РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/144 бұйрығын қараңыз.
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 01 маусымдағы
№ 725 қаулысымен
бекітілген
Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және аңшылықта пайдаланылатын және қолда ұсталатын аушы жыртқыш құстарды есепке алу және тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстар – аңшылықта пайдаланылатын бүркіт, сұңқар және қырғи;
2) қысқа мерзімді қолда ұстай тұру – аушы жыртқыш құстарды 10 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қолда ұстай тұру;
3) паспорт – аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы (бұдан әрі – қауымдастық) дайындайтын аушы жыртқыш құстардың тұрақты түрде қолда ұсталуының заңдылығы мен оның тіркелуін куәландыратын құжат.
3. Қазақстан Республикасының аумағында қолда ұсталатын, аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстар үш айға дейінгі мерзімге уақытша әкелінген немесе қысқа мерзімді уақытша қолда ұстауда тұрған құстардан басқа, қауымдастықта есепке алынуға және тіркелуге жатады.
2. Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу тәртібі
4. Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алу мен тіркеу жүргізуді қауымдастық жүзеге асырады.
5. Аушы жыртқыш құсты есепке алу және тіркеу үшін:
1) аушы жыртқыш құстың түрі, оның жынысы, туған жылы, қолда ұсталу мақсаты, қолда ұстаудың болжамды кезеңі, аушы жыртқыш құстың сатып алынған жері және тәсілі, сақиналарының немесе микрочиптерінің болуы, өтініш берушінің паспорттың деректері мен мекенжайы көрсетілген, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтініші;
2) аушы жыртқыш құстың сатып алыну заңдылығын растайтын құжаттар (алуға рұқсаттың, сатып алу-сату шартының, түбіртектің және (немесе) төлем құжатының көшірмелері) және бұрынғы иесінің атына ресімделген аушы жыртқыш құстың паспорты;
3) аңшы куәлігінің көшірмесі;
4) жеке тұлғаның жеке куәлігінің немесе паспортының және (немесе) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі беріледі.
6. Қолда ұсталған және шыққан жерінде тұратын аушы жыртқыш құстардың паспорттарын ресімдеу дүниеге келген күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін, бірақ олармен аң аулау басталудан кешіктірілмей жүргізіледі.
7. Қауымдастық аушы жыртқыш құстар түрінің (жынысының, жасының) сәйкестігін және олардың сипаттамасын, оларға салынған ендерді, аушы жыртқыш құстарды бағып-күту жағдайының болуын тексереді. Аушы жыртқыш құстар тұрақты түрде қолда ұстау үшін алынбайтын сақиналармен немесе микрочиптермен белгіленуі тиіс.
8. Аушы жыртқыш құстарда ен болмаған жағдайда қауымдастық микрочиптермен ен салуды ұйымдастарды.
9. Аушы жыртқыш құсты тіркеу ол заңсыз олжаланған немесе сатып алынған жағдайларда жүргізілмейді.
10. Аушы жыртқыш құстың осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ресімделген паспортын қауымдастық өтініш тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді.
11. Әрбір аушы жыртқыш құсқа, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аушы жыртқыш құсты есепке алу карточкасы толтырылады.
12. Аушы жыртқыш құс пен оның иесі туралы мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аушы жыртқыш құстарды тіркеу журналына енгізіледі.
13. Тіркелген аушы жыртқыш құс аңшылық үшін пайдаланылған жағдайда аушы жыртқыш құстың түрі, сақинаның немесе микрочиптің нөмірі, паспортының нөмірі көрсетіліп, аңшы куәлігіне жазба жүзеге асырылады.
14. Аушы жыртқыш құс табиғатқа жіберілген жағдайда жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомстволық уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелері мен қауымдастық өкілдерінің қатысуымен иесінің тұрғылықты жер бойынша аушы жыртқыш құсты босату туралы акт жасалады.
15. Аушы жыртқыш құс жоғалып кеткен және өлген жағдайда оның иесі 3 (үш) жұмыс күнi ішінде өзі тиісті акт ресімдейді және оны қауымдастыққа есептен алу үшін береді.
16. Аушы жыртқыш құс иесінің тұрғылықты жері ауысқан немесе иесі ауысқан жағдайда оның иесі осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде мекенжайды өзгерту және (немесе) паспортты қайта ресімдеу үшін қауымдастыққа құжаттар береді.
17. Осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ресімделмеген аушы жыртқыш құстар заңсыз олжаланған болып есептеледі.
Аңшылықта пайдаланылатын аушы
жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу
және тiркеу қағидаларына
1-қосымша
Кімге _________________________________________________________
(қауымдастықтың толық атауы)
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (толық),
_______________________________________________________________
паспорт деректері
_______________________________________________________________
(мекенжайы, телефон және факс нөмірі)
Аушы жыртқыш құстың паспортын ресімдеуге арналған өтініш
_____________________________________________________________________
__________ аушы жыртқыш құсының паспортын ресімдеуді сұраймын
Аушы жыртқыш құстың түрі, жынысы, туған жылы ________________________
Ұстау мақсаты және орны _____________________________________________
Ие болу тәсілі ______________________________________________________
Сақиналары немесе микрочиптерінің болуы туралы мәліметтер ___________
_____________________________________________________________________
20 __ жылғы _________ ________________________________
(өтінім берілген күн) (қолы, Т.А.Ә.,)
МО (заңды тұлғалар үшін)
Аңшылықта пайдаланылатын аушы
жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу
және тiркеу қағидаларына
2-қосымша
Аушы жыртқыш құстың паспорты
(НӨМІР) Түрдің атауы ______________(қазақша) Жынысы ________ Туған жылы _________ Сақинасы (алынбайтын) ______________ Микрочипі __________________________ Айырықша белгілері _________________ Аушы жыртқыш кұстың шығу тегі ____________________________________ Иесі _______________________________ Иесінің құжаты _____________________ нөмірі _____________________ берілді Аушы жыртқыш құстың тіркелу күні мен нөмірі _____________________________ «Аушы жыртқыш құстың паспортын» берген ұйым _________________ _____________________ (қолы) МО |
(НОМЕР) Название вида ________________(русское) ______________________________(научное) Пол __________ Год рождения ___________ Кольцо (несъемное) ____________________ Микрочип ______________________________ Особые приметы_________________________ Происхождение хищной ловчей птицы _______________________________________ Владелец ______________________________ Документ владельца ____________________ номер _____________ выдан _____________ Дата и номер регистрации хищной птицы _______________________________________ Организация, выдавшая «Паспорт хищной птицы»_________________________________ _____________________________ (подпись) МП |
(НОМЕР) Name of species __________ (English) ________________________(scientific) Sex __________ Birth date __________ Ring __________ Microchip __________ Special marks ______________________ Origin of the bird _________________ Name of owner ______________________ Document of owner __________________ number __________ issued ___________ Date of registration of the bird ____________________________________ Authorized agency __________________ ___________________ (signature) (S.P.) |
Мекенжайы Адрес Address _______________________________________ _______________________________________ _______________________________________ _______________________________________ _______________________________________ |
Паспорттың мұқабасы
АУШЫ ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТЫҢ ПАСПОРТЫ ПАСПОРТ ЛОВЧЕЙ ХИЩНОЙ ПТИЦЫ PASSPORT OF BIRD OF PREY |
Аңшылықта пайдаланылатын аушы
жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу
және тiркеу қағидаларына
3-қосымша
№ _____________ АУШЫ ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТЫ ЕСЕПКЕ АЛУ
КАРТОЧКАСЫ
Түрдің атауы ______________________________________________________________ |
(ғылыми) |
Жынысы __________________________ Туған жылы ______________________________ |
Сақинасы (алынбайтын) _____________________________________________________ |
Микрочипі _________________________________________________________________ |
Айрықша белгілері _________________________________________________________ |
Аушы жыртқыш құстың шығу тегі _____________________________________________ |
Аушы жыртқыш кұс алынған рұқсаттың нөмірі _________________________________ |
Иесі ______________________________________________________________________ |
Иесінің құжаты ____________________________________________________________ |
нөмірі _____________________ _______________ ______________________ берілді |
Иесінің мекенжайы _________________________________________________________ |
Аушы жыртқыш құстың тіркелу күні мен нөмірі ____________________\__________ |
«Аушы жыртқыш құстың паспорты» нөмірі _____________________________________ |
Паспортты алдым. Иесі _____________________________________________________ |
Карточканы толтырған адамның қолы _________________________________________ |
Аңшылықта пайдаланылатын аушы
жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу
және тiркеу қағидаларына
4-қосымша
Аушы жыртқыш құстарды тіркеу журналы
Жазба № |
Аушы жыртқыш құстарды есепке алу карточкасының № |
Аушы жыртқыш құс паспортының № |
Құстың түрі |
Сақина, микрочип № |
Иесі (Т.А.Ә.), заңды тұлғаның атауы |
Иесінің мекен-жайы |
Тіркелген күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
|||||||
2 |
|||||||
3 |
|||||||
4 |