Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 1 наурыздағы
№ 275 қаулысымен
бекітілген
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Үкіметі және Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
4. Кеңес қызметінің мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту басымдығына сай келетін Қазақстан Республикасының бірыңғай инвестициялық саясатын іске асыру, отандық және шетелдік инвестицияларды тартуда және тиімді пайдалануда жәрдемдесу болып табылады.
5. Қойылған мақсаттар шеңберінде Кеңеске мынадай міндеттер жүктеледі:
1) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің инвестициялық саясат саласындағы практикасын және Қазақстан Республикасының дамыту басымдықтарын ескере отырып, инвестициялық қызметті дамытудың бірыңғай стратегиясын анықтау;
2) Қазақстан Республикасында қолайлы инвестициялық ахуал жасау, оның ішінде шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатқа қатысты нормативтік құқықтық актілерін, салық және кеден заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) Қазақстан Республикасы экономикасының өңдеуші салаларына инвестицияларды тежейтін проблемаларды шешудің мүмкін жолдарын талдау.
3. Кеңестің құрамы
6. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңестің төрағасы болып табылады.
7. Кеңестің құрамы Қазақстан тарапынан Қаржы, Экономикалық даму және сауда, Әділет, Индустрия және жаңа технологиялар, Қоршаған ортаны қоршау министрліктерінің, Бас прокуратураның және өзге де ұйымдардың басшылары олардың орынбасарлары немесе жауапты хатшылары арасынан қалыптастырылады.
8. Кеңестің құрамына Кеңестің төрағасы айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да лауазымды тұлғалары кіруі мүмкін.
9. Шетелдік тараптан Кеңестің құрамы саны 20 адамнан аспайтын, халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының өкілдері, шетелдік компаниялардың басшылары арасынан қалыптастырылады.
4. Кеңестің жұмыс тәртібі
10. Кеңестің Төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және шешімдердің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын Кеңес Төрағасының орынбасары орындайды.
11. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет қана өткізіледі және егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысынан көбі қатысса заңды болып саналады.
12. Кеңестің отырыстарына оның құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері шақырылуы мүмкін.
13. Кеңестің отырысы Кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Кеңестің жұмыс жоспары Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Кеңестің жұмыс жоспары жарты жылда бір рет жасалады.
14. Кеңестің мүшелерін Кеңестің кезекті отырысының күні мен күн тәртібі, қаралатын мәселелер туралы ол өткізілгенге дейін кемінде 10 жұмыс күні Кеңестің жұмыс органы ескертеді.
15. Кеңестің күн тәртібі Кеңестің бекітілген жұмыс жоспары немесе Кеңес төрағасының басқа да ұсыныстары бойынша қалыптастырылады.
16. Кеңестің кезектен тыс отырысы Кеңес төрағасының бастамасы бойынша не Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен астамының бастамасы бойынша өткізілуі мүмкін. Кеңестің кезектен тыс отырысының бастамашысы төрағаның қарауына талқылау үшін мәселелер тізбесін енгізеді. Кеңестің төрағасы Кеңестің кезектен тыс отырысының жұмыс тәртібін анықтайды және оны өткізу күнін белгілейді.
17. Кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады.
18. Кеңес отырыстарының хаттамалары (тұпнұсқалары), ілеспе және анықтамалық материалдар Кеңестің жұмыс органында сақталады.
5. Кеңестің жұмыс органы
19. Кеңестің жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктеледі.
20. Жұмыс органы мен хатшы Кеңестің жұмысын ұйымдық-техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
6. Кеңестің қызметін тоқтату
21. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 1 наурыздағы
№ 275 қаулысына
қосымша
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің құрамы
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.23 № 1481 Қаулысымен.
Қазақстан тарапынан: |
||
Ахметов |
_ |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Орынбаев |
_ |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
Құсайынова |
_ |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, хатшы |
Келімбетов |
_ |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
Жәмішев |
_ |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Исекешев |
_ |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі |
Досаев |
_ |
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі |
Қаппаров |
_ |
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі |
Кравченко |
_ |
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша) |
Бекетаев |
_ |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің Жауапты хатшысы |
Ерғожин |
_ |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Ертілесова |
_ |
Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының төрайымы (келісім бойынша) |
шетелдік тараптан: |
||
Кеннет Мак |
_ |
Қазақстандағы Америка сауда палатасының президенті (келісім бойынша) |
Доррис Брэдбюри |
_ |
Қазақстандағы Америка сауда палатасының атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Коллет Коэн |
_ |
ConocoPhillips Каспий өңірі бойынша президенті (келісім бойынша) |
Ханс Диваеле |
_ |
Procter & Gamble бас директоры (келісім бойынша) |
Осман Каздал |
_ |
Coca-Cola Bottlers бас директоры (келісім бойынша) |
Марк Потаст |
_ |
Nestle бас директоры (келісім бойынша) |
Ларс Реждинг |
_ |
HSBC Bank Kazakhstan бас атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Константин Назаров |
_ |
General Electric Орталық Азия және Каспий өңірі бойынша директоры (келісім бойынша) |
Пірматов Ғалымжан |
_ |
Cameco Kazakhstan президенті (келісім бойынша) |
Акдениз Алпер |
_ |
Қазақстанның Еуропалық сауда-өнеркәсіп ұйымының (EUROBAK) төрағасы (келісім бойынша) |
Пилге Зеки |
- |
Қазақстан және Түркия бизнесмендері қоғамы (КАТИАД) басқарма кеңесінің президенті-төрағасы (келісім бойынша) |
Фостер Питер |
- |
«Эйр Астана» авиакомпаниясының |
Марк Роллинс |
- |
BG-Group бас вице-президенті (келісім бойынша) |