Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 31 қаңтар N 113

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен Нұрлыбек Сейiтжанұлы Иманбаевты "Қазақстандық келiсiм-шарт агенттiгi" жабық акционерлiк қоғамының президентi лауазымына ұсынсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі