Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған 2001 жылғы 28 қыркүйектегі Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 870 қаулысымен
бекітілген
2001 жылғы 28 қыркүйектегi Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын 2001 жылғы 28 қыркүйектегi Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге (бұдан әрi – Келiсiм) қатысушы мемлекеттердiң үкiметтерi,
Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiндегi мемлекетаралық кеңестiң қызметiн жетiлдiруге және оның өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты үйлестiрудегi рөлiн арттыруға ұмтыла отырып,
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының салалық ынтымақтастық органдары туралы жалпы ереже туралы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының мемлекет басшылары кеңесiнiң 2009 жылғы 9 қазандағы шешiмiн орындау үшiн,
төмендегiлер туралы келiстi:
1. Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiндегi мемлекетаралық кеңес туралы ережеде:
а) I бөлiмнiң 1-тармағы «(бұдан әрi – Келiсiм)» деген сөзден кейiн «және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының салалық ынтымақтастық органы болып табылады» деген сөздермен толықтырылсын;
б) I бөлiмнiң 2-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Кеңес өз құзыретi шеңберiнде ТМД-ның Мемлекет басшыларының кеңесi, Үкiмет басшыларының кеңесi, Сыртқы iстер министрлерiнiң кеңесi және Экономикалық кеңесi қабылдаған шешiмдердiң орындалуын ұйымдастыруға және үйлестiруге арналған»;
в) I бөлiмнiң 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңес өз қызметiнде жалпыға ортақ халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Жарғысын, ТМД шеңберiнде жасалған халықаралық шарттарды, ТМД-ның Мемлекет басшылары кеңесiнiң, Үкiмет басшылары кеңесiнiң, Сыртқы iстер министрлерi кеңесiнiң және Экономикалық кеңесiнiң шешiмдерiн, Келiсiмдi және осы Ереженi басшылыққа алады.
Кеңес өз қызметiнде ТМД үкiмет басшыларының кеңесiне есеп бередi.
Кеңес жыл сайын ТМД-ның Атқарушы комитетiне өзiнiң қызметi туралы ақпарат ұсынады»;
г) I бөлiмнiң 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңес ТМД-ның Атқарушы комитетiмен, Достастықтың өзге де органдарымен, қажет болғанда – басқа да халықаралық ұйымдардың хатшылықтарымен, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң мемлекеттiк билiк органдарымен өзара iс-қимыл жасайды»;
д) I бөлiмнiң 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк қадағалау органдарының басшылары немесе Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың басшылары Кеңестiң мүшелерi болып табылады.
Кеңестiң мәжiлiсiне Кеңестiң мүшелерiн ауыстыратын адамдарды жiберген кезде олардың өкiлеттiктерi расталуы тиiс.
Келiсiмге қатысушы әрбiр мемлекет Кеңесте бiр дауысқа ие болады.
Кеңестiң құрамына кеңесшi дауыс құқығымен Кеңестiң хатшысы және ТМД-ның Атқарушы комитетiнiң өкiлi кiредi»;
е) «Кеңес жұмысын ұйымдастыру және оның тәртiбi» деген IV бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кеңестiң жұмысы, әдетте, Келiсiмге қатысушы мемлекеттерде кезектесiп Кеңестiң мәжiлiстерiн өткiзу арқылы жүзеге асырылады.
9. Кеңестiң мәжiлiсi қажетiне қарай, жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Кезектi мәжiлiстi өткiзу орны Кеңестiң алдыңғы мәжiлiсiнде белгiленедi. Кеңестiң кезектен тыс мәжiлiсi Келiсiмге қатысушы кез келген мемлекеттiң бастамасы бойынша және Кеңес мүшелерi көпшiлiгiнiң келiсiмiмен шақырылуы мүмкiн. Кеңестiң кезектен тыс мәжiлiсiне бастамашылық еткен Келiсiмге қатысушы мемлекет оны өткiзудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.
Егер Кеңес мәжiлiсiнде оның мүшелерiнiң немесе оларға уәкiлеттi адамдардың жартысынан астамы қатысса, ол заңды болады.
10. Егер Кеңес өзгеше белгiлемесе, Кеңесте төрағалықты әрбiр мемлекет кезектесiп оның төрағасы – Кеңес мүшесi атынан Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң атауларының орыс әлiпбиi тәртiбiмен орнын алмастыру қағидаты негiзiнде бiр жылдан аспайтын мерзiмге жүзеге асырылады.
Кеңестiң алдыңғы және кейiнгi төрағалары оның тең төрағалары болып табылады.
11. Кеңестiң төрағасы:
Кеңестiң қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Кеңестiң мәжiлiсiн өткiзедi;
белгiленген тәртiппен ТМД органдарында Кеңестiң атынан өкiлдiк етедi;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң өнеркәсiптiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн органдар арасында өзара iс-қимыл жасауды қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
Кеңестiң қызметiн қамтамасыз етумен байланысты өзге де iс-қимылдарды жүзеге асырады.
12. Кеңес мүшесiнiң жұмыс топтарының қызметi, қабылдаған шешiмдер туралы қажеттi ақпарат алуға, сондай-ақ Кеңес құзыретi шегiнде кез келген мәселелердi талқылауға енгiзуге құқығы бар.
13. Кеңестiң мәжiлiсiне:
кеңесшi дауыс құқығымен – Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң мемлекеттiк билiк органдарының өкiлдерi;
байқаушылар ретiнде – Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң қоғамдық ұйымдарының өкiлдерi, сондай-ақ Келiсiмге қатысушы болып табылмайтын басқа мемлекеттердiң өкiлдерi, Кеңестiң мәжiлiсiнде оның мүшелерiнiң келiсiмiмен қатысатын мемлекетаралық бiрлестiктер мен халықаралық ұйымдардың өкiлдерi қатыса алады.
14. Кеңестiң әрбiр келесi мәжiлiсiнiң күнi мен алдын ала күн тәртiбi оның кезектi мәжiлiсiнде анықталады.
Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiндегi органдары мен өзге де мемлекеттiк органдары Кеңестiң мәжiлiсiнде қарау үшiн ұсыныстар дайындайды.
Ұсыныстар құжаттардың немесе олардың тұжырымдамаларының алдын ала жобалары түрiнде енгiзiледi.
Мәселенi күн тәртiбiне енгiзу туралы түпкiлiктi шешiмдi Кеңес қабылдайды.
15. Рәсiмдiк мәселелер бойынша шешiмдерден басқа Кеңестiң шешiмдерi ымырамен қабылданады. Рәсiмдiк мәселелер бойынша Кеңестiң шешiмдерi Кеңес мүшелерiнiң көпшiлiгi арқылы қабылданады»;
ж) Ереже «Кеңестiң Хатшылығы» деген мынадай мазмұндағы V бөлiммен толықтырылсын:
«16. Кеңес қызметiн ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етудi оның Хатшылығы жүзеге асырады.
Кеңес Хатшылығының функциялары ТМД Атқарушы комитетiнiң құрылымдық бөлiмшесiмен бiрге Кеңестiң төрағасы басшысы болып табылатын өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiндегi органның аппаратына жүктеледi.
Кеңестiң Хатшылығы мынадай функцияларды орындайды:
қабылдаушы тараппен бiрлесiп, Кеңестiң мәжiлiстерiн өткiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Кеңес мүшелерiнiң қызметiн ұйымдастырушылық, құжаттамалық және ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
Кеңес мүшелерiнiң ұсыныстары негiзiнде Кеңес мәжiлiстерiнiң күн тәртiбiнiң жобаларын қалыптастыру және оларға жұмыс материалдарын дайындау;
Кеңестiң мәжiлiстерiне құжаттардың жобаларын дайындау және оларды келiсу;
келiп түскен материалдарды қорыту және оларды Кеңестiң мүшелерiне таратуды ұйымдастыру;
Кеңестiң мүшелерiмен оның қызмет мәселелерi бойынша хат алмасуды қамтамасыз ету;
Кеңес қабылдаған шешiмдердiң орындалу дәрежесiн көрсететiн мәлiметтердi қорыту;
Кеңестi ТМД-ның басқа органдарының және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметi туралы қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету.
17. Кеңестiң хатшысын Кеңестiң төрағасы тағайындайды және басшысы Кеңесте төрағалық ететiн өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау органының өкiлi болып табылады. Хатшының орынбасары ТМД Атқарушы комитетiнiң өкiлi болып табылады.
18. Кеңестiң Хатшылығы туралы ереженi Кеңес бекiтедi.
19. Кеңес қабылдаған құжаттарды есепке алу мен сақтауды ТМД Атқарушы комитетi жүзеге асырады»;
з) Ереже мынадай мазмұндағы «Қаржыландыру» деген VI бөлiммен толықтырылсын:
«20. Кеңестiң мәжiлiсiн өткiзудi қаржыландыруға байланысты шығыстар Келiсiмге қатысушы мемлекеттi қабылдаушы тиiстi мемлекеттiк билiк органының есебiнен жүзеге асырылады.
21. Кеңес мүшелерi мен сарапшылардың мәжiлiстерге қатысуына байланысты шығыстарды оларды жiберген мемлекеттiк билiк органы және ұйымдар өздері көтередi».
2. Осы Хаттама депозитарий оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы соңғы хабарламаны алған күнiнен бастап 30 күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбiр мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
Әзiрбайжан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Армения Республикасының Тәжiкстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Беларусь Республикасының Түркiменстан
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Қырғыз Республикасының Украина
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Молдова Республикасының
Үкiметi үшiн