Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1126 қаулысымен
бекітілген
«Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, министрліктер үйі, 12-кіреберіс, 340-кабинет мекенжайы бойынша және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 21-бабы, «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) уәкілетті органның www.kazcosmos.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызмет» айдарында;
2) порталда орналастырылады.
Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты порталдың call-орталығының телефоны (1414) арқылы алады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметін жүзеге асыруға www.elicense.kz порталында лицензия, қайта ресімделген, лицензияның телнұсқаларын беру уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы электрондық цифрлық қолтаңба қойған электрондық құжат нысанында немесе мемлекеттік қызмет ұсынғанда электрондық құжат нысанында дәлелді бас тарту жауабы болып табылады.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген кезде телнұсқа беріледі.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергенде, дара кәсіпкерді қайта тіркегенде, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде, заңды тұлғаның бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде, заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде, қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгергенде, енгізілген өзгерістері ескерілген қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беріледі.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы).
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) Уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
а) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде;
б) мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы электрондық сұрау бергеннен тіркеу сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде.
2) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 15 минуттан көп емес;
3) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 15 минуттан көп емес.
4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру – өтініш берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде.
5) оны қайта ресімдеген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодекс) сәйкес:
1) лицензияны бергені үшін – 186 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2) лицензияның телнұсқасын бергені үшін – лицензия беру кезіндегі ставканың 100%-ын;
3) лицензияларды қайта ресімдегені үшін – лицензия беру кезіндегі ставканың 10%-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен артық емес.
Лицензиялық алым Қазақстан Республикасының банктiк ұйымдары арқылы төленедi, олар төлемнiң көлемi мен күнiн растайтын түбiртек бередi.
Портал арқылы ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияның телнұсқаларын беру, қайта ресімдеу, лицензия алуға электрондық сұрау берген кезде, төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы жүзеге асырылады.
9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: күн сайын «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген демалыс және мерекелік күндерінен басқа күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Порталдың жұмыс істеу кестесі - тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет:
1) уәкілетті органның ғимаратында. Ғимарат режимі: ғимаратқа кіру жеке кіретін есігі бар рұқсаттама бюросы беретін біржолғы рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады. Біржолғы рұқсат қағазы тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғаның телефонмен берген өтінімі бойынша ресімделеді.
Құқықтық тәртіпті сақтау үшін ғимаратта тәуліктік күзет бекеті, өртке қарсы дабыл және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіс есігі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
2) мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетінде» порталда көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) уәкілетті органның www.kazcosmos.kz интернет-ресурсында көрсетілген «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысымен бекітілген, белгіленген үлгідегі өтінішті;
2) заңды тұлға үшін – жарғының және мемлекеттік қызмет алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариат растаған) көшірмелерін;
3) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) дара кәсіпкер үшін – мемлекеттік қызмет алушының дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариат растаған) көшірмесін;
5) мемлекеттік қызмет алушының салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариат растаған) көшірмесін;
6) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариат растаған) көшірмесін;
7) дара кәсіпкер ретінде ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін - біліктілігіне сәйкес кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімінің болуы – диплом және еңбек кітапшасының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариат растаған) көшірмелері;
ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға үшін:
жоғары білімімен және басшы лауазымда кемінде үш жыл жұмыс өтілімен ұйым басшысында – дипломдар, сертификаттар, аттестаттар мен еңбек кітапшасы немесе шарттар (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариат растаған) көшірмелері;
штатта біліктілігіне сәйкес кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуы – дипломдар, бірінші басшымен бекітілген штаттық кесте және еңбек кітапшасының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариат растаған) көшірмелері;
меншік құқығында немесе өзге де заттық құқықта техникалық-өндірістік базаның (үй-жайлардың, арнайы зертханалық, стендтік, өндірістік, технологиялық, сынақтық және өлшегіш жабдықтың, бақылау-тексеру аппаратурасының) – сатып алу немесе бөлмені жалға алу шарттар, аккредиттау туралы аттестаттар, төлқұжаттар, салыстырып тексеру (калибрлеу) туралы сертификаттар (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариат растаған) көшірмелері;
жобаның мақсаты, өндіріс өрістейтін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық процестің сипаты көрсетілген техникалық жобаның болуы – техникалық жобаның түпнұсқасы бар екенін растайтын мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
Лицензия жоғалған, бүлінген кезде мемлекеттік қызмет алушы лицензияның телнұсқаларын алады. Жоғалған, бүлінген лицензия бланкілері уәкілетті органға мемлекеттік қызмет алушы жазбаша өтініш берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Мемлекеттік қызмет алушы қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжаттарды және лицензия көшiрмелерiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
11-1. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың телнұсқасын алу үшін мемлекеттік қызмет алушы уәкілетті органға осы стандарттың 11-тармағының 1-тармақшасына сәйкес өтінішті және ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды бюджетке төленгені туралы мәліметтерді ұсынады.
11-2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін мемлекеттік қызмет алушы уәкілетті органға 5-тармақтың үшінші азат жолында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса беріп осы стандарттың 11-тармағының 1-тармақшасына сәйкес өтінішті ұсынады.
11-3. Мемлекеттік қызметті порталда алу үшін мемлекеттік қызмет алушы ұсынады:
1) мемлекеттік қызмет алушының электронды цифрлік қолтаңбасымен қол қойылған электронды құжат нысанындағы сұранысты;
2) мемлекеттік қызмет алушының салық органында есепке тұрғаны туралы куәлікті (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариат растаған) – сканерден өткізілген көшірмелер түрінде электронды сұрауға қоса бекітіледі;
3) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды – сканерден өткізілген көшірмелер түрінде электронды құжатқа қоса бекітіледі;
4) заңды тұлға жарғысы – сканерден өткізілген көшірмелер түрінде электронды құжатқа қоса бекітіледі.
Құжаттар деректері:
1) жеке тұлға үшін – мемлекеттік қызмет алушының тұлғасын куәландыратын;
2) заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;
3) дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;
4) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алым бюджетке төленгені туралы мәліметтер.
Уәкілетті орган электрондық сандық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен дербес мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді алады.
11-4. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны порталда қайта ресімдеу үшін мемлекеттік қызмет алушы:
1) мемлекеттік қызмет алушының электронды цифрлік қолтаңбасымен қол қойылған электронды құжат нысанындағы сұратуды;
2) қайта ресімдеу кезінде ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметпен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлегені туралы мәліметті;
3) электрондық сұрауға (болған жағдайда) сканерден өткізілген түрінде бекітілетін лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалардың көшірмелерін ұсынады.
Уәкілетті орган электрондық сандық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен дербес мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді алады.
11-5. Мемлекеттік қызмет алушы порталда лицензияның телнұсқасын алу үшін мемлекеттік қызмет алушы:
1) мемлекеттік қызмет алушының электронды цифрлік қолтаңбасымен қол қойылған электронды құжат нысанындағы сұранысты;
2) лицензияның телнұсқасын алу кезінде ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметпен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлегені туралы мәліметті ұсынады.
Уәкілетті орган электрондық сандық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен дербес мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді алады.
12. Өтініштің үлгісі www.egov.kz электрондық үкімет порталында, сондай-ақ уәкілетті органның «www.kazcosmos.kz» интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызмет» рубрикасында орналасқан.
13. 11-тармақта аталған құжаттар уәкілетті органда Астана қ., Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 12 кіреберіс, 349-кабинет, пошталық индекс – 010000 мекенжайы бойынша қабылданады.
Порталға кіру кезінде мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетінен» электронды сұрауды жіберу арқылы жүзеге асырылады. Сұрау автоматты түрде уәкілетті органға жолданады.
14. Мемлекеттік қызмет алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызмет алушыға:
1) уәкілетті органға барған кезде құжаттар қабылдаған уәкілетті органның кеңсе қызметкерінің тегі мен аты-жөні, күні және уақыты көрсетілген, тізімдеменің көшірмесін;
2) порталға кіру кезінде мемлекеттік қызмет алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» өтінішті жолдағаны туралы хабарлама (сұраудың нөмірі) беріледі.
Өтінішке нөмір қойған және жіберген сәтінен бастап екі күннен кешіктірмей, уәкілетті орган өтінішті тіркейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет алушыға «жеке кабинетіне», сондай-ақ порталда тіркелу кезінде көрсетілген электрондық мекенжайына қабылдау күні көрсетілген уәкілетті орган өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама жолданады.
15. Уәкілетті органда дайын құжаттарды ұсыну мемлекеттік қызмет алушының жеке өзі немесе тиісті түрде ресімделген, сенімхат ұсынған кезде оның уәкілетті өкіліне тапсыру жолымен жүзеге асырылады.
Порталға кіру кезінде қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға порталдағы «жеке кабинетке» жолданады.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату үшін негіздер ұсынылған құжаттар толық емес және тиісті түрде ресімделмеген фактілерді белгілеу болып табылады.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық емес факті белгіленген жағдайда уәкілетті орган аталған мерзімде бұдан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай негіздер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салғанда;
2) мемлекеттік қызмет алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
3) мемлекеттік қызмет алушыға қатысты жеке қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда;
4) сот орындаушысы ұсынысы негізінде сотпен лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға тыйым салғанда бас тартылады.
Егер уәкілетті орган аталған мерзімде мемлекеттік қызмет алушыға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермесе, не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелді бас тарту ұсынбаса, онда олардың лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру мерзімі өткен күннен бастап берілген болып саналады.
Уәкілетті орган лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру мерзімі өткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызмет алушыға тиісті лицензия және (немесе) лицензияға қосымша береді.
Уәкілетті органмен лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілмеген жағдайда бес жұмыс күні өткен соң лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алынған болып есептелінеді, ал лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның өзін алғанша лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырудың заңдылығын растайтын құжат уәкілетті орган құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылған тізімдеменің көшірмесі болып табылады.
Өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсету үшін белгіленген мерзімде (лицензиялар үшін – «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес), не ұсынған құжаттар толық болмаған жағдайда – екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыға беріледі.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті орган өз қызметін:
1) сыпайылық;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы жеткілікті ақпарат беру;
3) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік қызмет алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттары арқылы жүзеге асырады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшейді.
19. Ол бойынша уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы көрсеткіші жыл сайын уәкілетті органның тиісті бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауға көмектесуді уәкілетті органның кеңсе қызметкерлері жүзеге асырады, электрондық поштаның мекенжайы: info@kazcosmos.kz.
Порталға мемлекеттік қызметті алушы кірген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталықтың (1414) ақпараттық-анықтамалық қызмет телефоны арқылы алады.
21. Осы мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыруға жауапты уәкілетті орган болып табылады. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, 711- кабинетке уәкілетті орган басшысының атына, info@kazcosmos.kz электрондық пошта мекенжайына немесе уәкілетті органның кеңсесіне жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жазбаша түрде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде шағымданады.
22. Мемлекеттік қызметті тікелей уәкілетті орган көрсетеді. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жазбаша түрде беріледі және құзыретіне шағымда көрсетілген мәселелерді шешу кіретін уәкілетті орган басшысының атына жіберіледі, электрондық пошта мекенжайы: info@kazcosmos.kz, демалыс күндері – сенбі, жексенбі және мерекелік күндер.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымданады.
24. Жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлға үшін - атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетілетін ерікті нысанда шағым беріледі.
Шағым мемлекеттік қызмет алушының қолы қойылған немесе оның электрондық цифрлы қолтаңбасымен расталған болады.
Шағым беру барысында, кімнің әрекеттеріне шағымданады, соның лауазымы, тегі және аты-жөні, шағымның себептері мен талаптары көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым өтініштер мен шағымдарды тіркеу кітабына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде қаралады. Тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпарат 720-кабинетте лицензия беруге жауапты, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысынан алынады. Шағым және өтініштерді қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызмет алушыға жазбаша түрде хабарланады.
Порталға кіру кезінде «жеке кабинеттен» мемлекеттік қызмет алушыға портал арқылы электрондық шағымды жолдағаннан кейін мемлекеттік органда (жеткені, тіркелгені, орындалғаны, қаралғаны туралы жауап немесе қараудан бас тарту белгісі) өтінішті пысықтау барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қол жетімді.
Мемлекеттік органнан жауап «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады.
26. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты уәкілетті органның www.kazcosmos.kz. интернет-ресурсынан алады. Сенім телефоны: 8 (7172) 74 22 61.
«Ғарыш кеңістігін пайдалану
саласындағы қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына
қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі) |
100% |
||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызметті ұсыну процесінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) |
100% |
||
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) |
100% |
||
3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі) |
100% |
||
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) |
100% |
||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) |
100% |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1126 қаулысымен
бекітілген
«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды тіркеу» мемлекеттік
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды тіркеу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, министрліктер үйі, 12-кіреберіс, 340-кабинет мекенжайы бойынша көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 11-бабы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат уәкілетті органның «www. kazcosmos.kz» интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызмет» айдарында орналасқан.
Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты уәкілетті органның 8 (717 2) 74-25-82 телефоны бойынша алады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері ғарыш объектілері және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру (бұдан әрі – Куәлік) не куәлік беруден жазбаша түрде бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Куәлік белгіленген нысанда қағаз тасығышта беріледі.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда уәкілетті орган ғарыш объектісі мүддесі үшін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын тұлғаның, не оның уәкілетті өкілінің өтініші бойынша мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.
Ғарыш объектісіне ауыртпалық тіркелгенін растайтын нәтиже немесе құқықтарға ауыртпалықты мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы құжат осы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес ғарыш объектілерінің тіркелімінен үзінді беру болып табылады.
Ғарыш объектілерінің тіркелімінен ғарыш объектісін шығару фактін растайтын нәтиже ғарыш объектілерінің тіркелімінен үзінді болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы).
7. Уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде;
2) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 15 минуттан көп емес;
3) мемлекеттік қызметті алушыға өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 15 минуттан көп емес;
4) ғарыш объектілері және оларға құқықтар мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің телнұсқасын беру уәкілетті органға өтініш түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде;
5) құқықтарға ауыртпалықты мемлекеттік тіркеу уәкілетті органға тиісті құжат түскен сәттен бірден жүргізіледі;
6) ғарыш объектілерінің тіркелімінен ғарыш объектісін алып тастау өтініш түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін тіркеу алымы төленеді, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодекс) сәйкес:
1) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін – 14 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК), республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы АЕК мөлшері негізге алына отырып;
2) ғарыш объектілерінің және оларға құқықтардың мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін – 3,5 АЕК құрайды.
Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуге алым Қазақстан Республикасының банктiк ұйымдары арқылы төленедi, олар төлемнiң көлемi мен күнiн растайтын түбiртек бередi.
9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: күн сайын «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген демалыс және мерекелік күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жедел қызмет көрсету көзделмеген.
10. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі. Ғимарат режимі: ғимаратқа кіру жеке кіретін есігі бар рұқсаттама бюросы беретін біржолғы рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады. Біржолғы рұқсат қағазы тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғаның телефонмен берген өтінімі бойынша ресімделеді.
Құқықтық тәртіпті сақтау үшін ғимаратта тәуліктік күзет бекеті, өртке қарсы дабыл және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіс есігі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі өтінішті;
2) ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариат растаған) көшірмесін;
3) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариат растаған) көшірмесін;
4) ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжатты (түбіртек немесе төлем тапсырмасы);
11-1. Мемлекеттік қызметтің телнұсқасын алу үшін мемлекеттік қызмет алушы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;
2) ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариат растаған) көшірмесін;
3) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариат растаған) көшірмесін;
4) ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжатты;
5) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің жоғалғанын растайтын құжатты.
11-2. Ғарыш объектісінің құқығына ауыртпалықты тіркеу үшін мемлекеттік қызмет алушы ерікті түрде өтініш және оған ғарыш объектісінің құқығына ауыртпалықтан тұратын құжаттың (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариат растаған) көшірмесін қоса береді.
11-3. Ғарыш объектілерінің тіркелімінен ғарыш объектісін алып тастау үшін ғарыш объектісі мүддесі үшін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын тұлға, не оның уәкілетті өкілі уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;
2) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
3) ғарыш объектісінің иеліктен шығарылған немесе кәдеге жаратқан (жойылған) фактісін растайтын тиісті құжаттардың көшірмелерін.
12. Өтініштің үлгісін алу үшін Астана қ., Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс, 340-кабинет мекенжайы бойынша хабарласу қажет немесе уәкілетті органның «www.kazcosmos.kz» интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызметтер» рубрикасынан алу керек.
13. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажет құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне Астана қ., Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, министрліктер үйі, 12-кіреберіс, 349-кабинет, пошталық индекс - 010000 мекенжайы бойынша тапсырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырғанда мемлекеттік қызмет алушыға тізімдеменің көшірмесі беріледі, мұнда құжатты қабылдаған уәкілетті органның кеңсе қызметкерінің күні мен уақыты, тегі мен аты-жөні көрсетіледі.
15. Уәкілетті органда дайын құжаттарды беру тікелей мемлекеттік қызмет алушының жеке өзі немесе тиісті түрде ресімделген, сенімхат ұсынған кезде оның уәкілетті өкіліне уәкілетті орган бөлімшесінің жауапты орындаушысына тапсыру жолымен жүзеге асырылады.
16. Мемлекеттік тіркеу үшін қажет құжаттардың толық емес пакетін ұсынған кезде, мемлекеттік қызмет алушыға олар түскен күнінен үш жұмыс күнінен кешіктірілмеген мерзімде мемлекеттік тіркеуден жазбаша дәлелді түрде бас тарту туралы жауап беріледі. Мемлекеттік қызмет алушы құжаттарды қолма-қол тапсырған кезде мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап мемлекеттік қызмет алушыға бірден беріледі.
Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды тіркеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды мемлекеттік қызмет алушының ұсынуы;
2) ғарыш объектісіне билік етуді шектейтін немесе жоятын, ғарыш объектісіне құқықтар ауыртпалығының болуы;
3) ғарыш объектісіне билік ету құқығын шектейтін немесе жоятын, заңды күшіне енген сот шешімі.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті орган өз қызметін:
1) сыпайылық;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы жеткілікті ақпарат беру;
3) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік қызмет алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Ол бойынша уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы көрсеткішін жыл сайын уәкілетті органның тиісті бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағым дайындауға көмектесу уәкілетті органның кеңсе қызметкерлерімен жүзеге асырылады, электрондық поштаның мекенжайы info@kazcosmos.kz.
21. Осы мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыруға жауапты уәкілетті орган болып табылады. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, 711-кабинетке уәкілетті орган басшысының атына, info@kazcosmos.kz электрондық пошта мекенжайына немесе уәкілетті органның кеңсесіне жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жазбаша түрде орыс және (немесе) мемлекеттік тілдерінде шағымданады.
22. Мемлекеттік қызметті тікелей уәкілетті орган көрсетеді. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жазбаша түрде беріледі және құзыретіне шағымда көрсетілген мәселелерді шешу кіретін уәкілетті орган басшысы атына бағытталады, электрондық пошта мекенжайы: info@kazcosmos.kz, демалыс күндері – енбі, жексенбі және мерекелік күндер.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымданады.
24. Жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлға үшін - атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетілетін ерікті нысанда шағым беріледі.
Шағымда мемлекеттік қызмет алушының қолы қойылады.
Шағым беру барысында, кімнің әрекеттеріне шағымданады, соның лауазымы, тегі және аты-жөні, шағымның себептері мен талаптары көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым өтініштер мен шағымдарды тіркеу кітабына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде қаралады. Тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты 720-кабинетте ғарыш объектілері және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беруге жауапты, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысынан алады. Шағым және өтініштерді қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызмет алушыға жазбаша түрде хабарланады.
26. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты уәкілетті органның www.kazcosmos.kz. интернет-ресурсынан алады. Сенім телефоны: 8 (7172) 74 22 61.
«Ғарыш объектілері және оларға
құқықтарды тіркеу» мемлекеттік
қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі
Ғарыш объектілерінің тіркелімінен үзінді
(Ғарыш объектісіне тіркелген ауыртпалықтар туралы анықтама)
№ _________ «___» __________ ___ ж.
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi және ЖСН
(болған жағдайда);
_____________________________________________________________ берiлдi
заңды тұлғаның атауы және БСН (болған жағдайда), өкiлiнiң тегi,
аты, әкесiнiң аты)
мынадай ғарыш объектісіне растама:
1. Ғарыш объектісінің белгісі және жалпы арнауы |
2. Ғарыш обьектісінің тіркеу нөмірі |
3. Ұшырылған күні және орны |
4. Орбитаның негізгі параметрлері |
құқықтық ауыртпалығы тiркелдi:
Ауыртпалықтың түрi |
Мазмұны |
Құқық иесi немесе уәкiлеттi орган (мүдделi тұлға) |
Ортақ меншiк нысаны, үлесi |
Ауыртпалықтың пайда болу негiздемесi |
Тiркелген күнi, уақыты |
Басшысы: _________________ __________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты)
М.О.
_____________________________________________________________________
Ескертпе: Анықтамада қамтылған мәлiметтер берiлген сәтiнде жарамды болып табылады.
«Ғарыш объектілері және оларға
құқықтарды тіркеу» мемлекеттік
қызмет стандартына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі
Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
____________________________________________________________ тиесілі
(мүддесінде мемлекеттік тіркеу және оны тіркеу орны жүзеге асырылатын тұлға)
_____________________________________________________________________
Ғарыш объектілерінің тіркелімінде және құқығы* _________________ оған __________________________________________________________ негізінде
(құқық белгілейтін құжат атауы)
_________________________________ ғарыш объектісін тіркеуді сұраймыз.
(ғарыш объектісін және оның жалпы мақсатын белгілеу)
Ғарыш объектісін ұшыру (жорамалданатын ұшыру) өткізу орны мен күні: «___»__________________ _____________________
_____________________________________________________________________
Орбитаның негізгі өлшемдері: апогей, км _____ перигей, км _____
айналу бұрышы, град._______________айналу кезеңі, сек. ______________
Қосымша мәліметтер:____________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтінішке мына құжаттар қоса беріледі: _________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________ ___________ ____________________
(мемлекеттік қызмет алушы) (қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
20 ___ ж. «___» ___________
«Ғарыш объектілері және оларға
құқықтарды тіркеу» мемлекеттік
қызмет стандартына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі
Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің
телнұсқасын алуға өтініш
Ғарыш объектісіне ____________________________________________
(ғарыш объектісінің белгісі және оның жалпы мақсаты)
ғарыш объектісінің 20___ ж. «___» ___________ № ________ Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктін телнұсқасын беруіңізді сұраймын.
Куәліктің телнұсқасын сұраудың себебі: ________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтінішке мына құжаттарды қос берейін: _________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(өтініште көрсетілген фактілерді растайтын құжаттар)
____________________________________ ___________ ____________________ (мемлекеттік қызмет алушы) (қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
20___ ж. «___» ___________
«Ғарыш объектілері және оларға
құқықтарды тіркеу» мемлекеттік
қызмет стандартына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі
Ғарыш объектілерінің тіркелімінен ғарыш объектісін алып тастау
туралы өтініш
_____________________________________________________________________
(мүддесі үшін мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның
мекенжайы)
_____________________________________________________________ тиесілі
_____________________________________________________________________ (ғарыш объектісінің белгісі және жалпы арнауы)
________________________________________________ Ғарыш объектілерінің тіркелімінде 20__ ж. «__»______ тіркелу №_________ ғарыш объектісін Ғарыш объектілерінің тіркелімінен ___________________________________
__________________________________________________________ байланысты алып тастауды сұраймын
Өтінішке мына құжаттарды қос берейін: _________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(өтініште көрсетілген жайттарды растайтын құжаттар)
____________________________________ ___________ ____________________
(мемлекеттік қызмет алушы және оның мекенжайы) (қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
20___ ж. «___» ___________
«Ғарыш объектілері және оларға
құқықтарды тіркеу» мемлекеттік
қызмет стандартына
5-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі) |
100% |
||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызметті ұсыну процесінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) |
100% |
||
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) |
100% |
||
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі) |
100% |
||
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) |
100% |
||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) |
100% |