"Оңтүстік Алтай" республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 1083 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданының аумағында жалпы алаңы 197176,1 гектар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Оңтүстік Алтай» республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің шекаралары бойынша немесе табиғи географиялық шептер бойынша «Оңтүстік Алтай» республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы жерлерінің шекарасын белгілесін.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов