«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 244-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну, сондай-ақ қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен бюджет шығындарын өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 11 наурыздағы
№ 307 қаулысымен
бекітілген
Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну, сондай-ақ қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен бюджет шығындарын өтеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну, сондай-ақ қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен бюджет шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 244-2-бабына сәйкес әзірленді және қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында осындай қамтамасыз етудің бар-жоғын растайтын құжаттарды ұсыну, сондай-ақ салық органдарының қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен бюджет шығындарының орнын толтыруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын мәндерде пайдаланылады.
2. Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәртібі
2. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының (бұдан әрі – басқарушы компания) бюджет шығындарының өтеу үшін қалыптастырылатын қаржылық қамтамасыз ету (бұдан әрі – қаржылық қамтамасыз ету) мынадай тәсілдермен жүргізіледі:
1) ақшалай;
2) банк кепілдігімен;
3) кепілгерлікпен;
4) мүлік кепілдігімен;
5) сақтандыру шартымен.
Басқарушы компания қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәсілдерінің кез келгенін, оның ішінде екі немесе бірнеше тәсілді құрамдастыру жолымен таңдайды.
Екі немесе бірнеше тәсілді құрамдастыру жолымен қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәсілін таңдаған кезде басқарушы компанияның қаржылық қамтамасыз етудің бар-жоғын растайтын құжаттарды ұсынуы, қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру және бюджет шығындарының орнын толтыру таңдалған тәсілге байланысты көрсетілген іс-қимылдарды реттейтін осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мәні өзгерген жағдайда, басқарушы компания күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, салық органына осы Қағидалардың 17-тармағының екінші бөлігінде көзделген және айлық есептік көрсеткіштің жаңа мәні негізінде ресімделген құжаттарды ұсынады, оларды қарау осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бұл ретте басқарушы компания осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген жағдайда да осы Қағидалардың 17-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсынады.
3. Ақшалай қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәртібі
4. Ақшалай қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру мақсаты үшін шартты банк салымын ашуға арналған шарт жасалады.
5. Басқарушы компания қаржылық қамтамасыз ету қаражатын орналастыратын шартты банк салымын ашады.
Бұл ретте шартты банк салымы бір уақытта мынадай шарттарға сәйкес келуі тиіс:
1) басқарушы компанияда қаржылық қамтамасыз ету қаражатына билік ету мүмкіндігінің болмауы;
2) айлық есептік көрсеткіштің мәнін өзгерту нәтижесінде шартты банк салымындағы ақшаны басқарушы компаниямен толтыру және (немесе) басқарушы компания берген іс жүзінде тұтыну туралы құжаттардың негізінде салық төлеушілерге іс жүзінде қайтарылған ҚҚС асып кеткен сомаларын ұлғайту мүмкіндігі;
3) бюджеттің шығындарына әкеп соқтыратын іс жүзінде тұтыну туралы құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыс еместігі белгіленген жағдайда, салық органында қаржылық қамтамасыз ету қаражатынан өсімпұлды ескере отырып, бюджет шығындарының сомасына тең сомада ақшаны акцептсіз тәртіппен есептен шығару құқығының болуы;
4) салық органы тарапынан шартты банк салымындағы ақшаның қозғалысын бақылау мүмкіндігі.
4. Банкі кепілдігі арқылы қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәртібі
6. Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру мақсаты үшін салық органы екінші деңгейдегі банктің (бұдан әрі – ЕДБ) нарықтағы қызметін кемінде он жыл жүзеге асыруы шартымен ЕДБ берген банкі кепілдігін ескереді.
7. Салық органы басқарушы компаниядан банк кепілдігін алған кезде мұндай кепілдікті берген ЕДБ-ға 3 жұмыс күні ішінде оның дұрыстығы және/немесе мазмұны тұрғысынан жазбаша сауал жібереді.
5. Кепілгерлік шарты арқылы қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәртібі
8. Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру мақсаты үшін салық органы Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамаларына сәйкес кепілгермен кепілгерлік шартын жасасады.
Бұл ретте заңды тұлға кепілгер болады.
9. Кепілгерлік шарты жазбаша нысанда жасалады және нотариалдық расталады.
10. Кепілгер қаржылық қамтамасыз ету қаражаты орналастырылатын шартты банк салымын ашады.
Бұл ретте шартты банк салымы бір уақытта мынадай шарттарға сәйкес келуі тиіс:
1) кепілгерде қаржылық қамтамасыз ету қаражатына билік ету мүмкіндігінің болмауы;
2) айлық есептік көрсеткіштің мәнін өзгерту нәтижесінде шартты банк салымындағы ақшаны басқарушы компанияның толтыру және (немесе) басқарушы компания берген іс жүзінде тұтыну туралы құжаттардың негізінде салық төлеушілерге іс жүзінде қайтарылған ҚҚС асып кеткен сомаларын толықтыру мүмкіндігі;
3) бюджеттің шығындарына әкеп соқтыратын іс жүзінде тұтыну туралы құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыс еместігі белгіленген жағдайда, салық органында қаржылық қамтамасыз ету қаражатынан өсімпұлды есепке ала отырып, бюджет шығындарының сомасына тең сомада ақшаны акцептсіз тәртіппен есептен шығару құқығының болуы;
4) салық органы тарапынан шартты банк салымындағы ақшаның қозғалысын бақылау мүмкіндігі.
6. Мүлік кепілдігі арқылы қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәртібі
11. Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру мақсаты үшін салық органы Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамаларына сәйкес басқарушы компаниямен мүлік кепілдігі шартын жасасады.
12. Мүлік кепілдігі шарты бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушының есебін қоса бере отырып, кепілдік шартын жасасу туралы, кепілдікке қойылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы басқарушы компанияның жазбаша өтініші түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде басқарушы компанияның және осындай басқарушы компания тіркеу есебінде тұрған салық органының арасында жасалады.
Кепілдік мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі күнтізбелік он бес күннен бұрын емес басқарушы компанияның кепілдік шартын жасасу туралы жазбаша өтінішін беру күніне дейін жасалады.
13. Мүлік кепілдігі шарты мынадай шарттарды сақтаған кезде жасалады:
1) кепілдік шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келгенде;
2) кепілдікке ұсынылған мүлік өтімді, жоғалтудан немесе зақымдаудан сақтандырылған болуы және оның нарықтық құны, оны өндіріп алу бойынша шығыстарды қоса алғанда, Қағидалардың 17-тармағының екінші бөлігінде көзделген қаржылық қамтамасыз ету сомасынан кем болмауы тиіс. Мыналар кепілдік заттары ретінде қаралмайды:
тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
энергияның электр, жылу және басқа түрлері;
тыйым салынған мүлік;
мемлекеттік органдар шектеу салған мүлік;
үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;
тез бұзылатын шикізат, тамақ өнімдері;
мүлік құқықтары;
3) кепілдікке берілетін мүлікті қайта кепілдікке қоюға жол берілмейді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде мүлік кепілдігі шартын міндетті түрде мемлекеттік тіркеу көзделген жағдайларда, басқарушы компания кепілдік шартын жасасқаннан кейін оның тиісті тіркеу органында тіркелуін қамтамасыз етеді және кепілдік шартының тіркелгендігін растайтын құжатты тіркеген күннен бастап келесі күннен кешіктірмей салық органына ұсынады.
7. Сақтандыру шарты арқылы қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәртібі
14. Сақтандыру ұйымдары Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамаларының нормаларына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде және көрсетілген операцияларды жүргізу тәртібін реттейтін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын есепке ала отырып, сақтандыру шарттарын беруді жүзеге асырады.
15. Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру мақсаты үшін салық органы сақтандыру ұйымдары нарықта қызметін кемінде 10 жыл жүзеге асырған жағдайда, осындай сақтандыру ұйымдары берген сақтандыру шарттарын ескереді.
16. Басқарушы компания ұсынған сақтандыру шартының дұрыстығына және/немесе мазмұнына қатысты күдік туындаған кезде, салық органы 3 жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының осындай шартты жасасу фактісін растауы туралы сауал жібереді.
8. Қаржылық қамтамасыз етудің бар-жоғын растайтын құжаттарды басқарушы компанияның ұсынуы және оларды салық органдарының қарау тәртібі
17. Қаржылық қамтамасыз етудің бар-жоғы туралы хабардар ету мақсаты үшін басқарушы компания өзі тіркеу есебінде тұрған салық органына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш ұсынады.
Басқарушы компанияда республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде 205000-еселенген айлық есептік көрсеткішке барабар сомаға қаржылық қамтамасыз етудің бар-жоғын растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6 және 7-бөлімдеріне сәйкес қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастырудың таңдалған тәсіліне (таңдалған тәсілдеріне) байланысты құжаттар өтінішке қоса беріледі.
Салық органы осы тармақта көзделген өтінішті басқарушы компания ұсынған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде оны қарайды.
18. Осы Қағидалардың 17-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттарды қабылдаған жағдайда, салық органы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қаржылық қамтамасыз етуді қабылдағанын растайтын жазбаша нысандағы құжатты басқарушы компанияға береді.
Осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайда басқарушы компанияның түсініктеме ұсынбауы осы Қағидалардың 17-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттарды қабылдамауға негіз, сондай-ақ қаржылық қамтамасыз етуді қабылдау фактісін растамау болып табылады.
19. Салық органдары басқарушы компания ұсынған осы Қағидалардың 17-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттардың мазмұнында сәйкессіздіктерді анықтаған жағдайда, салық органы анықталған сәйкессіздіктер бойынша түсініктеме беру қажеттігі туралы хат жібереді, бұл ретте басқарушы компания 3 жұмыс күні ішінде осындай түсініктеме береді.
20. Басқарушы компания берген әкелінген тауарлардың арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылуы туралы құжаттардың (бұдан әрі – іс жүзінде тұтынылуы туралы құжат) негізінде салық төлеушілерге қайтарылған қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кеткен сомаларын негізге ала отырып, басқарушы компания іс жүзінде қайтарылған ҚҚС асып кеткен сомаға қаржылық қамтамасыз ету сомасын ұлғайтуды көздейтін осы Қағидалардың 17-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттар басқарушы компания есептік тіркеуде тұрған салық органынан іс жүзінде қайтарылған ҚҚС асып кеткен сомалары туралы мәліметтер алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмейтін мерзімде ұсынады.
Бұл ретте басқарушы компания берген нақты тұтынғандығы туралы құжаттардың негізінде басқарушы компания тіркеу есебінде тұрған салық органына салық төлеушілерге қайтарылған ҚҚС асып кеткен сомалары жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті ұсынады.
21. Басқарушы компания таңдаған қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәсілі негізінде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) ақшалай қалыптастыру кезінде:
басқарушы компанияның құрылтай құжаттарының көшірмелері;
қаржылық қамтамасыз ету қаражаты орналастырылатын шартты банк салымын ашу шарты;
шартты банк салымында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде 205 000 еселенген айлық есептік көрсеткішке барабар сомаға қаражаттың бар-жоғы туралы банктің үзінді көшірмесі;
2) банк кепілдігі арқылы қалыптастыру кезінде:
басқарушы компанияның құрылтай құжаттарының көшірмелері;
басқарушы компания мен кепілгер-банк арасында жасалған банк кепілдігінің шарты;
банк кепілдігі;
3) кепілгерлік шарты арқылы қалыптастыру кезінде:
басқарушы компанияның құрылтай құжаттарының көшірмелері;
басқарушы компания мен кепілгердің арасында жасалған кепілгерлік шарты;
қаржылық қамтамасыз ету қаражаты орналастырылатын шартты банк салымын ашу шарты;
шартты банк салымында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде 205 000-еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем емес барабар сомаға қаражаттың бар-жоғы туралы банкінің үзінді көшірмесі;
4) мүлік кепілдігі арқылы қалыптастыру кезінде:
басқарушы компанияның құрылтай құжаттарының көшірмелері;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен мүлік кепілдігі шартын міндетті мемлекеттік тіркеу көзделген жағдайларда, кепілдік шартының тіркелгенін растайтын құжат;
кепілдікке берілетін мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі;
5) сақтандыру шарты арқылы қалыптастыру кезінде:
басқарушы компанияның құрылтай құжаттарының көшірмелері;
сақтандыру ұйымымен және басқарушы компания арасында жасалған сақтандыру шарты.
22. Салық органы осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген, келіп түскен өтініштер мен құжаттар бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қаржылық қамтамасыз етуді есептеу бойынша журнал жүргізіледі.
Қаржылық қамтамасыз етуді есептеу бойынша журнал нөмірленеді, тігіледі және салық органының мөрімен бекітіледі.
9. Қаржылық қамтамасыз ету қаражатының есебінен бюджет шығындарының орнын толтыру тәртібі
23. Іс жүзінде тұтыну туралы құжатта қамтылған мәліметтердің дұрыс еместігі белгіленген жағдайда, салық органы бюджет шығындарының орнын толтыру жөніндегі шараларды қолға алады.
Бұл ретте бюджеттің шығындарына әкеп соқтырған, іс жүзінде тұтыну туралы құжатта қамтылған мәліметтердің дұрыс болмауын белгілеу көздері: салықтық тексерулер актілері, құқық қорғау органдарының материалдары, басқа мемлекеттік органдардың ақпараты және т.б. болып табылады, бірақ мұнымен шектелмейді.
24. Бюджеттің шығындарына әкеп соқтырған, іс жүзінде тұтыну туралы құжатта қамтылған мәліметтердің дұрыс болмауының нәтижесіндегі бюджет шығындарының сомасын анықтау мақсаты үшін ҚҚС асып кеткен сомасын заңсыз қайтару жүзеге асырылған салық төлеушіге қатысты салық органы салықтық тексеру жүргізеді.
25. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджеттің шығындарына әкеп соқтырған, іс жүзінде тұтыну туралы құжатта қамтылған мәліметтердің дұрыс болмауының нәтижесінде салық төлеушіге заңсыз қайтарылған ҚҚС асып кеткен сомалары айқындалған жағдайда, салық органы Салық кодексінде көзделген нысан бойынша және тәртіппен хабарлама шығарады.
26. Осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген хабарлама орындалмаған жағдайда, осы хабарламаны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органы осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген тәртіппен қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен бюджет шығындарының орнын толтыру бойынша шаралар қабылдайды.
Бюджеттің шығындарына әкеп соқтырған, іс жүзінде тұтыну туралы құжатта қамтылған мәліметтердің дұрыс болмауының нәтижесінде ҚҚС асып кеткен сомаларын заңсыз қайтаруды жүзеге асырған салық төлеуші таратылған жағдайда, салық органы тікелей қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен бюджет шығындарының орнын толтыру бойынша шаралар қабылдайды.
Бұл ретте басқарушы компания дұрыс емес мәліметтер ұсыну нәтижесінде салық төлеушілерге заңсыз қайтарылған ҚҚС асып кеткен сомаларын бюджеттің кірісіне ерікті түрде енгізу туралы шешім қабылдайды.
27. Басқарушы компания осы Қағидалардың 26-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген ҚҚС асып кеткен сомаларын бюджеттің кірісіне ерікті түрде аудармаған жағдайда, қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастырудың таңдалған тәсіліне байланысты бюджет шығындарының орнын толтыру мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) ақшалай қалыптастыру кезінде:
салық органы басқарушы компанияның шартты банк салымынан ақшаны акцептсіз тәртіппен есептен шығарады;
2) банк кепілдігі арқылы қалыптастыру кезінде:
салық органы бюджет шығындарының орнын толтыру туралы кепіл-банкке талап қояды;
3) кепілгерлік шарты арқылы қалыптастыру кезінде:
салық органы кепілгердің шартты банк салымынан ақшаны акцептсіз тәртіппен есептен шығарады;
4) мүлік кепілдігі арқылы қалыптастыру кезінде:
салық органы сот тәртібімен кепіл затынан өндіріп алады;
5) сақтандыру шарты арқылы қалыптастыру кезінде:
салық органы бюджет шығындарының орнын толтыру туралы сақтандыру ұйымына талап қояды.
Қаржылық қамтамасыз етуді
қалыптастыру, арнайы
экономикалық аймақтың басқарушы
компаниясында осындай
қамтамасыз етудің болуын
растайтын құжаттарды ұсыну,
сондай-ақ қаржылық қамтамасыз
ету қаражаты есебінен бюджет
шығындарын өтеу қағидаларына
1-қосымша
___________________________________
(салық органының атауы)
___________________________________
___________________________________
(басқарушы компанияның атауы)
___________________________________
ЖСН/БСН, СТН (бар болса),
___________________________________
(заңды мекенжайы)
___________________________________
___________________________________
Өтініш
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 244-2-бабына сәйкес қалыптастырылған қаржылық қамтамасыз ету бойынша құжаттарды қабылдауды сұраймын.
Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәсілі: ________________
_____________________________________________________________________
Қосымша ____ парақта:
1. ____________________________________________
2. ____________________________________________
3. ____________________________________________
4. ____________________________________________
Күні ______________
______________________________ ___________ __________________________
(басшының және (немесе) оны (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
алмастыратын тұлғаның лауазымы)
Қабылданды ________________________________
(күні, салық органының мөртаңбасы)
_________________________________ ______ ___________________________
(салық органы маманының лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Қаржылық қамтамасыз етуді
қалыптастыру, арнайы
экономикалық аймақтың басқарушы
компаниясында осындай
қамтамасыз етудің болуын
растайтын құжаттарды ұсыну,
сондай-ақ қаржылық қамтамасыз
ету қаражаты есебінен бюджет
шығындарын өтеу қағидаларына
2-қосымша
_________________________________
(басқарушы компанияның атауы)
_________________________________
ЖСН/БСН, СТН (бар болса),
_________________________________
(заңды мекенжайы)
_________________________________
_________________________________
________________________________ «Салық және бюджетке төленетін
(салық органының атауы)
басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 244-2-бабына сәйкес қалыптастырылған қаржылық қамтамасыз ету қабылданғанын хабарлайды.
Күні ______________
Мөрдің орны
______________________________ ________ ___________________________
(салық органы басшысының және (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
(немесе) оны алмастыратын
тұлғаның лауазымы)
Қаржылық қамтамасыз етуді
қалыптастыру, арнайы
экономикалық аймақтың басқарушы
компаниясында осындай
қамтамасыз етудің болуын
растайтын құжаттарды ұсыну,
сондай-ақ қаржылық қамтамасыз
ету қаражаты есебінен бюджет
шығындарын өтеу қағидаларына
3-қосымша
Қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу бойынша журнал
Р/с |
Басқарушы компанияның атауы |
Басқарушы компанияның заңды мекенжайы |
Сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) |
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) (бар болса) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
кестенің жалғасы
Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәсілі |
Қаржылық қамтамасыз ету сомасы (теңге) |
Құжаттарды тапсырған басқарушы компания өкілінің аты-жөні |
Құжаттарды қабылдаған салық органы лауазымды тұлғасының аты-жөні |
Қаржылық қамтамасыз ету бойынша құжаттардың қабылданған күні |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |