Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 275 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 1 наурыздағы
№ 275 қаулысымен   
бекітілген       

Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Үкіметі және Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.

2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері

      4. Кеңес қызметінің мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту басымдығына сай келетін Қазақстан Республикасының бірыңғай инвестициялық саясатын іске асыру, отандық және шетелдік инвестицияларды тартуда және тиімді пайдалануда жәрдемдесу болып табылады.
      5. Қойылған мақсаттар шеңберінде Кеңеске мынадай міндеттер жүктеледі:
      1) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің инвестициялық саясат саласындағы практикасын және Қазақстан Республикасының дамыту басымдықтарын ескере отырып, инвестициялық қызметті дамытудың бірыңғай стратегиясын анықтау;
      2) Қазақстан Республикасында қолайлы инвестициялық ахуал жасау, оның ішінде шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатқа қатысты нормативтік құқықтық актілерін, салық және кеден заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      3) Қазақстан Республикасы экономикасының өңдеуші салаларына инвестицияларды тежейтін проблемаларды шешудің мүмкін жолдарын талдау.

3. Кеңестің құрамы

      6. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңестің төрағасы болып табылады.
      7. Кеңестің құрамы Қазақстан тарапынан Қаржы, Экономикалық даму және сауда, Әділет, Индустрия және жаңа технологиялар, Қоршаған ортаны қоршау министрліктерінің, Бас прокуратураның және өзге де ұйымдардың басшылары олардың орынбасарлары немесе жауапты хатшылары арасынан қалыптастырылады.
      8. Кеңестің құрамына Кеңестің төрағасы айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да лауазымды тұлғалары кіруі мүмкін.
      9. Шетелдік тараптан Кеңестің құрамы саны 20 адамнан аспайтын, халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының өкілдері, шетелдік компаниялардың басшылары арасынан қалыптастырылады.

4. Кеңестің жұмыс тәртібі

      10. Кеңестің Төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және шешімдердің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын Кеңес Төрағасының орынбасары орындайды.
      11. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет қана өткізіледі және егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысынан көбі қатысса заңды болып саналады.
      12. Кеңестің отырыстарына оның құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері шақырылуы мүмкін.
      13. Кеңестің отырысы Кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Кеңестің жұмыс жоспары Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Кеңестің жұмыс жоспары жарты жылда бір рет жасалады.
      14. Кеңестің мүшелерін Кеңестің кезекті отырысының күні мен күн тәртібі, қаралатын мәселелер туралы ол өткізілгенге дейін кемінде 10 жұмыс күні Кеңестің жұмыс органы ескертеді.
      15. Кеңестің күн тәртібі Кеңестің бекітілген жұмыс жоспары немесе Кеңес төрағасының басқа да ұсыныстары бойынша қалыптастырылады.
      16. Кеңестің кезектен тыс отырысы Кеңес төрағасының бастамасы бойынша не Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен астамының бастамасы бойынша өткізілуі мүмкін. Кеңестің кезектен тыс отырысының бастамашысы төрағаның қарауына талқылау үшін мәселелер тізбесін енгізеді. Кеңестің төрағасы Кеңестің кезектен тыс отырысының жұмыс тәртібін анықтайды және оны өткізу күнін белгілейді.
      17. Кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады.
      18. Кеңес отырыстарының хаттамалары (тұпнұсқалары), ілеспе және анықтамалық материалдар Кеңестің жұмыс органында сақталады.

5. Кеңестің жұмыс органы

      19. Кеңестің жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктеледі.
      20. Жұмыс органы мен хатшы Кеңестің жұмысын ұйымдық-техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.

6. Кеңестің қызметін тоқтату

      21. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 1 наурыздағы
№ 275 қаулысына  
қосымша      

Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің құрамы

Қазақстан тарапынан:

Мәсімов
Кәрім Қажымқанұлы

_

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

Орынбаев
Ербол Тұрмаханұлы

_

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары

Айтжанова
Ақтоты Маратқызы

_

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, хатшы

Ахметов
Серік Нығметұлы

_

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

Келімбетов
Қайрат Нематұлы

_

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

Жәмішев
Болат Бидахметұлы

_

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Исекешев
Әсет Өрентайұлы

_

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

_

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі

Қаппаров
Нұрлан Жамбылұлы

_

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі

Кравченко
Андрей Николаевич

_

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)

Бекетаев
Марат Бақытжанұлы

_

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің Жауапты хатшысы

Ерғожин
Дәулет Еділұлы

_

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Ертілесова
Жаннат Жұрғалиқызы

_

Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының төрайымы (келісім бойынша)

шетелдік тараптан:

Кеннет Мак

_

Қазақстандағы Америка сауда палатасының президенті (келісім бойынша)

Доррис Брэдбюри

_

Қазақстандағы Америка сауда палатасының атқарушы директоры (келісім бойынша)

Коллет Коэн

_

ConocoPhillips Каспий өңірі бойынша президенті (келісім бойынша)

Вильям Дункан

_

Halliburton Каспий өңірі бойынша бизнесті дамыту жөніндегі менеджері(келісім
бойынша)

Ханс Диваеле

_

Procter & Gamble бас директоры (келісім бойынша)

Кит Гейбл

_

Ernst & Young басқарушы әріптесі (келісім бойынша)

Осман Каздал

_

Coca-Cola Bottlers бас директоры (келісім бойынша)

Марк Потаст

_

Nestle бас директоры (келісім бойынша)

Ларс Реждинг

_

HSBC Bank Kazakhstan бас атқарушы директоры (келісім бойынша)

Константин Назаров

_

General Electric Орталық Азия және Каспий өңірі бойынша директоры (келісім бойынша)

Пірматов Ғалымжан

_

Cameco Kazakhstan президенті (келісім бойынша)

Флориан Крюкл

_

BASF Central Asia бас директоры (келісім бойынша)