Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 705 Қаулысы

Қолданыстағы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 705 қаулысымен  
бекітілген     

Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-12) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағидалар Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенция (бұдан әрi – Конвенция) бойынша әкiмшiлiк органның Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгiзiлген жабайы жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелу, одан тысқары жерлерге әкету үшiн қажет рұқсат беру тәртiбiн белгiлейдi.
      3. Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:
      1) үлгi – Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгiзiлген кез келген тiрi немесе өлi жануар немесе олардың оңай танылатын кез келген бөлiгi немесе дериваты;
      2) әкiмшiлiк орган – Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған ұлттық әкiмшiлiк орган;
      3) ғылыми ұйым – Конвенция бойынша ғылыми қорытынды беру үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған ұйым;
      4) тарап – өзі үшін Конвенция күшiне енген мемлекет;
      5) өтiнiш беруші – әкiмшiлiк орган мен ғылыми ұйымға үлгiлердi әкелуге және әкетуге өтiнiш берген жеке немесе заңды тұлға;
      6) рұқсат – әкімшілік органның үлгiлердi әкелуге және әкетуге ресми рұқсат құжаты.

2. Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру тәртiбi

      4. Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алу үшін өтініш беруші ғылыми ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жiбередi.
      5. Ғылыми ұйым өтiнiш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарап, ғылыми қорытынды береді.
      6. Ғылыми қорытынды ғылыми ұйымның фирмалық бланкісінде ресімделеді, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және ғылыми ұйымның мөрі басылады.
      7. Мынадай:
      1) өтініш белгіленген нысан бойынша берілмеген;
      2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған;
      3) үлгілерді әкелу және әкету олардың тірі қалуына қатер төндіретін жағдайларда өтініш берушіге ғылыми қорытынды беруден бас тартылады.
      Құжаттардың сәйкессіздігі жойылғанда өтініш беруші ғылыми ұйымға қарауға құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде құжаттар топтамасымен бірге өтініш бере алады.
      8. Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік органға өтініш жiбередi.
      9. Әкімшілік орган өтініш келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қарап, ғылыми ұйымның қорытындысы болған жағдайда рұқсатты ресімдеуді жүргізеді.
      Үлгілерді әкетуге әкімшілік органға берілетін өтінішке импорттаушы-елдің үлгілерді әкетуге рұқсаты қоса тіркеледі.
      10. Мынадай:
      1) өтініш белгіленген нысан бойынша берілмеген;
      2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған жағдайларда өтініш берушіге рұқсат беруден бас тартылады.
      Құжаттардың сәйкессіздігі жойылғанда өтініш беруші әкімшілік органға қарауға құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде құжаттар топтамасымен бірге өтініш бере алады.
      11. Рұқсат осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi бланкiде ресiмделедi, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және әкімшілік органның мөрі басылады.
      12. Үш данадағы (түпнұсқа және екі көшірме) рұқсат өтініш берушіге немесе өтініш берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес рұқсаттар беру журналына қол қойғызып беріледі.
      Рұқсат сирек кездесетін және құрып кету қауiпi төнген жануарлар түрлерi мен бекіре балықтарын, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат болған жағдайда беріледі, бұл ретте бюджетке мемлекеттік баж тиісті құжат берілгенге дейін төленеді.
      13. Рұқсаттың түпнұсқасы үлгiмен бiрге жүредi, рұқсаттың екiншi данасын өтiнiш беруші кедендiк декларациялау органына тапсырады, рұқсаттың үшiншi данасы өтiнiш берушіде қалады.
      14. Рұқсат осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген ақпаратты қамтиды және берілген сәтінен бастап алты ай бойы ғана үлгілерді әкелу мен әкету үшін пайдаланылуы мүмкін.
      15. Әкімшілік орган берген рұқсаттың барлық көшірмелерінде олардың тек қана көшірме болып табылатыны және құжатта атап өтілген жағдайларды қоспағанда, мұндай көшірменің бірде біреуі түпнұсқаның орнына пайдаланыла алмайтыны анық көрсетілуге тиіс.
      Әрбір үлгі үшін жеке рұқсат талап етіледі.
      16. Бұл орынды және мүмкін болған кезде әкімшілік орган үлгіні тануды жеңілдету үшін кез келген үлгіге ен сала алады. Осы мақсаттар үшін «ен» кез келген өшпейтін таңбаны, қорғасын пломбаны немесе бөтен адамдардың оны қолдан жасауы барынша қиын болатындай етіп орындалған үлгінің түпнұсқа екенін анықтаудың басқа да лайықты құралын білдіреді.
      17. Рұқсатқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi
төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi
мен дериваттарын Қазақстан Республикасына
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасындағы
әкімшілік органның ғылыми ұйымына
______________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы,
______________________________________

жеке тұлғаның (дара кәсіпкердің),
тегі, аты, әкесінің аты,
______________________________________

мекенжайы, телефоны және факс нөмірі)

Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алуға
ӨТІНІШ

___________________________________ үлгілерін әкелуге және әкетуге
(қажеттісінің астын сызу керек) ғылыми қорытынды беруді сұраймын.

1

Әкелу, әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, цирк қойылымдары немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар парктерi, ботаникалық бақтар мен мұражайлар арасындағы алыс-берiс, сондай-ақ жекелей тапсыру, аңшылық олжалар және басқалары)


2

Атауы мемлекеттік, орыс және латын тілдерінде көрсетiлген үлгі


3

Үлгiнiң сипаттамасы (тiрi жануарлар, терiлер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектерi, мүйiздерi азулары, қаны, сондай-ақ бұйымдары және т.б.; тiрi жануарлар үшiн - жынысы мен жасы, бірдейлендіруші белгiлерiнiң болуы)


4

Үлгiлердiң саны немесе салмағы


5

Үлгiнiң шығу тегi (табиғаттан алынған, жасанды жағдайларда шығарылған немесе өсiрiлген, немесе қандай құжаттардың негiзiнде басқа елден әкелiнген, тәркiленген, сатып алынған, сыйға алынған немесе мұраға қалдырылған және басқалары);


6

Экспорттаушы мен импорттаушының мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін – үйінің мекенжайы, паспорт деректері)


Өтінішке мыналар қоса тіркеледі _____________________________________
(Мыналардың: мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлға үшін); бірдейлендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (дара кәсіпкерлер үшін); жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін); үлгi Конвенцияға 1 және 2-қосымшаларға енгiзілген жағдайда импорттаушы - ел рұқсатының көшірмелері).

20__ж.________________ МО _______________________________
(өтініш берілген күн) (өтініш берушінің Т.А.Ә., қолы)

Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi
төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi
мен дериваттарын Қазақстан Республикасына
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасындағы
әкімшілік органға

______________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы,

______________________________________

жеке тұлғаның (дара кәсіпкердің),
тегі, аты, әкесінің аты,

______________________________________

мекенжайы, телефоны және факс нөмірі)

Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға
ӨТІНІШ

Үлгiнi әкелуге және әкетуге рұқсат беруді сұраймын __________________
                                      (қажеттісінің астын сызу керек)

1

Әкелу, әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, цирк қойылымдары немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар парктерi, ботаникалық бақтар мен мұражайлар арасындағы алыс-берiс, сондай-ақ жекелей тапсыру, аңшылық олжалар және басқалары)


2

Атауы мемлекеттік, орыс және латын тілдерінде көрсетiлген үлгі


3

Үлгiнiң сипаттамасы (тiрi жануарлар, терiлер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектерi, мүйiздерi азулары, қаны, сондай-ақ бұйымдары және т.б.; тiрi жануарлар үшiн - жынысы мен жасы, бірдейлендіруші белгiлерiнiң болуы)


4

Үлгiлердiң саны немесе салмағы


5

Үлгiнiң шығу тегi (табиғаттан алынған, жасанды жағдайларда шығарылған немесе өсiрiлген, немесе қандай құжаттардың негiзiнде басқа елден әкелiнген, тәркiленген, сатып алынған, сыйға алынған немесе мұраға қалдырылған және басқалары);


6

Экспорттаушы мен импорттаушының мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін – үйінің мекенжайы, паспорт деректері)


Өтінішке мыналар қоса тіркеледі _____________________________________
(мыналардың: құрылтпй құжат және мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлға үшін); бірдейлендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (дара кәсіпкерлер үшін); жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін); жеке мақсаттарда әкетуді жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, осы әкетуді жүзеге асыру ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісім-шарт немесе шарт; үлгi Конвенцияға 1 және 2-қосымшаларға енгiзілген жағдайда импорттаушы-ел рұқсаты; ғылыми ұйымның қорытындысы; құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерi мен бекіре балықтарын, сондай-ақ олардыңбөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат беру үшін бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжатының көшірмелері).

20__ж.________________ МО _______________________________
(өтініш берілген күн) (өтініш берушінің Т.А.Ә., қолы)

Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi
төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi
мен дериваттарын Қазақстан Республикасына
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша

Конвенция о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения (СИТЕС)

ОРИГИНАЛ
Original

Convention on International Trade in Endangered Species of Wild Fauna and Flora (CITES)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан
Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan


Экспорт
Export

Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы
Административный орган СИТЕС в Республике Казахстан
Management Authorities for CITES in the Republic of Kazakhstan

010000, Ministry House, Orynbor 8, Astana city, Republic of Kazakhstan Tel.: (+7172) 743325 Fax: (+7172) 743300


Импорт
Import


Реэкспорт
Re-export


Прочие
Other

Экспортер / Реэкспортер:
Exporter / Re-exporter:

Разрешение №:
Permit №:

Защитная марка №:
Security stamp №:

Действительно до:
Valid until:

Импортер:
Importer:

Особые условия:
Special conditions:

Для живых животных данное разрешение действительно только, если условия транспортировки соответствуют рекомендациям СИТЕС, а в случае авиаперевозки правилам ИАТА
For live animals this permit is only valid if the transport conditions conform to the CITES Guidelines for Transport of Live or, in the case of air transport, to the IATA Live Animal Regulations

Русское и латинское название животного или растения
Russian and scientific name of animal or plant

Описание образца, включая метки
Description of specimens, including identifying marks or numbers

Приложение
Appendix

Источник
Source

Цель
Purpose

Количество экземпляров или вес
Quantity: number of specimens or weight

А






Страна происхождения
Country of origin

Номер разрешения и дата
Permit № and date

В






Страна происхождения
Country of origin

Номер разрешения и дата
Permit № and date

Настоящее разрешение выдано:
This permit was issued on: ______________ ___________________________________________
Дата / Date Защитная марка, подпись и печать
Казахстан / Kazakhstan Security stamp, signature and official seal

Подтверждение экспорта / реэкспорта

Заполняется в пункте пересечения таможенной границы Республики Казахстан

Пункт пропуска: _________________
Дата: ___________________________
Подпись должностного лица и печать: _________________________
Номер коносамента/авианакладной: _________________________________

Название образца

Количество

А


В











CITES PERMIT/CERTIFICATE №







Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi
төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi
мен дериваттарын Қазақстан Республикасына
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге
рұқсат беру қағидаларына
4-қосымша

Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру журналы

Р/с

Кімге берілді

Үлгінің атауы

Саны

Қайда/қайдан

Рұқсат берілген күн және нөмірі

Алушының Т.А.Ә., сенімхат

Алушының қолы

1








2








3