Спорт саласы үшін мамандар даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру және спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының құрама командалары үшін спорт резервін үздіксіз даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме);
2) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме);
3) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Риддер қаласындағы «Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Риддер қаласындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме);
4) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) болып қайта аталсын.
2. Мекемелер қызметінің негізгі мәні негізгі орта білім берудің, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру, Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама командалары үшін спорт резервін даярлау, спорт және дене шынықтыру саласында мамандар даярлау болып айқындалсын.
3. Мекемелерді қаржыландыру тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүргізіледі деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мекемелердің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1109 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат):
1) 4-қосымшада:
6-тармақтың 1) тармақшасы 2-бағанының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Олимпиада резервінің мамандандырылған мектептері мен мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінде:»:
2) 9-қосымшада:
1-тармақтың 2-бағанының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Олимпиадалық дайындау орталығының, балалар мен жасөспiрiмдердiң спорт мектептерiнiң, олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер мектебiнiң, балалар мен жасөспiрiмдер мамандандырылған спорт мектебiнiң, спорт колледждерiнiң, олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің, жоғары спорттық шеберлiк мектептерiнiң, олимпиада iзбасарларын дайындау орталығының, олимпиада резервiнiң даярлық орталығы қызметкерлерiне:»;
2-тармақтың 2-бағанының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Олимпиадалық дайындау орталығының, балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiнiң, олимпиадалық резерв дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер мектебiнiң, мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң, спорт колледждерiнiң, олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің, жоғары спорттық шеберлiк мектептерiнiң, олимпиадалық резерв iзбасарларын дайындайтын орталықтың, олимпиадалық резерв дайындау орталағының жаттықтырушы оқытушыларына:»;
5-тармақтың 1) тармақшасы 2-бағанының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«штаттық ұлттық командалар мен спорт резервi дирекцияларының, олимпиадалық даярлық орталықтарының, жоғары спорт шеберлiгi мектептерiнiң, олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің Республикалық спорт колледждерінің басшылары мен олардың орынбасаларына;».
2. «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім ұйымдарының қызметінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 69 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 32-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мамандандырылған бiлiм беру ұйымының негiзгi түрлерi гимназия, лицей, мектеп, олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі болып табылады.».
3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
17-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
17. |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: |
931 |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: |
832 |
|
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат- колледжі |
191 |
|
Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі |
253 |
|
Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі |
112 |
|
Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі |
276 |
».
4. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Республикалық мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық мемлекеттік мекемелер:
1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледж» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледж» республикалық мемлекеттік мекемесі;
3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледж» республикалық мемлекеттік мекемесі;
4. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледж» республикалық мемлекеттік мекемесі.