Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 705 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидалары бекiтілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 705 қаулысымен  
бекітілген     

Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беру
қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 24-12) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы Қағидалар Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенция (бұдан әрi – Конвенция) бойынша әкiмшiлiк органның Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгiзiлген жабайы жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелу, одан тысқары жерлерге әкету үшiн қажет рұқсат беру тәртiбiн белгiлейдi.
      3. Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:
      1) үлгi – Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгiзiлген кез келген тiрi немесе өлi жануар немесе олардың оңай танылатын кез келген бөлiгi немесе дериваты;
      2) әкiмшiлiк орган – Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған ұлттық әкiмшiлiк орган;
      3) ғылыми ұйым – Конвенция бойынша ғылыми қорытынды беру үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған ұйым;
      4) тарап – өзі үшін Конвенция күшiне енген мемлекет;
      5) өтiнiш беруші – әкiмшiлiк орган мен ғылыми ұйымға үлгiлердi әкелуге және әкетуге өтiнiш берген жеке немесе заңды тұлға;
      6) рұқсат – әкімшілік органның үлгiлердi әкелуге және әкетуге ресми рұқсат құжаты.

2. Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру тәртiбi

      Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми ұйымға қағаз нысанда не «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электронды нысанда өтініш жібереді.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Ғылыми ұйым өтiнiш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарап, ғылыми қорытынды береді.
      6. Ғылыми қорытынды ғылыми ұйымның фирмалық бланкісінде ресімделеді, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және ғылыми ұйымның мөрі басылады.
      7. Мынадай:
      1) өтініш белгіленген нысан бойынша берілмеген;
      2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған;
      3) үлгілерді әкелу және әкету олардың тірі қалуына қатер төндіретін жағдайларда өтініш берушіге ғылыми қорытынды беруден бас тартылады.
      Құжаттардың сәйкессіздігі жойылғанда өтініш беруші ғылыми ұйымға қарауға құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде құжаттар топтамасымен бірге өтініш бере алады.
      8. Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік органға қағаз нысанда не «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электронды нысанда өтініш жібереді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Әкімшілік орган өтініш келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қарап, ғылыми ұйымның қорытындысы болған жағдайда рұқсатты ресімдеуді жүргізеді.
      Үлгілерді әкелуге әкімшілік органға берілетін өтінішке экспорттаушы елдің үлгілерді әкетуге берген рұқсаты қоса тіркеледі.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Мынадай:
      1) өтініш белгіленген нысан бойынша берілмеген;
      2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған жағдайларда өтініш берушіге рұқсат беруден бас тартылады.
      Құжаттардың сәйкессіздігі жойылғанда өтініш беруші әкімшілік органға қарауға құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде құжаттар топтамасымен бірге өтініш бере алады.
      11. Рұқсат осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi бланкiде ресiмделедi, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және әкімшілік органның мөрі басылады.
      12. Үш данадағы (түпнұсқа және екі көшірме) рұқсат өтініш берушіге немесе өтініш берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес рұқсаттар беру журналына қол қойғызып беріледі.
      Рұқсат сирек кездесетін және құрып кету қауiпi төнген жануарлар түрлерi мен бекіре балықтарын, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат болған жағдайда беріледі, бұл ретте бюджетке мемлекеттік баж тиісті құжат берілгенге дейін төленеді.
      13. Рұқсаттың түпнұсқасы үлгiмен бiрге жүредi, рұқсаттың екiншi данасын өтiнiш беруші кедендiк декларациялау органына тапсырады, рұқсаттың үшiншi данасы өтiнiш берушіде қалады.
      14. Рұқсат осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген ақпаратты қамтиды және берілген сәтінен бастап алты ай бойы ғана үлгілерді әкелу мен әкету үшін пайдаланылуы мүмкін.
      15. Әкімшілік орган берген рұқсаттың барлық көшірмелерінде олардың тек қана көшірме болып табылатыны және құжатта атап өтілген жағдайларды қоспағанда, мұндай көшірменің бірде біреуі түпнұсқаның орнына пайдаланыла алмайтыны анық көрсетілуге тиіс.
      Үлгілердің әрбір топтамасы үшін жеке рұқсат талап етіледі.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Бұл орынды және мүмкін болған кезде әкімшілік орган үлгіні тануды жеңілдету үшін кез келген үлгіге ен сала алады. Осы мақсаттар үшін «ен» кез келген өшпейтін таңбаны, қорғасын пломбаны немесе бөтен адамдардың оны қолдан жасауы барынша қиын болатындай етіп орындалған үлгінің түпнұсқа екенін анықтаудың басқа да лайықты құралын білдіреді.
      17. Рұқсатқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген 
жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық
сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар
түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына 
әкелуге және Қазақстан Республикасының   
аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына
1-қосымша                   

      Ескерту. Жоғарғы оң бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасындағы
әкімшілік органның ғылыми ұйымына
______________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы,
______________________________________

жеке тұлғаның (дара кәсіпкердің),
тегі, аты, әкесінің аты,
______________________________________

мекенжайы, телефоны және факс нөмірі)

Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алуға
ӨТІНІШ

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

___________________________________ үлгілерін әкелуге және әкетуге
(қажеттісінің астын сызу керек) ғылыми қорытынды беруді сұраймын.

1

Әкелу, әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, цирк қойылымдары немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар парктерi, ботаникалық бақтар мен мұражайлар арасындағы алыс-берiс, сондай-ақ жекелей тапсыру, аңшылық олжалар және басқалары)


2

Атауы мемлекеттік, орыс және латын тілдерінде көрсетiлген үлгі


3

Үлгiнiң сипаттамасы (тiрi жануарлар, терiлер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектерi, мүйiздерi азулары, қаны, сондай-ақ бұйымдары және т.б.; тiрi жануарлар үшiн - жынысы мен жасы, бірдейлендіруші белгiлерiнiң болуы)


4

Үлгiлердiң саны немесе салмағы


5

Үлгiнiң шығу тегi (табиғаттан алынған, жасанды жағдайларда шығарылған немесе өсiрiлген, немесе қандай құжаттардың негiзiнде басқа елден әкелiнген, тәркiленген, сатып алынған, сыйға алынған немесе мұраға қалдырылған және басқалары);


6

Экспорттаушы мен импорттаушының мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін – үйінің мекенжайы, паспорт деректері)


      Өтінішке мыналар қоса тіркеледі _____________________________________
(Мыналардың: мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлға үшін); бірдейлендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (дара кәсіпкерлер үшін); жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін); үлгi Конвенцияға 1 және 2-қосымшаларға енгiзілген жағдайда импорттаушы - ел рұқсатының көшірмелері).
      Ескертпе *: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

20__ж.________________ МО _______________________________
(өтініш берілген күн) (өтініш берушінің Т.А.Ә., қолы)

Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген 
жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық
сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар
түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына 
әкелуге және Қазақстан Республикасының   
аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына
2-қосымша                   

      Ескерту. Жоғарғы оң бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасындағы
әкімшілік органға

______________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы,

______________________________________

жеке тұлғаның (дара кәсіпкердің),
тегі, аты, әкесінің аты,

______________________________________

мекенжайы, телефоны және факс нөмірі)

Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға
ӨТІНІШ

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Үлгiнi әкелуге және әкетуге рұқсат беруді сұраймын __________________
                                      (қажеттісінің астын сызу керек)

1

Әкелу, әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, цирк қойылымдары немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар парктерi, ботаникалық бақтар мен мұражайлар арасындағы алыс-берiс, сондай-ақ жекелей тапсыру, аңшылық олжалар және басқалары)


2

Атауы мемлекеттік, орыс және латын тілдерінде көрсетiлген үлгі


3

Үлгiнiң сипаттамасы (тiрi жануарлар, терiлер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектерi, мүйiздерi азулары, қаны, сондай-ақ бұйымдары және т.б.; тiрi жануарлар үшiн - жынысы мен жасы, бірдейлендіруші белгiлерiнiң болуы)


4

Үлгiлердiң саны немесе салмағы


5

Үлгiнiң шығу тегi (табиғаттан алынған, жасанды жағдайларда шығарылған немесе өсiрiлген, немесе қандай құжаттардың негiзiнде басқа елден әкелiнген, тәркiленген, сатып алынған, сыйға алынған немесе мұраға қалдырылған және басқалары);


6

Экспорттаушы мен импорттаушының мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін – үйінің мекенжайы, паспорт деректері)


      Өтінішке мыналар қоса тіркеледі _____________________________________
(мыналардың: құрылтай құжат және мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлға үшін); бірдейлендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (дара кәсіпкерлер үшін); жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін); жеке мақсаттарда әкетуді жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, осы әкетуді жүзеге асыру ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісім-шарт немесе шарт; үлгi Конвенцияға 1 және 2-қосымшаларға енгiзілген жағдайда импорттаушы-ел рұқсаты; ғылыми ұйымның қорытындысы; құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерi мен бекіре балықтарын, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат беру үшін бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжатының көшірмелері).
      Ескертпе *: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

20__ж.________________ МО _______________________________
(өтініш берілген күн) (өтініш берушінің Т.А.Ә., қолы)

Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген 
жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық
сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар
түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына 
әкелуге және Қазақстан Республикасының   
аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына
3-қосымша                   

      Ескерту. Жоғарғы оң бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Конвенция о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения (СИТЕС)

ОРИГИНАЛ
Original

Convention on International Trade in Endangered Species of Wild Fauna and Flora (CITES)

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Министерство охраны  окружающей среды Республики Казахстан
Ministry of Environment Protection of the Republic of Kazakhstan


Экспорт
Export

Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы
Административный орган СИТЕС в Республике Казахстан
Management Authorities for CITES in the Republic of Kazakhstan

010000, Ministry House, Orynbor 8, Astana city, Republic of Kazakhstan Tel.: (+7172) 743325 Fax: (+7172) 743300


Импорт
Import


Реэкспорт
Re-export


Прочие
Other

Экспортер / Реэкспортер:
Exporter / Re-exporter:

Разрешение №:
Permit №:

Защитная марка №:
Security stamp №:

Действительно до:
Valid until:

Импортер:
Importer:

Особые условия:
Special conditions:

Для живых животных данное разрешение действительно только, если условия транспортировки соответствуют рекомендациям СИТЕС, а в случае авиаперевозки правилам ИАТА
For live animals this permit is only valid if the transport conditions conform to the CITES Guidelines for Transport of Live or, in the case of air transport, to the IATA Live Animal Regulations

Русское и латинское название животного или растения
Russian and scientific name of animal or plant

Описание образца, включая метки
Description of specimens, including identifying marks or numbers

Приложение
Appendix

Источник
Source

Цель
Purpose

Количество экземпляров или вес
Quantity: number of specimens or weight

А






Страна происхождения
Country of origin

Номер разрешения и дата
Permit № and date

В






Страна происхождения
Country of origin

Номер разрешения и дата
Permit № and date

Настоящее разрешение выдано:
This permit was issued on: ______________ ___________________________________________
Дата / Date Защитная марка, подпись и печать
Казахстан / Kazakhstan Security stamp, signature and official seal

Подтверждение экспорта / реэкспорта

Заполняется в пункте пересечения таможенной границы Республики Казахстан

Пункт пропуска: _________________
Дата: ___________________________
Подпись должностного лица и печать: _________________________
Номер коносамента/авианакладной: _________________________________

Название образца

Количество

А


В











CITES PERMIT/CERTIFICATE №







Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген 
жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық
сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар
түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына 
әкелуге және Қазақстан Республикасының   
аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына
қосымша                   

Әкiмшiлiк органның Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен
флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция
қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге рұқсаттар беру
журналы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с

Кімге берілді

Үлгінің атауы

Саны

Қайда/қайдан

Рұқсат берілген күн және нөмірі

Алушының Т.А.Ә., сенімхат

Алушының қолы

1








2








3