"Оңтүстік Алтай" республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 1083 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданының аумағында жалпы алаңы 197176,1 гектар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Оңтүстік Алтай» республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің шекаралары бойынша немесе табиғи географиялық шептер бойынша «Оңтүстік Алтай» республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы жерлерінің шекарасын белгілесін.
      3. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,  2006 ж., № 42, 457-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
      «Шығыс Қазақстан облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-1-жолмен толықтырылсын:

«

44-1

«Оңтүстік Алтай» республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы (кешенді)

197176,1

Күршім ауданы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

».

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов