінінде (ай сайын) ТМКК шеңберінде медициналық қызметтерді көрсету тәртібіне және мерзіміне сәйкес қызмет көрсетуге;
ТМККК көрсету шарттары, көлемі және тізбесі туралы ақпаратты азаматтарға ұсынуға;
Тапсырыс берушіге уәкілетті орган бекіткен тәртіпте және мерзімде шот-реестрларды ұсынуға;
Тапсырыс берушіге осы Шарттық орындалуын тексеру жүргізу үшін қажетті барлық медициналық және қаржылық құжаттарды ұсынуға;
іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлеміне бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттаманы ҚР ДСМ МФҚБК және ҚР ДСМ МҚАТК ұсынуға;
бірігу, қосылу, бөлу немесе қайта құрылу, атауды өзгерту, сонымен қатар қызмет түрін және/немесе қызмет тармағын, төсек-орын қорын өзгерту, соның ішінде оны қысқарту және/немесе қайта бейімдеу кезінде Тапсырыс берушіге өзгерткеннен кейін үш күн ішінде аталған мәліметтерді растайтын қажетті құжаттарды қоса ұсынып, ақпаратты жолдауға;
сұраныс бойынша осы Шарттың шеңберінде жасалған үшінші жақтың барлық шарттарының көшірмелерін Тапсырыс берушіге ұсынуға;
өтініш берілген бағыттар мен мерзімдерге қатаң сәйкес аванстау қаражатын жұмсауды жүзеге асыруға;
лизинг шарттарымен олардың мақсатына сәйкес медициналық техниканы алуға бағытталған қаражатты жұмсауды жүзеге асыруға;
медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға арналған қаражатты олардың мақсатына сәйкес жұмсауды жүзеге асыруға;
денсаулық сақтау саласында уәкілетті орган бекіткен тәртіпте және мерзімде жекешелендірілген мәлімет базаларын құрастыруды қамтамасыз етуге;
бағдарламалық кешеннің жаңа нұсқаларын уақытында орнатуға (24 сағат ішінде) және енгізуді қамтамасыз етуге;
бағдарламалық кешенге төсек-орын қорын қысқарту және/немесе қайта бейімдеу бойынша барлық өзгертулерді енгізуге;
міндетті орындауға мүмкін еместігіне байланысты барлық жағдайлар мен олардың себептері туралы, соның ішінде Шарт сомасын түзетуді қажет ететін жағдайлар туралы жазбаша түрде Тапсырыс берушіге шұғыл түрде хабарлауға міндетті.
3.2. Тапсырыс беруші:
көрсетілген медициналық көмек үшін Әлеуетті жабдықтаушы шығындарын өтеуді уақтылы жүргізуге;
Өнім берушіні осы Шарттың шеңберінде оның жұмысын регламенттейтін қажетті нормативтік құжаттармен қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасында ТМККК көрсету мәселелері жөнінде халықты ақпараттандыруға бағытталған қажетті ұйымдастыру іс-шараларын өткізуге міндетті.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Өнім беруші:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халыққа ТМККК көрсету бойынша жіберілген бұзушылық (медициналық қызметтер көлемі мен сапасының тиісінше көрсетілмеуі, ТМККК жататын қызметтер үшін Қазақстан Республикасы азаматтарынан және оралмандардан ақы алу, медициналық көмектің тиісті емес көлемін және сапасын көрсету) үшін;
заңнамада белгіленген тәртіппен Тапсырыс берушіден алынған қаражаттың мақсатты және уақтылы пайдаланбағаны үшін;
осы Шарттың 3.1. тармағын бұзғаны үшін;
жекешелендірілген мәлімет базаларына статистикалық картаның мәліметтерін сапасыз енгізгені үшін жауапты болады.
4.2. Емдеу жағдайының негізсіз қымбаттауына (көрсетілмеген/көрсетілген медициналық қызметтер және дәрі-дәрмектерді ұсынбау) және/немесе емдеу жағдайлары санының құқықсыз ұлғаюына (медициналық көмек көрсетілмеген/көрсетілген) әкелген медициналық құжаттаманың мәліметтерін бұрмалау фактісін Тапсырыс беруші анықтаған жағдайда, негізсіз ақшалай баюдың әрбір анықталған фактісі үшін төленуге ұсынылған төлем көлеміндегі сома ұсталынып қалады және/немесе алынады.
4.3. Өнім беруші міндеттерін толықтай, бөліп үшінші жаққа тапсыру оны Шарт бойынша жауапкершіліктен босатпайды.
4.4. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс жүзінде көрсеткен медициналық көмек көлемдері үшін шығындарын өтеуге Әлеуетті жабдықтаушы ақша қаражатын уақтылы аударуға жауапты болады.
4.5. Өнім беруші тарапынан Медициналық көмек көрсету жөніндегі шарт талаптарын бұзу оған мынадай санкциялар салынуына әкелуі мүмкін: Шартты бұзу немесе Шарт сомасының ____________ мөлшерінде тұрақсыздық төлемін төлеу.
5. Шартты өзгерту немесе бұзу
5.1. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы Тараптар Шартты тоқтатудың болжанатын күніне дейін кемінде 30 (отыз) күн бұрын бірін-бірі хабардар етуге міндетті.
5.2. Шарт талаптарының бұзылғаны үшін Тапсырыс беруші міндеттемелерді орындамағаны туралы өнім берушіге жазбаша ескерту хат жолдай отырып, осы Шартты бір жақты тәртіппен бұза алады.
6. Форс-мажор
6.1. Форс-мажор жағдайларына Өнім беруші тарапынан бақылауға бой бермейтін, оның қателігіне немесе ұқыпсыздығына қатысы жоқ және тосын сипатқа ие оқиғалар жатады. Мұндай оқиғаларға табиғи және/немесе техногенді сипаттағы апаттық жағдайлар немесе апаттық жағдайларды болдырмау бойынша әрекеттер кіреді, бірақ осындай құбылыстармен шектелмейді.
6.2. Форс-мажорлық жағдайларға:
1) Өнім берушінің қасақана және абайсыз әрекеттері туғызған жағдайлар;
2) осы Шарт бойынша өз міндеттерін адал атқаратын Өнім беруші алдын ала болжай алатын және шеше алатын жағдайлар;
3) осы Шарттың міндеттерін орындамағанына және/немесе тиісінше емес орындамағанына байланысты Өнім берушіде ақша қаражатының болмауы немесе Тапсырыс берушінің төлемақыны жүзеге асырмауы жатпайды.
6.3. Форс-мажорлық жағдайлар туындағанн кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар және олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жіберуі тиіс.
Форс-мажордың дәлелі ретінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органының форс-мажордың туындағанын растайтын ресми құжаттары болады.
6.4. Уақытында хабарламау немесе мүлде хабарламау Өнім берушіні міндеттерді орындау бойынша жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда аталған жағдайларға сүйену құқығынан айырады.
6.5. Форс-мажор аяқталғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде, Өнім беруші Тапсырыс берушіге форс-мажордың аяқталғаны туралы жазбаша хабарлайды және осы Шарт бойынша өз міндеттерін жүзеге асыруды қайтадан бастайды.
7. Қорытынды ережелер
7.1. Өнім беруші екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.
7.2. Осы Шарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалды, бір данасы Тапсырыс берушіде, екіншісі Өнім берушіде болады.
Шарт мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жасалады. Тараптар бір-бірімен алмасатын Шартқа қатысты барлық хат алмасу және басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес болуы тиіс.
7.2.1. Бір тарап екінші тарапқа жолдайтын әрбір хабарлама Шартқа сәйкес хат, кейін түпнұсқасы ұсынылатын, телеграмма, телекс немесе факс түрінде жолданады.
7.3. Осы Шарт бюджеттің атқарылуы бойынша орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімінде міндетті тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы ______________ дейін қолданылады.
Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Бюджеттің атқарылуы бойынша орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімінде тіркелу күні:
___________________
Осы Медициналық қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шарт Тапсырыс беруші ТМККК көрсетуге медициналық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын ТМККК шеңберінде құқықтық қатынастарды реттейді. Тапсырыс беруші осы Шартты қолданып, ТМККК орналастыру қорытындыларының негізінде ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған өзінің шарт жобасын әзірлеуі тиіс. Сонымен қатар осы Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына, Өнім беруші қызметтерін сатып алуға қатысу өтініміне және ТМККК орналастырудың қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі шеңберінде
медициналық қызметтерді көрсетуге
арналған үлгі шартқа
1-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде
медициналық қызметтерді көрсету көлемдері, түрлері мен
нысандары
Р/с |
Медициналық көмектің түрі және нысаны |
Медициналық көмек көрсету жағдайларының жоспарланған мөлшері |
Қаржыландыру сомасы |
Бюджеттік қаржыландыру бағдарламасының атауы және нөмірі |
МҚАК АД басшысы, аты-жөні, қолы, Лауазымы, заңды тұлға - жеткізушінің
мөр бірінші басшысының немесе оның
орынбасарының аты-жөні және қолы,
мөр
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі шеңберінде
медициналық қызметтерді көрсетуге
арналған үлгі шартқа
2-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде
медициналық қызметтерді көрсетуге Шарт бойынша аванс беруге
арналған өтінім 20__ жылғы «___» ____________ № ___
Тапсырыс берушіге ____________________________________________
______________________________________________________________
(жеткізушінің толық атауы көрсетіледі)
1.________________________________ (Заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы өтінімде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге Шарттың жалпы сомасынан _______ пайыз мөлшерінде 20__ жылғы «___» ____________ № ________________ теңгеде (аванс сомасын көрсету) аванс төлеуді сұрайды.
2. Жеткізуші осы өтінімде атқарылған жұмыстар актісі бойынша төлемге тиісті сомалардан ақпаннан қазан айын қоса алғанда ай сайын тең үлестермен өтелген авансты ұстап қалуына келісім білдіреді және осы өтінімде көрсетілген жоспарланған аванс сомаларын бөлуге сәйкес авансты жұмсауды растайды
Р/с |
Шығыстар атауы |
Сома |
|
1. |
Медициналық қызметкерлердің еңбек ақысы |
||
2. |
Азық-түліктерді сатып алу |
||
3. |
Дәрі-дәрмектерді сатып алу |
||
4. |
Коммуналдық шығыстар |
||
5. |
Басқа шығыстар |
3. Осы өтінім 20__ жылғы «___» __________ № _____ Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың әрекет ету мерзімінің өтуіне дейін әрекет етеді.
_________________________________________ /__________________/
(Лауазымы, заңды тұлға - жеткізушінің бірінші басшысының немесе оның орынбасарының аты-жөні және қолы)
Толтырылған күні ________________
М.О.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі шеңберінде
медициналық қызметтерді көрсетуге
арналған үлгі шартқа
3-қосымша
ТМККК шеңберінде жыл бөлінісінде (айлық) стационарлық және
стационарды алмастыратын көмек көрсету көлемі және мерзімдері
Бюджеттік
бағдарлама: ________
нөмірі
Контрагент
атауы: _________________________________
Медициналық ұйым атауы
Шарт
деректемелері: №___ ___ жылғы «__» _____
|
Соның ішінде: |
Стационарлық көмек |
|
Стационарды алмастыратын көмек |
|
Бір жылда бөлу, Шарт бойынша барлығы:
№ |
Атауы |
2010 жыл |
Қаңтар |
Ақпан |
Наурыз |
Сәуір |
Мамыр |
Маусым |
Шілде |
Тамыз |
Қыркүйек |
Қазан |
Қараша |
Желтоқсан |
1 |
Медициналық көмек көлемі(оқиғалар) |
|||||||||||||
2 |
Сома (теңге), барлығы |
|||||||||||||
Соның ішінде: |
||||||||||||||
Алдыңғы ақы (теңге), ең басты |
||||||||||||||
Алдыңғы ақы (теңге), қосымша |
||||||||||||||
Ағымдағы төлемдер (теңге) |
Соның ішінде: Бір жылда стационарлық көмек бойынша бөлу:
№ |
Атауы |
2010 жыл |
Қаңтар |
Ақпан |
Наурыз |
Сәуір |
Мамыр |
Маусым |
Шілде |
Тамыз |
Қыркүйек |
Қазан |
Қараша |
Желтоқсан |
1 |
Медициналық көмек көлемі (оқиғалар) |
|||||||||||||
2 |
Сома (теңге), барлығы |
|||||||||||||
Соның ішінде: |
||||||||||||||
Алдыңғы ақы (теңге), ең басты |
||||||||||||||
Алдыңғы ақы (теңге), қосымша |
||||||||||||||
Ағымдағы төлемдер (теңге) |
Бір жылда стационарды алмастыратын көмек бойынша бөлу:
№ |
Атауы |
2010 жыл |
Қаңтар |
Ақпан |
Наурыз |
Сәуір |
Мамыр |
Маусым |
Шілде |
Тамыз |
Қыркүйек |
Қазан |
Қараша |
Желтоқсан |
1 |
Медициналық көмек көлемі (оқиғалар) |
|||||||||||||
2 |
Сома (теңге), барлығы |
|||||||||||||
Соның ішінде: |
||||||||||||||
Алдыңғы ақы (теңге), ең басты |
||||||||||||||
Алдыңғы ақы (теңге), қосымша |
||||||||||||||
Ағымдағы төлемдер (теңге) |
Тапсырыс беруші Орындаушы
ММ «МҚАТК ______ қаласы/облысы _________________________
бойынша департаменті»
Директор __________/______ Директор __________/______
(қолы) (Т.А.Ә.) (қолы) (Т.А.Ә.)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі шеңберінде
медициналық қызметтерді көрсетуге
арналған үлгі шартқа
4-қосымша
ТМКК шеңберінде жыл бөлінісінде (айлық) диагностикалық
қызметтерді көрсету көлемі және мерзімдері
Бюджеттік
бағдарлама: ________
нөмірі
Контрагент
атауы: _________________________________
Медициналық ұйым атауы
Шарт
деректемелері: №___ ___ жылғы «__» _____
Жылға арналған диагностикалық қызметтердің (сан) көлемі |
|
Жылға сома (теңге) |
Бір жылда бөлу, Шарт бойынша барлығы:
№ |
Атауы |
2011 жыл |
Қаңтар |
Ақпан |
Наурыз |
Сәуір |
Мамыр |
Маусым |
Шілде |
Тамыз |
Қыркүйек |
Қазан |
Қараша |
Желтоқсан |
1 |
Диагностикалық қызметтердің көлемі (сан) |
|||||||||||||
2 |
Сома (теңге), барлығы |
|||||||||||||
Соның ішінде: |
||||||||||||||
Алдыңғы ақы (теңге), ең басты |
||||||||||||||
Алдыңғы ақы (теңге), қосымша |
||||||||||||||
Ағымдағы төлемдер (теңге) |
Тапсырыс беруші Орындаушы
ММ «ҚР ДСМ МҚАТК ______ қаласы/облысы ___________________
бойынша департаменті»
Директор __________/______ Директор __________/______
(қолы) (Т.А.Ә.) (қолы) (Т.А.Ә.)