Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 540 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
      бүкіл мәтін бойынша «қызметтiк хат-хабар секторы», «қызметтiк хат-хабар секторының», «қызметтiк хат-хабар секторына», «қызметтiк хат-хабар секторында», «Қызметтiк хат-хабар секторы» және «қызметтiк хат-хабар секторынан» деген сөздер тиісінше «іс жүргізу және мұрағат секторы», «іс жүргізу және мұрағат секторының», «іс жүргізу және мұрағат секторына», «іс жүргізу және мұрағат секторында», «Іс жүргізу және мұрағат секторы» және «іс жүргізу және мұрағат секторынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Нұсқаулық құпия емес сипаттағы және «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттарды дайындау, ресімдеу, олардың өту тәртібін белгілейді.
      Таралуы шектелген қызметтік ақпаратты және «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпаратты дайындау, таныстыру және олардың өтуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 51 қпү қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кілтін және электрондық цифрлық қолтаңба құралын (электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру мен тексеру процестерін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын) пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтін пайдалана отырып, электрондық құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбасын есептеу мен тексеруден кейін электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің (электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растаудың (анықтаудың) оң қорытындысын белгіленген тәртіппен айқындау туралы растамасы бар электрондық құжаттарды қоса алғанда, жеткізгіш түріне қарамастан, құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыруға қолданылады.»;
      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жекелеген арнайы нұсқаулықтарда белгіленетін шифрланған құжаттық байланысты пайдалана отырып, құпия іс жүргізу мен құпия хат жазысуды жүргізу тәртібі реттелмейді.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Кеңсеге қағаз жеткізгіште түсетін кіріс хат-хабарларын Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің іс жүргізу және мұрағат секторы (бұдан әрі - іс жүргізу және мұрағат секторы) күнін, уақытын және құжаттарды алған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, ал электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттарды – ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, электрондық құжатқа қол қойған адамның және құжаттың деректемелерін растаған адамның электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі - ЭЦҚ) тексеру рәсімі аяқталғаннан кейін қабылдайды.
      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы (бұдан әрі - БКО) және Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің ведомствоаралық құжат айналымы орталығының (бұдан әрі - ЭҚАБЖ ВҚО) сервері арқылы берілуі тиіс.
      Хат-хабарларды электрондық құжаттар форматында қабылдаған кезде осы құжаттармен барлық кейінгі рәсімдер Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес жасалады.
      Шетелдік елшіліктердің ноталары мен хаттары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы ғана қабылданады.»;
      9-тармақтың екінші бөлігінде «(ақпаратты)» деген сөзден кейін «криптограммалар,» деген сөзбен толықтырылсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Белгіленген үлгідегі бланкіде ресімделуге тиіс, бірінші басшы (ол болмағанда бұйрық болған жағдайда оның міндеттерін атқаратын адам, өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жауапты хатшы, министрліктердің немесе агенттіктердің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған және жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам) қол қойған немесе толтырылған деректемелері бар (ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесінің белгіленген тәртіппен анықталғаны туралы растамасы бар, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) электрондық құжаттың оған сәйкес шаблонын пайдалана отырып жасалған құжаттардың бірінші даналары Кеңседе қабылдауға жатады. Үкімет Басшылығының тапсырмаларын орындауға жауапты мемлекеттік органдардың хаттарына міндетті түрде бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелері қоса беріледі. Құжатқа күні, шығыс нөмірі, құжаттың қысқаша тақырыбы, тапсырмалардың орындалуы туралы сауалға жауап қайтару немесе есеп (ақпарат) беру кезінде Кеңсенің тіркеу нөміріне сілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Бұл ретте Кеңсе күні оларды Кеңсеге өткізген күніне сәйкес келетін құжаттарды (басқа қалалардан поштамен келіп түскен хат-хабардан басқа) ғана қабылдайды. Орындаушының тегі, аты-жөні, оның телефонының нөмірі, сондай-ақ құжат данасының саны міндетті түрде қолдан кейін төменгі оң жақ бұрышында немесе құжаттың бірінші парағының артқы жағына қойылады (мысалы: С.А. Асанов, тел. 742469). Құжат қосымшаларына құжатқа қол қойған немесе дайындаған адам алдын ала қол қоюы тиіс.
      Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жіберілген мемлекеттік органдардың хат-хабарлары (оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделуі тиіс (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы коса беріледі).
      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды қабылдау кезінде даналарының саны ескерілмейді.
      Кеңсеге жұмыс істемейтін уақытта келіп түсетін, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкері тіркегенге немесе қабылдаудан бас тартқанға дейін ЭҚАБЖ-дың тиісті папкасында сақталады.»;
      13-1 және 13-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-1. Кеңсеге келіп түсетін барлық хат-хабар (құжаттар) сағат 9.00-ден бастап 15.30-ға дейін қабылданады және оларды әрбір келіп түскен құжатқа кіріс (шығыс, ішкі) құжаттарды тіркеуге арналған тіркеу-бақылау карточкасын (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша) толтыратын іс жүргізу және мұрағат секторы тіркейді.
      13-2. Келіп түскен құжаттарды және басқа да қызметтік хат-хабарды құзыреті бойынша іс жүргізу және мұрағат секторының меңгерушісі алдын ала белгілейді, бөледі. Үкімет, Кеңсе басшылығының атына келіп түскен құжаттарды және басқа да қызметтік хат-хабарды бөлу қойылған мәселелердің сипатына, маңыздылығына және мерзімділігіне қарай жүзеге асырылады.
      Алдын ала қаралғаннан кейін келіп түскен құжаттар мен басқа да қызметтік хат-хабар белгіленген тәртіппен тіркеледі. Осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген құжаттар тіркеуге жатпайды.»;
      13-3-тармақта «қабылдаған хат-хабар» деген сөздерден кейін «(құжаттар)» деген сөзбен толықтырылсын;
      13-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-4. Кіріс хат-хабарын тіркеуді оң жақ төменгі бұрышына (немесе бос кеңістік болмаған жағдайларда сол жақ жоғарғы бұрышына) негізгі құжаттың және оған қосымшалардың кіріс тіркеу нөмірі, түскен күні, парақтарының саны көрсетілетін мөртаңба қою жолымен іс жүргізу және мұрағат секторы жүзеге асырады. Бұрын тіркелген кіріс құжаттарына келіп түскен құжаттарға «№___ -ге» деген белгімен негізгі құжаттың тіркеу нөмірі қойылады.
      Келіп түскен құжаттың бұрын іс жүргізу және мұрағат секторында тіркелген, бақылау секторында бақылаудағы құжатқа тіркеу нөмірі берілгеннен кейін қосарланған тіркеуді болдырмау үшін есептік деректерде бұрын іс жүргізу және мұрағат секторы берген тіркеу нөмірін жабу қажет.
      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар ЭЦҚ тексерілгеннен кейін тіркеледі және электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы басшылықтың қабылдау бөлмелеріне және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесіне сәйкес беріледі.
      Шет тіліндегі кіріс хат-хабарын тіркеген кезде мөртаңба түпнұсқаға және аударма мәтінге «Аударма» деген белгімен қойылады.»;
      19-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Үкіметке келіп түсетін құжаттар, әдетте, мынадай тұрғыда бөлінеді:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Премьер-Министрдің орынбасарларының қарауына:
      тікелей оларға жолданған хат-хабар (құжаттар), сондай-ақ Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының арасында міндеттерді бөлуге сәйкес олар жетекшілік ететін мәселелер бойынша хат-хабар беріледі;»;
      3) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Үкіметтің Регламентіне, Премьер-Министрдің Кеңсесі туралы ережеге және Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының арасында міндеттерді бөлуге сәйкес басқа да құжаттар жіберіледі;»;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) Кеңсе Басшысының орынбасарына (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін):
      Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөліміне бағытталатын барлық хат-хабар (құжаттар) алдын ала қарауға;
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің отырысына енгізілетін мәселелер жөніндегі материалдардың көшірмелері;
      «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің отырысына енгізілетін мәселелер жөніндегі материалдардың көшірмелері жіберіледі.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкері хат-хабарды (құжаттарды) Премьер-Министр Хатшылығының қабылдау бөлмесіне береді және оларды іс жүргізу және мұрағат секторына қайтарылатын тіркеу карточкасында алған күні мен уақытын көрсетумен қол қойдырып, оларды қабылдау бөлмесінің қызметкеріне тапсырады.
      Хатшылық құжаттарды қарағаннан кейін қабылдау бөлмесінің қызметкері тапсырмалар бланкілерінде қарарлармен және басып шығарылған тапсырмалармен (фишкалармен) және оларды одан әрі адресаттарға электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы беру (жіберу) үшін ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат форматында жасалған құжаттарды іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкеріне береді.
      Іс жүргізу және мұрағат секторының, үкіметтік шешімдерді шығару секторының арнайы стеллажынан Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және Кеңсе Басшысы орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелердің қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері белгіленген кесте бойынша іс жүргізу және мұрағат секторында, үкіметтік шешімдерді шығару секторында құжаттарға жауапты адамда қалатын карточканың екінші данасына қолын қойып, келіп түскен хат-хабарды алуды жүргізеді. Бұл ретте іс жүргізу және мұрағат секторының, үкіметтік шешімдерді шығару секторының қызметкері телефон арқылы шұғыл хат-хабардың (құжаттардың) түскені туралы тиісті қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне дереу хабарлайды, олар шұғыл хат-хабарды (құжаттарды) кестеден тыс дереу алуды жүзеге асыруға тиіс;
      хат-хабар (құжаттар) бір мезгілде электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар форматында белгілеуге (таратқыш есебіне) сәйкес бірлесіп орындаушы басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.
      Кеңсе басшылығы қарағаннан кейін Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және Кеңсе Басшысы орынбасарларының қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері тапсырмалар бланкілерінде қарарлармен және басып шығарылған тапсырмалармен (фишкалармен) және оларды одан әрі адресаттарға электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы беру (жіберу) үшін ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат форматында жасалған құжаттарды іс жүргізу және мұрағат секторының қызметкеріне жеткізеді (береді).»;
      22-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Хатшылық тікелей Премьер-Министр, оның орынбасарлары немесе Кеңсе Басшысы бергендерді қоспағанда, тіркеуден өтпеген хат-хабарды (құжаттарды) қабылдамайды. Бұл ретте Премьер-Министр, оның орынбасарлары, сондай-ақ Кеңсе Басшысы тікелей қабылдаған хат-хабар дереу іс жүргізу және мұрағат секторына тіркеуге беруі тиіс.»;
      25-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің құзыретіне жататын мәселелері бойынша құжаттар тиісті тапсырмалардың жобаларымен бірге Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне алдын ала беріледі.»;
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Кіріс құжаттар мен ол бойынша қабылданған Премьер-Министр қарарларының қысқаша мазмұны тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына енгізіледі.»;
      27-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының атына жолданатын құжаттарды тиісінше Премьер-Министр орынбасарларының және Кеңсе Басшысының көмекшілері (кеңесшілері) немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері береді, олар іс жүргізу және мұрағат секторында алған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу-бақылау карточкасына құжаттарды алғаны үшін қол қояды.»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Парламент депутаттарының сауалдары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өтініштері бойынша Кеңсе Басшысы қарарларының жобаларын бөлімдердің қызметкерлері Кеңсенің басқа тиісті құрылымдық бөлімшелерімен келісім бойынша дайындайды.
      Парламент депутаттарының сауалдары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өтініштері бойынша Кеңсе Басшысы қарарларының жобаларын Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің қызметкерлері Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісім бойынша дайындайды.»;
      31-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Үкімет пен Кеңсе басшылығының Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі дайындаған қарарларының жобалары алдын ала Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісіледі.»;
      32-тармақтың бірінші бөлігінде:
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «Егер тапсырма Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөліміне жолданса немесе көшірмелерде Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөліміне жіберілсе, қарарда міндетті түрде Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) көрсетіледі;»;
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «төменгі жақта, сызықтың астынан қарар қандай құжатқа қатысты екендігі, сондай-ақ бұл құжаттың күні мен нөмірі көрсетілуі тиіс.»;
      3334 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Қаралған құжаттарды Үкімет пен Кеңсе Басшылығының көмекшілері (кеңесшілері) немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері құжаттарды қарарларға сәйкес қайта белгілеу және жөнелту үшін тіркеу-бақылау карточкасымен бірге іс жүргізу және мұрағат секторына береді. Егер қарарда бақылауға қою туралы тапсырма болса немесе орындау мерзімі көрсетілсе, оның ішінде «жедел» белгісі немесе «баяндалсын», «ұсыныс енгізілсін» деген белгілер болса, онда қарардың төлнұсқасын іс жүргізу және мұрағат секторы бақылауға қою үшін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторына (бұдан әрі - бақылау секторы), ал одан кейін Кеңсенің қаралған құжаттар құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесіне жібереді. Бұл ретте шұғыл құжаттар мен тапсырмаларды (орындау мерзімі үш жұмыс күніне дейін) адресаттарға жедел жөнелтуді қамтамасыз ету үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, Үкімет пен Кеңсе Басшылығының көмекшілері (кеңесшілері) мен қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері, құрылымдық бөлімшелер басшылары көрсетілген құжаттар мен тапсырмаларды электрондық құжат айналымы жүйесін және факсимильдік байланысты пайдалана отырып, электрондық құжаттар форматында кейіннен оларды іс жүргізу және мұрағат секторы арқылы адресаттарға жөнелте отырып, беруі тиіс.
      34. Үкімет пен Кеңсе Басшылығының, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қабылдау бөлмелерінде іс қағаздарын Үкімет пен Кеңсе Басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері немесе арнайы бөлінген қызметкерлер (бұдан әрі - қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері) жүргізеді, олар құжаттарды уақтылы қабылдауға және өз бөлімшелерінің басшылары мен орындаушыларына уақтылы жеткізілуіне, құжаттарға тіркеу-бақылау карточкаларының бірінші даналарында жазбалар енгізудің толықтығы мен дұрыстығына, орындаушылардың тегі мен құжаттарға қарарлардың (тапсырмалардың, нұсқаулардың) Кеңсенің электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына енгізілуіне, құжаттар мен оларға қарарлардың уақтылы жөнелтілуіне (берілуіне), құжаттарды тиісінше жедел сақтауға дербес жауапты болады.
      35. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы құжатты қарағаннан кейін, әдетте, құжат бойынша тікелей орындаушыға оны орындау жөнінде жазбаша тапсырма береді және құжатты қабылдау бөлмесінің қызметкеріне қайтарады, ол орындаушы туралы есептік деректерді Кеңсенің электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына және карточканың бірінші данасына дереу енгізеді.
      Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) құжатты алдын ала қарағаннан кейін оны орындау жөнінде Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісіне және (немесе) осы Бөлімнің құқықтық сипаттағы мәселелерді қарауға жауапты орындаушысына жазбаша тапсырма береді және егер тапсырманы орындау туралы тапсырма Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің құқықтық сипаттағы мәселелерді қарауға жауапты орындаушысына ғана берілсе, құжатты Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесінің қызметкеріне қайтарады, ол орындаушы туралы есептік деректерді Кеңсенің электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына және карточканың бірінші данасына дереу енгізеді.
      Осыдан кейін қабылдау бөлмесінің қызметкері арнайы журналға кіріс құжатының тіркеу нөмірін, күнін, қысқаша мазмұнын (атауын), орындаушының тегін енгізеді және тіркеу-бақылау карточкасына қолын қойдырып, оған құжатты береді.
      Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінен құжатты алған сәттен бастап оны тікелей орындаушыға беруге дейінгі мерзім 4 сағаттан аспауы тиіс.
      Үкімет пен Кеңсе Басшылығы қарарының жобасын (қызметтік жазбаның немесе жауап жобасын) жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің орындаушысы әзірлейді, орындаушы, құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі бұрыштама соғады.
      Премьер-Министр қарарларының жобаларына қол қоюға баяндар алдында Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады.
      Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі дайындаған Премьер-Министр, Үкімет және Кеңсе Басшылығы қарарларының жобаларына (қызметтік жазбаның немесе жауап жобасына) Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) да бұрыштама соғады.
      37-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қарардың (қызметтік жазбаның, әзірленген құжаттың) жобасын немесе жазбаша қарсылықты дайындаудың жалпы мерзімі 1 (бір) жұмыс күнінен аспауы тиіс.»;
      38-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кеңсеге мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан келіп түскен және орындалуын бақылау Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөліміне бекітіліп берілген бақылаудағы құжаттардың орындалуы туралы есептер алдын ала Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне жіберіледі.»;
      40-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «40. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінде картотеканы қабылдау бөлмесінің қызметкері немесе арнайы бөлінген қызметкер жүргізеді, ол тіркеу-бақылау карточкаларына есептік жазбалардың енгізілу толықтығы мен дұрыстығына, басшылық қарарларының (тапсырмаларының, нұсқауларының) және тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына есептік деректердің енгізілуіне, құжаттардың және басшылық қарарларының, оның ішінде электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, электрондық құжаттар форматында уақтылы жөнелтілуіне (берілуіне) жауапты болады.»;
      «уақтылы жөнелтілуіне» деген сөздерден кейін «(берілуіне)» деген сөзбен толықтырылсын:
      44-тармақта «*» ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескертпе:* Құжаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына сәйкес ресімделуі тиіс.»;
      48-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «48. Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, басқа мемлекеттер басшыларына құжаттар Үкімет немесе Премьер-Министр бланкілерінде дайындалып жіберіледі және Премьер-Министр екі данада қол қояды. Екінші данасында орындаушының, тиісті құрылымдық бөлімше басшысының және қажет болған жағдайда Премьер-Министрдің тиісті орынбасарының, Кеңсе Басшысының, құқықтық сипаттағы мәселелер болған жағдайда Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) бұрыштамасы болуы тиіс. Көрсетілген шығыс құжаттары белгіленген тәртіппен электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар (хабарламалар) форматында жөнелтілуі (берілуі) мүмкін.
      үшінші бөлікте «(Агіаі)» деген сөз «(Агіаl)» деген сөзбен ауыстырылсын;
      61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «61. Құжаттарды адресаттарға мемлекеттік фельдъегерлік немесе почта қызметі оларды жеткізу шұғылдығына қарай жөнелтеді. Құжатты жеткізу шұғылдығы дәрежесін жөнелтуші анықтайды. «Шұғыл» деген белгісі бар хат-хабар таяу арадағы авиарейспен, автомобиль немесе темір жол фелдъегерлік бағытымен бірінші кезекте жеткізіледі. Мемлекеттік фелдъегерлік қызметке жедел басшылық етуді Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
      62. Хат-хабарды (шығыс құжаттарын, оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды) жөнелту (беру) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі белгілеген кесте бойынша жүргізіледі. Құжаттарды іс жүргізу және мұрағат секторынан өтпей жөнелтуге тыйым салынады.»;
      63-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жөнелтуге тапсырылған құжатта көрсетілген дұрыс емес мекен-жай бойынша құжатты таратқаны (бергені) үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің құжатты әзірлеген орындаушысы жауапты болады.»;
      64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «64. Адресаттардың тиісті бөлімшелері қызметкерлерінің құжаттардың тапсырылғанын растайтын қолдары бар жөнелтілген құжаттарға арналған тізілімдерді, сондай-ақ қандай да бір себеппен адресаттарға тапсырылмаған, тиісті белгісі бар құжаттар салынған конверттерді фелдъегерлер фелдъегерлік қызмет экспедициясының (кезекшісінің) белгісімен бірге іс жүргізу және мұрағат секторына қайтарады. Құжаттарды жөнелтуге (тапсыруға) арналған тізілімдер, бағыт парақтары және біржолғы қолхаттар іс жүргізу және мұрағат секторында бір жыл бойы сақталады.
      65. Іс жүргізу және мұрағат секторының жөнелтуге жауапты қызметкері фельдъегерлік қызметтің немесе почта бөлімшесінің тізілімдер бойынша жөнелтуге пакеттерді қабылдауды ресімдеудің, сондай-ақ тізілімдер немесе бағыт парақтары бойынша хат-хабарды адресаттарға тапсырудың (қолхатпен) дұрыстығын тексереді және құжаттарда көрсетілген мекенжайларға сәйкес шығыс хат-хабарын уақтылы жөнелту үшін жауапты болады.»;
      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «70. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның), сондай-ақ Кеңсе Басшысы белгілеген өздерінің құзыреті мен өкілеттіктеріне сәйкес Кеңсе Басшысы орынбасарларының қарарлары Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің нөмірлік дөңгелек мөрімен куәландырылған түрде ғана таратылады, ал олардың төлнұсқалары өздерінің құзыретіне сәйкес Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелерінде қалады. Қолмен жазылған қарарлардың (тапсырмалардың, нұсқаулардың) көшірмелерін жөнелтуге жол берілмейді.»;
      74-тармақ «Өкілдігіне» деген сөзден кейін «белгіленген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын:
      85-тармақтағы «Қаржы-шаруашылық бөлімі» деген сөздер «Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      91-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі көрсетілген материалдар Кеңсе Басшысының қарауына шығарылғанға дейін оларды Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) алдын ала келіседі.»;
      93-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Көрсетілген материалдарға Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қосымша бұрыштама қоюы Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде талап етіледі.»;
      100-тармақтағы «Қаржы-шаруашылық бөлімі» деген сөздер «Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «104. Үкімет мүшелері, агенттіктердің төрағалары, ұлттық холдингтердің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары, баяндамашылар келмеген жағдайда Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің тіркеуді жүзеге асыратын қызметкері келмеген қатысушының көмекшісімен немесе қабылдау бөлмесінің басшысымен дереу хабарласады, келмеудің себептерін нақтылайды және бұл туралы Кеңсе Басшысына хабарлайды.»;
      107-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына арналған материалдарды жинақтауға жауапты болып табылады. Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше (Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) алдын ала келісім бойынша Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі):»;
      121-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) да бұрыштама қойған хаттамалық шешімнің жобасын ұсынады.»;
      133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «133. Премьер-Министрде және оның орынбасарларында өткен кеңестердің хаттамалары міндетті түрде Кеңсенің Басшысымен келісіледі.
      Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамалары құқықтық сипаттағы мәселелер болған жағдайда, сондай-ақ Премьер-Министрдің, Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмалары бойынша Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісіледі.
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі мен «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесі мәжілістерінің хаттамалары да міндетті түрде Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісілуі тиіс.»;
      136-тармақтағы «Заң бөлімі» деген сөздер «Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      137-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі алдын ала қараса) кейіннен Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөліміне жіберу үшін Кеңсе басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне беріледі.»;
      138-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «138. Үкімет қаулыларының жобаларын (заң жобаларын қоспағанда) алдын ала тексеру нәтижелері туралы Кеңсе басшысының орынбасары (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) мен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Кеңсе Басшысын немесе оның міндеттерін атқарушы адамды хабардар етеді.»;
      140-тармақтың екінші бөлігіндегі «10 жұмыс күнінен» деген сөздер «20 жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      144-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «144. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Үкіметтің отырысына шығарылатын жобалар бойынша:
      үш күн мерзімде:
      жобаларды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде бар, оның ішінде редакциялық сипаттағы және заңдық техника бойынша ескертулерді ескере отырып дербес пысықтайды. Қалған жағдайларда жобалар Үкімет немесе Кеңсе Басшылығының тапсырмасы бойынша пысықталады және жобаның түпкілікті нұсқасына әзірлеуші мемлекеттік орган қайтадан бұрыштама қояды, ал қажет болған жағдайда басқа мүдделі мемлекеттік органдармен қайта келісіледі;
      жобаларды тиісті елтаңбалы бланкіде ресімдейді;
      әр парағына қол қойылғаннан кейін жобаларға (қағаз тасығыштарда және электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар форматында) мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшылары және Кеңсе Басшысының орынбасарлары (олардың міндеттерінің бөлінуіне сәйкес) бұрыштама соғады;
      Кеңседе әзірленетін жобаның пысықталатын тұстарының көлемі мен сипатын баяндай отырып, жоба бойынша анықтаманы Кеңсе Басшысына қол қоюға ұсынады. Үкімет отырысы өткізілгенге дейін екі күннен кешіктірмей толық дайындалған құжаттардың пакетін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне береді.»;
      156 және 157-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «156. Істе барлық қажетті құжаттар болғанда және олар тиісінше орындалған кезде үкіметтік шешімдерді шығару секторының шығаруға жауапты қызметкері Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне бұл туралы хабарлайды, одан кейін Премьер-Министр (оның міндеттерін атқарушы адам) қол қойған жобаны тіркейді және оны тираждауды, Үкіметтің елтаңбалық мөрімен куәландыруды және Кеңсенің осы жобаны дайындауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі қол қойған тарату көрсеткішіне сәйкес адресаттарға жөнелту үшін іс жүргізу және мұрағат секторына беруді қамтамасыз етеді. Жекелеген жағдайларда тарату көрсеткішіне сәйкес адресаттарға қаулылардан оларға қатысты бөлігіндегі үзінді көшірме ғана жіберілуі мүмкін.
      157 Үкімет қаулылары адресаттарға көрсеткіш (тарату есебі) бойынша (Үкіметтің елтаңбалық мөрімен куәландырылған түрде қағаз тасығыштарда Әділет министрлігіне, әзірлеуші мемлекеттік органға ғана) таратылады, басқа мемлекеттік органдарға ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында ғана беріледі, ал олардың төлнұсқалары үкіметтік шешімдерді шығару секторында қалады.
      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы Үкімет қаулысын қабылдаған мемлекеттік орган оны А-4 пішініндегі қағаз тасығышқа басып шығарады, Үкіметтің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесінде көзделген тәртіппен ЭЦҚ-ның оң нәтижесі айқындалғаны туралы мөртабанмен куәландырады және белгіленген тәртіппен тіркейді.
      Кеңсе Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін тарату кезінде Әділет министрлігіне жіберген, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған ілеспе электрондық құжатта құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде мәліметтердің деректерін орналастыру үшін оларды әзірлеуші мемлекеттік органды көрсетеді.»;
      160-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қаулылар мен өкімдердің Үкіметтің елтаңбалы мөрінің ксерокөшірмесі бар көшірмелері жарамсыз болады.»;
       162-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «162. Кеңсе қызметкерлері құжаттармен жұмыс істеген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларымен жұмыс істеу жөнінде белгіленген талаптарды қатаң сақтауға, мемлекеттік және қызметтік құпияны, «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар шектеулі түрде таралатын қызметтік ақпаратты жария етпеуге, құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, жұмыс орнында қызметтік кабинеттерге бөгде адамдардың рұқсатсыз кіруі және олардың қызметтік құжаттармен танысуы, компьютерлерді, жазу машинкаларын, жазатын және көшіргіш қағаздарды, телефондарды және басқа да ұйымдастыру техникасы құралдарын пайдалануы мүмкіндігін болдырмайтындай тәртіп сақтауға міндетті. Қызметтік кабинеттердің кілтін есіктің сыртқы құлпында қалдыруға тыйым салынады.»;
      165-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «165. Кеңсе бланкілері құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының өтінімдері бойынша, ал Кеңсе Басшысының бұйрықтары мен іссапар куәліктерінің бланкілері – Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімінің тапсырысы бойынша баспаханалық тәсілмен дайындалады.»;
      187-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «карточкаларды, электрондық құжат айналымы жүйесінің тіркеу-бақылау карточкалары дерекқорының есептік деректерін (оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттардың (сақтау бірлігі – электрондық құжат)) әрбір іс бойынша құжаттардың іс жүзінде болуымен салыстыру;»;
      Нұсқаулыққа 7-қосымшада:
      кестеде:
      5-тармақтың реттік нөмірі 1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі»;
      6-тармақ мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «ПМК Басшысының орынбасарлары (міндеттемелерінің бөлінуіне сәйкес):»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Премьер-Министр Кеңсесіндегі тұтастай құжатты немесе оның жекелеген тармақтарын бақылау үшін жауапты орындаушы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан есеп алғаннан кейін (құжаттың, оның ішінде құпия сипаттағы құжаттың әрбір бақылаудағы тармағы бойынша) есептің орындалу уақтылылығы, толықтығы және сапасы мәніне талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша нақты қорытындылар мен ұсыныстары бар қызметтік жазба не тиісті қарардың жобасын дайындайды. Бақылаудағы және бақылаудағы емес құжаттар бойынша есептерге талдау жүргізу мерзімі олардың Премьер-Министр Кеңсесінде тіркелген күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      Келіп түскен ақпараттың негізінде және талдау нәтижелеріне қарай орындаушы орындалу мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Басшылыққа:
      1) Президенттің актілері мен тапсырмалары бойынша – оларды бақылаудан алу туралы (егер тапсырма толық көлемде орындалса) не орындау мерзімін ұзарту туралы не құжаттарды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының (ол болмаған кезде – оның міндетін атқарушы адамның) атынан Президент Әкімшілігіне нақты орындалу мерзімдері мен жауапты орындаушыларды көрсете отырып, негізді хаттың белгіленген тәртіппен дайындалған жобасын;
      2) үкіметтік шешімдер, хаттамалар және Басшылықтың тапсырмалары бойынша – Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының атына хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы қызметтік жазба, ал хаттамалық тапсырмаларды (хаттамаларды) орындау аяқталғаннан кейін орындау тіртібімен мемлекеттік органдардан келіп түскен ақпараттың (деректердің) негізінде бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту немесе орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы ұсыныстармен бірге үкіметтік шешімді, хаттаманы және Басшылықтың тапсырмасын нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, талдау нәтижелерін ескере отырып, орындау туралы қорытынды ақпарат дайындайды не бақылаудан алу туралы қарардың жобасын ресімдейді (заңға қол қойылған, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметтің актісі, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бұйрықтары қабылданған жағдайда).
      Нақты орындау мерзімін көрсете отырып бақылаудан алу, мерзімін ұзарту Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарарымен бөлімнің жазбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте орындаушы мемлекеттік органдарды үкіметтік шешімдер мен Басшылық тапсырмаларының нақты орындалу мерзімін көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту немесе орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы дереу хабардар етеді;
      3) мемлекеттік органның тапсырманы сапасыз орындағаны белгіленген кезде Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты бөлімі тапсырма берген Үкімет Басшылығының немесе Кеңсе Басшысының атына сапасыз орындалғанын негіздей отырып, жазба дайындайды;
      4) депутаттық сауалдар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашы болған заң жобаларына қорытындылар мен Үкімет бастамашы болған заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша – Парламент депутаттарына жауаптың белгіленген тәртіппен дайындалған жобасын немесе Үкіметтің тиісті қорытындысының жобасын дайындайды.»;
      мынадай мазмұндағы 20-3-тармақпен толықтырылсын:
      «20-3. Премьер-Министр, оның орынбасарлары немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы өткізген кеңестердің хаттамаларында қамтылған тапсырмалардың орындалуы туралы есептер берген кезде жинақтауға жауапты орындаушы мемлекеттік орган хатпен әрбір тармақ бойынша атқарылған жұмыс және орындау туралы жиынтық ақпарат, сондай-ақ орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелерін береді.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта:
      бүкіл мәтін бойынша «қызметтік хат-хабар секторында», «қызметтік хат-хабар секторы», «қызметтік хат-хабар секторының» деген сөздер тиісінше «іс жүргізу және мұрағат секторында», «іс жүргізу және мұрағат секторы», «іс жүргізу және мұрағат секторының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Өтініш берушінің авторлығын белгілеу мүмкін емес, қолы, оның ішінде электрондық цифрлық қолы қойылмаған, почталық мекенжайы көрсетілмеген өтініштері жасырын өтініштер деп саналады және оған мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туралы мәліметтер қамтылатын және мұндай жағдайда іс жүргізу және мұрағат секторы зерделеп, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне баяндалғаннан кейін олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға жедел қайта жіберілетін жағдайларды қоспағанда, қаралуға жатпайды.
      Сондай-ақ мәселенің мән-жайы баяндалмаған өтініштер қаралуға жатпайды.»;
      2) «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентiнде:
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Қазақстан Республикасының Парламентінде Үкіметтің мүддесін білдіруді және биліктің заң шығарушы тармағымен оның ұдайы өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз етуді Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілдігі жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 8-18-28-38-48-58-68-78-88-98-108-11 және 8-12-тармақтармен толықтырылсын:
      «8-1. Қазақстан Республикасы Президентінің орындау мерзімі алты айдан астам актілері мен тапсырмаларын іске асыру олардың құзыреттері шегінде екі және одан көп мемлекеттік органға жүктелген, сондай-ақ қандай да бір салада/аяда/өңірде кешенді және ведомствоаралық сипаты бар тәсілдердің, нормалар мен қағидалардың жаңаларын қалыптастыруға және іске асыруға не қолданыстағыларын өзгертуге бағытталған жағдайда бақылауды жүзеге асыру кезінде:
      1) орындаушы мемлекеттік орган қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындаудың Президент Әкімшілігі әзірлеген тұжырымдамасын келіседі;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау жөніндегі тұжырымдаманың негізінде орындаушы мемлекеттік орган тұжырымдама бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзірлейді.
      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президентінің іске асырылуы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын актілері мен тапсырмалары бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) әзірленбейді.
      8-2. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспарында (жол картасында) орындау мерзімдері айқындалып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін немесе тапсырмаларын орындаудың нысаналы және сапалық-сандық көрсеткіштері көрсетіліп, орындаушы мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушылардың іс-қимыл жасасу тәртібі қамтылады.
      Әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін немесе Үкіметтің құрылымына кірмейтін орталық мемлекеттік орган болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) Президент Әкімшілігімен және егер ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) Үкіметтің өкілеттіктерін қозғаған жағдайларда Премьер-Министрмен (оның міндеттерін атқарушы адаммен) немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адаммен келісілгеннен кейін оның бірінші басшысы бекітеді.
      Әзірлеушісі өзге мемлекеттік орган (ұйым) болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Премьер-Министр (оның міндеттерін атқарушы адам) немесе ол уәкілеттік берген Премьер-Министрдің орынбасары бекітеді.
      8-3. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) қабылданған жағдайда мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарларын бекітуі талап етілмейді.
      8-4. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) болмаған жағдайда қажет болса, орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысының шешімімен Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары бекітіледі.
      8-5. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындаушысы Үкімет болып табылатын жоспарын жасаған кезде олардың орындалуын Премьер-Министрдің тиісті орынбасарларының үйлестіруі көзделеді.
      8-6. Орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) лауазымды адамдары өздеріне берілген тапсырмалардың сапасыз орындалғаны және уақтылы орындалмағаны үшін дербес жауапты болады.
      8-7. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Президент Әкімшілігіне «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен айқындалған нысан бойынша және мерзімдерде беріледі.
      8-8. Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы Үкімет жіберетін ақпаратқа Премьер-Министрдің тиісті орынбасары немесе Кеңсе Басшысы өздеріне берілген тапсырмалар бойынша қол қояды.
      8-9. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау немесе орындаудың мүмкін еместігі туралы Қазақстан Республикасының Президентіне Үкімет жіберетін қорытынды ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндеттерін атқарушы адам) не оның орынбасары қол қояды.
      8-10. Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының тармақтары белгіленген мерзімде орындалмайтын болса, онда орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы, ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын болса – Премьер-Министрмен (оның міндеттерін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келісілгеннен кейін – белгіленген мерзімнен кешіктірмей Президент Әкімшілігіне орындаудың ағымдағы жай-күйі көрсетілген, орындау мерзімін ұзартудың не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігінің негіздемесі дәлелденген хат енгізеді. Бұл ретте нақты орындау мерзімі, орындаушы мемлекеттік органның, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың жауапты саяси мемлекеттік қызметшілері мен ұйымдардың лауазымды адамдары көрсетіледі.
      8-11. Қазақстан Республикасы Президентінің орындау мерзімі үш айдан астам актілері мен тапсырмаларын қайтадан ұзарту туралы ұсынысты Президент Әкімшілігіне орындаушы мемлекеттік орган (ұйым), ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалса – Премьер-Министрмен (оның міндеттерін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келісілгеннен кейін оны орындау мерзімі аяқталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.
      8-12. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселелер жарты жылда кемінде бір рет Үкімет отырыстарында, мемлекеттік органдардың алқа мәжілістерінде және ұйымдардың кеңестерінде қаралады.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының (бұдан әрі – Үкімет Басшылығы) атына жазылған хат-хабарды (оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған келіп түскен электрондық құжаттарды) Кеңсе алдын ала қарайды.
      Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жазылған мемлекеттік органдардың хат-хабарлары (оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған келіп түскен электрондық құжаттар) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).
      Кіріс, шығыс (ішкі) хат-хабарларды және өзге де қызметтік құжаттарды қарау және олардың өтуі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 заңдарына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық) сәйкес жүзеге асырылады.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Кеңсе Үкімет басшылығының және Кеңсе Басшысының атына жазылған:
      1) мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысы немесе бұйрық бар болса, бірінші басшының міндеттерін атқару ресми түрде жүктелген адам;
      2) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жауапты хатшы;
      3) министрліктің немесе агенттіктің Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген және жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды адамы қол қойған құжаттарды қабылдайды.»;
      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
      «15-1. Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің атына жазылатын хат-хабардың барлығы Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) алдын ала қарауына жіберіледі.»;
      24-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Үкімет мәжілістеріне, әдетте, Премьер-Министрмен келісілген тізім бойынша агенттіктердің төрағалары, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысады.»;
      27-тармақ «талаптарына сәйкес» деген сөздерден кейін «Кеңсе Басшысымен келісілген тарату (таныстыру) есептері бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Елтаңбалық бланкіге шығарылған хаттамаға орындаушы, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасары (міндеттерді бөлуге сәйкес), Кеңсе Басшысының орынбасары (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін), Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады және Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.»;
      31-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік органдар қаулы жобаларының мемлекеттік тілде дайындалу сапасы, мемлекеттік және орыс тілдері қағидаларының сақталуы, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігі үшін жауапты болады.»;
      53-1-тармақтағы «Премьер-Министр Кеңсесінің Заң бөліміне» деген сөздер «кейіннен Премьер-Министр Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөліміне жіберу үшін Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      53-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «53-2. Үкімет қаулысының жобасын алдын ала тексерудің нәтижелері туралы Кеңсе Басшысы орынбасары (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) мен Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Кеңсе Басшысын немесе оның міндетін атқарушы адамды хабардар етеді.
      Алдын ала тексерудің нәтижелері бойынша Кеңсе Басшысы немесе оның міндеттерін атқарушы адам мүдделі орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының (Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адамдардың), Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін), Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің және қажет болған жағдайда Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі басшылығының қатысуымен кеңес өткізеді, онда қаулының жобасын одан әрі қарау мен дайындау тәртібі белгіленеді:
      1) Үкімет мәжілісіне шығару;
      2) Кеңсенің бөлімдерінде пысықтау (оңай жойылатын, оның ішінде редакциялық сипаттағы және заңдық техника бойынша ескертулер жағдайында) және Үкімет мәжілісіне шығару;
      3) қаулының жобасын пысықтау және кейіннен Үкімет мәжілісіне шығару үшін оны Кеңсенің салалық бөліміне беру;
      4) жобаны мемлекеттік органдарға пысықтауға қайтару.»;
      53-3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі алдын ала қараса) кейіннен Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөліміне жіберу үшін Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне беріледі.»;
      54-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінде дәлме-дәлдіктің болмауы, осы Регламенттің, Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзушылықтар, жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкессіздігі анықталған жағдайда Кеңсе Басшысының немесе оның міндеттерін атқарушы адамның шешімі бойынша;»;
      60 және 61-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «60. Премьер-Министр не Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысы қаулының жобасын дауыс беру үшін Үкіметтің мәжілісіне шығарады немесе сырттай дауыс беру тәртібімен (әдетте, шұғыл, құпия сипаттағы немесе жабық отырыстарда қаралуға тиіс) Үкімет мүшелеріне жібереді. Үкімет қаулыларының жобалары Премьер-Министр айқындайтын мерзімдерде түсу тәртібімен қаралады.
      61. Қаулылардың жобаларын қарауды Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы мәжілістің күн тәртібіне енгізеді.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістеріне қарауға шығарылатын қаулылар жобаларының тізімі мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесіне беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелері көмекшілерінің мобильдік құрылғыларына жіберіледі.»;
      70-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «70-1. Үкімет мәжілісінде қабылданған (сырттай дауыс беру тәртібімен) қаулылардың жобаларына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары (тиесілілігіне қарай), Кеңсе Басшысы, Кеңсе Басшысының орынбасары (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) бұрыштама қояды және Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.»;
      72-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «72-1. Премьер-Министр қол қойған Үкімет қаулыларының түпнұсқаларына тіркеу нөмірі берілгеннен кейін Үкіметтің елтаңбалық мөрмен куәландырылады.»;
      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «74. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін уақтылы шығаруды және таратуды Кеңсе жүзеге асырады. Қажет болған кезде қаулылардың (өкімдердің) қосымша даналары Кеңсе Басшысының рұқсатымен беріледі. Құпия сипаттағы қаулылар мен өкімдердің куәландырылған көшірмелері немесе олардың үзінді көшірмелері белгіленген тәртіппен адресаттардың шектеулі санына жіберіледі.
      Техникалық қателер анықталған кезде Үкіметтің құпия емес қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің бұрын жіберілген даналарын ауыстыру Кеңсе Басшысының рұқсатымен жүргізіледі. Бұл ретте бастапқы жіберілген даналарды алғандарға «Бұрынғы жіберілгеннің орнына» («Взамен ранее разосланного») мөртаңбасы басылып, қаулылардың (өкімдердің) түзетілген нұсқалары қағаз тасығыштарда жіберіледі. Түзетілген қаулылар (өкімдер), оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, осы Регламентте белгіленген тәртіппен жасалатын және қайта қол қойылатын электрондық құжат нысанында мемлекеттік органдарға таратуға сәйкес жіберіледі. Адресаттар жоғарыда көрсетілген мөртаңбасы бар түзетілген нұсқасын алғаннан кейін олар қаулылардың (өкімдердің) бұрын жіберілген қағаз даналарын Кеңсеге дереу қайтаруға тиіс, ал электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық ресурстарды қорғау саясатының талаптарына сәйкес жойылуға тиіс.
      Аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар (өкімдер) Кеңсе Басшысының хатымен ресми түрде қайтарып алынады.
      Жариялануға тиіс барлық қаулылар Премьер-Министрдің Баспасөз қызметімен келісіледі.
      Кеңсе Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін тарату кезінде Әділет министрлігіне жіберген, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған ілеспе электрондық құжатта құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде мәліметтердің деректерін орналастыру үшін оларды әзірлеуші мемлекеттік органды көрсетеді.»;
      79-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Премьер-Министр (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға), Кеңсе Басшысы, жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның әрі Әділет және Қаржы министрліктерінің басшылары бұрыштама соққан Президент актісінің тиісті бланкідегі жобасы. Мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бұрыштамалары Президент Жарлығы жобасының келісу парағына ғана қойылады. Президент актісінің жобасы мен оған қосымшаның әр парағына жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қоюы тиіс.
      Премьер-Министрдің Кеңсесінде пысықталған Президент актісінің енгізілетін жобасына әзірлеуші-органның, Әділет және Қаржы министрліктерінің бірінші басшыларының бұрыштамасы бар Үкіметке енгізілген Президент актісінің жобасын қоса тіркеуге рұқсат етіледі;»;
      4) тармақша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Үкіметке енгізілетін, Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасына түсіндірме жазбаға Премьер-Министр қол қояды;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) қағаз тасығышта және PDF форматындағы электрондық нысанда ресімделген Жарлық жобасына келісім парағы;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) қағаз тасығышта және PDF форматындағы электрондық нысанда ресімделген акті жобасында бұрыштамасы болған жағдайда, мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы тұлғаға міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтың немесе өкімнің көшірмесі;»;
      мынадай мазмұндағы 79-1-тармақпен толықтырылсын:
      «79-1. мемлекеттік органдар тоқсанның соңғы айының 30 күніне дейін мониторингтің нәтижелері туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда тиісті жарлықтарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсынысты Президент Әкімшілігіне жібереді.»;
      82-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жыл сайын әзірленетін заң жобаларын қоспағанда, мемлекеттік кірістерді азайтуға немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуға алып келетін нормаларды қамтитын перспективалық жоспарда көзделген заң жобалары Республикалық бюджет комиссиясының олар бойынша оң қорытындылары болу шартымен ғана алдағы жылға арналған жоспардың жобасына енгізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 97-1-тармақпен толықтырылсын:
      «97-1.Әділет министрлігі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде жыл сайын 1 тамызға басымды немесе хабарлануы шұғыл деп айқындау көзделетін заң жобаларының тізбесі бойынша ұсыныстарды Кеңсеге енгізеді.»;
      98-4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «98-4. Кеңсе Басшысының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) орынбасарымен келісім бойынша Заңнама, қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде алдын ала қарауға таныстырылуы тиіс заң жобаларының тізбесін, сондай-ақ Премьер-Министрмен не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлғамен осы тізбені таныстыру өткізу күні мен уақытын келісетін Кеңсенің Басшысына (не оның міндетін атқарушы тұлғаға) оларды дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.»;
      98-9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «98-9. Таныстыру қорытындылары бойынша қабылданған шешімдер Кеңсе Басшысы (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасарының алдын ала бұрыштамасы қойылған және Премьер-Министр немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.»;
      101-тармақтағы «Қаржы министрлігі,» деген сөздерден кейін «Экономикалық даму және сауда,» деген сөздермен толықтырылсын:
      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «104. Үкіметтің бастамасы бойынша Парламентке енгізілген заң жобасын Парламент Мәжілісі Аппаратының тіркеуінсіз Кеңсеге қайтарған жағдайда, жобалар Кеңсеге келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде заң жобасын әзірлеуші-мемлекеттік орган оларды ресімдеуде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.
      Үкімет Мәжіліске енгізген заң жобасына материалдарды толық жиынтықта ұсынбағаны үшін (заңнамалық актілерге сәйкес қажетті бір немесе бірнеше қосымшалар болмағанда) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган, сондай-ақ заң жобасын Мәжіліске енгізуге дайындаған Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі және Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жауапты болады.
      Үкімет Мәжіліске енгізген заң жобасының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтінінің дәлме-дәл болмағаны үшін заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапты болады.»;
      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «107. Мемлекеттік орган ұсынған Үкімет қорытындысының нұсқасы кейіннен дауыс беру үшін Үкіметтің отырысына не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады. Үкімет қорытындысының жобасы қаралғаннан кейін оның Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары алдын ала бұрыштама қоятын түпкілікті нұсқасын Премьер-Министрдің (оның міндетін атқарушы тұлғаның) қол қоюы үшін Кеңсе Үкімет бланкісіне ресімдейді.»;
      108-тармақта:
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі Регламенттің осы тармағы талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады және Үкімет басшылығының рұқсатынсыз заң жобаларына жоғарыда аталған түзетулерді енгізуге уәкілетті тұлғалардың келісім білдіру фактілерін болдырмауға бағытталған шараларды қабылдайды.»;
      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толтырылсын:
      «Осы Регламентте белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, Өкілдік бұл туралы Премьер-Министрді және Кеңсе Басшысын хабардар етеді.»;
      мынадай мазмұндағы 108-1-тармақпен толықтырылсын:
      «108-1. Парламент палаталарындағы отырыстарға қатысу барысында уәкілетті мемлекеттік органға депутаттардың:
      1) бұрын қаралған және заң жобаларын әзірлеу сатысында Үкіметте қолдау таппаған;
      2) Үкімет басшылығымен алдын ала кесілмеген және ол бойынша депутаттар қарайтын нақты заң жобасының тұжырымдамасымен сәйкес келмейтін түзетулер енгізуге тиісті рұқсат болмаған, Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына ұсыныстарға олардың кейіннен түзетулер түрінде (заңдық техникаларға қатысты түзетулерді қоспағанда) бастамашылық жасауы үшін жазбаша немесе ауызша нысанда қарауына енгізуге тыйым салынады.
      Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі Регламенттің осы тармағы талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады және белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, бұл туралы Премьер-Министрді және Кеңсе Басшысын хабардар етеді.»;
      109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «109. Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламент енгізген тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірістерді азайтуды болжайтын заң жобасын Парламент Мәжілісінің не Сенатының жалпы отырысында қарағанға дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей әзірлеуші салыстырма кесте түрінде әзірлеушінің алдын ала ұстанымын қамтитын қысқаша түйінмен Кеңсеге жібереді, оларды Кеңсе Басшысы осы өзгерістер мен толықтырулар бойынша Үкіметтің бірыңғай ұстанымын әзірлеу үшін Әділет, Қаржы, Экономикалық даму және сауда, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.
      Бірлесіп атқарушы ретінде айқындалған мемлекеттік органдар өздерінің Парламент депутаттары енгізген түзетулерге ұсыныстарын немесе қарсылықтарын, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға жібереді.
      Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, Парламент депутаттары енгізген барлық өзгерістер мен толықтырулар бойынша күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың пікірлерін есепке ала отырып дайындалған тиісті қорытындыны қалыптастырады және Кеңсеге енгізеді.
      Үкімет басшылығы немесе Кеңсе Басшысы көрсетілген қорытындыны қарау нәтижелерін Парламентте заң жобасымен жұмыс істеу кезінде оларды одан әрі есепке алу үшін заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың назарына жеткізеді.
      Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган қажет болған кезде қорытынды жобасын қалыптастыру үшін өз бетінше Парламент депутаттарының ұсыныстарын Үкімет не Республикалық бюджет комиссиясының жанындағы тиісті консультативтік-кеңесші органдардың қарауына жібереді.»;
      мынадай мазмұндағы 109-1 және 109-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «109-1. Үкімет бастамашы болған заң жобаларына Парламент депутаттары түзетулерді (оның ішінде мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірістерді азайтуды көздейтін оның тұжырымдамаларының өзгеруіне байланысты) Үкіметтің қорытындысын алу үшін Үкіметке енгізген жағдайда:
      Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет қорытындысының жобасын, құзіретіне заң жобасымен реттелетін қатынастар кіретін мемлекеттік орган әзірлейді.
      Үкімет қорытындысының жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және Әділет, Қаржы, Экономикалық даму және сауда министрліктерімен міндетті түрде келісіледі (олардың басшылары бұрыштама қояды не мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы қойылған тиісті хат ұсынылады) және егер, тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Кеңсеге енгізіледі.
      Заң жобасына қажет болған кезде әзірлеуші: мемлекеттік кірістерді ықтимал азайту немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді; Үкімет, Республикалық бюджет комиссиясы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың хаттамаларын қоса тіркейді.
      Бірлесіп орындаушы ретінде айқындалған мемлекеттік органдар, өздерінің Парламент депутаттары енгізген түзетулерге ұсыныстарын немесе қарсылығын әзірлеуші мемлекеттік органға, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде жібереді.
      Кеңсеге енгізілген Үкімет қорытындысының жобасы Үкімет мәжілісінде қарауға жатады және шақыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше меңгерушісі, бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары, Кеңсе Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі, Кеңсе Басшысы алдын ала бұрыштама қояды.
      Қорытынды жобасының мазмұны мен оны Үкіметке ұсыну мерзімдері үшін заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапты болады.
      109-2. Заң жобаларын қарау бойынша Парламент палаталарындағы отырыстарға орталық атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қатысуы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) жұмыс топтарына – департаменттердің директорлары немесе комитеттердің төрағалары;
      2) бас комитеттердің отырыстарына – бірінші басшылардың орынбасарлары;
      3) Палаталардың жалпы отырыстарына – орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары.
      Үкімет бастамашы болған заң жобасы бойынша Мәжілістің немесе Сенаттың жалпы отырысында баяндама жасауға уәкілеттік берілген орталық атқарушы органның бірінші басшысын ауыстыру Палатаның берілген заң жобасын қараудың шұғыл жағдайында ғана және объективті негіздер болған кезде ғана Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) келісімі бойынша жүргізілуі мүмкін.
      Жоғарыда көрсетілген тұлғалардың, сондай-ақ Үкімет уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың басқа да тұлғаларының Парламентке келу, оның ішінде Парламентте өткізілетін үкіметтік сағаттарға, парламенттік тыңдауларға және басқа да іс-шараларға қатысу үшін осы тәртіпті сақтауына бақылауды Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігі жүзеге асырады.»;
      110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «110. Үкімет енгізген заң жобаларын Парламент Мәжілісінің немесе Сенатының жалпы отырысында білдіруші уәкілетті тұлғаны (заң жобасы бойынша баяндамашыны) ауыстыру қажет болған кезде Парламентке Премьер-Министрдің не оның орынбасарының қолымен тиісті хат жіберіледі. Бұл ретте осындай хаттардың жобаларын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган дайындайды және заң жобасы Парламенттің тиісті Палатасының жалпы отырысында қаралғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Кеңсеге енгізеді.»;
      112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «112. Үкіметтің Парламенттен заң жобасын қайтарып алуы Үкіметтің қаулысымен жүзеге асырылады, оның жобасын осы Регламентте белгіленген тәртіппен заң жобасын әзірлеуші енгізеді және Президент Әкімшілігімен міндетті түрде келісуге жатады.»;
      113-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Парламент қабылдаған заң бойынша ұсынылған қорытындының негізінде Заңнама, қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі Премьер-Министрдің атына Кеңсе Басшысы (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасарының алдын ала келісуіне жататын, Кеңсе Басшысының анықтамасын дайындайды.»;
      114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «114. Жобаны әзірлеуші (немесе өз құзыретіне байланысты) мемлекеттік орган заңнамалық актіге қол қойылған күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Премьер-Министрдің белгіленген тәртіппен келісілген және мыналарды;
      1) мемлекеттік органды (мемлекеттік органдарды) қабылдануы осы заңнамалық актіге негізделген нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етіп белгілеуді;
      2) заңнамалық актіде қолданысқа енгізудің, өте кеш мерзімдері (оларды қолданысқа енгізгенге дейін кемінде бір ай бұрын) көзделген құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, заңнамалық акт күшіне енген күнінен бастап бір айдан аспауы тиіс нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу мен енгізудің нақты мерзімдерін, сондай-ақ өкімнің жобасында қамтылатын өзгеь де тапсырмалардың орындалуын;
      3) заңға тәуелді актілерді қабылдау және/немесе қабылданған заңнамалық актіге сәйкес келтіру туралы тапсырманы көздейтін өкімінің жобасын Кеңсеге енгізеді;
      4) Президент қол қойған заңнамалық актіні іске асыру мақсатында әзірленетін Премьер-Министр өкімінің жобасын енгізген жағдайда қабылданған заңнамалық актінің мәтінін, сондай-ақ заңнамалық актінің бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі қоса тіркелуі қажет.
      Мемлекетік органдар Премьер-Министрдің өкімі қабылданғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылдануы осы өкіммен негізделген нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге енгізеді.
      Мемлекеттік органдар Премьер-Министр өкімінің жобасын әзірлеу қажеттілігі болмаған жағдайда, заңнамалық актіге қол қойылған күнінен бастап, 10 жұмыс күні ішінде Премьер-Министрдің Кеңсесін хабардар етуі қажет.
      заңға тәуелді нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді уақтылы әзірлеу және қабылдау үшін бақылауды өздерінің құзіретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 6-8-бөліммен толықтырылсын:

«6-8. Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі және «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі» отырыстарын өткізу тәртібі»

      115-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің (бұдан әрі – Директорлар кеңесі) және «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің» (бұдан әрі – Қамқоршылық кеңесі) отырысына Директорлар кеңесінің немесе Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, Кеңсе Басшысы, Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері, сондай-ақ Кеңсе Басшысының келісімі бойынша шақырылған өзге де тұлғалар шақырылады.
      115-2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) және «Назарбаев университеті» (бұдан әрі – университет) дербес білім беру ұйымы Директорлар кеңесінің немесе Қамқоршылық кеңесінің отырысына мыналарды:
      1) баяндамашыларды көрсетіп, отырыстың күн тәртібін;
      2) Директорлар кеңесі немесе Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің атына түсіндірме жазбаны;
      3) қарауға ұсынылатын құжаттардың жобаларын;
      4) Директорлар кеңесі немесе Қамқоршылық кеңесі шешімдерінің жобаларын;
      5) қоғамның немесе университеттің атқарушы органының белгіленген тәртіппен ресімделген шешімдерінің үзінділерін;
      6) қажет болған кезде өзге де қосымша құжаттарды (мемлекеттік органдардың немесе заңды тұлғалардың таныстыруларын, шешімдерінің көшірмелерін, көрсетілген мәселелердің күн тәртібіне енгізуді негіздейтін анықтамалық материалдарды және басқаларын) қамтитын материалдарды олардың отырысының күніне дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей Кеңсеге енгізеді.
      Директорлар кеңесінің немесе Қамқоршылық кеңесінің түсіндірме жазбасы мен шешімдерінің жобаларына қоғамның немесе университеттің орындаушы органының басшысы (немесе оның міндетін атқарушы тұлға) қол қоюға тиіс.
      Егер, құжат қоғамның тобына кіретін немесе университеттің ұйымдары болып табылатын заңды тұлғалардың қызметіне қатысты болған жағдайда, онда Директорлар кеңесінің немесе Қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне жіберілетін материалдарға тиісті заңды тұлғаның (немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның) бірінші басшысы да қол қоюға тиіс.
      115-3. Қоғамның немесе университеттің қызметіне әсер ететін қандай да бір мәселелерді шұғыл түрде шешудің қажеттілігі туындаған жағдайда, қажетті материалдарымен бірге хабарламаны жіберу мерзімі Директорлар кеңесі немесе Қамқоршылық кеңесі төрағасының шешімімен қысқартылуы мүмкін.
      115-4. Отырысты өткізу туралы хабарлама, сондай-ақ оған қоса берілетін қажетті материалдар Кеңсеге жазбаша немесе электрондық нысанда беріледі.
      115-5. Директорлар кеңесі немесе Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасын Кеңсе Басшысы жүргізеді.
      115-6. Директорлар кеңесі немесе Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы ол жүргізілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жасалады.
      115-7. Директорлар кеңесі немесе Қамқоршылық кеңесі жүзбе-жүз отырысының хаттамасына келісу парағына Кеңсе Басшысы хаттама жобасын жібергеннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Директорлар кеңесінің немесе Қамқоршылық кеңесінің отырысына қатысушы Директорлар кеңесінің немесе Қамқоршылық кеңесінің мүшелері қол қояды.
      Директорлар кеңесі немесе Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасына Директорлар кеңесінің немесе Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Кеңсе Басшысы қол қояды, сондай-ақ Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары бұрыштама қояды. Хаттамаға Директорлар кеңесінің немесе Қамқоршылық кеңесінің келісім парағы және отырыста болмаған мүшелерінің (олар болған жағдайда) жазбаша пікірлері қоса беріледі.
      115-8. Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесі немесе Қамқоршылық кеңесі отырыстарының стенограммасын жүргізуді ұйымдастыруы мүмкін.
      115-9. Директорлар кеңесі немесе Қамқоршылық кеңесі төрағасының қалауы бойынша оның қарауына енгізілген мәселелер жөнінде Директорлар кеңесінің немесе Қамқоршылық кеңесінің шешімдер қабылдауы сырттай дауыс беру арқылы болуы мүмкін. Сырттай дауыс беру Директорлар кеңесінің немесе Қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізбей-ақ қолданылады.
      Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесінің немесе Қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне сырттай дауыс беру үшін, егер Директорлар кеңесінің немесе Қамқоршылық кеңесінің төрағасы өзге мерзімді белгілемесе, оның өткізілуі туралы хабарлай отырып, дауыстарды санау күніне дейін 7 (жеті) күннен кешіктірмей жіберуге тиіс. Құжаттарды алдын ала зерделеу талап етілмейтін мәселелер бойынша бюллетень дауыстарды санау күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Директорлар кеңесінің немесе Қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне жіберілуі мүмкін.
      Сырттай дауыс беруге арналған бюллетень және өзге де ақпарат (материалдар) Директорлар кеңесінің немесе Қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне почта, электрондық немесе өзге де байланыс арқылы жіберілуі тиіс немесе жеке өзіне тапсырылады.
      115-10. Бюллетеньдер дауыс берудің соңғы күні 16 сағат 30 минуттан кешіктірілмей қоғамның немесе университеттің орналасқан орны бойынша берілуі тиіс.
      115-11. Шешім сырттай дауыс беру арқылы жазбаша түрде ресімделеді және оған Директорлар кеңесінің немесе Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Кеңсе Басшысы қол қояды, сондай-ақ Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары бұрыштама қояды және:
      1) қоғамның немесе университеттің атауын және орналасқан орнын;
      2) сырттай отырыстың шешімін жазбаша ресімдеу күні мен орнын;
      3) Директорлар кеңесінің немесе Қамқоршылық кеңесінің құрамы туралы мәліметті;
      4) отырысты шақыруды жүзеге асырушы тұлғаны (органды) көрсетуді;
      5) отырыстың күн тәртібін;
      6) шешім қабылдау үшін кворумның болуы немесе болмауы туралы жазбаны;
      7) күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс берудің қорытындылары мен қабылданған шешімді;
      8) өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс.
      115-12. Директорлар кеңесі немесе Қамқоршылық кеңесі сырттай дауыс беру арқылы қабылдаған шешімді және сырттай дауыс беру қорытындыларын Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесінің немесе Қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне шешімдерге қол қойылған сәттен бастап 20 (жиырма) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.»;
       117-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары алдын ала бұрыштама қоятын Үкімет жауабы жобасының түпкілікті нұсқасын Кеңсе Премьер-Министрдің (оның міндетін атқарушы тұлға) қол қоюы үшін Үкімет бланкісіне ресімдейді.»;
      148-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «148-2. Үкімет немесе Кеңсе Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасының Президенті актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы жіберетін есеп беру ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндетін атрқарушы тұлға) не Премьер-Министрдің жетекшілік ететін бағыт (мәселе) бойынша орынбасары немесе Кеңсе Басшысы қол қояды. Құқықтық сипаттағы мәселелер болған кезде, есеп беру ақпараты алдын ала Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасарымен алдын ала келісіледі.»;
      Регламентке 1-1-қосымшада:
      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жоба Қаржы (министр (вице-министр) – тегі және аты-жөні), Әділет (министр (вице-министр) – тегі және аты-жөні) министрліктерімен, өзге де мемлекеттік органдармен келісілді.»;
      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Премьер-Министр Кеңсесінің жобаға ескертулері жоқ (мынадай ескертулері бар. Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің қорытындысы қоса беріліп отыр.»;
      Регламентке 2-қосымшада:
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толтырылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі _________________».
                  (қолы)
      2. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов