Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 № 97 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 155-бабына сәйкес, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының «Жеке сот орындаушысының кеңсесінде іс жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 306 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6628 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған № 506-512 (26355)) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысының кеңсесінде іс жүргізу туралы ережеде:
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Құжаттарды есепке алу және оның орындалуын бақылау үшін жеке сот орындаушылары мынадай журналдарды жүргізеді, ол тігілген, нөмірленген және жеке сот орындаушының қол қоюымен және мөрімен бекітілуі тиіс:».
2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев.