Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 552 бұйрығын қараңыз.
"Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, бiржолғы өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 7 маусымдағы
№ 581 қаулысымен
бекітілген
Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн
атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының
салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол
қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан
(қайтыс болған) жағдайда, біржолғы өтемақы төлеу қағидалары
1. Осы Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, біржолғы өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу тәртiбiн айқындайды.
2. Бiржолғы өтемақы төлеу:
1) ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда – оның мұрагерлеріне;
2) ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қызметтiк мiндеттерiн атқарған кезде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде - тиісті ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге жүргізіледі.
3. Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің қаза табу (қайтыс болу), сондай-ақ олардың алған жарақатының, мертігуінің, ауруының мән-жайларын тексеру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
4. Жазатайым оқиғаны тергеу жөнiндегi комиссия ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған), сондай-ақ оның жарақатының, мертiгуінің не ауруының салдарынан мүгедектік белгілеуге әкеп соғу фактiсiн растайтын қорытынды қабылданған сәттен бастап, онымен еңбек қатынастарында тұратын (тұрған) жұмыс беруші осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бiржолғы өтемақы төлеуге ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) өтiнiш беру мүмкіндігі туралы бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар тұлғаларды (бұдан әрі – алушы) осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес күнтiзбелiк жеті күн iшiнде жазбаша хабардар етедi.
5. Бiржолғы өтемақы алу үшін ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер немесе оны алуға құқығы бар тұлғалар уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда:
осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жазатайым оқиғаны тексеру жөнiндегi комиссия қорытындысының көшiрмесi;
азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының қайтыс болу туралы куәлiгiнің нотариалды расталған көшiрмесi;
біржолғы өтемақы алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
төлемақыны алушы қаза тапқанның (қайтыс болғанның) мұрагері болып табылса, мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiк;
2) ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жарақатының, мертiгуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгілеуге әкеп соққан кезде:
осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жазатайым оқиғаны тексеру жөнiндегi комиссия қорытындысының көшiрмесi;
медициналық қорытындының көшірмесі;
халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiктi белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi.
6. Бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар тұлғалар өтемақы төлеу туралы өтiнiш берген кезде уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетiлген құжаттардың толықтығы мен ресiмделуiнiң дұрыстығын тексередi және өтінішті осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналына тiркейдi.
Талап етiлетін құжаттар толық ұсынылмаған немесе олар дұрыс ресiмделмеген жағдайда, өтiнiш тiркеуге жатпайды, өтiнiш берушiге қайтару себептерi көрсетiлiп, құжаттарды ұсынған күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарылады.
7. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды тіркей отырып, тіркелген күнінен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде біржолғы өтемақы төлеу туралы шешім шығарады.
8. Алушыға бiржолғы өтемақы төлеудi уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен алушының Қазақстан Республикасының шегіндегі екінші деңгейдегі банктегі жеке шотына аудару арқылы өтініш беруші тиісті құжаттарды ұсынған сәттен бастап үш ай iшiнде жүзеге асырады.
Ғарышкерлікке кандидатқа,
ғарышкерге қызметтiк
мiндеттерiн атқару кезінде
алған жарақатының, мертігуінің,
ауруының салдарынан болған
мүгедектік белгіленген кезде,
сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін
атқаруға байланысты қаза тапқан
(қайтыс болған) жағдайда,
бiржолғы өтемақы төлеу қағидаларына
1-қосымша
Кiмге ____________________________
(Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті
орган басшысының Т.А.Ә.) мекенжайы
_______________ бойынша тұратын
_______________________________
(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)
өтiнiш иесiнiң СТН-i (ЖСН) __________
Бiржолғы өтемақы төлеуге өтiнiш
Сiзден ________________________________________________________
(залалды өтеу үшiн негiздеме көрсетiледi) байланысты маған бiржолғы өтемақы төлеуiңiздi сұраймын.
Маған тиесiлi соманы __________________________________________
(банктiң атауы, банктiң CTH-i, банктің БСК-сы, алушының
_____________________________________________________________________
жеке шотының нөмiрi немесе байланыс бөлiмшесi арқылы аударған жағдайда оның мекенжайы көрсетiледi)
аударуыңызды сұраймын.
Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын:
1.
2.
3.
4.
5.
20 жылғы " " ____________________
(өтiнiш берушiнiң қолы)
Ғарышкерлікке кандидатқа,
ғарышкерге қызметтiк
мiндеттерiн атқару кезінде
алған жарақатының, мертігуінің,
ауруының салдарынан болған
мүгедектік белгіленген кезде,
сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін
атқаруға байланысты қаза тапқан
(қайтыс болған) жағдайда,
бiржолғы өтемақы төлеу қағидаларына
2-қосымша
Бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналы
р/н |
Өтiнiштің тіркелген күні |
Мертiккен, қаза тапқан ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің Т.А.Ә. және оның мекенжайы |
Бiржолғы өтемақы алушының Т.А.Ә. және оның мекенжайы |
Бiржолғы өтемақы төлеу үшiн негiздеме |
Қарау нәтижесi |
||
Бiржолғы өтемақының сомасы |
Төлем құжатының нөмiрi мен күнi |
Бас тарту себебi |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |