Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының талдау және бақылау функцияларын іске асыру үшін ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 939 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2011 жылғы 19 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының талдау және бақылау функцияларын іске асыру үшін ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы келісім бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


КЕДЕН ОДАҒЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ УШІН АҚПАРАТ АЛМАСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

      Ескерту. Келісім ҚР 13.12.2017 № 115-VI Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданысын тоқтатты (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).