Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда,

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 581 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 қаулысымен

Қазақстан Республикасының    
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігін (бұдан әрі – Агенттік) бөліп, оған Атом энергиясын пайдалану, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті, ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында ядролық қаруды таратпау режімін сақтау саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді беру арқылы қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитетін таратсын;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің таратылатын Атом энергиясы комитетінің штат санын Агенттікке беруді қамтамасыз етсін;
      3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Агенттік Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің таратылатын Атом энергиясы комитетінің міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқор болып белгіленсін.
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі».
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ