Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 275 Қаулысы

Жаңартылған

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 1 наурыздағы
№ 275 қаулысымен   
бекітілген       

Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Үкіметі және Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.

2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері

      4. Кеңес қызметінің мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту басымдығына сай келетін Қазақстан Республикасының бірыңғай инвестициялық саясатын іске асыру, отандық және шетелдік инвестицияларды тартуда және тиімді пайдалануда жәрдемдесу болып табылады.
      5. Қойылған мақсаттар шеңберінде Кеңеске мынадай міндеттер жүктеледі:
      1) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің инвестициялық саясат саласындағы практикасын және Қазақстан Республикасының дамыту басымдықтарын ескере отырып, инвестициялық қызметті дамытудың бірыңғай стратегиясын анықтау;
      2) Қазақстан Республикасында қолайлы инвестициялық ахуал жасау, оның ішінде шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатқа қатысты нормативтік құқықтық актілерін, салық және кеден заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      3) Қазақстан Республикасы экономикасының өңдеуші салаларына инвестицияларды тежейтін проблемаларды шешудің мүмкін жолдарын талдау.

3. Кеңестің құрамы

      6. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңестің төрағасы болып табылады.
      7. Кеңестің құрамы қазақстандық тараптан Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Әділет, Индустрия және жаңа технологиялар, Қоршаған ортаны қорғау, Сыртқы істер, Өңірлік даму министрліктерінің, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік), Бас прокуратураның және өзге де ұйымдардың басшылары, олардың орынбасарлары немесе жауапты хатшылары қатарынан қалыптастырылады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.04.2013 № 327 қаулысымен.
      8. Кеңестің құрамына Кеңестің төрағасы айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да лауазымды тұлғалары кіруі мүмкін.
      9. Шетелдік тараптан Кеңестің құрамы саны 20 адамнан аспайтын, халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының өкілдері, шетелдік компаниялардың басшылары арасынан қалыптастырылады.

4. Кеңестің жұмыс тәртібі

      10. Кеңестің Төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және шешімдердің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын Кеңес Төрағасының орынбасары орындайды.
      11. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет қана өткізіледі және егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысынан көбі қатысса заңды болып саналады.
      12. Кеңестің отырыстарына оның құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері шақырылуы мүмкін.
      13. Кеңестің отырысы Кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Кеңестің жұмыс жоспары Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Кеңестің жұмыс жоспары жарты жылда бір рет жасалады.
      14. Кеңестің мүшелерін Кеңестің кезекті отырысының күні мен күн тәртібі, қаралатын мәселелер туралы ол өткізілгенге дейін кемінде 10 жұмыс күні Кеңестің жұмыс органы ескертеді.
      15. Кеңестің күн тәртібі Кеңестің бекітілген жұмыс жоспары немесе Кеңес төрағасының басқа да ұсыныстары бойынша қалыптастырылады.
      16. Кеңестің кезектен тыс отырысы Кеңес төрағасының бастамасы бойынша не Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен астамының бастамасы бойынша өткізілуі мүмкін. Кеңестің кезектен тыс отырысының бастамашысы төрағаның қарауына талқылау үшін мәселелер тізбесін енгізеді. Кеңестің төрағасы Кеңестің кезектен тыс отырысының жұмыс тәртібін анықтайды және оны өткізу күнін белгілейді.
      17. Кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады.
      18. Кеңес отырыстарының хаттамалары (тұпнұсқалары), ілеспе және анықтамалық материалдар Кеңестің жұмыс органында сақталады.

5. Кеңестің жұмыс органы

      19. Кеңестің жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктеледі.
      20. Жұмыс органы мен хатшы Кеңестің жұмысын ұйымдық-техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.

6. Кеңестің қызметін тоқтату

      21. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 1 наурыздағы
№ 275 қаулысына  
қосымша      

Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің құрамы

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.11.2012 № 1481; 08.04.2013 № 327 қаулыларымен.

Қазақстан тарапынан:

Ахметов
Серік Нығметұлы

_

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

Исекешев
Әсет Өрентайұлы

_

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төрағаның орынбасары

Хаиров
Ерлан Қартайұлы

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы, хатшы

Келімбетов
Қайрат Нематұлы


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

Орынбаев
Ербол Тұрмаханұлы

_

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

Жәмішев
Болат Бидахметұлы

_

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

_

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі

Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

_

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

Қаппаров
Нұрлан Жамбылұлы

_

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі

Ыдырысов
Ерлан Әбілфайызұлы


-

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

Кравченко
Андрей Николаевич

_

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)

Бекетаев
Марат Бақытжанұлы

_

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің Жауапты хатшысы

Ерғожин
Дәулет Еділұлы

_

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Ертілесова
Жаннат Жұрғалиқызы

_

Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының төрайымы (келісім бойынша)

Қуандықов
Болатбек Баянұлы

-

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы

шетелдік тараптан:

Кеннет Мак

_

Қазақстандағы Америка сауда палатасының президенті (келісім бойынша)

Доррис Брэдбюри

_

Қазақстандағы Америка сауда палатасының атқарушы директоры (келісім бойынша)

Коллет Коэн

_

ConocoPhillips Каспий өңірі бойынша президенті (келісім бойынша)

Ханс Диваеле

_

Procter & Gamble бас директоры (келісім бойынша)

Осман Каздал

_

Coca-Cola Bottlers бас директоры (келісім бойынша)

Марк Потаст

_

Nestle бас директоры (келісім бойынша)

Ларс Реждинг

_

HSBC Bank Kazakhstan бас атқарушы директоры (келісім бойынша)

Константин Назаров

_

General Electric Орталық Азия және Каспий өңірі бойынша директоры (келісім бойынша)

Пірматов Ғалымжан

_

Cameco Kazakhstan президенті (келісім бойынша)

Акдениз Алпер

_

Орталық Азия мен Кавказ бойынша PricewaterhouseCoopers басқарушы әріптесі (келісім бойынша)

Пилге Зеки

-

Қазақстан және Түркия бизнесмендері қоғамы (КАТИАД) басқарма кеңесінің президенті-төрағасы (келісім бойынша)

Фостер Питер

-

«Эйр Астана» авиакомпаниясының
президенті (келісім бойынша)

Марк Роллинс

-

BG-Group бас вице-президенті (келісім бойынша)

Барцявичюс Аудрис

-

«Siemens» бас директоры (келісім бойынша)

Таисия Когутюк

-

«Қазақстан Қағазы» компаниясының бас директоры (келісім бойынша)