Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының талдау және бақылау функцияларын іске асыру үшін ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 939 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2011 жылғы 19 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының талдау және бақылау функцияларын іске асыру үшін ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы келісім бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

КЕДЕН ОДАҒЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ УШІН АҚПАРАТ АЛМАСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

(2013 жылғы 22 наурызда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2013 ж., N 3, 31-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,
      Кеден одағы Кеден кодексінің 124-бабын басшылыққа ала отырып,
      Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылауды қамтамасыз етуде Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының тиімді өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді жолға қоюға ұмтыла отырып,
      Кеден одағы кеден заңнамасының және Кеден одағына мүше мемлекеттер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Кеден одағының кеден заңнамасын және Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасын бұзудың алдын алу үшін,
      Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының талдау және бақылау функцияларын іске асыру үшін өзара ақпарат алмасудың қажеттілігін мойындай отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімде мынадай терминдер пайдаланылады:
      Орталық кеден органдары:
      Армения Республикасы үшін – Армения Республикасының Қаржы министрлігі;
      Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті;
      Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;
      Ресей Федерациясы үшін - Федералдық кеден қызметі;
      Ақпарат алмасудың техникалық шарттары - Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының талдау және бақылау функцияларын іске асыру мақсатында Орталық кеден органдары алмасатын мәліметтердің құрылымы мен форматын, алмасудың регламентін, алмасу мерзімі мен тәсілдерін, сондай-ақ ақпаратты дайындауға, беруге және алуға жауапты тұлғаларды айқындайтын құжат.
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.12.2014 № 265-V Заңымен.

2-бап

      Осы Келісімнің шеңберінде Орталық кеден органдары бір-біріне Ақпарат алмасудың техникалық шарттарында белгіленген мерзімде тұрақты негізде мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын мәліметтерге жатпайтын мынадай ақпаратты:
      келісілген позициялар бойынша кеден органдары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап ресімдейтін тауарларға арналған декларациялардың электрондық көшірмелерінің деректер базасынан ақпаратты (осы Келісімге 1-қосымша);
      келісілген позициялар бойынша 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап ресімделетін кедендік кіріс ордерлерінің электрондық көшірмелерінің деректер базасынан ақпаратты (осы Келісімге 2-қосымша);
      келісілген позициялар бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қабылдайтын алдын ала шешімдердің электрондық көшірмелерінің деректер базасынан ақпаратты (осы Келісімге 3-қосымша) береді.

3-бап

      Ақпарат беру Орталық кеден органдары деңгейінде электрондық түрде жүзеге асырылады.
      Ақпарат орыс тілінде беріледі. Осы Келісімнің 2-бабында аталған ақпараттың жекелеген позициялары бойынша латын әліпбиін пайдалануға жол беріледі.
      Ақпарат алмасу өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

4-бап

      Осы Келісімнің 2-бабының ережелерін іске асыру үшін Орталық кеден органдары Ақпарат алмасудың техникалық шарттарын әзірлейді және бекітеді.
      Орталық кеден органдарының арасында электрондық түрде ақпарат алмасу олардың техникалық дайындығын қамтамасыз еткеннен кейін жүзеге асырылады, бұл туралы Орталық кеден органдары бір-бірін жазбаша хабардар етеді.
      Ақпарат алмасудың техникалық шарттарына өзгерістер мен толықтырулар Орталық кеден органдарының келісілген шешімі бойынша енгізіледі.

5-бап

      Орталық кеден органдары осы Келісімге сәйкес алынған ақпаратты тек осы Келісімнің мақсатында ғана пайдаланады.
      Әрбір Орталық кеден органы өзіне осы Келісімге сәйкес басқа Орталық кеден органы беретін ақпаратты заңсыз таралудан қорғау бойынша қажетті шараларды қабылдайды.
      Орталық кеден органдары өзара алмасу нәтижесінде алынатын ақпаратқа рұқсаты бар адамдардың аясын шектеуді, сондай-ақ оны қорғауды қамтамасыз етеді.
      Осы Келісімнің шеңберінде алынған ақпарат мұндай ақпаратты ұсынған Орталық кеден органның жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға беруге жатпайды.

6-бап

      Осы Келісімнің ережелерін іске асыру мәселелері бойынша хат алмасу орыс тілінде жүргізіледі.
      Орталық кеден органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде, оның ішінде бірлескен жұмыс топтарын құру жолымен өзара іс-қимыл жасай алады.
      Орталық кеден органдары тиімді ақпарат алмасуға және оны қорғауға бағытталған бірлескен технологиялық және ықпалдасқан шешімдерді әзірлеуі және іске асыруы мүмкін.

7-бап

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар бірінші кезекте келіссөздер мен консультациялар жүргізу жолымен шешіледі.

8-бап

      Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.
      Осы Келісім депозитарий дипломатиялық арналар арқылы Тараптар мемлекеттерінің осы Келісімнің күшіне ену үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
      Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімге жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      2011 жылғы 19 қазанда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы әрбір Тарапқа оның расталған көшірмесін жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.

      Беларусь          Қазақстан            Ресей
   Республикасының   Республикасының      Федерациясының
      Үкіметі           Үкіметі              Үкіметі
       үшін               үшін                үшін

Кеден одағына мүше мемлекеттер
кеден органдарының талдау және
бақылау функцияларын іске асыру
үшін ақпарат алмасуды ұйымдастыру
туралы келісімге
1-қосымша

Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары ресімдеген тауарларға арналған декларациялардың электрондық көшірмелерінің деректер базасынан ақпарат алмасу үшін мәліметтердің құрамы

      Тауарларға арналған декларацияның (бұдан әрі - ТД) электрондық көшірмесінен мәліметтер:
      ТД-ның тіркеу нөмірі;
      өткізу бағыты (ТД 1-бағанының 1-кіші бөлімінен мәліметтер);
      тауарлардың жалпы саны;
      декларацияланатын тауарларға сәйкес келетін және көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген жүк орындарының жалпы саны;
      Кедендік рәсімдердің жіктеуішіне сәйкес мәлімделетін кедендік рәсімнің коды;
      Кедендік рәсімдердің жіктеуішіне сәйкес алдыңғы кедендік рәсімінің коды;
      жөнелтуші елдің коды;
      шығарылған елдің коды;
      межелі елдің коды;
      сатушы елдің коды;
      шекарадағы және ел ішіндегі көлік түрінің коды;
      тиеу (түсіру) орны;
      тауардың тұрған жері;
      шекарадағы және ел ішіндегі көлік құралының нөмірі;
      сәйкестендіру және жөнелту (келу) кезіндегі көлік құралдарын тіркеу елі;
      контейнерлік тасымалдау белгісі;
      шарт бағасы валютасының коды;
      шарт бағасы валютасының бағамы;
      шарт валютасындағы шот бойынша жалпы сомасы;
      ТД бойынша тауар нөмірі;
      Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) бойынша тауардың коды;
      жүк орындары және ТД-дан тауардың сипаттамасы (ТД 31-бағанының толық мазмұны);
      нетто салмағы;
      брутто салмағы;
      квота;
      алдыңғы құжат;
      тауардың бағасы;
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларында көзделген өзге құжаттарды және мәліметтерді қоспағанда, ТД-ның 44-бағанынан қосымша ақпарат ұсынылған құжаттар;
      қосымша өлшем бірлігінің коды;
      қосымша өлшем бірлігіндегі тауардың саны;
      жеткізу шарттары (жеткізу базисі және жеткізу базисіне сәйкес географиялық пункттің атауы);
      тауардың статистикалық құны;
      жүргізілген кедендік бақылаудың нысандары туралы мәліметтер (бар болған жағдайда);
      тауардың кедендік құны;
      кедендік құнды анықтау әдісі;
      кедендік құны бойынша шешім белгісінің коды;
      түрлер бойынша төлемдер ставкасы;
      есептелген кедендік әкелу бажы туралы мәліметтер (төлемнің түрі, есептеу негізі, ставка, сомасы, төлем ерекшелігі);
      іс жүзінде төленген кедендік әкелу бажы туралы мәліметтер (төлемнің түрі, сомасы, төлеу тәсілі, төлем құжаттарының нөмірлері);
      ұсынылған кедендік әкелу бажын төлеуді кейінге қалдыру (бөліп-бөліп төлеу) туралы мәліметтер;
      кедендік әкелу бажы бойынша преференция коды;
      тауар шығарылған күн.

      Кедендік құн декларациясының электрондық көшірмелерінен мәліметтер (бұдан әрі - ККД-1):
      ККД-1-де көрсетілген ТД-ның тіркеу нөмірі;
      түрлері бойынша нақтыланған іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосымша есептеулер;
      түрлері бойынша нақтыланған іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағадан шегерулер;
      шетел валютасын АҚШ долларына қайта есептеу бағамы.

      Кедендік құнды түзетудің (бұдан әрі - КҚТ) көшірмелерін қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ете отырып, тауарларды шығаруға байланысты ресімделген КҚТ-ның электрондық көшірмелерінен мәліметтер:
      КҚТ-да көрсетілген ТД-ның тіркеу нөмірі;
      КҚТ толтырылған күн;
      түзету түрі;
      КҚТ-ның реттік нөмірі;
      тауар нөмірі;
      кедендік құнды айқындау әдісінің коды;
      кедендік құнды түзеткенге дейінгі және кейінгі (әрбір тауар бойынша) тауардың құны туралы мәліметтер;
      алдында есептелген кедендік баждың сомасы (тауарлар бойынша нақтыланған);
      алдыңғы есептеу (тауарлар бойынша нақтыланған) жөнінде кедендік төлемдердің түрлері бойынша ставкалар туралы мәліметтер;
      іс жүзінде төленген/қайтарылған кедендік баждардың (тауарлар бойынша нақтылаумен төлем түрі, төлем тәсілі, төлем құжаттарының нөмірлері) сомасы;
      іс жүзінде төленген/қайтарылған кедендік төлемдердің түрлері бойынша (тауарлар бойынша нақтыланған) ставкалар туралы мәліметтер.

Кеден одағына мүше мемлекеттер
кеден органдарының талдау және
бақылау функцияларын іске асыру
үшін ақпарат алмасуды ұйымдастыру
туралы келісімге
2-қосымша

Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары тауарларға қатысты ресімдеген кедендік кіріс ордерлерінің (бұдан әрі - ККО) электрондық көшірмелерінің деректер базасынан ақпарат

      ККО-ның анықтамалық нөмірі;
      «ККО үлгісі» бағанынан мәліметтер;
      «Қосымша парақ» бағанынан мәліметтер;
      «Төлем валютасы» (оның ішінде АҚШ долларының бағамы және (немесе) евроның бағамы) бағанынан мәліметтер;
      «Ұсынылатын құжаттар/қосымша ақпарат» (оның ішінде тауардың салмағы, саны, АҚШ долларындағы және (немесе) евродағы құны, тауардың сипаттамасы, тауардың коды) бағанынан мәліметтер;
      «Өндіріп алынатын төлемдердің атауы» (тауардың АҚШ долларындағы және (немесе) евродағы құны) бағанынан мәліметтер;
      «Төлемдер» (түрі, есептеу негізі, ставка, есептелген сома, төлем тәсілі, төлеудің егжей-тегжейі, төлеуге жататын сома, төлемнің есептелген сомасы) бағанынан мәліметтер;
      ККО-ны түзету (күшін жою) туралы мәліметтер.

Кеден одағына мүше мемлекеттер
кеден органдарының талдау және
бақылау функцияларын іске асыру
үшін ақпарат алмасуды ұйымдастыру
туралы келісімге
3-қосымша

КО СЭҚ ТН бойынша тауарларды сыныптау жөніндегі алдын ала шешімдердің электрондық көшірмелерінің деректер базасынан ақпарат алмасу үшін мәліметтердің құрамы

      алдын ала шешім қабылдаған кеден органының коды;
      тіркеу нөмірі;
      қабылдау күні (күні, айы, жылы);
      мәлімдеушінің сұрау салуында көрсетілген тауардың атауы;
      КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды;
      сыныптау үшін қажетті тауар туралы мәліметтер;
      шешім қабылдау негіздемесі;
      қызметтік белгілер (бар болған жағдайда).