Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 540 Қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақшаның күшін жою көзделген - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1) "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      бүкіл мәтін бойынша "қызметтiк хат-хабар секторы", "қызметтiк хат-хабар секторының", "қызметтiк хат-хабар секторына", "қызметтiк хат-хабар секторында", "Қызметтiк хат-хабар секторы" және "қызметтiк хат-хабар секторынан" деген сөздер тиісінше "іс жүргізу және мұрағат секторы", "іс жүргізу және мұрағат секторының", "іс жүргізу және мұрағат секторына", "іс жүргізу және мұрағат секторында", "Іс жүргізу және мұрағат секторы" және "іс жүргізу және мұрағат секторынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Нұсқаулық құпия емес сипаттағы және "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар құжаттарды дайындау, ресімдеу, олардың өту тәртібін белгілейді.

      Таралуы шектелген қызметтік ақпаратты және "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпаратты дайындау, таныстыру және олардың өтуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 51 қпү қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кілтін және электрондық цифрлық қолтаңба құралын (электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру мен тексеру процестерін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын) пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтін пайдалана отырып, электрондық құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбасын есептеу мен тексеруден кейін электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің (электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растаудың (анықтаудың) оң қорытындысын белгіленген тәртіппен айқындау туралы растамасы бар электрондық құжаттарды қоса алғанда, жеткізгіш түріне қарамастан, құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыруға қолданылады.";

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жекелеген арнайы нұсқаулықтарда белгіленетін шифрланған құжаттық байланысты пайдалана отырып, құпия іс жүргізу мен құпия хат жазысуды жүргізу тәртібі реттелмейді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Кеңсеге қағаз жеткізгіште түсетін кіріс хат-хабарларын Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің іс жүргізу және мұрағат секторы (бұдан әрі - іс жүргізу және мұрағат секторы) күнін, уақытын және құжаттарды алған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, ал электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттарды – ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, электрондық құжатқа қол қойған адамның және құжаттың деректемелерін растаған адамның электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі - ЭЦҚ) тексеру рәсімі аяқталғаннан кейін қабылдайды.

      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы (бұдан әрі - БКО) және Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің ведомствоаралық құжат айналымы орталығының (бұдан әрі - ЭҚАБЖ ВҚО) сервері арқылы берілуі тиіс.

      Хат-хабарларды электрондық құжаттар форматында қабылдаған кезде осы құжаттармен барлық кейінгі рәсімдер Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес жасалады.

      Шетелдік елшіліктердің ноталары мен хаттары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы ғана қабылданады.";

      9-тармақтың екінші бөлігінде "(ақпаратты)" деген сөзден кейін "криптограммалар," деген сөзбен толықтырылсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Белгіленген үлгідегі бланкіде ресімделуге тиіс, бірінші басшы (ол болмағанда бұйрық болған жағдайда оның міндеттерін атқаратын адам, өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жауапты хатшы, министрліктердің немесе агенттіктердің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған және жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам) қол қойған немесе толтырылған деректемелері бар (ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесінің белгіленген тәртіппен анықталғаны туралы растамасы бар, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) электрондық құжаттың оған сәйкес шаблонын пайдалана отырып жасалған құжаттардың бірінші даналары Кеңседе қабылдауға жатады. Үкімет Басшылығының тапсырмаларын орындауға жауапты мемлекеттік органдардың хаттарына міндетті түрде бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелері қоса беріледі. Құжатқа күні, шығыс нөмірі, құжаттың қысқаша тақырыбы, тапсырмалардың орындалуы туралы сауалға жауап қайтару немесе есеп (ақпарат) беру кезінде Кеңсенің тіркеу нөміріне сілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Бұл ретте Кеңсе күні оларды Кеңсеге өткізген күніне сәйкес келетін құжаттарды (басқа қалалардан поштамен келіп түскен хат-хабардан басқа) ғана қабылдайды. Орындаушының тегі, аты-жөні, оның телефонының нөмірі, сондай-ақ құжат данасының саны міндетті түрде қолдан кейін төменгі оң жақ бұрышында немесе құжаттың бірінші парағының артқы жағына қойылады (мысалы: С.А. Асанов, тел. 742469). Құжат қосымшаларына құжатқа қол қойған немесе дайындаған адам алдын ала қол қоюы тиіс.

      Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жіберілген мемлекеттік органдардың хат-хабарлары (оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделуі тиіс (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы коса беріледі).

      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды қабылдау кезінде даналарының саны ескерілмейді.

      Кеңсеге жұмыс істемейтін уақытта келіп түсетін, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкері тіркегенге немесе қабылдаудан бас тартқанға дейін ЭҚАБЖ-дың тиісті папкасында сақталады.";

      13-1 және 13-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1. Кеңсеге келіп түсетін барлық хат-хабар (құжаттар) сағат 9.00-ден бастап 15.30-ға дейін қабылданады және оларды әрбір келіп түскен құжатқа кіріс (шығыс, ішкі) құжаттарды тіркеуге арналған тіркеу-бақылау карточкасын (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша) толтыратын іс жүргізу және мұрағат секторы тіркейді.

      13-2. Келіп түскен құжаттарды және басқа да қызметтік хат-хабарды құзыреті бойынша іс жүргізу және мұрағат секторының меңгерушісі алдын ала белгілейді, бөледі. Үкімет, Кеңсе басшылығының атына келіп түскен құжаттарды және басқа да қызметтік хат-хабарды бөлу қойылған мәселелердің сипатына, маңыздылығына және мерзімділігіне қарай жүзеге асырылады.

      Алдын ала қаралғаннан кейін келіп түскен құжаттар мен басқа да қызметтік хат-хабар белгіленген тәртіппен тіркеледі. Осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген құжаттар тіркеуге жатпайды.";

      13-3-тармақта "қабылдаған хат-хабар" деген сөздерден кейін "(құжаттар)" деген сөзбен толықтырылсын;

      13-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-4. Кіріс хат-хабарын тіркеуді оң жақ төменгі бұрышына (немесе бос кеңістік болмаған жағдайларда сол жақ жоғарғы бұрышына) негізгі құжаттың және оған қосымшалардың кіріс тіркеу нөмірі, түскен күні, парақтарының саны көрсетілетін мөртаңба қою жолымен іс жүргізу және мұрағат секторы жүзеге асырады. Бұрын тіркелген кіріс құжаттарына келіп түскен құжаттарға "№___ -ге" деген белгімен негізгі құжаттың тіркеу нөмірі қойылады.

      Келіп түскен құжаттың бұрын іс жүргізу және мұрағат секторында тіркелген, бақылау секторында бақылаудағы құжатқа тіркеу нөмірі берілгеннен кейін қосарланған тіркеуді болдырмау үшін есептік деректерде бұрын іс жүргізу және мұрағат секторы берген тіркеу нөмірін жабу қажет.

      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар ЭЦҚ тексерілгеннен кейін тіркеледі және электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы басшылықтың қабылдау бөлмелеріне және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесіне сәйкес беріледі.

      Шет тіліндегі кіріс хат-хабарын тіркеген кезде мөртаңба түпнұсқаға және аударма мәтінге "Аударма" деген белгімен қойылады.";

      19-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Үкіметке келіп түсетін құжаттар, әдетте, мынадай тұрғыда бөлінеді:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Премьер-Министрдің орынбасарларының қарауына:

      тікелей оларға жолданған хат-хабар (құжаттар), сондай-ақ Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының арасында міндеттерді бөлуге сәйкес олар жетекшілік ететін мәселелер бойынша хат-хабар беріледі;";

      3) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үкіметтің Регламентіне, Премьер-Министрдің Кеңсесі туралы ережеге және Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының арасында міндеттерді бөлуге сәйкес басқа да құжаттар жіберіледі;";

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) Кеңсе Басшысының орынбасарына (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін):

      Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөліміне бағытталатын барлық хат-хабар (құжаттар) алдын ала қарауға;

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің отырысына енгізілетін мәселелер жөніндегі материалдардың көшірмелері;

      "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің отырысына енгізілетін мәселелер жөніндегі материалдардың көшірмелері жіберіледі.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкері хат-хабарды (құжаттарды) Премьер-Министр Хатшылығының қабылдау бөлмесіне береді және оларды іс жүргізу және мұрағат секторына қайтарылатын тіркеу карточкасында алған күні мен уақытын көрсетумен қол қойдырып, оларды қабылдау бөлмесінің қызметкеріне тапсырады.

      Хатшылық құжаттарды қарағаннан кейін қабылдау бөлмесінің қызметкері тапсырмалар бланкілерінде қарарлармен және басып шығарылған тапсырмалармен (фишкалармен) және оларды одан әрі адресаттарға электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы беру (жіберу) үшін ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат форматында жасалған құжаттарды іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкеріне береді.

      Іс жүргізу және мұрағат секторының, үкіметтік шешімдерді шығару секторының арнайы стеллажынан Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және Кеңсе Басшысы орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелердің қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері белгіленген кесте бойынша іс жүргізу және мұрағат секторында, үкіметтік шешімдерді шығару секторында құжаттарға жауапты адамда қалатын карточканың екінші данасына қолын қойып, келіп түскен хат-хабарды алуды жүргізеді. Бұл ретте іс жүргізу және мұрағат секторының, үкіметтік шешімдерді шығару секторының қызметкері телефон арқылы шұғыл хат-хабардың (құжаттардың) түскені туралы тиісті қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне дереу хабарлайды, олар шұғыл хат-хабарды (құжаттарды) кестеден тыс дереу алуды жүзеге асыруға тиіс;

      хат-хабар (құжаттар) бір мезгілде электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар форматында белгілеуге (таратқыш есебіне) сәйкес бірлесіп орындаушы басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.

      Кеңсе басшылығы қарағаннан кейін Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және Кеңсе Басшысы орынбасарларының қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері тапсырмалар бланкілерінде қарарлармен және басып шығарылған тапсырмалармен (фишкалармен) және оларды одан әрі адресаттарға электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы беру (жіберу) үшін ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат форматында жасалған құжаттарды іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкеріне жеткізеді (береді).";

      22-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Хатшылық тікелей Премьер-Министр, оның орынбасарлары немесе Кеңсе Басшысы бергендерді қоспағанда, тіркеуден өтпеген хат-хабарды (құжаттарды) қабылдамайды. Бұл ретте Премьер-Министр, оның орынбасарлары, сондай-ақ Кеңсе Басшысы тікелей қабылдаған хат-хабар дереу іс жүргізу және мұрағат секторына тіркеуге беруі тиіс.";

      25-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің құзыретіне жататын мәселелері бойынша құжаттар тиісті тапсырмалардың жобаларымен бірге Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне алдын ала беріледі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Кіріс құжаттар мен ол бойынша қабылданған Премьер-Министр қарарларының қысқаша мазмұны тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына енгізіледі.";

      27-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының атына жолданатын құжаттарды тиісінше Премьер-Министр орынбасарларының және Кеңсе Басшысының көмекшілері (кеңесшілері) немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері береді, олар іс жүргізу және мұрағат секторында алған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу-бақылау карточкасына құжаттарды алғаны үшін қол қояды.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Парламент депутаттарының сауалдары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өтініштері бойынша Кеңсе Басшысы қарарларының жобаларын бөлімдердің қызметкерлері Кеңсенің басқа тиісті құрылымдық бөлімшелерімен келісім бойынша дайындайды.

      Парламент депутаттарының сауалдары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өтініштері бойынша Кеңсе Басшысы қарарларының жобаларын Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің қызметкерлері Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісім бойынша дайындайды.";

      31-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Үкімет пен Кеңсе басшылығының Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі дайындаған қарарларының жобалары алдын ала Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісіледі.";

      32-тармақтың бірінші бөлігінде:

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Егер тапсырма Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөліміне жолданса немесе көшірмелерде Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөліміне жіберілсе, қарарда міндетті түрде Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) көрсетіледі;";

      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "төменгі жақта, сызықтың астынан қарар қандай құжатқа қатысты екендігі, сондай-ақ бұл құжаттың күні мен нөмірі көрсетілуі тиіс.";

      33, 34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Қаралған құжаттарды Үкімет пен Кеңсе Басшылығының көмекшілері (кеңесшілері) немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері құжаттарды қарарларға сәйкес қайта белгілеу және жөнелту үшін тіркеу-бақылау карточкасымен бірге іс жүргізу және мұрағат секторына береді. Егер қарарда бақылауға қою туралы тапсырма болса немесе орындау мерзімі көрсетілсе, оның ішінде "жедел" белгісі немесе "баяндалсын", "ұсыныс енгізілсін" деген белгілер болса, онда қарардың төлнұсқасын іс жүргізу және мұрағат секторы бақылауға қою үшін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторына (бұдан әрі - бақылау секторы), ал одан кейін Кеңсенің қаралған құжаттар құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесіне жібереді. Бұл ретте шұғыл құжаттар мен тапсырмаларды (орындау мерзімі үш жұмыс күніне дейін) адресаттарға жедел жөнелтуді қамтамасыз ету үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, Үкімет пен Кеңсе Басшылығының көмекшілері (кеңесшілері) мен қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері, құрылымдық бөлімшелер басшылары көрсетілген құжаттар мен тапсырмаларды электрондық құжат айналымы жүйесін және факсимильдік байланысты пайдалана отырып, электрондық құжаттар форматында кейіннен оларды іс жүргізу және мұрағат секторы арқылы адресаттарға жөнелте отырып, беруі тиіс.

      34. Үкімет пен Кеңсе Басшылығының, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қабылдау бөлмелерінде іс қағаздарын Үкімет пен Кеңсе Басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері немесе арнайы бөлінген қызметкерлер (бұдан әрі - қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері) жүргізеді, олар құжаттарды уақтылы қабылдауға және өз бөлімшелерінің басшылары мен орындаушыларына уақтылы жеткізілуіне, құжаттарға тіркеу-бақылау карточкаларының бірінші даналарында жазбалар енгізудің толықтығы мен дұрыстығына, орындаушылардың тегі мен құжаттарға қарарлардың (тапсырмалардың, нұсқаулардың) Кеңсенің электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына енгізілуіне, құжаттар мен оларға қарарлардың уақтылы жөнелтілуіне (берілуіне), құжаттарды тиісінше жедел сақтауға дербес жауапты болады.

      35. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы құжатты қарағаннан кейін, әдетте, құжат бойынша тікелей орындаушыға оны орындау жөнінде жазбаша тапсырма береді және құжатты қабылдау бөлмесінің қызметкеріне қайтарады, ол орындаушы туралы есептік деректерді Кеңсенің электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына және карточканың бірінші данасына дереу енгізеді.

      Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) құжатты алдын ала қарағаннан кейін оны орындау жөнінде Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісіне және (немесе) осы Бөлімнің құқықтық сипаттағы мәселелерді қарауға жауапты орындаушысына жазбаша тапсырма береді және егер тапсырманы орындау туралы тапсырма Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің құқықтық сипаттағы мәселелерді қарауға жауапты орындаушысына ғана берілсе, құжатты Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесінің қызметкеріне қайтарады, ол орындаушы туралы есептік деректерді Кеңсенің электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына және карточканың бірінші данасына дереу енгізеді.

      Осыдан кейін қабылдау бөлмесінің қызметкері арнайы журналға кіріс құжатының тіркеу нөмірін, күнін, қысқаша мазмұнын (атауын), орындаушының тегін енгізеді және тіркеу-бақылау карточкасына қолын қойдырып, оған құжатты береді.

      Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінен құжатты алған сәттен бастап оны тікелей орындаушыға беруге дейінгі мерзім 4 сағаттан аспауы тиіс.

      Үкімет пен Кеңсе Басшылығы қарарының жобасын (қызметтік жазбаның немесе жауап жобасын) жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің орындаушысы әзірлейді, орындаушы, құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі бұрыштама соғады.

      Премьер-Министр қарарларының жобаларына қол қоюға баяндар алдында Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады.

      Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі дайындаған Премьер-Министр, Үкімет және Кеңсе Басшылығы қарарларының жобаларына (қызметтік жазбаның немесе жауап жобасына) Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) да бұрыштама соғады.

      37-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарардың (қызметтік жазбаның, әзірленген құжаттың) жобасын немесе жазбаша қарсылықты дайындаудың жалпы мерзімі 1 (бір) жұмыс күнінен аспауы тиіс.";

      38-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеңсеге мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан келіп түскен және орындалуын бақылау Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөліміне бекітіліп берілген бақылаудағы құжаттардың орындалуы туралы есептер алдын ала Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне жіберіледі.";

      40-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінде картотеканы қабылдау бөлмесінің қызметкері немесе арнайы бөлінген қызметкер жүргізеді, ол тіркеу-бақылау карточкаларына есептік жазбалардың енгізілу толықтығы мен дұрыстығына, басшылық қарарларының (тапсырмаларының, нұсқауларының) және тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына есептік деректердің енгізілуіне, құжаттардың және басшылық қарарларының, оның ішінде электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, электрондық құжаттар форматында уақтылы жөнелтілуіне (берілуіне) жауапты болады.";

      "уақтылы жөнелтілуіне" деген сөздерден кейін "(берілуіне)" деген сөзбен толықтырылсын:

      44-тармақта "*" ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:* Құжаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына сәйкес ресімделуі тиіс.";

      48-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, басқа мемлекеттер басшыларына құжаттар Үкімет немесе Премьер-Министр бланкілерінде дайындалып жіберіледі және Премьер-Министр екі данада қол қояды. Екінші данасында орындаушының, тиісті құрылымдық бөлімше басшысының және қажет болған жағдайда Премьер-Министрдің тиісті орынбасарының, Кеңсе Басшысының, құқықтық сипаттағы мәселелер болған жағдайда Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) бұрыштамасы болуы тиіс. Көрсетілген шығыс құжаттары белгіленген тәртіппен электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар (хабарламалар) форматында жөнелтілуі (берілуі) мүмкін.

      үшінші бөлікте "(Агіаі)" деген сөз "(Агіаl)" деген сөзбен ауыстырылсын;

      61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Құжаттарды адресаттарға мемлекеттік фельдъегерлік немесе почта қызметі оларды жеткізу шұғылдығына қарай жөнелтеді. Құжатты жеткізу шұғылдығы дәрежесін жөнелтуші анықтайды. "Шұғыл" деген белгісі бар хат-хабар таяу арадағы авиарейспен, автомобиль немесе темір жол фелдъегерлік бағытымен бірінші кезекте жеткізіледі. Мемлекеттік фелдъегерлік қызметке жедел басшылық етуді Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.

      62. Хат-хабарды (шығыс құжаттарын, оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды) жөнелту (беру) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі белгілеген кесте бойынша жүргізіледі. Құжаттарды іс жүргізу және мұрағат секторынан өтпей жөнелтуге тыйым салынады.";

      63-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жөнелтуге тапсырылған құжатта көрсетілген дұрыс емес мекен-жай бойынша құжатты таратқаны (бергені) үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің құжатты әзірлеген орындаушысы жауапты болады.";

      64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Адресаттардың тиісті бөлімшелері қызметкерлерінің құжаттардың тапсырылғанын растайтын қолдары бар жөнелтілген құжаттарға арналған тізілімдерді, сондай-ақ қандай да бір себеппен адресаттарға тапсырылмаған, тиісті белгісі бар құжаттар салынған конверттерді фелдъегерлер фелдъегерлік қызмет экспедициясының (кезекшісінің) белгісімен бірге іс жүргізу және мұрағат секторына қайтарады. Құжаттарды жөнелтуге (тапсыруға) арналған тізілімдер, бағыт парақтары және біржолғы қолхаттар іс жүргізу және мұрағат секторында бір жыл бойы сақталады.

      65. Іс жүргізу және мұрағат секторының жөнелтуге жауапты қызметкері фельдъегерлік қызметтің немесе почта бөлімшесінің тізілімдер бойынша жөнелтуге пакеттерді қабылдауды ресімдеудің, сондай-ақ тізілімдер немесе бағыт парақтары бойынша хат-хабарды адресаттарға тапсырудың (қолхатпен) дұрыстығын тексереді және құжаттарда көрсетілген мекенжайларға сәйкес шығыс хат-хабарын уақтылы жөнелту үшін жауапты болады.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның), сондай-ақ Кеңсе Басшысы белгілеген өздерінің құзыреті мен өкілеттіктеріне сәйкес Кеңсе Басшысы орынбасарларының қарарлары Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің нөмірлік дөңгелек мөрімен куәландырылған түрде ғана таратылады, ал олардың төлнұсқалары өздерінің құзыретіне сәйкес Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелерінде қалады. Қолмен жазылған қарарлардың (тапсырмалардың, нұсқаулардың) көшірмелерін жөнелтуге жол берілмейді.";

      74-тармақ "Өкілдігіне" деген сөзден кейін "белгіленген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын:

      85-тармақтағы "Қаржы-шаруашылық бөлімі" деген сөздер "Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      91-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі көрсетілген материалдар Кеңсе Басшысының қарауына шығарылғанға дейін оларды Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) алдын ала келіседі.";

      93-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Көрсетілген материалдарға Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қосымша бұрыштама қоюы Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде талап етіледі.";

      100-тармақтағы "Қаржы-шаруашылық бөлімі" деген сөздер "Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Үкімет мүшелері, агенттіктердің төрағалары, ұлттық холдингтердің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары, баяндамашылар келмеген жағдайда Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің тіркеуді жүзеге асыратын қызметкері келмеген қатысушының көмекшісімен немесе қабылдау бөлмесінің басшысымен дереу хабарласады, келмеудің себептерін нақтылайды және бұл туралы Кеңсе Басшысына хабарлайды.";

      107-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына арналған материалдарды жинақтауға жауапты болып табылады. Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше (Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) алдын ала келісім бойынша Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі):";

      121-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) да бұрыштама қойған хаттамалық шешімнің жобасын ұсынады.";

      133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "133. Премьер-Министрде және оның орынбасарларында өткен кеңестердің хаттамалары міндетті түрде Кеңсенің Басшысымен келісіледі.

      Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамалары құқықтық сипаттағы мәселелер болған жағдайда, сондай-ақ Премьер-Министрдің, Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмалары бойынша Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісіледі.

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының директорлар кеңесі мен "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесі мәжілістерінің хаттамалары да міндетті түрде Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісілуі тиіс.";

      136-тармақтағы "Заң бөлімі" деген сөздер "Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      137-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі алдын ала қараса) кейіннен Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөліміне жіберу үшін Кеңсе басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне беріледі.";

      138-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "138. Үкімет қаулыларының жобаларын (заң жобаларын қоспағанда) алдын ала тексеру нәтижелері туралы Кеңсе басшысының орынбасары (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) мен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Кеңсе Басшысын немесе оның міндеттерін атқарушы адамды хабардар етеді.";

      140-тармақтың екінші бөлігіндегі "10 жұмыс күнінен" деген сөздер "20 жұмыс күнінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      144-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "144. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Үкіметтің отырысына шығарылатын жобалар бойынша:

      үш күн мерзімде:

      жобаларды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде бар, оның ішінде редакциялық сипаттағы және заңдық техника бойынша ескертулерді ескере отырып дербес пысықтайды. Қалған жағдайларда жобалар Үкімет немесе Кеңсе Басшылығының тапсырмасы бойынша пысықталады және жобаның түпкілікті нұсқасына әзірлеуші мемлекеттік орган қайтадан бұрыштама қояды, ал қажет болған жағдайда басқа мүдделі мемлекеттік органдармен қайта келісіледі;

      жобаларды тиісті елтаңбалы бланкіде ресімдейді;

      әр парағына қол қойылғаннан кейін жобаларға (қағаз тасығыштарда және электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар форматында) мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшылары және Кеңсе Басшысының орынбасарлары (олардың міндеттерінің бөлінуіне сәйкес) бұрыштама соғады;

      Кеңседе әзірленетін жобаның пысықталатын тұстарының көлемі мен сипатын баяндай отырып, жоба бойынша анықтаманы Кеңсе Басшысына қол қоюға ұсынады. Үкімет отырысы өткізілгенге дейін екі күннен кешіктірмей толық дайындалған құжаттардың пакетін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне береді.";

      156 және 157-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "156. Істе барлық қажетті құжаттар болғанда және олар тиісінше орындалған кезде үкіметтік шешімдерді шығару секторының шығаруға жауапты қызметкері Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне бұл туралы хабарлайды, одан кейін Премьер-Министр (оның міндеттерін атқарушы адам) қол қойған жобаны тіркейді және оны тираждауды, Үкіметтің елтаңбалық мөрімен куәландыруды және Кеңсенің осы жобаны дайындауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі қол қойған тарату көрсеткішіне сәйкес адресаттарға жөнелту үшін іс жүргізу және мұрағат секторына беруді қамтамасыз етеді. Жекелеген жағдайларда тарату көрсеткішіне сәйкес адресаттарға қаулылардан оларға қатысты бөлігіндегі үзінді көшірме ғана жіберілуі мүмкін.

      157 Үкімет қаулылары адресаттарға көрсеткіш (тарату есебі) бойынша (Үкіметтің елтаңбалық мөрімен куәландырылған түрде қағаз тасығыштарда Әділет министрлігіне, әзірлеуші мемлекеттік органға ғана) таратылады, басқа мемлекеттік органдарға ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында ғана беріледі, ал олардың төлнұсқалары үкіметтік шешімдерді шығару секторында қалады.

      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы Үкімет қаулысын қабылдаған мемлекеттік орган оны А-4 пішініндегі қағаз тасығышқа басып шығарады, Үкіметтің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесінде көзделген тәртіппен ЭЦҚ-ның оң нәтижесі айқындалғаны туралы мөртабанмен куәландырады және белгіленген тәртіппен тіркейді.

      Кеңсе Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін тарату кезінде Әділет министрлігіне жіберген, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған ілеспе электрондық құжатта құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде мәліметтердің деректерін орналастыру үшін оларды әзірлеуші мемлекеттік органды көрсетеді.";

      160-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаулылар мен өкімдердің Үкіметтің елтаңбалы мөрінің ксерокөшірмесі бар көшірмелері жарамсыз болады.";

      162-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "162. Кеңсе қызметкерлері құжаттармен жұмыс істеген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларымен жұмыс істеу жөнінде белгіленген талаптарды қатаң сақтауға, мемлекеттік және қызметтік құпияны, "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар шектеулі түрде таралатын қызметтік ақпаратты жария етпеуге, құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, жұмыс орнында қызметтік кабинеттерге бөгде адамдардың рұқсатсыз кіруі және олардың қызметтік құжаттармен танысуы, компьютерлерді, жазу машинкаларын, жазатын және көшіргіш қағаздарды, телефондарды және басқа да ұйымдастыру техникасы құралдарын пайдалануы мүмкіндігін болдырмайтындай тәртіп сақтауға міндетті. Қызметтік кабинеттердің кілтін есіктің сыртқы құлпында қалдыруға тыйым салынады.";

      165-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "165. Кеңсе бланкілері құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының өтінімдері бойынша, ал Кеңсе Басшысының бұйрықтары мен іссапар куәліктерінің бланкілері – Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімінің тапсырысы бойынша баспаханалық тәсілмен дайындалады.";

      187-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "карточкаларды, электрондық құжат айналымы жүйесінің тіркеу-бақылау карточкалары дерекқорының есептік деректерін (оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттардың (сақтау бірлігі – электрондық құжат)) әрбір іс бойынша құжаттардың іс жүзінде болуымен салыстыру;";

      Нұсқаулыққа 7-қосымшада:

      кестеде:

      5-тармақтың реттік нөмірі 1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "ПМК Басшысының орынбасарлары (міндеттемелерінің бөлінуіне сәйкес):";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Премьер-Министр Кеңсесіндегі тұтастай құжатты немесе оның жекелеген тармақтарын бақылау үшін жауапты орындаушы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан есеп алғаннан кейін (құжаттың, оның ішінде құпия сипаттағы құжаттың әрбір бақылаудағы тармағы бойынша) есептің орындалу уақтылылығы, толықтығы және сапасы мәніне талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша нақты қорытындылар мен ұсыныстары бар қызметтік жазба не тиісті қарардың жобасын дайындайды. Бақылаудағы және бақылаудағы емес құжаттар бойынша есептерге талдау жүргізу мерзімі олардың Премьер-Министр Кеңсесінде тіркелген күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспауы тиіс.

      Келіп түскен ақпараттың негізінде және талдау нәтижелеріне қарай орындаушы орындалу мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Басшылыққа:

      1) Президенттің актілері мен тапсырмалары бойынша – оларды бақылаудан алу туралы (егер тапсырма толық көлемде орындалса) не орындау мерзімін ұзарту туралы не құжаттарды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының (ол болмаған кезде – оның міндетін атқарушы адамның) атынан Президент Әкімшілігіне нақты орындалу мерзімдері мен жауапты орындаушыларды көрсете отырып, негізді хаттың белгіленген тәртіппен дайындалған жобасын;

      2) үкіметтік шешімдер, хаттамалар және Басшылықтың тапсырмалары бойынша – Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының атына хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы қызметтік жазба, ал хаттамалық тапсырмаларды (хаттамаларды) орындау аяқталғаннан кейін орындау тіртібімен мемлекеттік органдардан келіп түскен ақпараттың (деректердің) негізінде бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту немесе орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы ұсыныстармен бірге үкіметтік шешімді, хаттаманы және Басшылықтың тапсырмасын нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, талдау нәтижелерін ескере отырып, орындау туралы қорытынды ақпарат дайындайды не бақылаудан алу туралы қарардың жобасын ресімдейді (заңға қол қойылған, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметтің актісі, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бұйрықтары қабылданған жағдайда).

      Нақты орындау мерзімін көрсете отырып бақылаудан алу, мерзімін ұзарту Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарарымен бөлімнің жазбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте орындаушы мемлекеттік органдарды үкіметтік шешімдер мен Басшылық тапсырмаларының нақты орындалу мерзімін көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту немесе орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы дереу хабардар етеді;

      3) мемлекеттік органның тапсырманы сапасыз орындағаны белгіленген кезде Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты бөлімі тапсырма берген Үкімет Басшылығының немесе Кеңсе Басшысының атына сапасыз орындалғанын негіздей отырып, жазба дайындайды;

      4) депутаттық сауалдар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашы болған заң жобаларына қорытындылар мен Үкімет бастамашы болған заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша – Парламент депутаттарына жауаптың белгіленген тәртіппен дайындалған жобасын немесе Үкіметтің тиісті қорытындысының жобасын дайындайды.";

      мынадай мазмұндағы 20-3-тармақпен толықтырылсын:

      "20-3. Премьер-Министр, оның орынбасарлары немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы өткізген кеңестердің хаттамаларында қамтылған тапсырмалардың орындалуы туралы есептер берген кезде жинақтауға жауапты орындаушы мемлекеттік орган хатпен әрбір тармақ бойынша атқарылған жұмыс және орындау туралы жиынтық ақпарат, сондай-ақ орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелерін береді.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта:

      бүкіл мәтін бойынша "қызметтік хат-хабар секторында", "қызметтік хат-хабар секторы", "қызметтік хат-хабар секторының" деген сөздер тиісінше "іс жүргізу және мұрағат секторында", "іс жүргізу және мұрағат секторы", "іс жүргізу және мұрағат секторының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Өтініш берушінің авторлығын белгілеу мүмкін емес, қолы, оның ішінде электрондық цифрлық қолы қойылмаған, почталық мекенжайы көрсетілмеген өтініштері жасырын өтініштер деп саналады және оған мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туралы мәліметтер қамтылатын және мұндай жағдайда іс жүргізу және мұрағат секторы зерделеп, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне баяндалғаннан кейін олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға жедел қайта жіберілетін жағдайларды қоспағанда, қаралуға жатпайды.

      Сондай-ақ мәселенің мән-жайы баяндалмаған өтініштер қаралуға жатпайды.";

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов